Ордабасы ауданында жер қатынастары саласындағы жұмыстарды іске асыруға бағытталған, жер реформасын түсіндіру бойынша семинар өтті. Жиынды облыс әкімінің орынбасары Е.Садыр ашып, жер қатынастары саласындағы өзекті мәселелерге тоқталды. 2016-2017 жылдары жүргізілген түгендеу жұмыстарының нәтижесі бойынша облыстық жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары Е.Тілеген баяндама жасады. Сонымен қатар, аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы М.Ақмұратов та сөз алып, атқарылған жұмыстардың барысын тілге тиек етті. ...
Толығырақ »Қазақстан жаңалықтары
КӨМІРҚЫШҚЫЛ ГАЗЫН ӨНДІРМЕК
Оңтүстік Қазақстанда шыны ыдыстарын шығаратын «Еврокристалл» зауыты жұмыс істеу аясын кеңейтуді қолға алып, көмірқышқыл газын өндіруді бастамақ. Ол үшін кәсіпкерлер арнайы итальяндық құрылғыларды сатып алуды жоспарлап отыр. Зауыт қожайынының мәліметінше, көмірқышқыл газын сусындарды газдау үшін пайдалану көзделіп отыр. Баршаға белгілі, бүгінде «Еврокристалл» серіктестігі шыны ыдыстар шығару ісімен танымал. Ондағы өндірілетін өнімдерді алкогольдік және газдалған сусындар мен шырындар, сүт пен дәрі-дәрмектер ...
Толығырақ »ЖҮЗ МИЛЛИОН ТЕҢГЕНІҢ ӨНІМІН ШЫҒАРДЫ
Моноқалаларды дамыту бағдарламасы шеңберінде Кентау қаласы бүгінде қарқынды дамып келеді. Кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан жан-жақты қолдаулар көрсетіліп, олар жеңілдетілген несие мен грантқа қол жеткізуде. Сондай-ақ, ауданда Индустриялды аймақ құрылып, онда «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында көптеген жобалар жүзеге асырылуда.Осындай кәсіпорынның бірі өткен жылы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев индустрияландыру жұмыстарының бірінші жартыжылдықтағы қорытындысына арналған жалпыұлттық телекөпір барысында іске қосқан «ЮгЭлектроПривод» зауыты. ...
Толығырақ »ӘЛЕУМЕТТІК-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ СҮЙЕМЕЛДЕУ ОРТАЛЫҒЫ
Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданында әлеуметтік-психологиялық сүйемелдеу орталығы ашылды. Орталық ҚР Бас прокуратурасының «Отбасындағы зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» пилоттық жобасы аясында жүзеге асып отыр. Бастаманы қолға алудағы мақсат – отбасы, ошаққасында болатын жанжалдарға тосқауыл қою, шаңырақ ынтымағын сақтау. Орталықта ерінен зәбір көріп, зорлық-зомбылық тауқыметін тартқандар мен ішімдік пен есірткіге салынып кеткендерге психологиялық қолдау көрсетілетін болады. Орталықтың салтанатты ашылуына облыс әкімінің орынбасары Ербол ...
Толығырақ »Сахнаның патшасы
Шана қыстауынан – Жұмат Шанин ауылына дейін Баянауыл ауданындағы Күркелі ауылдық округіне қарасты Желтау ауылы – бауырласқан тауларынан ерекше лепті сыбызғы самал есіп тұратын жұмақ мекен. Қатар жатса да, бірінің суының – ащы, бірінің тұщылығымен жұмбақ жасырған Қос Шалқары мөлдіреп, Қойтас жаққа сәл-пәл аяқ бассаң, аспанға шаншылған Әулиетас қиялыңды бұлттардың ар жағына алып кетеді. Осынау ерекше мекенде Жұмат Шаниндей заңғар тұлғаның ...
Толығырақ »Қосым туған Күркелі
Күркеліге аяқ басқан адам таусылмас қалың кітаптың бетін ашқандай күй кешеді… Сол ауылда тусам да, неше барсам да, тұңғыш көріп тұрғандай күй кешем! Бұл жолы да солай болды! «Отарқалықтардың» бұл сапарына «Голос Экибастуза» газетінің тілшісі Алма Күлниязова мен жас ақын Ерболат Әміренов ерді. Атқосшы етіп әдейі жердің жөнін білетін, 30 жылдан аса көлік тізгінінде жүрген Қабиболла Ғабдысаттаровты таңдадық. … Сарғыштау даланы ...
Толығырақ »«Көздерінде от ойнар, Сөздерінде жалын бар»
Күркеліні жігерлі жастар ауылы деуге болады. Мұнда еңбекқор һәм отаншыл жастар ауыл халқының рухын көтеретін шараларға үнемі бастамашы болып жүргенін байқаймыз. Айта кетерлігі, ауылда ұйымдастырылатын спорттық шараларға қаладан арнайы барып қатысатындар аз емес. 7 шілде күні мұнда осы ауылдың тумасы — қазақтың тұңғыш режиссері Ж.Шаниннің 125 жылдығына арналған мәдени-спорттық шаралар кешенді түрде ұйымдастырылды. Ертемен ауылдың үлкен-кішісі кіреберістегі Жұмат Шанинге арналған ...
Толығырақ »ЭКСПО-ДА ОҚО ФОТОКӨРМЕСІ ӨТТІ
ЭКСПО – 2017 халықаралық көрмесінде Оңтүстік Қазақстан облысының фото-көрмесі өтті. Көрмеге қойылған 25 фото суретте Қ.А.Яссауи және Арыстан баб, Қарашаш ана кесенелері, көне Отырар мен Сауран қалалары, Ақмешіт үңгірі, «Алаш» этно ауылы, этно-орталық бейнеленген. Экспозицияға күнгейдің тамаша табиғатының фотосуреттері де еніп отыр. Фото-көрмеге ЭКСПО комиссарлары, комиссарлардың орынбасарлары, көрмелердің халықаралық бюросының делегаттары мен павильон директорлары, дипломатиялық өкілдік басшылары, халықаралық ірі компаниялардың ...
Толығырақ »ОҢАЙ ЖОЛЫН ОЙЛАП ТАПТЫ
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі ұйымдастырған «Хакатон» хакерлік марафонының жеңімпаздары анықталды. Шымкенттік өнертапқыш Қуаныш Рысқұлов латын қаріпіне көшу кезінде кездесетін қиындықты жеңетін әдісін ұсынып, 1 млн теңгені қанжығасына байлады. Естеріңізге сала кетейік, ІТ мамандары арасында өткен конкурс облыс әкімдігінің ұйымдастыруымен осыдан бір ай бұрын жарияланған болатын. «Хакатон» марафоны Елбасы саясатын қолдау мақсатында қолға алынған жоба. Шараға студенттер, оқушылар, жас өнертапқыштар мен ...
Толығырақ »МҰСТАФА ӨЗТҮРІКТІҢ АНАСЫНЫҢ ЖАНАЙҚАЙЫ
2004 жыл. Күндізгі 13.00-дегі жаңалыққа сюжетімді жасап шықсам, ұялы телефоныма бір нөмір қайта-қайта қоңырау шалыпты. Енді компьютердің алдына отыра бергенім сол еді, тағы да жаңағы бөтен нөмір звондады. – Тыңдап тұрмын! – Сәлеметсіз бе, Бибігүл қарындасым? Мұстафа Өзтүрікті білетін боларсыз? – Әрине, аға. – Мен сол кісінің шәкірті Исатай Қабековпін. Сізбен қалай кездесуге болады? Мұстафа ұстазымның анасы Рәзия апай туралы ...
Толығырақ »АСТАНАҒА – ЭКСПОҒА!
Астана қаласында 22-23 шілде күндері «ЭКСПО – 2017» халықаралық көрмесіне арналған Оңтүстік Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өткізіледі. Осыған орай бүгін ауыл шаруашылығы өнімдері тиелген жүк көліктері Астана қаласына жолға шықты. Бұл оңтүстік шаруларының ЭКСПО аясындағы 4-ші жәрмеңкесі. Оңтүстік диқандары бұл жолы қала қонақтары мен тұрғындарына құны 171 млн. теңге болатын 420 тонна өнім жеткізбек. ЭКСПО көрмесінде отандық өнімдеріміз ...
Толығырақ »СОЗАҚТА ЖҮР ДЕПУТАТ…
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшесі Байділда Жылқышиев жұмыс сапарымен Созақ ауданында болды. Сапар барысында мәжіліс депутаты ауданның индустриалдық аймағында орналасқан «UKO-S-Star» металл құрастыру зауыты» ЖШС жұмысымен танысты. Қазіргі таңда уран өндірісі мен кәсіпорындарға арналған металл бөшкелерін дайындайтын зауыт жылына 50000 дана металл бөшке шығарады. Бүгінде зауытта 35 адам жұмыс істейді. Халық қалаулысы пластик құбырларын шығарумен ...
Толығырақ »ТҮРКИЯДА ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУДА
Оңтүстіктің бір топ журналистері Түркия елінде іс-сапарда жүр. Ондағы мақсат – бауырлас мемлекеттің БАҚ құралдарының тыныс-тіршілігімен танысып, тәжірибе алмасу. Делегаттарды алдымен Қазақстан Республикасының Түркиядағы бас консулы Еркебұлан Сәпиев қабылдап, журналистер сапарына сәттілік тіледі. Бүгінгі елшілерге тапсырылған жұмыстың бірі – Қазақстанға инвестиция тарту екені белгілі. Бас консул Е.Сапиев бұл тұрғыда түрік инвесторлардың негізінен Оңтүстік Қазақстан облысына ерекше қызығып баратындығын тілге тиек ...
Толығырақ »ТҮЛКІБАС – ТУРИЗМ ТӨРІ
Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданында биылғы жылы туризм саласын дамыту мақсатында 3 жоба қолға алынды. Оның алғашқысы – Түлкібас ауданы Керейт ауылындағы жалпы құны 1 млрд. 200 млн. теңгелік отбасылық демалыс кешені болатын. Таяуда ғана пайдалануға берілген кешеннің бір мезетте 1000 адамды қабылдауға мүмкіндігі бар. Ал, екінші жоба – тау бөктерінде орналасқан емдеу-сауықтыру орталығы. Жақын арада ел игілігіне берілетін кешеннің ...
Толығырақ »ЖАРЫҚТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ
Шымкент қаласындағы Қажымұхан атындағы орталық стадионы жарықтың болмауына байланысты футбол матчтарын өткізу құқығынан айырылған болатын. Осының салдарынан «Ордабасы» командасы Еуролига ойындарын Алматы қаласында өткізуге мәжбүр болды. Еліміздегі үшінші ірі стадионның жарық қондырғылары 50-жылдан бері алмастырылмаған екен. Енді ЕУРО талаптарына сай заманауи электр қондырғыларымен жабдықтау жұмыстары басталды. Көп жылдан бері шешімін таппай келе жатқан жарық мәселесі жергілікті командалардың өз алаңындағы ойындарын ...
Толығырақ »ОТАРЛАУ ОЗБЫРЛЫҒЫ
Басқыншылардың қорқау тәсілі – басып алған жер-судың ежелгі атын лезде өзгертіп, ел-жұрттың есінен шығарып жіберу. Сондай мысалдың бірі – Медео. Алматыны Верный дегеннен әрең өзгерткенде, Медеу шатқалын көпке дейін түзете алмай-ақ қойдық. Марқұм Тельман Жанұзақов “Правда” газетінің меншікті тілшісі бола салысымен ең үлкен газеттің бетінде осы оспадарсыздықты әшкереледі. Сөйтіп, Медеу қалпына келтірілді. Бұл ретте Тельман Қасым бауырының батылдығына пара-пар келетін ...
Толығырақ »ӘДІЛЕТТІ БОЛАЙЫҚШЫ…
Біраз жыл бұрын Семейде жастардың республикалық айтысы өтті. Біз қазылар алқасындамыз. Оңтүстік өңірден бір жас ақын ерекше көзіме түсті. Финалда сол бала менің семейлік ақын ініммен айтысты. Біздің бала жөнсіз кетті. «Кеше келіпсің, маған неге келіп амандаспадың?» деді, қонақ бала «алыстан алты жасар бала келсе…» деп жауап беріп еді, біздікі «шаңыраққа қара» деді. Қонақ ақын «бақа да батпағында батыр» деді. ...
Толығырақ »ЕЛБАСЫ ДІНІШЕВТІ ҚАБЫЛДАДЫ
Нұрсұлтан Назарбаев пен Әлібек Дінішев Қазақстанның мәдениеті мен өнерін дамытудың қазіргі мәселелері, сондай-ақ рухани жаңғыру үдерісіндегі шығармашылық зиялы қауым өкілдерінің рөлі жөнінде пікір алмасты. Мемлекет басшысы халық әртісінің Отан алдындағы, мәдениет саласындағы еңбегін жоғары бағалап, оның елімізде ғана емес, шет елдерде де танымал екенін атап өтті. Қазақстан Президенті мәдениетті дамытуды мемлекеттік деңгейде қолдаудың маңыздылығына назар аударып, соңғы жылдары осы салада қол ...
Толығырақ »ОҚО ЖУРНАЛИСТЕРІ ТҮРКИЯ ЕЛІНДЕ
Оңтүстіктің бір топ журналистері Түркия елінде іс-сапарда жүр. Ондағы мақсат – бауырлас мемлекеттің БАҚ құралдарының тыныс-тіршілігімен танысып, тәжірибе алмасу. Делегаттарды алдымен Қазақстан Республикасының Түркиядағы бас консулы Еркебұлан Сәпиев қабылдап, журналистер сапарына сәттілік тіледі. Бүгінгі елшілерге тапсырылған жұмыстың бірі – Қазақстанға инвестиция тарту екені белгілі. Бас консул Е.Сапиев бұл тұрғыда түрік инвесторлардың негізінен Оңтүстік Қазақстан облысына ерекше қызығып баратындығын тілге тиек ...
Толығырақ »ОҚО ХАЛҚЫНЫҢ САНЫ АРТТЫ
2017 жылғы 1-маусымға Оңтүстік Қазақстан облысы халқының саны 2 894 816 адам, соның ішінде қалалық жерде 1 317 031, ауылдық жерде 1 577 785 адамды құрады. Өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда халық саны 1 пайызға немесе 28 448 адамға артып отыр. Бүгін бұл туралы Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Оңтүстік Қазақстан облыстық Статистика департаментінің басшысы Айдар Әбілдабеков мәлім етті. «Республика ...
Толығырақ »ПӘТЕР ИЕЛЕРІНІҢ КООПЕРАТИВТЕРІ
Алдағы күзде Шымкент қаласы мегаполиске айналмақ. Осы орайда шаһардың даму жоспары мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласына аса мән беріліп отыр. Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаевтың тапсырмасымен қала орталығының инвестициялық тартымдылығын арттыру және тұрғындар мен қонақтарға қолайлы өмір сүруге жағдай жасау, санитарлық ахуалын жақсарту басты назарға алынған болатын. Аталған тапсырмалардың орындалу барысы облыс әкімдігінде өткен жиында тағы бір пысықталып, тиісті ...
Толығырақ »ЭКСПО КӨРМЕСІНЕ АТТАНДЫ
Оңтүстікқазақстандық 500 оқушы Елорда төрінде өтіп жатқан ЭКСПО – 2017 халықаралық көрмесін тамашалауға Шымкент қаласынан Астанаға жолға шықты. Балаларды Шымкент қаласындағы әкімшілік іскерлік орталығы алаңынан өңір басшысының орынбасары Бауыржан Жамалов пен ата-аналары, ұстаздары мен достары ақ жол тілеп шығарып салды. Демеушілердің қолдауымен қолға алынған игі іс аясында балалар көрмені аралап, бас қаланың көрікті жерлерін тамашаламақ. «ЭКСПО – 2017 көрмесі сіздерге ...
Толығырақ »ҰНАСЫМДЫ ҰЛАСБЕК
Жасырары жоқ, шенеунік десе шекелері шибарқыттана тырысатындар жетіп-артылады. «Шенеунік» деген сөзді айтқан адамның да, айналасында тыңдап тұрғандардың да миықтарын мысқыл түрткілей жөнелетіні рас. Демек, ой-санада, қоғамдық пікірдің ерсілі-қарсылы ағыстарында шенеунік атаулыға терістеу көзқарас, жағымсыздау психология қалыптасқан. Қалыптасқанда, ол кешелі-бүгін ғана емес, бұрыннан-ақ солай. Ал енді мұның себебі неде деген заңды сұрақ туындайды. Әрине, шенеунік деген ұғымның өзі біздің сахарамызға, сайын ...
Толығырақ »Защищено: ОБЛЫС ӘКІМІ НЕНІ БІЛМЕЙДІ?
Отрывка нет, потому что запись защищена.
Толығырақ »ЧТО СЛУЧИЛОСЬ С МЕЛЬДЕХАНОВЫМ?
Да, что с ним стряслось? Не знаю, как вы, но я не узнал в нем «последователя и единомышленника Н.А.Назарбаева», коим он себя усиленно называл в нескольких своих публикациях 2013 года под общим названием «Credo» на страницах изданий «Әділет» и «Уақыт». Мы считали его чересчур уж правильным, доверили руководство городским филиалом партии «Нұр Отан». Более того, избрали его не только депутатом областного ...
Толығырақ »