Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » 2019 » Июль (страница 11)

Месячные архивы: Июль 2019

КЕЛЕСТІК ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫСЫ КӨҢІЛДІ ӨТУДЕ

Түркістан облысы Келес ауданы әкімінің орынбасары Алмас Сексенбаев және аудандық Білім, денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Бақтияр Абдиев жазғы демалысын Түлкібас ауданы, Машат шатқалы ауылында орналасқан «Орбита» демалыс лагерьінде өткізіп жатқан келестік оқушылардың жағдайымен танысып қайтты. Бұл туралы Келес ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «didarbek.kz» ақпараттық агенттігі хабарлайды. Кездесуде оқушылар көңіл күйлері өте жақсы, өздеріне жазғы демалыстың ұнағандарын айтып, ...

Толығырақ »

ТӨЛЕБИЛІКТЕРДІҢ АРЫСТАҒЫ ЖҰМЫСЫ ЖАЛҒАСУДА

17 секторға бөлінген Арыс қаласының 5-ші секторындағы апаттан зардап шеккен тұрғын үйлерді жөндеу жұмыстарын Қарағанды облысы мен Төлеби ауданы қарқынды жүргізуде. Бұл туралы Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «didarbek.kz» ақпараттық агенттігі хабарлайды. Бұл 5-ші аймақта 72 жеке үй мен 11 көп қабатты тұрғын үйлер орналасқан. 24-ші маусым күні олардың барлығына зағым келген. Қуантарлығы жарамсыз күйге түскен үйлер жоқ. ...

Толығырақ »

КЕЛЕС АУДАНЫНДА ТҰТ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ҚОЛҒА АЛЫНУДА

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасына сәйкес, облыс аумағындағы жол бойларын көгалдандыру мақсатында Келес ауданы Бірлесу ауылдық округінде Келестік ғалым Бердияр Қалымбетов 1 га жерге тұт ағашының көшетін жетілдіретін бақша жасап, ұрығын егуде. Бұл туралы Келес ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «didarbek.kz» ақпараттық агенттігі хабарлайды. Халықаралық ғылыми ортақтастық негізінде Өзбекстан Республикасы Ферғана облысынан Жібек шарушылығына тұт ағашын жеткізіп беретін ...

Толығырақ »

КЕЛЕСТІК ШАРУАЛАР АҒЫН СУДАН ТАПШЫЛЫҚ КӨРМЕЙДІ

Келес ауданының әкімі Ақментай Есбаев тиісті сала басшыларымен, аудандағы ағын су мәселесіне шешу жолында істелініп жатқан жұмыстардың барысымен танысу мақсатында «Келес ауданының су шаруашылығы» МКК тиеісілі каналдар мен қашыртқыларды аралап көрді. Бұл туралы Келес ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «didarbek.kz» ақпараттық агенттігі хабарлайды. Жалпы аудан бойынша ұзындығы 629,0 шақырым 145 дана канал және ұзындығы 403,2 шақырым 147 дана қашыртқылар ...

Толығырақ »

ЖЕРЛЕСІМІЗ ДЗЮДО КҮРЕСІНЕН ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫНДА ТҰҢҒЫШ УНИВЕРСИАДА ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ

Сонау Италия елінен сүйінші хабар келді. Маңдайы жарқыраған ұлымыз қазақтың көк Туын Еуропа көгінде желбіретті. Жуырда ғана дзюдо күресінен Қазақстан чемпионы атанған жерлесіміз Ғалымжан Қырықбай Шаяхметұлы Италияның Неаполь қаласында өтіп жатқан ХХХ-шы дүниежүзілік универсиадада абсолюттік салмақ дәрежесінде Қазақстан тарихындағы алғашқы алтын медальға қол жеткізді. Бұл туралы Түлкібас ауданы әкімінің баспасөз қызметіне  сілтеме жасаған «didarbek.kz» ақпараттық агенттігі хабарлайды. Ғалымжан Қырықбай Шаяхметұлы ...

Толығырақ »

ОРДАБАСЫ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімімен және Түркістан облысының әкімі Ө.Шөкеевтің өкімімен Түркістан облысы Ордабасы ауданының әкімі болып ӨСЕРБАЕВ Әліпбек Шәріпбекұлы тағайындалды. Әліпбек Шәріпбекұлы 1961 жылы 20 тамызда Оңтүстік Қазақстан облысы Қызылқұм ауданында туған, білімі жоғары, біліктілігі инженер-химик-технолог. 1983 жылы Қарағанды асбест-цемент өнімдерін шығаратын зауытының машинисі ретінде еңбек жолын бастап, кейін осы кәсіпорында ауысым шеберінің дублері және ауысым шебері болып еңбек еткен. 1986 жылы ...

Толығырақ »

АРЫС: 65 АДАМ ЕМХАНАДАН ҮЙЛЕРІНЕ ОРАЛДЫ

Бүгін 4 сектор штабында Арыс қаласын қалпына келтіру жұмыстары бойынша брифинг болып өтті. Оған ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-минстрі Қайырбек Өскенбаев, облыс әкімінің кеңесшісі Ұласбек Сәдібеков, Қорғаныс минстрлігінің өкілі Қайыргелді Хусайнов, Облыстық клиникалық ауруханасының бас дәрігері Марат Пашимов, Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Нұрдәулет Қилыбай қатысты. Облыс әкімінің кеңесшісі Ұласбек Сәдібеков қала тұрғындарына түсіндерме жұмыстарын жүргізу үшін 800-ге жуық белсенді ...

Толығырақ »

АРЫС ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ 99,6 ПАЙЫЗЫ ӨТЕМАҚЫҒА ҚҰЖАТ ТАПСЫРДЫ

Бүгін Арыс қаласын қалпына келтіру жұмыстары бойынша облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен жиын өтті. Мәжілісте ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаевтың айтуынша, барлық секторда құрылыс қарқынды жүріп жатыр. Арасында жоспардан кешіккендеріне, жұмыс күші жетпей жатқан облыстарға тиісті ескертулер беріліп, жұмыс толық бақылауға алынған. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «didarbek.kz» ақпараттық агенттігі хабарлайды. ...

Толығырақ »

ШАРДАРА АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімімен және Түркістан облысының әкімі Ө.Шөкеевтің өкімімен Түркістан облысы Шардара ауданының әкімі болып ЖОЛДЫБАЙ Қайрат Жолдыбайұлы тағайындалды. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «didarbek.kz» ақпараттық агенттігі хабарлайды. Қайрат Жолдыбайұлы 1981 жылы 5 мамырда бұрынғы Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара қаласында туған, білімі жоғары, біліктілігі экономист-менеджер бакалавры. Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының мемлекеттік ...

Толығырақ »

ӨТЕМАҚЫҒА ҚҰЖАТ ТАПСЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН

Арыстықтардың 99,6 пайызы өтемақыға құжат тапсыра алады. Бұл ақпарат облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен өткен жиында мәлім болды. Арыс қаласын қалпына келтіру жұмыстары бойынша барлық секторда құрылыс қарқынды жүріп жатыр. Дегенмен, арасында жоспардан кешіккен, жұмыс күші жетпей жатқан облыстарға тиісті ескерту жасалды. Бұл туралы облыстық «On’tu’stik» телеарнасына сілтеме жасаған «didarbek.kz» хабарлайды. Арыс қаласын қалпына келтіру жұмыстары Түркістан обалыстық  әкімдігінің негізгі жұмысы ...

Толығырақ »

АРДАГЕРЛЕР ДЕМАЛЫСҚА АТТАНДЫ

Арыс халқына жан-жақты қолдау көрсету — басты назарда. Осыған орай, облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасымен арыстық ардагерлер шілде-тамыз айларында кезекпен демалысқа жіберілетін болады. Зейнеткерлердің алғашқы тобы 15 күн бойы Шымкенттегі «Мейір» ардагерлер үйінде тынығып келеді. Бұл туралы облыстық «On’tu’stik» телеарнасының тілшісі Д.Нахыпбектің  материалына сілтеме жасаған «didarbek.kz» хабарлайды. Дариға Тілеубергенова — Арыс қаласының тұрғыны. Немере бағып бейқам жүрген зейнеткер төтенше жағдайдан ...

Толығырақ »

АРЫСТА 3 МЫҢ ҚҰРЫЛЫСШЫ ЖҰМЫС ІСТЕП ЖАТЫР

Арыс күн санап, қалыпты өмірге оралып келеді. Қазір тоғыз жолдың торабындағы үйлерді қалпына келтіру үшін 3 мыңнан астам құрылысшы жұмыс істеп жатыр. Олардың арасында жергілікті тұрғындар көп. Қазіргі таңда 340-тай үй жөнделді. Бұл туралы облыстық «On’tu’stik» телеарнасының тілшісі Г.Қалмырзақызының  материалына сілтеме жасаған «didarbek.kz» хабарлайды. Үкімет тарапынан Арыстың әрбір тұрғынына 100 мың теңге беру жөнінде қаулы қабылданған болатын. Қазірдің өзінде арыстықтардың ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ Р.АЮПОВ МАҢЫЗДЫ ТАПСЫРМАЛАР ЖҮКТЕДІ

9-шілде күні қала әкімі Рашид Аюповтың төрағалығымен өткен аппараттық мәжілісте бір қатар мәселелер қаралып, тапсырмалар берілді. Бұл туралы  Түркістан қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «didarbek.kz» ақпараттық агенттігі хабарлайды Атап айтсақ; — экономика бөліміне қаладағы құрылыс жұмыстарына қаржының қажеттілігін шешу және жұмысын жеделдету масқатында облигациямен және мемлекеттік жеке меншік әріптестік негізде жұмыс жасау жүйесін қарастыру; — Жер қатынастар бөлімі мемлекет ...

Толығырақ »

АРЫСТА 100 ОҚУШЫҒА МЕКТЕП ҚҰРАЛДАРЫ ТАБЫСТАЛДЫ

  «Біз Арыспен біргеміз» акциясы аясында Арыс қаласы Ә. Жангелдин атындағы мектепте, Алматы қаласы «StartTimе» ЖШС-нің бастамасымен «Мектепке даярлық» атты 100 оқушыға сөмке, оқу құрал-жабдықтары мен қоса мектеп формасын табыстау рәсімі өтті. Аталмыш шараның ұйымдастырушысы – Түркістан облыстық отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармасы мен «Жастар ресурстық орталығы. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «didarbek.kz» ақпараттық ...

Толығырақ »

АРЫСТЫҢ БАЛАЛАРЫ БАТЫС ПЕН ШЫҒЫСҚА ДЕМАЛЫСҚА АТТАНДЫ

Бүгін түсте Арыс қаласының 50 баласы Батыс Қазақстан облысындағы демалыс орнына аттанып кетті. Сонымен бірге кешке қарай 150 оқушы табиғаты таңғажайып Шығыс Қазақстан облысына жіберілді. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «didarbek.kz» ақпараттық агенттігі хабарлайды. Демалысқа аттанған оқушыларды ата-аналары мен ұстаздары Арыстағы темір жол вокзалынан шығарып салды. Бұған дейін арыстық оқушылар Павлодар (129), Ақмола (145), Жамбыл (200), ...

Толығырақ »

Ө.ШӨКЕЕВ: АҚПАРАТТЫ АШЫҚ ӘРІ УАҚТЫЛЫ АЙТУЛАРЫҢЫЗ КЕРЕК

Арыс қаласында атқарылып жатқан жұмыстар мен мәліметтер шынайы әрі ашық болуы керек. Бүгін облыс әкімі аппаратының кезекті селекторлық жиынында өңір басшысы Өмірзақ Шөкеев осылай деді. Қорға аударылған қаржы мен мемлекет тарапынан берілетін әрбір қаражат та қоғам назарында болады. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «didarbek.kz» ақпараттық агенттігі хабарлайды. «Әрине, қысқа мерзімде қаланы қалпына келтіру оңай емес. Мемлекет ...

Толығырақ »

АРЫСТА 340 ҮЙДІҢ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСЫ АЯҚТАЛДЫ

Бүгін Арыста облыс әкімі аппаратының кезекті селекторлық жиынында Арыс қаласын қалпына келтіру жұмыстары талқыланды. Бүгінде қаладағы 8371 баспана алынып, оның 6977-сі жөнделетін болды. Оның ішінде 149 үй басынан салынады. Бұл сандар өзгеруі де мүмкін. Қазіргі таңда 340 үйдің құрылыс жұмысы толық аяқталып, иелеріне тапсырылған.  Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «didarbek.kz» ақпараттық агенттігі хабарлайды. «Арыста 2194 үйді ...

Толығырақ »

МАҚТААРАЛДА ОТБАСЫЛЫҚ ӘЛЕУМЕТТІК САУДА КЕШЕНІ АШЫЛДЫ

Елорда күні қарсаңында Мақтаарал ауданының Атакент кентінде отбасылық әлеуметтік сауда кешені ашылды. Бұдан кейін ауданымыздағы еңбектеген баладан еңкейген кәріге дейін отандық және Түркия елінің сапасы жоғары киім-кешектері мен басқа да өнімдерін 10-15% арзан бағамен сатып ала алады. Бұл туралы Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «didarbek.kz» ақпараттық агенттігі хабарлайды. Отбасылық әлеуметтік сауда кешенін ашудағы негізгі мақсат – тұрмысы төмен ...

Толығырақ »

Жетісай ауданында «Жылы жүрек-жомарт қол» атты қайырымдылық акциясы өтті

Бүгін Түркістан облысы Жетісай ауданында 6– шілде — Елорда күні мерекесіне орай «Жылы жүрек-жомарт қол» атты қайырымдылық акциясы өтті. Шара аудан әкімі Жамантай Бейсенбаевтың бастамасымен өңірдегі кәсіпкер азаматтардың қолдауымен ұйымдастырылды. Бұл туралы Жетісай ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «didarbek.kz» ақпараттық агенттігі хабарлайды. Акция барысында ауданымыздағы қала, кент, ауыл округтеріндегі көпбалалы аналар мен мүмкіндігі шектеулі, әлеуметтік тұрмысы төмен 300-ге жуық ...

Толығырақ »

ҮКІМЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ АРЫСҚА КЕЛДІ

Бүгін ҚР Премьер-министрінің орынбасары Жеңіс Қасымбек төтенше жағдайдан зардап шеккен Арыс қаласына келді. Үкімет басшысының орынбасары қаланы қалпына келтіру жұмыстары уақтылы әрі сапалы орындалуы керектігін айтты. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «didarbek.kz» ақпараттық агенттігі хабарлайды. Сондай-ақ жөндеу жұмыстарын «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қоры АҚжүргізетін әлеуметтік нысандардың бірі – қалалық аурухананы көзбен көрген ол өзге де штабтардың жұмысымен танысты. ...

Толығырақ »

«ABAD» ҚОҒАМДЫҚ ҰЙЫМЫ МЕН ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІ АРАСЫНДА КЕЛІСІМ ЖАСАЛДЫ

2019 жылдың 5 шілдесінде Әзірбайжан Республикасының Президенті жанында құрылған азаматтарға және әлеуметтік инновацияларға қызмет көрсету жөніндегі мемлекеттік агенттігі, «ABAD» заңды тұлғасы мен Қазақстан Республикасы, Түркістан облысының әкімдігі арасында қолөнер саласындағы шағын кәсіпкерлікті дамыту саласындағы өзара ынтымақтастық келісім жасалды. Келісімге «ABAD» ұйымының директоры Руфат Эльчиев пен Түркістан облысы әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиев қол қойды. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне ...

Толығырақ »

Қ. А.ЯСАУИ КЕСЕНЕСІНІҢ АЙНАЛАСЫ АБАТТАНДЫРЫЛАДЫ

Әзірбайжан астанасы Баку қаласында Қазақстан мен Әзірбайжан арасындағы халықаралық мәдени байланыстарды сақтау және дамыту бағытында екі маңызды мәдени оқиға өтті. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «didarbek.kz» ақпараттық агенттігі хабарлайды. Бұл іс-шаралар арқылы Түркістан облысының әлемдік деңгейде мәдени дамуын, халықаралық туризмді дамыту мен сақтау және Ұлы Жібек жолының дәстүрлі қолөнерін жандандыру көзделген. Іс-шара арқылы «Бір белдеу – ...

Толығырақ »

Түркістан облысының әкімі Ө. Шөкеев Елорда күнімен құттықтайды

ҚҰРМЕТТІ ТҮРКІСТАНДЫҚТАР! Сіздерді еліміздің жүрегі,әң әдемі шаһар – елорда күнімен шын жүректен құттықтаймын.Ежелден ата-бабамыздың құтты қонысы бола білген Сарыарқа төрінде ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен салынған қала елдің үкілі үмітін үкілеп, күннен — күнге өзгеріп,құлпырып келеді. Жаңа ғимараттар,жасыл алқаптар және мәдени орындармен толыға түсуде.Бұл қала – Тәуелсіздік алғаннан кейінгі ең батыл бастамалардың жүзеге асуының жарқын көрінісі. Осы айтулы мереке ...

Толығырақ »

АРЫСТЫ ЖАНДАНДЫРУҒА БЕЛСЕНДІ АЗАМАТТАР ДА АТСАЛЫСАДЫ

Бүгін облыс әкімінің кеңесшісі Ұласбек Сәдібеков Арыс қаласының белсенді азаматтарымен кездесті. Жиынға мәслихат депутаттары, ақсақалдар, әйелдер кеңесінің төрайымы, үкіметтік емес ұйым жетекшілері, қала имамдары қатысты. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «didarbek.kz» ақпараттық агенттігі хабарлайды. Жиынның басты мақсаты – халыққа ақпараттық, идеологиялық бағытта түсіндіру жұмыстарын жүргізу және ел басына түскен қиын сәтте бірлігіміз бен ынтымағымыздың бекемдігін, мызғымастығын ...

Толығырақ »

ЖҮЗІМ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ- БАСТЫ НАЗАРДА

Жетісайда жүзім шаруашылығын дамыту басты назарда. Себебі ауа райының қолайлылығы Мырзашөл аймағында осы жеміс түрін өсіруге мүмкіндік береді. Ендігі мақсат-мол өнім беретін жүзім сұрыптарын таңдап алу.Осы мақсатта жүзім өнімдерінің түсімін арттыру тақырыбында семинар өтті. Тәжірибе алмасу жиынына Украинаның білікті шаруалары да шақырылды. Бұл туралы облыстық «On’tu’stik» телеарнасына сілтеме жасаған «didarbek.kz» хабарлайды. Семинарда 9 түрлі тұқыммен егілген жүзім көшеттерінің Қазақстанның климаттық ...

Толығырақ »