Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » 2021 » Май (страница 2)

Месячные архивы: Май 2021

ШЫМКЕНТ ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ЖЕТІ САЛАСЫНДА ӨСІМ БАЙҚАЛАДЫ

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев экономиканың 7 көрсеткіші бойынша оң өсім Шымкент қаласы және Маңғыстау облысында байқалып отырғанын атап өтті. Мәселен, 2021 жылдың қаңтар-сәуір айының қорытындысымен өнеркәсіп өнім көлемі 243,3 млрд. теңгені құраса, оның ішінде өңдеу өнеркәсібінің көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 114,4 пайызға жеткен. Бұл көрсеткішпен қаламыз еліміз бойынша ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТТЕ 367 КӘСІПКЕРЛІК НЫСАНДА «ASHYQ» ҚОСЫМШАСЫ ЕНГІЗІЛДІ

Пандемия кезінде жұмысын шектеуге мәжбүр орындардың толық жабылуының алдын алатын, әрі шектеуді ішінара алып тастауға балама ретінде 17 қаңтардан бастап елімізде «Ashyq» пилоттық жобасы іске қосылды. Ашық қосымшасының басты пайдасы – қауіпсіздік. Қазір кез келген ауру белгілері бар не белгілері жоқ формада COVID-19 індетімен ауырғандар үй карантинін сақтауға міндеттелген. Алайда өзін-өзі оқшалау режимін сақтамай, ауырған, науқас адаммен байланыста болған адамдар ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТТЕГІ «iKOMEK 109» ОРТАЛЫҒЫНА 10 АЙДА 120 МЫҢНАН АСА АРЫЗ-ШАҒЫМ ТҮСКЕН

Өткен жылдың маусым айында ашылған қалалық ситуациялық 109 орталығы қала тұрғындарының мәселесін атқарушы органға жеткізіп, шешімін табуда өзінің тиімділігін көрсетіп отыр. Бүгінге дейін орталыққа барлығы 120 мыңнан астам арыз-шағым түскен. Оның ішіндегі жүз он тоғыз мыңға жуық арыз-шағым орындалып, қала тұрғындарының сұрақтары мен мәселелерін қанағаттандырды. Қалған 1875 арыз-шағым қаралуда, яғни жауапты мекемелер мен аудандық әкімдіктердің жіті бақылауында. Орындалған арыз-шағымдардың басым ...

Толығырақ »

«МЕЙІРБИКЕ ІСІНІҢ ҮЗДІГІ» КӘСІПТІК САЙЫСЫ ӨТТІ

«SENIM» денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағының Шымкент филиалының қолдауымен Шымкент жоғары медицина колледжінде 12 мамыр – Халықаралық мейірбикелер күніне орай «Мейірбике ісінің үздігі» қалалық кәсіптік сайысы өткізілді. Сайыс барысында «Ең үздік фельдшер», «Ең үздік стационар деңгейіндегі мейіргер», «Ең үздік акушер», «Ең үздік лаборант», «Ең үздік патронажды мейіргер» номинациялары бойынша II кезең – «Мамандығым — мақтанышым» өзін-өзі таныстыру» және ...

Толығырақ »

ҮЙЛЕСТІРУ КЕҢЕСІ ӨТТІ

«Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бауыржан Әлтеевтің төрағалығымен үйлестіру кеңесі өтті. Үйлестіру кеңесіне салалық кәсіподақ төрағалары мен кәсіподақ активі, Татуластыру орталығының басшысы қатысты. Күн тәртібінде 2021 жылдың 1-тоқсанында атқарылған жұмыстардың қорытындысы және алдағы кезде атқарылатын міндеттер толыққанды талқыланды. Сондай-ақ, Заң клиникасының жұмысын жолға қою бойынша кеңінен ақпарат берілді. Бауыржан Ілімшеұлы алдымен, өткізілген кездесулер, іс-шараларды баяндады. Жалпы 2021 ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖАСАУДА КӨШ БАСТАП ТҰР

Үшінші мегаполисте Шымкент қаласы әкімдігінің бастамасымен қолға алынған «Рамазан – қайырымдылық айы» акциясы аясында бүгін қаладағы «Ақмешіт» орталық мешітінде 500 отбасыға азық-түлік қорабы таратылды. Азық-түлік себетіндегі күнделікті ас-ауқатқа қажетті макарон, май, шай, тәттілер шымкенттік отбасыларға үлестірілді. Бұл игі бастама Шымкенттің қайырымды қала екенін тағы бір мәрте дәлелдей түсті. Аталған акция аясында 32 мыңнан аса мұқтаж отбасыға азық-түлік қораптары мен 42 ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТ: ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР БАЙҚАУЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ШЫҚТЫ

Шымкентте инновациялық жобалар жобалар байқауының қорытындысы шықты. Бұл туралы Ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифингте Шымкент қалалық Кәсіпкерлік индустриалды-инновациялық даму басқармасының бизнесті мемлекеттік қолдау бөлімінің басшысы Үсен Исаев мәлім етті. – Шымкентте «Бизнестің жол картасы – 2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2 млн теңгеден 5 млн теңгеге дейінгі гранттар беру бойынша жобалар байқауы өтті. Аталған конкурсқа құжаттар 5–19 сәуір аралығында «Заңғар» бизнес орталығында ...

Толығырақ »

ҰЛТТЫҚ ХАЛЫҚ САНАҒЫНА ДАЙЫНДЫҚ ПЫСЫҚТАЛДЫ

2021 жылғы 1 қыркүйек пен 30 қазан аралығына жоспарланған ҚР халқының ұлттық санағына дайындық және өткізуге Шымкент қаласының ұйымдастыру мен нұсқаушылық мәселелерін шешу жөніндегі арнайы комиссиясының отырысы өтті. Басқосуда аудан әкімдерінің, басқарма басшыларының ұлттық халық санағына дайындық жұмыстары пысықталды. Жиында ұлттық халық санағының маңыздылығына тоқталып, бұл жолғы санақтың бұрынғыдан басты ерекшелігі – электронды форматта өткізілетіндігінде. Ұлттық санақты жоғары деңгейде өткізу ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТТЕ ИНВАТАКСИ ТЕГІН

Бүгінде Шымкент қаласында жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы тарапынан қаладағы мүмкіндігі шектеулі жандар үшін кедергісіз орта қалыптастыруда тиісті шаралар атқарылып жатыр. қалада мүгедектігі бар азаматтардың белсенді өмір сүру салтын қалыптастыру мақсатында инватакси ұйымдастырылған. Шымкент қаласында мүгедектерге арналған такси қызметі пайда болғанына биыл 10 жыл. Жоба «Қалалық мүгедектер қоғамы» бірлестігінің бастамасымен жүзеге асқан. Инватакси қызметін жыл басынан бері 500-ден астам ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТ ӘКІМІ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінде болып, №1 Студенттер үйімен және ондағы үйірме орталығының жұмысымен танысты. Орталықта 11 үйірме университет студенттері үшін жұмыс жасайды. Үйірме студенттері жасаған бұйымдар орталықтағы арнайы көрме залына қойылған. 2015 жылы ашылған 12 қабаттық №1 Студенттер үйі барлық жағдай жасалған. Әр бөлмеде екі студенттен тұрады, санитарлық тораппен, арнайы жиһазбен, тоңазытқышпен қамтамасыз етілген. ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТ ЕЛІМІЗДЕГІ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСІМІ АРТҚАН ЕКІ АЙМАҚТЫҢ БІРІ

Бүгінгі Үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев экономиканың 7 көрсеткіші бойынша екі өңір ғана өсім көрсеткенін айтты. Оның айтуынша, экономиканың 7 көрсеткіші бойынша оң өсім Шымкент қаласы және Маңғыстау облысында байқалып отыр. Ал, 6 көрсеткіш бойынша бес өңірде өсім тіркелген екен. Олар: Ақмола, Ақтөбе, Жамбыл, Қарағанды және Қостанай облыстары. Министр сауда және көлік бойынша жағдай жақсарып келе жатқанын, ...

Толығырақ »

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ АЗАМАТТАРДЫҢ ҚОЛӨНЕР БҰЙЫМДАРЫ КӨРМЕСІ ӨТТІ

Шымкент қалалық «Шапағат» арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының ұйымдастыруымен мүгедектігі бар азаматтардың қолөнер бұйымдарының көрмесі өтті. Іс-шарада 1 ай көлемінде жасаған жұмыстарын көрсетті. Орталықта белсенділік танытып жүрген он шақты қызмет алушының өз қолдарымен жасаған қолөнер бұйымдарына мекеменің еңбек нұсқаушылары – Динара Сағынтай, Айдана Жораева, Мақсат Сәрсембаев өз бағаларын берді. Бірінші топтағы мүгедек, 55 жасар Гүлжан Үсіпбекова тоқыма өнерінің еркін меңгергенін ...

Толығырақ »

ЕҢБЕК ЗАҢНАМАСЫНА ҚАНДАЙ ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗІЛДІ?

Шымкент қаласының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Бауыржан Қалжанов еңбек қатынастарының жағдайы және еңбек заңнамасына енгізілген өзгертулер туралы баяндады. Басқарма басшысының айтуынша, жыл басынан бері жеке және заңды тұлғалардан 369 өтініш түскен. Өтініштерді қарау барысында 59 тексеру жүргізіліп, 64 заң бұзушылық анықталған. Заң бұзушылықтардың негізінде 37 нұсқама берілді. – Еңбек қатынастары саласында тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында қала кәсіпорындарына талдау жүргізілді. ...

Толығырақ »

ТАУАР САПАСЫ – ТАБЫС КЕПІЛІ

Макарон өнімдерін шығаратын «БАРЫС 2007» ЖШС-і 2007 жылы құрылды. 2009 жылы кәсіпорынды іске қосу іс-шарасына Елбасы Н.Назарбаевтың өзі қатысқан болатын. Жобаның ұйымдастырушысы, ауылшаруашылығы саласында және астық өңдеу саласында, диірмен және макарон өндірісін құруда үлкен тәжірибесі бар кәсіпкер – Мұқан Наимбеков. Кәсіпорын Шымкент қаласы Тассай шағынауданында 3,25 га өндірістік алаң сатып алды. 2008 жылы компания төртінші (соңғы) буынды компьютерлендіру деңгейімен жабдықталған, ...

Толығырақ »

ЕЛ НАМЫСЫН ҚОРҒАМАҚ

Шымкент қаласының спортшылары – ағайынды Сергей және Тимофей Емельянов жазғы Олимпиада Ойындарына жолдама жеңіп алды. Олар байдаркада мен каноэде есуден ел намысын қорғамақ. Ағалы-інілі Емельяновтардың бұл спорт түрін таңдауы кездейсоқтық емес. Олардың алғашқы ұстаздары – әкесі мен анасы еді. Себебі әкесі КСРО-ның каноэден спорт шебері, анасы байдаркадан спорт шебері болған. Ал бүгінде оларды ағалары Михаил Емельянов жаттықтарып жатыр. 2004 жылы ...

Толығырақ »

БАҒДАРЛАМА АЯСЫНДА 600-ДЕН АСТАМ ЖАС ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛДЫ

Шымкент қаласында азаматтарды жұмыспен қамту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Бүгінде 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасының үшінші бағыты – жастар практикасы азаматтардың жұмыс табуына септігін тигізуде. Жастар практиикасы түлектердің меңгерген мамандығы бойынша бастапқы жұмыс тәжірибесін алу мақсатында ұйымдастырылған. Биыл қалалық жұмыспен қамту орталығы тарапынан 2500 жасты аталған бағдарлама аясында жұмыспен қамту жоспарланған. Жастар практикасы бойынша тәжірибе жинақтап жүрген түлектерге жалақы төленеді. ...

Толығырақ »

СКРИНИНГ ТЕКСЕРУ ЖҰМЫСТАРЫ ТЫҢ ӘДІСПЕН ЖҮРГІЗІЛЕДІ

Шымкент қаласындағы онкологиялық орталықта қатерлі ісік ауруын ерте сатысында анықтау мақсатында скрининг тексерулері сапалы әрі тың әдіспен жүргізілуде. Жатырдағы ісікті ерте анықтау үшін орталықтағы цито-гистологиялық зертханада жан-жақты тексеріліп, науқастан алынған сынамаға толық талдау жасалады. Цито-гистологиялық зертханадағы сынамаларды дайындау жұмыстары бірнеше кезеңнен тұрады. Ең алдымен скринингке келген әйелдер емханадағы тексеру кабинетінен өтіп, жатыр мойнынан жағынды алынады. Оны медицина мамандары арнайы контейнерге ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТТЕ 149 МЫҢНАН АСА ТҰРҒЫН ВАКЦИНАЛАНДЫ

Шымкент қаласында өткен тәулікте КВИ-дің 75 жағдайы тіркелді (белгілері бар — 50, белгілері жоқ — 25). 30 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 45 адам үй бақылауына алынды. Мамандандырылған инфекциялық стационарларда 1 406 орын бар (қалалық инфекциялық орталық — 490, «Атамекен» клиникасы — 450, Орынбай ГБОО — 70 орын, №14 емдеу орталығы – 250, қалалық перинаталдық орталық – 30, оңалту орталығы — ...

Толығырақ »

СЕРІК ЕЛЕМЕСҰЛЫ ТІКЕЛЕЙ ЭФИРДЕ СҰХБАТ БЕРДІ

«Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі Шымкент қалалық филиалының төрағасы Серік Елемесұлы Әуесханов «ANTIKOR-LIVE» жобасы аясында тікелей эфирде сұхбат берді. Серік Елемесұлы кәсіподақтың негізгі жұмысы — бұл бастауыш кәсіподақ ұйымдарын ашу, жұмыскерлердің құқықтарын қорғау, олардың әлеуметтік мәселелерін шешу, еңбек жағдайларын жақсарту болып табылатынын жеткізді. Оның ішінде, «Қызмет» салалық кәсіподағының міндеті — жұмысшылардың, азаматтық ...

Толығырақ »

ЖҮРЕГІНЕ ОТА ЖАСАЛҒАН АРДАГЕРДІ ҚҰТТЫҚТАДЫ

Шымкент жүрек орталығының хирургтары 96 жастағы науқасқа күрделі кардиохирургиялық операция жасады. Отадан кейін денсаулығы жақсарған қарт кісіні қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Позилов Бақытжан мерекесімен құттықтап, ауруханаға арнайы барды, деп жазады қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «didarbek.kz» ақпараттық агенттігі. Жүрегіне операция жасалған майдангер Атажанов Қадыр — Ұлы Отан соғысының ардагері. Сұрапыл соғысқа 1942 жылдың соңында 17 жасында өз еркімен ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТ: 105 ЖАСТАҒЫ СОҒЫС АРДАГЕРІН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Бүгін Шымкент қаласының қорғаныс істері департаменті мен шаһардағы әскери бөлімдердің сарбаздары Ұлы Отан соғысының ардагерлерін Жеңіс күні мерекесімен құттықтап, қарт майдангерлерге құрмет көрсетті. Атап айтқанда, департамент басшысы полковник Алмаз Тілеуханов 105 жастағы соғыс ардагері Негмат Гареевтің шаңырағына барып, оған Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің арнайы Алғыс хатын салтанатты жағдайда табыстады. — Сіздер майданда дұшпанмен жан аямай шайқасып, ерлік пен отаншылдықтың керемет ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТ: ҚАРТ МАЙДАНГЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

7 мамыр — Отан қорғаушылар күні және 9 мамыр — Ұлы Жеңіс күні мерекесіне орай ұйымдастырылған «Ардагерлерді ардақтайық» акциясы аясында Шымкент қаласы мәслихатының хатшысы Бахадыр Нарымбетов Ұлы Отан соғысының ардагерлері Шаля Анна мен Атантаев Халел ақсақалдың шаңырақтарына бас сұғып, мерекелерімен құттықтады. Сондай-ақ Әл-Фараби ауданы әкімдігі де құттықтау тілектерін арнады. Іс-шара барысында ардагерлерге сый-сыяпат көрсетіліп, сол дәуірдің әскери формасын киген театр ...

Толығырақ »

ҚАЛА ӘКІМІ АРДАГЕРДІ МЕРЕКЕМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов 9 мамыр – Жеңіс мерекесіне орай шаһардағы қарт майдангерлерді құттықтап, сый-сыяпат жасады. Бүгінде Шымкент қаласында 21 Ұлы отан соғысының ардагері тұрады. Қала әкімі Еңбекші ауданы «Бадам 1» елді мекенінің тұрғыны, Ұлы отан соғысының ардагері Қалтай Бектасовтың шаңырағына барды. 97 жастағы қарт жауынгер әлі де тың. Мұрат Дүйсенбекұлы ардагерге сый-құрмет көрсетіп, ұзақ ғұмыр тіледі. Қалтай Бектасов ...

Толығырақ »

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ – АСЫЛ ҚАСИЕТ

Шымкент қаласындағы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Әл-Фараби ауданы бойынша басқармасының әкімшілігі мен басқарманың бастауыш кәсіподақ ұйымы Рамазан айында тұрмысы төмен, көп балалы батыр ана, жалғыз басты ана мен жалғыз басты әке, асыраушысынан айрылған, мүгедектік топтағы, мүгедек балалары бар отбасы мүшелеріне әлеуметтік көмек көрсетті. Атап айтқанда: 6 отбасыға 15,0 мың теңгелік азық-түлік ...

Толығырақ »

ЕР АЗАМАТТАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

7 мамыр – әр отбасынан бастап мемлекет бойынша ер адамдарға айрықша құрмет көрсетіліп, олардың батылдығы мен ерлігі айтылатын күн. Жылдағы дәстүр бойынша, 7 мамыр – Отан қорғаушылар күнінде құттықтау рәсімдері өткізіледі. Мереке күні қарсаңында қаламыздағы мектептерде салтанатты шаралар ұйымдастырылды. №109, №131, №27 және №3 жалпы орта мектебінде қызмет ететін кәсіподақ мүшелерінің басын қосқан салтанатты жиынға Қазақстандық білім және ғылым қызметкерлері ...

Толығырақ »