Жетісайда жүзім шаруашылығын дамыту басты назарда. Себебі ауа райының қолайлылығы Мырзашөл аймағында осы жеміс түрін өсіруге мүмкіндік береді. Ендігі мақсат-мол өнім беретін жүзім сұрыптарын таңдап алу.Осы мақсатта жүзім өнімдерінің түсімін арттыру тақырыбында семинар өтті. Тәжірибе алмасу жиынына Украинаның білікті шаруалары да шақырылды.
Бұл туралы облыстық «On’tu’stik» телеарнасына сілтеме жасаған «didarbek.kz» хабарлайды.
Семинарда 9 түрлі тұқыммен егілген жүзім көшеттерінің Қазақстанның климаттық жағдайына сәйкес келуі бақыланды. Сонымен қоса жергілікті жемістер, шет мемлекеттің өнімдерімен салыстырылды.
Ербол Жолдасбайұлы — «ЕР-ТЕ» шаруа қожалығының басшысы: Семинар осы жүзімді қалай дайындау керек, оның формировкасы уборкасына қалай дайындау керек сол мәселелер бойынша жүзімді шпалерге қалай орнату керек сол бойынша өткізілдіп отқан семинардасыздар. Қазір жүзім пісуден алдын 10 -15 күн қалды. Бұл жердегі бас требованиясы жүзімде ауру болмау керек және фитосанитариясыда басқасы да ауру болмайтын көшет әкеліміз керек сол жағы бар қызығатын.
Семинарға арнайы шақыртумен келген Украиндық мамандар өз тәжірибесімен бөлісті. Жүзімнің күтімі мен өнім көлемін ұлғайту жолдарын жіті түсіндірді. Болашақта, шет мемлекеттердің шаруаларымен, аталған салаға қатысты түрлі тәжірибе алмасу шаралары қолға алынбақ.
Андрей Гайдай- Шаруа (Украина): Мен Украинадан келдім. Мен өзімінің мол тәжіриебеммен бөлісуге келдім Сіздердің жылыжайларыңыз өте қатты ұнады. Мен мұнда жылына ек, үш рет келіп тұрамын. Жетісай егін өсіруге өте қолайлы аймақ. Сондықтан мұнда жүзім өндірісін сөзсіз ұлғайтуға болады.
Бектас Тыныбайұлы — Сарыағаш Жер істері жөніндегі ЖШС директоры: Ербол Ералиевтің әкеліп жатқан жаңағы 9 сорты бұның өзі жаңағы салп тұрғанының өзін көру үлкен бір қызығатын адамдарға қажетті дүние. Мынау Украйнадағы болып жатқан осындай жүзімдердің келуі біздің климатқа қандай әсер ететінін білу бұл действительный қызық нәрсе.
Егіншілік — ауылшаруашылығының негізі саласы. Түркістан облысының жері құнарлы, ауа-райы қолайлы аймаққа жатады. Сондықтан біздің өңірде аталған сала, мықтап қолға алынған. Алдағы уақытта да ілкімді істер жалғаса бермек.