Бүгін Келес аудандық орталық кітапханасында «Бір аудан-бір кітап» акциясы аясында өткізілетін ақын, Ұлы Отан соғысының ардагері Тоқаш Бердияровтың шығармаларына арналған поязия-сазды кеші болып өтті.
Бұл туралы Келес ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «didarbek.kz» ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Қазақстанда республикалық «Бір ел-бір кітап» акциясы Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің қолдауымен 2007 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасы мен Қазақстан Республикасы Кітапханашылар Ассоциациясы «Бір ел-бір кітап» акциясын жыл сайын ұсынып келеді. Сонымен, қатар Мәдениет басқармасының және Отырар ғылыми-әмбебап кітапханасының бастамасымен 2014 жылдан бастап, облысымыздағы өз өлкеміздің тұлғаларын,қаламгерлерін насихаттау, шығармаларын дәріптеу үшін «Бір өлке-бір кітап» облыстық акциясы жарияланды. Осы акция бастамасын жалғастыру мақсатында Келес аудандық кітапханасы Т.Бердияров атындағы әдебиет пен өнер бірлестігі мүшелері мен кітапхана қызметтерлерінің ұйымдастыруымен Халқымыздың біртуар перзенті,ақиық ақын,жерлесіміз Тоқаш Бердияровтың шығармалары таңдалды. Осы 2019 жылдың соңына дейін Тоқаш Бердияровтың шығармалары дәріптеледі. Акцияның мақсаты – ұлттық әдебиетіміздегі ең үздік деген туындыны оқу және насихаттау, оқу ісін ілгерілету, рухани мұрамызды сақтау, сондай-ақ жастарды отаншылдыққа әрі өнегелілікке тәрбиелеу. Сонымен қатар, акция қоғамның отандық әдебиетке, оның ішінде классикаға, қазіргі әдебиет пен поэзияға деген қызығушылығын әрі қарай жоғарылатуына мүмкіндік туғызады.
Ей,ағайын сен анықтап көріп ал,
Бұл өмірдің ылдиы бар,өрі бар.
Дүниеге адам болып келген соң,
Босағада нең бар сенің … төрін ал! – деп Тоқаш Бердияров ағамыз өзі айтқандай әдебиеттің төрінен орын алған, Тоқаш Бердияров шығармаларын дәріптеу таңдалды. Ақынның шығармаларын дәріптеу кешіне Ұстаз, Композитор Бахыт Ілесов, Игілік ауылының биі, жазушы Жүсіп Ашимов, Жазушылар Одағының мүшесі, зейнеткер Бердалы Рысбеков, Келес ауданының әжелер кеңесінің төрайымы Әділет Азімкулова, Ұстаз, ақын, зейнеткер Қыздаркүл Омарова, Мәдениет майталманы, ардагер, зейнеткер Меруерт Жұмалиева, Жүзімідік ауылының ардагерлер кеңесінің төрағасы, зейнеткер композитор Тастемиров Әбдімәлік, Жас ақын Нәрібай Нақыпбеков, Әнші композитор, Алтын алқалы ана Гүлжан Керімқұлова, Ақын Жаңабаев Тілләбек пен Тайталиев Жұмахан сынды зиялы қауым өкілдерімен қатар БАҚ өкілдері қатысты.