Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ОТБАСЫМ — БАҚЫТ МЕКЕНІМ

ОТБАСЫМ — БАҚЫТ МЕКЕНІМ

Отбасының бірлігі мен ынтымағы, яғни толыққанды отбасы-қоғам үшін, мемлекет үшін де маңызы зор. Қоғамның өзекті мәселесіне айналып отырған ажырасу мәселесі кім-кімді болса да алаңдатады.

Отбасылық құндылықтарды насихаттау, неке бұзушылықтың алдын алу мәселеері қалалық сот және қалалық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен өткен «Отбасылық сот» Пилоттық жобасы аясында «Отбасым-бақыт мекенім» дөңгелек үстелінің тақырыбына арқау болды. Кентау қаласы әкімінің орынбасары С.Расұл және қалалық сотының төрағасы Е.Сералиев жиынды төрағалық етіп отырды. Қалалық сотының судьясы А.Кененбаева «Отбасылық сот» Пилоттық жобасының міндет, мақсаттарын баяндап берді.

Жиында сот өкілдері, ақсақалдар, әжелер алқасы, медиаторлар, адвокаттар алқасы, этно ұйым өкілдері, имамдар, жастар отбасы құндылықтары, ажырасудың себептері, оның алдын алу жолдары, отбасы тәрбиесі жөнінде әңгімелер қозғап, өздерінің ой-пікірлерін ортаға салды.
Әр азамат тәрбиелеуді алдымен өзінен бастаса, қоғамда ажырасу мәселелері болмайды деп тарқасты.

Пікір жазу