Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » 2020 » Апрель (страница 9)

Месячные архивы: Апрель 2020

ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНДАҒЫ АУҚЫМДЫ ІСТЕР

Бүгін Әл-Фараби ауданы аумағында коронавирус пандемиясына қарсы атқарылып жатқан жұмыстар бойынша пресс-тур өтті. Аудан әкімі Ғабит Мәуленқұловтың баяндауынша, тұрғындардың қауіпсіздігін сақтау мақсатында ауданда дезинфекцилау жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Бүгінде санитариялық-эпидемияға қарсы және халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ауданда 4 арнайы жұмысшы топ (мобильный) құрылған. — Қазіргі таңда аудан аумағында індет ошағы анықталған 12 орын карантиндік режимде, барлық ошақтарда тұрғындар азық-түлікпен, басқа ...

Толығырақ »

КЕДЕРГІСІЗ КІРГІЗУДЕ

Шымкенттегі санитарлық бұғаттау бекеттерінен көкөніс тиеген көліктер кедергісіз өтіп жатыр. Тіпті әкімдік қызметкерлері шаруаларға өнімін қай базарға апарып сату тиімді екенін түсіндіруде. Өйткені қала әкімі М.Әйтенов төтенше жағдай кезінде халықтың қажеттелігін қамтамасыз ету мақсатында арнайы қаулы бекітіп, көрші аудандардан диқандардың қалаға кедергісіз кіріп-шығуына жағдай жасады. Оған қоса шаруаларға қаладағы «Қазыбек» базарынан арнайы орын бөлдіріп берді. Сөйтіп диқандар жылыжайдан жинаған өнімдерін ...

Толығырақ »

РАМАЗАН АЙЫНЫҢ БАСТАЛУЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Мемлекет басұышы Қасым-Жомарт Тоқаев Рамазан айының басталуымен құттықтады. Құрметті отандастар! Баршаңызды қасиетті Рамазан айының басталуымен шын жүректен құттықтаймын! Бұл – бүкіл әлемдегі мұсылман қауымы үшін рухани жаңару мен жаңғыру кезеңі. Рамазан айында әрдайым ырыс пен ынтымақ, ізгілік пен мейірім салтанат құрады. Отыз күн Оразада мұқтаж жандарды қолдап, қайырымдылық көрсету игі дәстүрге айналды. Өкінішке қарай, биылғы Рамазан айы төтенше жағдай кезеңіне ...

Толығырақ »

БЛОК БЕКЕТТЕР ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА

Түркістан облысының шекаралық аймақтарына блок-бекеттер 18-наурыздан бастап орнатыла бастады. Тәулік бойы қызметке кіріскен полиция қызметкерлері мен медицина мамандары әрбір көлікті тоқтатып, арнайы құрылғымен азаматтардың дене қызуларын тексеруден өткізді. Ал, өңірде карантин жарияланған тұста олар күшейтілген режимге көшті. Қазіргі таңда қатаң тәртіп пен бекітілген ережеге сәйкес жұмыс жасап жатыр, деп жазады ТО ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz . «Шақпақ» бекетінде ...

Толығырақ »

ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ЖОЯТЫН ЕҢ ҮЗДІК ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА

Түркістан облысының білім саласында сыбайлас жемқорлықты жою мақсатында көптеген нәтижелі істер жүзе асуда. Бұл туралы облыс басшысы Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен өткен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия отырысында облыстық Адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Рақымбек Жолаев баяндады. Ол Елбасының бастамасымен 2 жыл бұрын құрылған «Түркістан-адалдық алаңы» жобалық кеңсесі жұмысының жетістіктерін ортаға салды, деп жазады Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне ...

Толығырақ »

КЕНТАУ ПОЛИЦЕЙЛЕРІ 18 АЗАМАТТЫ ЖАУАПҚА ТАРТТЫ

Кентау қаласы полицейлері карантин енгізілген уақыттан бері 18 азаматты жауапқа тартты, деп жазады ТО ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz . Естеріңізге сала кетейік, 18-сәуірден бастап Түркістан облысының барлық аумағында карантин енгізілді. Осы тұста, облыс полицейлері күшейтілген режимде қызмет атқаруда. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету және төтенше жағдай режимін бұзуға жол бермеуді тұрақты бақылауда алған. Соның ішінде, Кентау қаласында да полицейлер ...

Толығырақ »

ЖЕМҚОРЛЫҚҚА БАРҒАН ҚЫЗМЕТКЕР ҮШІН БІРІНШІ БАСШЫ ЖАУАПТЫ

Қол астындағы қызметкер жемқорлықпен шатылса, бірінші басшы жұмыстан кету жөнінде өтініш жазуға міндетті. ҚР Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңдарына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен өткен Түркістан облысы әкімдігі жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі онлайн режимдегі комиссия отырысында айтылды, деп жазады Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ...

Толығырақ »

ЦИФРЛЫҚ ЖҮЙЕ — ҚЫЛМЫСҚА ҚАРСЫ ҚАРЫМДЫ КҮРЕС

Мемлекеттік қызмет көрсетуді Цифрлық жүйеге көшірудің сыбайлас жемқорлықтың жолын кесудегі рөлі айрықша. Бұл туралы облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен өткен Түркістан облысы әкімдігі жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның онлайн отырысында айтылды, деп жазады Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz . Облыс аумағында сыбайлас жемқорлықты алдын алу және жою үшін жүйелі жұмыс атқарылуда. Облыста мемлекеттік қызмет ...

Толығырақ »

ДЕПАРТАМЕНТ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің бұйрығымен ШІЛМАНОВ АЙБЕК АҚБЕРГЕНҰЛЫ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы болып тағайындалды, деп жазады Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz . Айбек Шілманов Қарағанды қаласында дүниеге келген. Қазақ гуманитарлық заң университетін «заңгер» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 2006 жылы Қазақстан Республикасы Ішкі істер ...

Толығырақ »

ЕРНАР АЙДАР КАРАНТИН РЕЖИМІН БҰЗДЫ

Әнші Ернар Айдар карантин режимін бұзды, деп жазады zakon.kz. Әнші мен тағы 12 адам бір бөлмеге жиналып, тікелей эфирде ұтыс ойынын ұйымдастырған. Бұл топты Экономикалық тергеу қызметінің қызметкерлері ұстады. Негізгі іс осы бөлімнің өндірісіне алынған. Полиция өз құзіретіне сәйкес, бұл жағдайда қамауға алынған адамдарға карантин режимін бұзғаны үшін шаралар қолдануға құзырлы. ҚР ККАП-тің 476-бабына сәйкес әкімшілік хаттамалар толтырылды, — деп ...

Толығырақ »

ӘЛЕУМЕТТІК ТӨЛЕМДЕР ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ҮЙІНЕ ЖЕТКІЗІЛІП БЕРІЛУДЕ

Түркістан облысында зейнетақы мен 42500 теңгелік әлеуметтік көмекті тұрғындардың үйлеріне жеткізіп беру жұмыстары жалғасуда, деп жазады Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz  ақпараттық агенттігі хабарлайды. Ондағы мақсат — коронавирус індетінің алдын алып, кең етек жайып,таралып кетпеуіне тосқауыл қою. Осы мақсатты көздеген Төлеби аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қызметкерлері зейнетақы мен 42500 теңге алушы азаматтардың үйлеріне барып, ...

Толығырақ »

АСА ЖАУАПКЕРШІЛІКПЕН АТҚАРУДА

Полиция қызметкері болу кез-келген адамның қолына келе бермейтін іс. Ұқыптылықпен, сабырлықты, аса үлкен жауапкершілікті талап ететін маман иесінің кез келген кезде өміріне қауіп төнуі мүмкін. Аса ауыр қылмыскерлерді құрықтау, қоғам тыныштығын сақтау әрине қиын. Бұл істе батылдығымен бірге, білімі мен біліктілігі де жоғары болуы қажет. Отырар ауданының тұрғыны Нұрсұлтан Төреханов полиция болуды жастайынан армандаған. Бүгінде шен тағып, қызметке кіріскен ол, әрбір ...

Толығырақ »

ЖЕТІСАЙЛЫҚ КӘСІПКЕР 120 ТОННА ҚЫРЫҚҚАБАТТЫ ТЕГІН ТАРАТЫП БЕРДІ

Түркістан облысы жетісайлық кәсіпкер облыс тұрғындарына 120 тонна қырыққабат тегін таратып берді, деп жазады Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Жаны жомарт жандардың құт мекені саналатын диқаншылардың мекені – Жетісай ауданының кәсіпкерлері тағы да бір сауапты іс жасады. Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты аудан тұрғындарына қолұшын созуды мақсат еткен жеке кәсіпкер Көбейбек Алиев биылғы егістігінің бірінші өнімін толығымен қайырымдылыққа ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН: КӘСІПКЕР 5 МЫҢ МЕДИЦИНАЛЫҚ БЕТПЕРДЕНІ ТЕГІН ТАРАТТЫ

Түркістан облысы Мақтаарал ауданында «Азала текстиль» фабрикасы мен «Мырзакент» мақта өңдеу зауытына иелік ететін «Мырзакент-Холдинг» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Жамалов Бауыржан Салдарұлы 5 мың медициналық бетпердені тегін таратып, 14 отбасыға азық-түлік үлестірді, деп жазады Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі. «Nur Otan» партиясының аудандық филиалының ұйымдастыруымен «Біз біргеміз!» акциясы Мақтаарал ауданында жалғасын табуда. Бүгінгі іс-шараға аудан ...

Толығырақ »

КӘСІПКЕР 75 ОТБАСЫҒА ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖАСАДЫ

Түркістан облысы төлебилік кәсіпкер 75 отбасыға қайырымдылық жасады, деп жазады Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz . Түркістан облысы Төлеби ауданында түрлі деңгейдегі қайырымдылық шаралары жиі ұйымдастырылып, аз қамтамасыз етілген және көпбалалы отбасыларға көмек беріліп келеді. Соның жалғасы ретінде «Біз біргеміз» акциясы аясында жергілікті кәсіпкер Нуров Амангелді басшылық жасайтын «Бейбарс и К» ЖШС және Қуаныш Ешенқұл қоры ...

Толығырақ »

КӘСІПКЕРЛЕР БАҚЫЛАУ-КАССАЛЫҚ МАШИНАЛАРЫН ҚОЛДАНАТЫН БОЛАДЫ

Түркістан облысы әкімінің орынбасары М.Мырзалиевтың төрағалығымен «Бизнесті көлеңкеден шығару, шағын және орта бизнестің өнім көлемін ұлғайту» жөнінде жиын өтті. Басқосуға облыстық кәсіпкерлік және сауда басқармасы, Түркістан облысы бойынша мемлекеттік кірістер, бәсекелестікті қорғау және дамыту департаменттері, облыстық кәсіпкерлік палатасы, «Қазақстан Ұлттық Банкі» (Екінші деңгейлі банктер), «Қазпочта» АҚ облыстық филиалдарының басшылары қатысты, деп жазады Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz. ...

Толығырақ »

АПТАСЫНА 2 ТОННА ТҮЙЕ СҮТІН ӨНДІРУДЕ

Түркістан облысы Созақ ауданында шаруалар аптасына 2 тонна түйе сүтін өндіруде, деп жазады облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz . Созақ ауданында түйе шаруашылығын дамыту ісі жанданып келеді. Жыл басында Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев аудан басшылығына ойсыл қара басын көбейтіп, түйе сүтін облыс орталығындағы қайта өңдеу кәсіпорынына өткізуді тапсырған болатын. Осыған орай аудан әкімінің бастамасымен ірілі-ұсақты түйе бағатын ...

Толығырақ »

АРЗАН БАҒАДА АЛА АЛАДЫ

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов азық-түлік пен көкөніс бағаларының тұрғындар үшін қолжетімді болуын тапсырған болатын. Осы ретте каламыздағы бірқатар жылыжай иелерімен келіссөздер жүргізіліп, базарларда өз өнімдерін делдалсыз төмен бағада сатуы үшін арнайы орындар берілді. Бүгінгі таңда фермерлер «Қазыбек» базарынан арнайы орын алып, жылыжайдан жиналған көкөністерін арзан бағада саудаға шығаруда. Бұл өз кезегінде қала тұрғындарына азық-түлікті, көкөністерді «Өндірушіден тұтынушыға» принципімен қолжетімді ...

Толығырақ »

АТАКЕНТТІК ЕРІКТІ ЖАСТАР ТҮСКІ АС ТАРАТТЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес әлем халықтарының үрейін туғызып отырған covid19 індетіне қарсы күрес жұмыстары жер-жерлерде қатаң қолға алынған. Түркістан облысы, Мақтаарал ауданында бүгінде 8 блок-бекет тұрақты түрде жұмыс істеуде. Онда жолаушыларды әлемде орын алған қауіпті дерттен сақтандыру, алдын алу мақсатында тексеріп, жұмыс жасап жатқан ішкі істер органдары мен денсаулық сақтау саласының қызметкерлеріне аудан әкімдігінің ұйытқы болуымен аудандық ...

Толығырақ »

«АУЫЛЫМ — АЛТЫН ТҰҒЫРЫМ» БАЙҚАУЫ ӨТЕДІ

Құрметті Достар! #АУЫЛЫМ_АЛТЫН_ТҰҒЫРЫМ Дәл қазіргі сәт — баршамыздың бірлігіміз сыналатын кезең. Әлем бойынша ауыр індетпен ел болып бірге күресіп келеміз. Елімізде жарияланған төтенше жағдай режиміне байланысты барлығымыз үйден шықпауға тиіспіз. Көрінбейтін вирусты көрінбей ғана жеңе алатынымызды түсіндік. Барлығымыз ауылда туып, шаңына аунап өстік. Бүгінде #Үйдебол челленджі аясында туған жерге деген патриоттық сезімді ояту мен өңіріміздің табиғатын насихаттау мақсатында Түркістан облыстық қоғамдық даму ...

Толығырақ »

«BALALARMEN BIRGE» ОНЛАЙН БАЙҚАУЫ ӨТЕДІ

Құрметті Достар! #BALALARMEN_BIRGE Елімізде жарияланған төтенше жағдайға байланысты қазір біздің қалыпты өмір сүру қағидаларымызға бірнеше шектеулер қойылды. Соның ең үлкені әрі қоғам үшін, өзіміз үшін аса маңыздысы – үйде болу. Әрине, тіршілігін қоршаған ортамен байланыстырған біз үшін бұл оңайға соғып жатқан жоқ. Әсіресе, үйдегі кішкентай ұл-қыздарымызға қиын соғуда. Алайда бұл біздің болашағымыз бен жақындарымыздың қауіпсіздігі үшін жасалып отырған жағдай. Осындай ...

Толығырақ »

ТАҒЫ ДА БАЙҚАУ ЖАРИЯЛАНДЫ

Дәл қазіргі сәт — баршамыздың бірлігіміз сыналатын кезең. Әлем бойынша ауыр індетпен ел болып бірге күресіп келеміз. Елімізде жарияланған төтенше жағдай режиміне байланысты барлығымыз үйден шықпауға тиіспіз. Көрінбейтін вирусты көрінбей ғана жеңе алатынымызды түсіндік. Барлығымыз ауылда туып, шаңына аунап өстік. Бүгінде #Үйдебол челленджі аясында туған жерге деген патриоттық сезімді ояту мен өңіріміздің табиғатын насихаттау мақсатында Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы тарапынан #Ауылым_алтын_тұғырым ...

Толығырақ »

БАЙҚАУ ЖАРИЯЛАНДЫ

Елімізде жарияланған төтенше жағдайға байланысты қазір біздің қалыпты өмір сүру қағидаларымызға бірнеше шектеулер қойылды. Соның ең үлкені әрі қоғам үшін, өзіміз үшін аса маңыздысы – үйде болу. Әрине, тіршілігін қоршаған ортамен байланыстырған біз үшін бұл оңайға соғып жатқан жоқ. Әсіресе, үйдегі кішкентай ұл-қыздарымызға қиын соғуда. Алайда бұл біздің болашағымыз бен жақындарымыздың қауіпсіздігі үшін жасалып отырған жағдай. Осындай кезеңде үй ішінде, ...

Толығырақ »

ОБЛЫС ӘКІМІ ҚҰТТЫҚТАДЫ

Күні кеше Қазақ КСР-нің Халық ақыны, Жамбыл атындағы Халықаралық сыйлығының тұңғыш лауреаты, «Парасат» орденінің иегері, Отырар ауданының Құрметті азаматы Әселхан Қалыбекова 70 жасқа толды. Осы орайда, Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің құттықтауын Қоғамдық даму басқармасының басшысы Дамир Жүнісов жеткізіп, ақын шаңырағына арнайы барып қайтты. Елімізде жарияланған төтенше жағдайға байланысты ақын 70 жылдық мерейтойын тек өз отбасы мен жақындарының жанында өткізді. «Қазақ ...

Толығырақ »

7 ОШАҚТАН КАРАНТИН АЛЫНДЫ

Бұл туралы Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады. Сала мамандарының айтуынша, қала аумағында 1174 азамат мониторингтік бақылауға алынған. Оның ішінде: стационарда – 826, үй карантинінде – 348. Індетке байланысты мегаполисте 71 ошақ тіркеліп, бүгінде оның 7-інен карантин алынған. Оқшауланған нүктелерге 300-ге жуық полиция қызметкері мен 559 Ұлттық ұлан сарбазы жұмылдырылған. Айта кетейік, тұрғындардың өмірі мен қауіпсіздігін, денсаулығын сақтау үшін 4 ...

Толығырақ »