Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » 2021 » Май

Месячные архивы: Май 2021

ШЫМКЕНТ: АБАЙ АУДАНЫНДАҒЫ 25 МЫҢҒА ЖУЫҚ ТҰРҒЫН БИЫЛ АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛАДЫ

Шымкент қаласы, Абай ауданында жалпы 34 елді мекен болса, оның бүгінгі күнге 24-і ауыз сумен қамтылған. Яғни, тұрғындардың 71% сапалы ауыз сумен қамтылып отыр. Бұл туралы аудан әкімі Б.Парманов қала әкімдігінің «Instagram» және Facebook парақшасында өткен тікелей эфирде мәлімдеді. Оның айтуынша, ұңғыма және тасымалды ауыз су пайдаланып отырған 10 елді мекеннің 8-де биыл ауыз су құрылысы жүргізіліп, нәтижесінде 25 мыңға ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТТЕ 368 ОТБАСЫ ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН БАСПАНАМЕН ҚАМТЫЛАДЫ

Шымкент қаласында жыл соңына дейін 368 отбасы баспанамен қамтылады. Бұл туралы Шымкент қаласының тұрғын үй басқармасының басшысы Азамат Рысжанов қала әкімдігінің «Instagram» және Facebook парақшасында өткен тікелей эфирде мәлімдеді. Басқарма басшысы алдымен тұрғын үй кезегі және оның жылжуы жайында баяндады. Содан соң тұрғын үй мәселесіне қатысты азаматтар тарапынан қойылған бірқатар сұрақтарға жауап берді. Бір сағатқа созылған тікелей эфир кезінде А.Рысжанов ...

Толығырақ »

Бір үй – бір бірлестік – бір есепшот

Бір үй – бір бірлестік – бір есепшот. Бұл – көппәтерлі үйді басқарудың жаңа принципі. Енді пәтер иелері кооперативі деген түсінік жойылып, мүлік иелерінің бірлестіктері құрылады. Оның негізінде тұрғындар өздері барлық жөндеу жұмыстарына жауапты болып, жұмсалатын шығыстарды қадағалай алады. 2020 жылдың басында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласын реттейтін заңға түзетулер енгізілген болатын. Бұл өзгертулердің басты мақсаты – тұрғын үйлерді күтіп-ұстау. 2022 ...

Толығырақ »

«АЗАТ» ТҰРҒЫН АЛАБЫНЫҢ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІМІН ТАБУДА

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов «Азат» тұрғын алабына арнайы барып, ондағы тұрғындармен кездесті. Аудан тұрғындарын ауыз су, газбен қамту, жол және жер мен үйді заңдастыру мәселелері толғандырып отыр. «Арыз-шағымдарыңызды ескере отырып, ең алдымен, газ, жарық және ауыз су мәселесін шешуді қолға алдық. Өздеріңіз көріп отырғандай жұмыстар жүргізілуде. Ал инженерлік коммуникациялардың құрылысы аяқталған соң жол салу жұмыстары да басталатын болады»,-деді ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТТЕ 1299 АЗАМАТ БАСПАНАМЕН ҚАМТЫЛДЫ

Шымкент қаласында жыл басынан бері 1299 азамат несиелік бағыттағы баспанамен қамтылды. Оның ішінде «Отбасы банк» тарапынан 2020 жылы пайдалануға берілген кредиттік тұрғын үйлерге «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында «5-20-25» бағыты бойынша 450 азамат несие рәсімдеп, пәтерлеріне қоныстанды; «7-20-25» бағыты бойынша екінші деңгейлі банктер тарапынан 849 азамат несие негізінде жаңа баспана кілтіне қол жеткізді. Осы ипотекалық бағытта баспаналы болған жалпы саны 1299 ...

Толығырақ »

ANTIKOR.LIVE: ЖАҢА ТӘСІЛДЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша Департаментінің басшысы А.Жұмағали мен оның бірінші орынбасары Т.Серікбаев қалалық санитариялық — эпидемиологиялық бақылау департаментінің ұжымымен кездесті. Жиында қатысушылардың назарына бірінші басшылардың қол астындағы қызметкерлері үшін жеке жауапкершілігі, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Кодексіне енгізілген өзгерістер және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған адамдарды көтермелеу қағидаларына енгізілген толықтырулар жеткізіліп, түзетулер таныстырылды. Іс-шарада ...

Толығырақ »

КЕЗЕКТІ ЖИЫН ӨТТІ

Шымкент қаласы аумағында жүргізілетін санақ жұмыстары барысында туындауы ықтимал сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын — алу мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша Департаментінің бас маманы Ж.Әлжанова және «Шымкент — адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Ж.Қамбар, ақпараттық-ағартушылық штабының мүшелері Ұлттық статистика бюросының қалалық департаментінің қызметкерлерімен мақсатты жиын өткізді. Іс-шарада жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту жөнінде кезең-кезеңмен қабылданған маңызды заңнамалық шаралардан, ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТТЕ 147 АЗАМАТҚА ЖАЛДАМАЛЫ БАСПАНАНЫҢ ПӘТЕР КІЛТІ ТАБЫС ЕТІЛДІ

Шымкент қаласында мамыр айында өткізілген комиссия отырысының хаттамасына сәйкес, тұрғын үй кезегі келген 147 азаматты жалдамалы баспанамен қамтылу туралы шешім шыққан болатын. Бүгінде 147 азаматқа қатысты ішкі құжаттандыру жұмыстары аяқталып, тұрғындарға пәтер кілті табысталды. Оның ішінде, 42 пәтер — көпбалалы отбасыларға, 97 пәтер — халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топ мүшелеріне, 8 пәтер — жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар санатындағы ...

Толығырақ »

ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ҚОСАЛҚЫ СТАНЦИЯЛАРДАҒЫ ҚҰРЫЛЫС БАРЫСЫН ПЫСЫҚТАДЫ

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары М.Айманбетов пен энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Б.Булатбеков құрылысы қарқын алған бірқатар электр тарату қосалқы станцияларындағы жұмыс барысын бақылады. Қала әкімінің орынбасары мен басқарма басшысы қазіргі уақытта құрылысы жүріп жатқан 220 кВ «Бозарық» қосалқы стансасының таратушы көзі «Қазфосфат» ЖШС-на қарасты «ГПП-2» ҚС-да атқарылып жатқан жұмыс барысымен танысты. Бүгінде аталған электр тарату стансасында қайта құру жұмыстарының ...

Толығырақ »

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ АЛҒАШҚЫ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

«Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанында Жұмыспен қамтуды және халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау жөніндегі аймақтық қоғамдық кеңес құрылды. Бүгін кеңестің алғашқы отырысы өтті. «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Жанар Бектаева аймақтық қоғамдық кеңестің мүшелерін таныстырып, кеңестің мақсаты мен міндеті туралы айтты. Кеңестің негізгі мақсаты алдағы 5 жылда «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа ...

Толығырақ »

МАМЫР АЙЫНДА 146 ОТБАСЫ ЖАЛДАМАЛЫ БАСПАНАҒА ИЕ БОЛАДЫ

Шымкент қаласы бойынша ағымдағы жылдың сәуір айында тұрғын үйге мұқтаж азаматтар кезегінде тұрған 161 азаматқа сатып алу құқығынсыз жалдамалы пәтер қолданысқа берілсе, мамыр айында өткізілген комиссия отырысының хаттамасына сәйкес 146 азамат пәтермен қамтылу туралы шешім шықты. Бұл бойынша қазіргі таңда ішкі құжаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Бұдан бөлек, алдағы уақытта 369 азаматтың пәтермен қамтылуы жоспарлануда. Оның ішінде көпбалалы отбасылар, халықтың әлеуметтік жағынан ...

Толығырақ »

САПАЛЫ ИНТЕРНЕТ: ШЫМКЕНТТЕ ТАҒЫ 14 БАЗАЛЫҚ СТАНЦИЯ ОРНАТЫЛУДА

Шымкент қаласында тұрғындарды сапалы интернетпен қамтамасыз ету бағытында жүйелі жұмыстар жалғасуда. Мұрат Әйтеновтің тапсырмасына орай, интернетке қолжетімділікті қамтамасыз етудің бірінші кезеңі аяқталып, қаланың 11 жеріне байланыс антенналары орнатылған. Бұл туралы қалалық цифрландыру басқармасы хабарлады. Мамандардың айтуынша, қала аумағын сапалы интернетпен қамтамасыз етудің екінші кезеңіне сәйкес 14 жер телімі анықталған. Белгіленген 8 жерге әкімдік, «Shymkent» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы және жеке инвестормен ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ИППОДРОМНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ

Шымкент қаласында жаңа атшабар кешенінің құрылысы басталды. Бүгін Шымкент қалалық мәслихатының депутаттары мен Қоғамдық кеңес мүшелерінен құралған ынталы топ және БАҚ өкілдері жаңа ипподромның орны мен жобасымен танысып қайтты. Қаланың бас жоспарына сай, заманауи атшабар кешені Бозарық тұрғын алабында бой көтеретін болады. Оның алаңы 39 гектарды құрайды. Жаңа нысанда – жабыны бар жасанды жүгіру жолы, жаттығу алаңы, ат спорты бойынша ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТТЕ «АҚЫЛДЫ АЯЛДАМА» ПАЙДА БОЛДЫ

Шымкент қаласында «Ақылды қала» жобасының негізінде «Теріскей» аялдамасында ерекше аялдама орнатылды. Пилоттық режимде жүзеге асырылып отырған «Ақылды аялдама» жобасы жеке инвестор қаражаты есебінен салынып отыр. «Ақылды аялдама» толығымен жабық, оның ішінде интернет, салқындатқыш, бейнекамера, екі дана LED экран, wi-fi және басқару панелі орналасады. Ал сыртқы бетінде антивандалды жарнамаға арналған экран қойылады. Аялдаманың басты қаңқасы, салқындатқыш, бейнекамера және сыртқы бетінде антивандалды ...

Толығырақ »

ТҰРАН ШАҒЫН АУДАНЫН САПАЛЫ ЭЛЕКТР ҚУАТЫМЕН ҚАМТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Шымкент қаласындағы Тұран шағын аудан тұрғындарын электр қуатымен қамтамасыз ету мақсатында екі кезеңнен тұратын жұмыстар жүргізілуде.Бұл туралы қалалық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы хабарлады. Бірінші кезең бойынша 10 кВ магистралдық электр желілерін тарту жұмыстары жүргізіледі. Бүгінде электр тарату бекеттерінің құрылысына бюджеттен 1,3 млрд. теңге қаржы қаралып отыр. Жалпы жоба құны 2,3 млрд. теңгені құрайды. Ал, 2-кезең 0,4 кВ ішкі электр ...

Толығырақ »

АСАР-2 ШАҒЫНАУДАНЫ ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН ИНФРАҚҰРЫЛЫММЕН ҚАМТЫЛАДЫ

Шымкент қаласының энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Б. Булатбеков Асар-2 шағынауданында инфрақұрылым жүйелерімен қамтамасыз ету бағытында атқарылып жатқан құрылыс жұмыстарын бақылады. Асар-2 шағынауданында ауыз су жүйелерінің құрылысы 2020 жылдың мамыр айында басталған болатын. Қазіргі уақытта жұмыстың 60 пайызы аяқталған. Ұзындығы 156,1 шақырымды құрайтын ауыз су құбырының құрылысы 2021 жылдың қазан айында аяқталып, пайдалануға беріледі. Нәтижесінде Асар-2 шағын ауданындағы 2 ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТ ӘКІМІ «НҰРЛЫ ЖЕР» БАҒДАРЛАМАСЫМЕН САЛЫНЫП ЖАТҚАН ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРДІҢ САПАСЫН БАҚЫЛАДЫ

Шымкент қаласының әкімі мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы мен құрылыстың сапасын бақылау мақсатында Тұран шағын ауданындағы көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысымен танысты, деп жазады қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «didarbek.kz» ақпараттық агенттігі. «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде Тұран шағын ауданында 88 үйдің құрылысы жоспарланған. Жалпы пәтер саны 5576, ол 345 мың шаршы метр. Оның ішінде, 2020 жылы 27 үй пайдалануға берілген. Ал, ...

Толығырақ »

ҚОНАЕВ ДАҢҒЫЛЫ ЖАЛҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ КЕЗЕҢІ МАУСЫМ АЙЫНДА АЯҚТАЛАДЫ

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Қонаев даңғылы жалғасының І және ІІІ кезең жұмыстарының құрылысымен танысты. Құрылыстың қарқынды жүруі үшін қала басшысы әр екі аптада бір рет жұмыс барысын осылай пысықтап отырады. Жол жөндеу жұмыстарының барысында бірінші кезекте сапасы сала мамандарының жіті қадағалауында болу қажет екенін айтқан қала басшысы техникалық қадағалаушылар тарапынан орындалған әрбір жұмысқа зертханалық сынақтамалар жүргізіліп, сапасы тексерілуін ...

Толығырақ »

ҰЖЫМДЫҚ ИММУНИТЕТ ҚАЛЫПТАСТЫРУ АСА МАҢЫЗДЫ

Шымкентте КВИ-дің таралу деңгейі төмендемей отыр. 13 мамырда қалада 125 жағдай тіркелді (белгілері бар — 81, белгілері жоқ — 44). 41 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 84 адам үй бақылауына алынды. Қазіргі таңға мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 1 406 орын бар (қалалық инфекциялық орталық — 490, «Атамекен» клиникасы — 450, Орынбай ГБОО — 70 орын, №14 емдеу орталығы – 250, қалалық ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ БЕЛСЕНДІЛІК БОЙЫНША БЕСТІККЕ КІРДІ

2021 жылдың қаңтар-сәуір айларының қорытындысы бойынша қала экономикасына 59,7 млрд. теңге инвестиция тартылып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 25,2 пайызға артты. Өсім бойынша қаламыз республикада бірінші бестікке кіріп отыр. Ал, 2020 жылдың осы уақыт аралығында қала экономикасына 47,2 млрд. теңге инвестиция тартылған болатын.Инвестициялық өсімнің артуы және нәтижелі жұмыс үшін Шымкент қаласы әкімінің бастамасымен инвестициялық штаб құрылған. Сонымен қатар, 2021-2025 жылдар ...

Толығырақ »

ДЕР КЕЗІНДЕ ЖАСАЛҒАН ОТАНЫҢ АРҚАСЫНДА НАУҚАС ҚАТЕРЛІ ІСІКТЕН АЙЫҚТЫ

Шымкент қалалық онкологиялық орталықта соңғы бір жыл ішінде кеуде қуысының қатерлі және қатерсіз ісіктерімен ауырған науқастарға торакоскопиялық әдіспен операция жасау әдістері кеңінен қолданылылуда. Мұндай операцияның ашық әдіспен жасалатын отадан айтарлықтай артықшылығы бар. Тіліксіз жасалған операциялардан кейін науқастар ота жасалған күні өздігінен тұрып жүруге қабілетті, операциядан кейінгі кезеңде наркотикалық анальгетиктерге қажеттілік болмайды. Сондай-ақ, операциядан кейін ауруханада жату уақыты 3-4 тәулікті құрап, ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТ: ТАБЫСТЫ КӘСІПКЕРЛЕР ӨЗ ТӘЖІРИБЕЛЕРІМЕН БӨЛІСТІ

«Бастау Бизнес-2021» бағдарламасының алғашқы қатысушыларына арналған форум биыл алғаш рет онлайн форматында өтті. Бұл туралы «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі хабарлады. Аталған форумның ерекшелігі үшінші мегаполистің табысты кәсіпкерлері мен қонақтардың тікелей байланысуы арқылы жүргізілді. Форум аясында өз ісінің шеберіне айналған кәсіпкерлер тәжірибелерімен бөлісіп, пайдалы ақпараттар ұсынды. Алғаш болып сөз алған Муталхан Байырбековтің негізгі мамандығы – фельдшер. Ол 2019 ...

Толығырақ »

ҮЙДЕ КӨРСЕТІЛЕТІН ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР

«Халыққа әлеуметтік қызмет көрсететін қалалық аумақтық орталығы» КММ, психоневрологиялық ауытқуы бар мүгедек балаларға, тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедек балаларға, психоневрологиялық аурулары бар 18 жастан асқан мүгедектерге, І-ІІ топтағы мүгедектерге және егде жасына байланысты өзіне қызмет көрсетуге мүмкіндігі жоқ адамдарға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету, тоқтату шарттарын айқындайды. 716 қала тұрғынына үйден арнаулы әлеуметтік көрсетіледі. Оның ішінде егде жасына байланысты өзіне қызмет көрсетуге ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТТЕ ЭКОПОЛИЦЕЙЛЕР 13 МЫҢНАН АСА ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫ АНЫҚТАДЫ

Шымкент қаласының тазалығын қамтамасыз ету, тұрғындарда тазалық мәдениетін қалыптастыру мақсатында қала әкімі Мұрат Әйтеновтің бастамасымен Полиция департаменті қызметкерлерінен экополицейлер құрылған болатын. Әр ауданға 4 маманнан тартылған. Жыл соңына дейін мамандар санын 10-ға шығару жоспарлануда. Олар «Мүлдем төзбеушілік қағидаты» бойынша әрбір құқық бұзушылыққа дер кезінде ден қою үшін «уатсап» желісі арқылы чаттар құрып, оған белсенді азаматтар, үй тұрғындары мен үй төрайымдарын, ...

Толығырақ »

ҚАСИЕТТІ АЙДА 70 МЫҢНАН АСТАМ АЗЫҚ-ТҮЛІК, АУЫЗАШАР СЕБЕТТЕРІ ТАРАТЫЛДЫ

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің бастамасымен және орталық мешітінің ұйымдастыруымен 13 сәуір күні «Рамазан қайырымдылық айы» іс-шарасы ұйымдастырылып, 1000 отбасыға азық-түлік себеті таратылған еді. Қасиетті айдағы қайырымдылық іс-шаралары осылай басталған болатын. Шымкент қаласында биылғы Рамазан айына орай көптеген қайырымдылық іс-шаралары ұйымдастырылды. ҚР бас мемлекеттік санитар дәрігердің және Шымкент қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес, дәстүрлі түрде өтетін ауызашар дастарханының ...

Толығырақ »