Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Құқық (страница 22)

Құқық

ҚАЗІРГІ КЕЗДЕ ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ЖЕК КӨРЕТІН ЖАСТАР КӨПТЕП ПАЙДА БОЛУДА

Әсет ӘССАНДИ, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласындағы департаменті жанынан құрылған Арнайы мониторингтік топтың жетекшісі: – Әсет Сандыбайұлы, Сіз ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласындағы департаменті жанынан құрылған Арнайы мониторингтік топтың жетекшісі болып сайландыңыз. Алдымен құрылғанына 2 жыл уақыт толған бұл топтың атқарып жүрген жұмыстарына тоқталмас бұрын, оның негізгі міндеті мен мақсаты жөнінде сөз бастасаңыз. – ...

Толығырақ »

4 АЙДА 53 ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ТІРКЕЛГЕН

Бүгін «ANTIKOR.LIVE» жобасы аясында тікелей эфирде Департамент басшысының бірінші орынбасары Серікбаев Талғар Әбдінабиұлының,  «Шымкент-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Қамбар Жани Сайдуллаұлының қатысуымен онлайн форматта кездесу өтті. Кездесуде «Департаменттің 2020 жылдың 4 айындағы жедел-тергеу қызметі туралы», «Шымкент-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің негізгі бағыттары туралы» мәселелер сөз болды. Департамент басшысының бірінші орынбасары Серікбаев Талғар Әбдінабиұлы,  сыбайлас жемқорлықпен күрес басты мақсаты болып табылатынын айта өтіп, ...

Толығырақ »

МЫҢ ТАҒЗЫМ САҒАН, СОҒЫСТЫҢ ҚАЙСАР СОЛДАТЫ!

Түркістан (бұрынғы Оңтүстік Қазақстан) облысы прокуратурасында қалыптасқан жақсы салт-дәстүр бар. Ол – аға ұрпақ өкілі мен бүгінгі ұрпақтың сабақтастығы. Кешегі күндері прокуратура органдарында заңдылық пен әділдіктің орнауына елеулі үлес қосқан ақсақалдарымыз қазіргі таңда сол үрдісті жалғастырып келе жатқан ұрпақ алдында әрқашан да сый-құрметке ие. Прокуратура тарихында Ұлы Отан соғысы жылдары ерекше орынға ие. Ол кезде мемлекет қатаң әскери жағдайға көшті. ...

Толығырақ »

МЕРЕКЕ ҚАРСАҢЫНДА МАРАТ МАРАПАТТАЛДЫ

Ішкі істер саласының қызметкерлері өздерінің қызметтік және азаматтық борышын орындау кезінде күнделікті өмірлеріне қауіп төнеді, адамдарды апаттан құтқарады және өмірлік қиын жағдайларда көмек көрсетеді. Бүгін осындай батыр полицейлерді ҚР ІІМ-нің өзі марапаттады. Марапатталғандардың арасында мұз астына батып бара жатқан баланы құтқарған ТО ПД-нің полицейі Марат Рахметұлы бар. Ол Жетісай АПБ-нің анықтаушысы, полиция капитаны лауазымында қызмет атқарады. Мараттың батырлығы турасында нақтырақ ...

Толығырақ »

ЖҮЗДЕН АСТАМ ПОЛИЦЕЙ МАРАПАТТАЛДЫ

Түркістан облыстық Полиция Департаменті басшысының орынбасары, полиция подполковнигі Құрманбек Сахов Полиция департаментінің мәжіліс залында өткен салтанатты шарада  арнайы құттықтау сөзін сөйлеп, халықтың тыныштығы үшін қызмет етіп, күндіз-түні еңбек етсе де шаршамайтын ПД-нің полицейлері мен Ұлы Отан соғысында ерлік көрсетіп, жеңіске жетуге ат салысқан ардагерлерге өз лебізін білдірді, деп жазады ТО ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Сонымен қатар, жиынға қатысушылар ...

Толығырақ »

ЕРАСЫЛ КЕТТІ – ЕР КЕЛДІ!

«ШЫМКЕНТ – АДАЛДЫҚ АЛАҢЫ» ЖОБАЛЫҚ КЕҢСЕСІНІҢ БАСШЫСЫ – ӘКІМНІҢ ШТАТТАН ТЫС КЕҢЕСШІСІ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ. «Шымкент – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы болып Жани Қамбар тағайындалды. Қамбар Жани Сайдуллаұлы Шымкент қаласында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің түлегі. «Жастар ресурстық орталығы» КММ-де түрлі лауазымдарда қызмет атқарған. Жобалық кеңсе басшысы лауазымына тағайындалғанға дейін Жастар ресурстық орталығы басшысының орынбасары болған. Сонымен қатар, Ж.Қамбар ...

Толығырақ »

АРНАЙЫ МОНИТОРИНГТІК ТОПТЫҢ ЖЕМІСТІ ЖҰМЫСЫ

Осыдан бір-екі күн бұрын елдегі төтенше жағдай мен карантинге байланысты ұлы Абайдың 175-жылдығын атап өте алмай қалған Шымкент тұрғындарының орнына қаттырақ «тойлап» жіберген Абай саябағындағы электр бағаналарды байқап қалдық: бір-екеуі мас болып құлап тұрған, бір-екеуі жанында «пахмель» таппай жылап тұрған… «Мейрамгершілік» қой деп жанымыз ашып кетті де, дереу қала әкімдігіне хабарластық. Ол жақта да азаматтар бар екен, телефон тұтқасын түсірмей ...

Толығырақ »

ЕРАЛЫ ЖҰМАХАНБЕТОВ ҚОЛҒА АЛҒАН БАСТАМАЛАР

2020 жылдың 5 мамыр күні Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы Ералы Жұмаханбетов полиция генерал-майоры шенін алды. ЕРАЛЫ МҰСАӘЛІҰЛЫ ЖУМАХАНБЕТОВ ҚОЛҒА АЛҒАН БАСТАМАЛАР МЕН ҚОҒАМДА ОҢ НӘТИЖЕСІН БЕРГЕН ТЫҢ ЖОБАЛАР #ЕралыЖумаханбетовтіңбастамасымен — Шымкент қаласы Полиция департаментінің негізін қалаушы. Өйткені, аталмыш департамент бұған дейін ОҚО ІІД Шымкент қаласы Ішкі істер басқармасы ретінде жұмыс жасаған болатын. #ЕралыЖумаханбетовтіңбастамасымен — қала аумағындағы ...

Толығырақ »

ПОЛИЦЕЙЛЕР ҚАН ТАПСЫРДЫ

Түркістан облысының Полиция департаментіне қарасты Отырар аудандық полиция бөлімінің тәртіп сақшылары қасиетті айда қан тапсырды, деп жазады ТО ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Алдымен 50-ден астам полицейлер өз еріктерімен қан тапсырмас бұрын, қан беріп, донор болуға жарамды немесе жарамсыз екендерін анықтатты. Одан соң қан қысымын өлшеп, қандай топқа жататындары белгілі болды. Ал дәрігерлер полицейлерге егер қысым қалыпты болмаса немесе гемоглобин ...

Толығырақ »

ПОЛИЦЕЙЛЕР КӨП БАЛАЛЫ АНАҒА КӨМЕК КӨРСЕТТІ

Түркістан облысының полицейлері көпбалалы анаға көмек көрсетті, деп жазады ТО ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. «Жақсылық еткен, алғыс алады»— дейді қазақ xалқы. Жақсылық бұл адамзат бойындағы ерекше бір қасиет болып саналады. Осындай қасиет бойларынан табыла білген облыс полицейлері сын сағаттарда аз қамтылған отбасыларға барынша материалдық көмек көрсетіп, қолдау танытуда. Үнемі мерекелер қарсаңында көмекке мұқтаж жандарға жәрдем беруге асығатын полиция ...

Толығырақ »

ӘКЕ ЖОЛЫН ЖАЛҒАҒАН ҚОС БАУЫРДЫҢ ОҚИҒАСЫ…

«2017 жылдың көктемі болатын. Дәл осы күні аспаннан біреу суды шелектеп құйғанмен бірдей ерекше болып, жауын жерге сатырлап молынан төгілді де тұрды. Жұмыстағы шаруаларымды реттеп, үйіме әдеттегіден кештеу қайттым. Тергеуші болғаннан соң әрбір тапсырылған істің ақ қарасын ажыратамын деп кейде кабинетте қонып қалатын кездер де кездеседі. Таңертең таңғы 6.00-де тұрып, жұмысқа жиналдым. Күн ашылып, ауа райының тосын мінезі басылған. Дәл ...

Толығырақ »

ӨТКЕН ЖЫЛМЕН САЛЫСТЫРҒАНДА ӨСІМ БАР

Бүгін «ANTIKOR.LIVE» жобасы аясында тікелей эфирде  Қаратау төтенше жағдайының бастығы, азаматтық қорғау майоры Тасқараев  Еркебұлан Кеңесбекұлының қатысуымен  онлайн сұхбат өтті. Сұхбатта Қаратау ауданы бойынша қысқаша мәлімдеме қалдырды. Қазіргі таңда  аудан аумағында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқтала кетіп, жалпы 2451 объект есепке алынғандығын айтты. 2020 жылдың 1 жарты жылдығына жоспарланған 145 объект бойынша тексеру жұмыстары жүргізілгенін атап өтті. Оның ішінде Қазақстан Республикасының ...

Толығырақ »

БИЛЕТТЕРДІ САТУДЫҢ ЖАҢА ТӘСІЛІ ЕНГІЗІЛДІ

Бүгін «ANTIKOR.LIVE» жобасы аясында тікелей эфирде  «Адал жол» жобасы аясында атқарылған жұмыстар туралы онлайн сұхбат өтті. Кездесуге Департамент басшысының бірінші орынбасары Серікбаев Талғар, Шымкент қаласы бойынша көліктік бақылау инспекциясының басшысы Жолдасов Ержан қатысты. Сұхбатта жолаушылар және жүк теміржол көлігінде біршама жаңа енгізулер жасалғаны сөз болды. Айта кетсек, жолаушыларға қолайлы жағдай жасау үшін, теміржол көлігінде билеттерді сатудың жаңа тәсілі енгізілді. Осыған ...

Толығырақ »

КЕШЕ – ПОЛКОВНИК, БҮГІН – ГЕНЕРАЛ!

Шымкент қаласының полиция департаментін ендігі жерде полиция генерал-майоры басқаратын болады. Мегаполис департаментінің тұңғыш басшысы Ералы Жұмаханбетов мырза ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен полиция генерал-майоры атанды. Ерекеңді шын жүректен құттықтап, қасиетті елдің тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуде қажымас қайрат пен сарқылмас күш-қуат тілейміз! © DIDARBEK.kz

Толығырақ »

САЛЫҚ ТӨЛЕУШІЛЕРГЕ КӨРСЕТІЛІП ЖАТҚАН ҚОЛДАУЛАР

Бүгін Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер Департаментінің басшысының орынбасары Қымбетов Нұрпейіс Тансықбайұлымен онлайн сұхбаты өтті. Сұхбатта елімізде болып жатқан төтенше жағдайға байланысты салық төлеушілерге көрсетіліп жатқан қолдаулар және Шымкент қаласының шенеунік кірістер органдарының атқарып жатқан қызметтері бойынша қозғалды. Салық төлеушілерге көмек көрсету, кеңестер беру және олардан туындаған мәселелерді шешу мақсатында, Шымкент қаласының Департаменті мен оның құрыымдық бөлімшелерінде 39 жұмыс телефондары ...

Толығырақ »

ҚАТЕЛІК ПЕ, ӘБЕСТІК ПЕ, ҚАСАҚАНА МА?

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ және ҚАЛАЛЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ НАЗАРЫНА! Бүгін таңертең сағат 9-00 шамасында Түркістан қаласы бойынша дауыс зорайтқыштар арқылы дабыл қағылды. Алғашында күнделікті коронавирусқа қарсы сақтық шаралары туралы деп қабыладық. Бірақ бұл жолғы хабарландыру өте қатқыл, үрейлі шықты. Атақты диктор Левитанның дауысы саңқ-саңқ етеді. «ВНИМАНИЕ! ВНИМАНИЕ! ВОЗДУШНАЯ ТРЕВОГА! ПРОСИМ ВАС СОБРАТЬ ПРОДУКТЫ И УКРЫТЬСЯ В БЕЗОПАСНОМ МЕСТЕ…» Алғашында ...

Толығырақ »

ГЕНЕРАЛ БОЛАДЫ – ШЫМКЕНТТЕН КЕТПЕЙДІ!

Полиция полковнигі Ералы Жұмаханбетов Шымкент қаласының полиция департаментін басқарғалы үшінші мегаполисте оң өзгерістер айқын көріне бастады. Ол, біріншіден, полиция қызметкерлерінің халыққа, елге жақындай түсуі, қала тұрғындарының мұң-мұқтажына көңіл бөліп, назар аударуы. Қала көшелерінде тәртіп орнай бастағаны да бірден байқалады. Екіншіден, полиция қызметкерлері қала мектептерінің жанындағы жолдан өтуге кішкентай бүлдіршіндерімізге ештеңемен өлшенбес жәрдемін тигізді. Қазіргі таңда оқу мекемелерінің жанында бала өлімі ...

Толығырақ »

ПРЕЗИДЕНТ: «БІЗ ШЫҢДАЛЫП ШЫҒАМЫЗ!»

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлт газеті «Egemen Qazaqstan-ға» бүгінгі күннің ауқымды мәселелеріне арнап үлкен бір сұхбат берді. Оны басылым басшысы Дархан ҚЫДЫРӘЛІ алды. Сұхбаттың толық нұсқасын мына сілтемеден оқып алуларыңызға мүмкіндіктеріңіз бар. Ал, біз әңгіме барысында Мемлекет басшысы қозғаған негізгі тезистерге тоқталамыз. © Әсет Әссанди, DIDARBEK.kz порталының бас редакторы.  

Толығырақ »

СЕНАТТА СӨЙЛЕГЕН СӨЗ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Парламент Сенатында сөйлеген сөзі Құрметті Сенат депутаттары! ​Біз бүгін ерекше жағдайда кездесіп отырмыз. Қазір бүкіл әлем жұртшылығы күрделі дағдарысқа ұшырады. Мұны жақсы білесіздер. ​Коронавирус дерті Қазақстанды да айналып өткен жоқ. Соған байланысты халқымыз он алтыншы наурыздан бастап төтенше жағдайда өмір сүруде. ​Карантин режимі азаматтарымызға айтарлықтай қиыншылық туғызды. ​Дегенмен, бүкіл еліміз осы індетке қарсы күресу үшін жұдырықтай ...

Толығырақ »

ТАҒЫЛЫМДЫ ТӘРТІП САҚШЫСЫ

Учаскелік полиция инспекторы Еркін Махановтың күнделікті жұмысы өзіне бекітілген аумақтағы көшелерді аралап, халықтың жағдайын білуден басталады. Профилактикалық шаралар атқарып, қылмыстың алдын алу мақсатында түсіндіру жұмыстарын жүрігізеді. Қоғамның тыныштығын сақтау мақсатында, ел ішіндегі мәселелермен етене танысып шығады. Тәртіп сақшысына бекітіліп берілген аумақта төрт мектеп және төрт елді мекен бар. Күнделікті әдетімен бүгінде инспектор көшелерді аралап, ел жұртпен кездесуге шықты. — Ел ...

Толығырақ »

ДАРИҒА МЕН МӘУЛЕН, АИДА МЕН ДӘУРЕН…

Мамыр айының 4-ші жұлдызы ауыс-түйістерге бай болды. Мамырдың 2-ші жұлдызында Дариға Назарбаеваның өкілеттігін тоқтату туралы ҚР Президентінің Жарлығы жарияланғаны белгілі. Бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтіп, онда Парламент Сенатының депутаты Дариға Назарбаеваның өкілеттігін тоқтату туралы шешім қабылданды. «Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Дариға Нұрсұлтанқызы Назарбаеваның өкілеттігі ҚР Президентінің 2020 жылғы 2 мамырдағы «Д.Н.Назарбаева туралы» № 315 Жарлығы негізінде ҚР ...

Толығырақ »

3 ЖАСАР ҚЫЗ АНАСЫНА ҚАЙТАРЫЛДЫ

Түркістан облысы полицейлері 3 жасар қызды үйіне, анасына қайтарды, деп жазады ТО ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. 30.04.2020 жылы күндізгі уақытта Арыс ауданы Монтайтас бекетінде төтенше жағдай режимін сақтау бойынша қызмет атқарып тұрған полиция қызметкерлері жолда жылап жүрген кішкентай қызды байқайды. Учаскелік инспектор полиция аға лейтенанты Батыржан Салыбаев балаға келіп, ата-анасының қайда екенін сұрайды. Нақты жауап ала алмаған соң, ...

Толығырақ »

ДАРИҒА НАЗАРБАЕВА ҚАЙДА КЕТТІ?

Сонымен, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Парламенті Сенатының депутаты Дариға Назарбаеваның депутаттық өкілеттігін тоқтатты. Естіген жұрттың бір бөлігіне бұл жаңалық қуаныш сыйласа, бірі – абдырап қалды, тағы бірі – өкініштерін жасыра алмады. Ендігі қадам – Дариға Назарбаеваны ҚР Парламенті Сенатының төрайымы қызметінен босату. Көп ұзамай, бұл мәселе де шешімін табайын деп тұрған сияқты. Сонда Дариға Назарбаева қайда кетті деген ...

Толығырақ »

ШЫНДЫҚҚА ЖАНАСПАЙДЫ!

Жетісай ауданын су басады деген қауіптің жоқ екендігін тағыда қайталап айтамыз. Коллекторға жақын орналасқан елді-мекендердің аздап су деңгейі көтерілген. Қазір жағдай тұрақты. Аудан әкімі Жамантай Бейсенбаев коллектор бойына жақын орналасқан » Қоғалы», » Жылы Су» елді мекендерінде болып тұрғындарға түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сосын, Мақтаарал ауданына тиісті видеоларды Жетісай ауданы мен шатастырмауларыңызды және Жетісайды су басып жатыр деп әлеуметтік желілерге таратпауларыңызды ...

Толығырақ »

ЖЕТІСАЙДАН ЖЕТКЕН ЖЕДЕЛХАТ

Әлеуметтік желілерде Өзбекстан Республикасындағы су қоймасының бір бөлігі бұзылуына байланысты „Жетісай ауданын су басу қаупі бар екен” деген ақпарат шындыққа жанаспайды. Осыған байланысты Жетісай ауданының әкімі Жамантай Бейсенбаев аудан тұрғындарын үрейленбеуге және негізсіз әңгіме таратпауға шақырады. Сол себепті қауіптенуге ешқандай негіз жоқ екендігін ескертеміз. Және Жетісайды су басады деген ақпараттың жалған екенін мәлімдейміз. © DIDARBEK.kz

Толығырақ »