Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » КЕЛЕС АУДАНЫНЫҢ ОРТАЛЫҒЫ АБАЙ АУЫЛЫНДАҒЫ ІШКІ КӨШЕЛЕРДІҢ БАСЫМ БӨЛІГІ ОРТА ЖӨНДЕУДЕН ӨТЕДІ

КЕЛЕС АУДАНЫНЫҢ ОРТАЛЫҒЫ АБАЙ АУЫЛЫНДАҒЫ ІШКІ КӨШЕЛЕРДІҢ БАСЫМ БӨЛІГІ ОРТА ЖӨНДЕУДЕН ӨТЕДІ

Келес ауданының орталығы Абай ауылындағы ішкі көшелердің басым бөлігі орта жөндеуден өтеді, деп хабарлайды Келес ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «didarbek.kz» ақпараттық агенттігі.

Абай ауылындағы көшелер саны – 109 құрайды. Жалпы ұзындығы – 73 шақырым. Есепті мерзім ішінде «Ауыл — ел бесігі» бағдарламасы аясында республикалық бюджеттен орта жөндеуден өткізілуі белгіленген 23 көшенің сметалық құжаттары әзірленіп, республикалық бюджеттен қаржы бөлінуі үшін облыстық қаржы басқармасы тарапынан тиісті қаржы қаралып отыр. Атап айтсақ жалпы аудан орталығындағы А.Мамытбекұлы көшесі асфальт, көше жарығы және суағар орнатылса, Д.Қонаев көшесіне суағар және көше жарығы орнатылады. Дәл сол сияқты Т.Рысқұлов көшесіне де орта жөндеу жұмыстары жүргізілсе, ауылдың басым көпшілік көшелері асфальтталатын болады.


Бүгінгі таңда ауыл аумағындағы Жамбыл, Асан қайғы, Б.Қырғызалиев, Т.Рысқұлов, Д.Қонаев, Ә.Сатбаев көшелері бойларына жол бөлу сызықтары сызылып, бірқатар көшелердің білім беру, әлеуметтік мекемелері орналасқан тұстарына тиісті жол белгілері орнатылды.

Пікір жазу