Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » «ХАЛҚЫМ, МАҒАН ЖҮРЕГІҢНЕН ОРЫН БЕР!»…

«ХАЛҚЫМ, МАҒАН ЖҮРЕГІҢНЕН ОРЫН БЕР!»…

«Халқым, маған жүрегіңнен орын бер!». Шардара ауданында жыршы-термеші, ақын Қасқыр Серікбайұлының 70 жылдығына арналған шығармашылық кеші өтті. Шарада ақын термелерін орындаудан термешілер байқауы ұйымдастырылып, кіл мықтылар анықталды.

Бұл туралы облыстық «On’tu’stik» телеарнасына сілтеме жасаған «didarbek.kz» хабарлайды.

Термешілер  байқауы  облыстық  деңгейде  өткізілді. Өнер жарысына  Шымкент қаласы,  Мақтарал, Жетісай, Сарығаш және  Шардара  аудандарынан  12 үміткер қатысты. Байқау  қорытындысы  бойынша, ақын  термелерін  алғаш  насихаттаушылардың  бірі, белгілі жыршы-термеші Сәкен Бегманов бас жүлдені  иеленді. Мақтаралдық Роза  Мұратова жарыстың  бірінші  орнын  қанжығасына  байлады.

Сәкен Бегманов – жыршы-термеші: 70 жылдығына орай, Қасқыр  ағамыздың  жыр-термелерін  ел арасында насихаттау, өскелең  ұрпаққа үйрету  бағытында үлкен  іс-шара  өтті.   Терме  деген  мән-мағынасы терең  дүние. Қазхір  енді  терме тыңдарманын  жоғалтып  алып,  насихатын  жоғалтып  алып жатқан  өнердің  түрі.

Қасқыр Серікбайұлының поэзия әлеміндегі өзіндік қолтаңбасы бар. Ақынның  кешіне  келген  көрермендердің  қарасы  қалың.  70 жылдық  мерейтойы қарсаңында  Шардара қаласының  әкімі    Қасқыр  ақынға  «Шардара қаласының құрылғанына  50 жыл»  мерекелік медалін  табыс етті.  Шығармашылық  кешке  жналған  зиялы  қауым  өкілдері  ақынға  ыстық  ілтипатын білдіріп, жүрекжарды  тілектерін  арнады.

 

 

Пікір жазу