Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » 2021 » Февраль (страница 11)

Месячные архивы: Февраль 2021

МАҚТААРАЛ: ЗАҢДАҒЫ ТОЛЫҚТЫРУЛАР ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

Бүгінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы қол қойған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына енгізілген толықтырулармен кең көлемде ел азаматтарын ақпараттандыру Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің жанынан құрылған облыстық ақпараттық-ағартушылық Штабының тарапынан қарқынды жүргізілуде. Атап айтсақ, бүгін Заңнамаға енгізілген өзгерістермен мемлекеттік қызметшілерді таныстыру ...

Толығырақ »

МАҚТААРАЛДА РЕЙДТІК ІС-ШАРА ӨТТІ

Түркістан облысы әкімдігінің «Заңсыз жолаушылар тасымалымен айналысатын автокөліктердің жұмысына тосқауыл қою» тапсырмасына сәйкес, Мақтаарал ауданы бойынша құрылған тұрақты мобильдік топ құрамы заңсыз жолаушылар тасымалымен айналысатын қоғамдық көліктерге рейдтік іс-шара ұйымдастырды, деп жазады аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.KZ ақпараттық агенттігі. Ауданның тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы Жәнібек Досболовтың ұйымдастыруымен Мақтаарал аудандық полиция бөлімінің ...

Толығырақ »

ҮЛКЕН ҚАРҚЫНМЕН ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің облыстың оңтүстік аудандарын дамыту мақсатында қолға алынған оң жобаларының нәтижесінде Мақтаарал ауданында жол жөндеу жұмыстары үлкен қарқынмен жүргізілуде. Жалпы Мақтаарал ауданында 86,5 шақырымды құрайтын республикалық, 200 шақырымнан асатын облыстық, 44 шақырымнан аса аудандық маңызы бар жолдар бар. Елді мекендердің ішкі көшелері 570 шақырымға жетеді. Өткен жылы ауданда 3,6 шақырымды құрайтын аудандық маңызы бар 3 автокөлік ...

Толығырақ »

МАҚТААРАЛДА ЕКПЕ ЕГУ БАСТАЛДЫ

Мақтаарал ауданында коронавирус инфекциясына қарсы екпе егу жұмыстары басталды. Бүгін «Мырзакент» және «Атакент» аудандық ауруханаларының инфекциялық дәрігерлеріне екпе салынды. Инфекциялық дәрігерлер — ел тұрғындарының ең осал топтарына жатады. Өйткені, олар инфекцияны тез жұқтырып, таратуға бейім келеді. Сондықтан, ең алдымен дәл осы бағыттағы дәрігерлер вакцинамен қамтылуда. Одан әрі иммундауға жататын халықтың қалған топтары қамтылатын болады. Бірінші кезеңде жұқпалы аурулар ауруханасының, жедел ...

Толығырақ »

САПАЛЫ АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛДЫ

Түркістан облысы, Мақтаарал ауданында 69 елді мекеннің 67-і орталықтандырылған ауыз су құбырымен қамтамасыз етілген. Өткен жылы Наурыз, Алаш, Өргебас, Атакент, Береке, Фердауси елдімекендерінің ауыз су жүйелерінің құрылысына бюджеттен 726 миллион теңге қаржы қаралып, құрылыс жұмыстары жүргізілді. Төрт нысанның құрылыс жұмыстары аяқталып, ауыз су жүйелері пайдалануға берілді. Ал, қалған екі нысан биыл іске қосылмақ. Жыл қорытындысымен 6 мыңдай тұрғыны бар 4 ...

Толығырақ »

ДИҚАНДАР ҚЫЗЫЛША ТҰҚЫМЫН ЕГУДЕ

Мақтаарал ауданы А.Қалыбеков ауылдық округінің еңбекқор диқандары үй іргелік жерлерге қызылша тұқымын егіп бастапты. Бұл туралы округ әкімі Молдабек Битемров аудан әкімінің баспасөз қызметіне хабарлады. Қызылшаның павло, боро, водан F1 атты тұқымдарды шетелден келтірілген. Қазіргі таңда диқандар 10 гектарға тұқым егіп үлгерген. 2 жарым айдан кейін өнім бере бастайтын көкөністің бұл түрінен гектарына 25-30 тонна өнім алуға болады екен. Былтыр ...

Толығырақ »

МАҚТААРАЛДА ӨНІМІ КӨЛЕМІ АРТУДА

Түркістан облысы Мақтаарал ауданында 2020 жылы ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 47,8 миллиард теңгеге жетті. Оның ішінде өсімдік шаруашылығы 35,9 миллиард, мал шаруашылығы 11,9 миллиард, ауыл шаруашылығы қызметі 162,1 миллион теңгені құрады. Ауданның негізгі күн көрісі — егін шаруашылығы. Өткен жылы диқандарымыз 60,9 мың гектар жерге егістік ексе, оның 38,2 мың гектары мақта дақылына тиесілі. Аудан бойынша 96,1 мың тонна ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАНДА ШЫҒЫС ҮЛГІСІНДЕГІ ТҰРҒЫН ҮЙЛЕР САЛЫНУДА

Түркістан қаласында «Keruen Sarai» тұрғын үй кешенінің құрылысы басталды. Тұрғын үй кешені шығыс үлгісінде салынады, деп жазады Түркістан қаласы әкімінің баспасөз өызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.KZ. Қазіргі уақытта «Түркістан» ӘКК» АҚ бастамашы болған серіктеспен бірлесіп, «Keruen Sarai» жаңа тұрғын үй кешенін салу жобасын іске асыруда. Шығыс үлгісіндегі тұрғын үй кешені Түркістан қаласының мәдени-рухани орталығында, Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің жанынан салынатын болады. ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАНДА КӨРМЕ АШЫЛДЫ

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» көрмесі ашылды. ⠀ Қорық-музей директоры Нұрболат Ахметжанов еліміздің басты құндылығы болып табылатын Тәуелсіздіктің 30 жылында жеткен жетістіктері мен тарихына тоқталып, көрменің мақсаты жөнінде әңгімеледі. ⠀ -“Ата-бабамыз ақ жол салған Азаттық байрағын қолда берік ұстау бүгінгі ұрпақтың басты парызы. Әрбір ұрпақты – Отанын жүрегімен сүйіп, елді ...

Толығырақ »

МАСУДОВ — МАҚТААРАЛДЫҢ БАС БАПКЕРІ

Бүгіннен бастап «Мақтаарал» футбол клубын ресми түрде тәжірибелі футбол маманы — Масудов Вахид Юнусович жаттықтырады, деп жазады аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.KZ ақпараттық агенттігі. Вахид Юнусович — осыған дейін бірнеше клубтарда бапкерлік қызметін атқарып жетістікке жеткен. 1993 жылы Алматының «Достық» клубынан өзінің бапкерлік жолын бастаған. Бірнеше сатыдан өткен бапкер, 2016-17 жыл аралығында «Ақжайық» ФК бас бапкері болса, 2018 ...

Толығырақ »

ӨНІМДЕРДІ АРТТЫРУДЫ ЖОСПАРЛАУДА

Түркістан облысы Төлеби ауданында ауылшаруашылығы өнімінің көлемін биыл 47 млрд 272,9 млн теңгеге жеткізу көзделіп отыр. Бұл бағытта ауданда бірнеше ірі жобалар жүзеге аспақ. Мәселен, Кемеқалған ауылдық округінде «Қазығұрт бақтары» АШӨК сексен гектар жерге шие отырғызу және 500 тонна алма өнімдерін сақтайтын қоймаға жалпы 1 млрд 100 млн теңге инвестиция тарту жоспарлауда. Бұдан бөлек, Көксәйек ауылдық округіндегі «АДС Агро» ЖШС ...

Толығырақ »

АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖОБАЛАРЫ ҚАРЖЫЛАНДЫРЫЛУДА

«Ырыс» микроқаржы ұйымы арқылы 2020 жыл қорытындысы бойынша 1 290 жоба жүзеге асырылған. Оған 4,6 млрд. теңге көлеміндегі қаражат бағытталған. Қаржыландырылған жобалар 1400-ге жуық жаңа жұмыс орнының ашылуына септігін тигізді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте микроқаржы ұйымының басқарма төрағасы Мұхит Мыңбаев мәлімдеді. Аталған микроқаржы ұйымы 2009 жылдан бері Түркістан облысының кәсіпкерлеріне жылына 5 пайыздан бастап жеңілдетілген несие беру ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАННЫҢ ӨЗ ФУТБОЛ КОМАНДАСЫ ҚҰРЫЛДЫ

Түркістан облысының жаңа «Тұран» командасы құрылды. Облыс əкімі Өмірзақ Шөкеевтің бастамасымен жасақталған бұл команда отандық футболдың дамуына үлесін қосатын болады. Футболдан Қазақстан чемпионатының Премьер-лига ойындарына жолдама алған команда жаңа маусымға жан-жақты дайындалуда. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді. «ҚР Футбол федерациясының Атқарушы комитеті кезекті отырыста Премьер-Лигада ойнайтын командалар құрамын 14-ке дейін көбейту туралы ...

Толығырақ »

МАҚТААРАЛДА ДИҚАНШЫЛЫҚ ҚЫЗУДА

Түркістан облысы Мақтаарал ауданының еңбекқор шаруалары қыстың қақ ортасында диқаншылықты бастап жіберді. Ерте өнім беретін қырыққабат дақылын егу науқанына қазірдің өзінде 10-нан астам бригадалар қатысып, қызу жұмыстар жүргізілуде. Қыс айларының жауын-шашынына қарамастан егістік алқапта жұмыс жасап жатқан диқандардың жай-күйінен хабар алу үшін аудан әкімінің орынбасары Сәкен Сұлтанханов пен аудандық ауыл шаруашылыы бөлімінің басшысы Ғалым Дүйсенбеков «Сабыр» шаруа қожалығына барды. Шағыр ...

Толығырақ »

ТҮЛКІБАСТА ЖАҢА ЕМХАНА БОЙ КӨТЕРЕДІ

Түлкібас ауданы Састөбе кентінде биыл жаңа емхана құрылысы бастау алмақ. Күніне жетпіс адамға дейін қабылдауға қауқарлы емхана құрылысына облыстық бюджет есебінен 404 млн теңге қаржы қарастырылған, деп жазады облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.KZ ақпараттық агенттігі. Сондай-ақ, орталық аурухананың перзентхана, неврология және гинекология бөлімдерінің ғимараттары күрделі жөндеуден өтіп, жаңа асхана құрылысы іске аспақ. Өткен жылдан өтпелі болып күрделі жөндеуден ...

Толығырақ »

ӘСКЕРИ ЕСЕПКЕ ТІРКЕУ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Биыл Түркістан облысының жергілікті әскери басқару органдарында 17 жасқа толатын 16 мыңға жуық бозбаланы алғашқы әскери есепке қою жоспарланып отыр. Бұл туралы Түркістан облысы қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары Жандос Кулдербаев Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты. «Әскери есепке қою кешенді және өте маңызды рәсім. Әскери есепке алғаш тұрған жасөспірімдерге жергілікті әскери басқару органдарының жеке құрамы Қорғаныс министрлігінің жоғары ...

Толығырақ »

РЕЙДТІК ШАРА ӨТТІ

Бүгін Түркістан облысы, Кентау қаласына қарасты Ынтымақ елді мекені маңында заңсыз жолаушылар тасымалына қарсы рейдтік іс-шара ұйымдастырылды, деп жазады облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.KZ ақпараттық агенттігі. Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы ұйымдастырған жұмысшы топ құрамында Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті, Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті, облыстық полиция департаменті ...

Толығырақ »

ҚҰРЫЛЫСТЫ ШИРАТУДЫ ТАПСЫРДЫ

Түркістан қаласында биыл бірнеше жаңа саябақ пайдалануға беріледі. Олардың қатарында Б.Саттарханов даңғылындағы «Желілік саябақ» пен «Орталық саябақ» бар. Сонымен қатар қаладағы Яссауи көшесінің бойы да толық көгалдандырып, желілік саябаққа айналмақ. «Әзірет Сұлтан қорық мұражайының аумағын абаттандыру да аяқталуға жақын. Шаһардағы құрылыс алаңдарын аралаған облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев жауапты сала басшыларына бірқатар тапсырмалар берді. Құрылысты ширатуды тапсырды. Түркістан қаласында 30-ға жуық ...

Толығырақ »

МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗІЛДІ

«Шымкент-адалдық алаңы» жобасы аясында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Университетінің жатақханаларына мониторинг жұмыстары жүргізілді. Мониторинг жасаушылар тобына «Шымкент-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің, арнайы мониторингтік топтың мүшелері мен қоғам белсенділері тартылды. Шараның мақсаты – студенттерге жатақхана бөлудегі ашықтықпен, жатақханаларының жағдайымен танысу, жастардың қандай жағдайда тұрып жатқандығына көз жеткізу. М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Университетінің №5 жатақханасы да 588 студентке арналған. Қазіргі таңда мұнда ...

Толығырақ »

КЕЛЕСТІК ОҚУШЫЛАР БАҚ СЫНАУДА

Келес ауданында «Түркістан: Көне мен келешек көпірі» атты өнер фестивалі өтті. Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен өтіп жатқан шара талантты жастардың өнерін шыңдап, үлкен сахнаға жол ашпақ. Фестиваль көрерменсіз өтуде. Санитарлық-эпидемиологиялық мекемелер рұқсатымен барлық талаптарды қатаң сақталған. Өнер бәйгесінің іріктеу кезеңінде келестік жас дарындар өнерлерін ортаға салды. Өнерлі өрендерді анықтаған сайыста саз мектебінің «Кәусар бұлақ» тобы халық күйі «Секіртпе» күйін орындап, ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН: ҮЗДІКТЕР АНЫҚТАЛДЫ

Түркістан облысында жекпе-жек спорт түрлері бойынша командалық жарыстың топтық кезеңдегі жеңімпаздары белгілі болды. Əр аймаққа бөлінген спортшылар бокс, еркін күрес жəне дзюдо, қазақ күресінен бақ сынады. Еркін күрес шеберлері аймақ бойынша төрт топқа бөлініп, мықтыларды анықтады. Атап айтсақ, «А» группасынан Арыс қаласының балуандары жеке дара топ бастады. Боз кілемде өз мықтылықтарын көрсетіп, қарсылас шыдатпаған «В» тобынан Сайрам ауданының балуандары жеңімпаз ...

Толығырақ »