Кәсіподақ өкілдері Арыстықтарға 30 миллион теңгенің материалдық көмегін көрсетті. Арыс қаласына барып, білім саласының қызметкерлерімен кездескен кәсіподақтар алдағы уақытта моральдық және материалдық көмектің көрсетілетінін айтты.
Бұл туралы облыстық «On’tu’stik» телеарнасының тілшісі Р.Бақытжанқызының материалына сілтеме жасаған «didarbek.kz» хабарлайды.
Арыстағы жарылыстан кейін зардап шеккен азаматтарға барлық ұйым өкілдері көмек қолын созды. Солардың бірі Кәсіподақ федерациасы өкілдері 30 млн. теңге көлемінде материалдық көмек ұсынды.
Берік Бекжанов — Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша «Кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы: -Осы арыстық ағайынның басына түскен нәубет шын мәнінде ел болып көмек қолын созып жатыр. Бұл іс-шараға кәсіподақ әсіресе ҚР Кәсіподақ федерациясының басшысы бүкіл Қазақстан бойынша кәсіподақ жәрдемдесіп жатыр.
Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағы құрамында 800 мыңнан астам мүшесі бар. Олардың тарапынан 13 миллион теңгенің көмегі берілді. Бүкіл республика аумағындағы кәсіподақ өкілдерінен жиналған қаражаттың мақсатты жұмсалуын билік өкілдеріне аманат етті. Әрі педагогтармен арнайы кездескен сала мамандары олардың мүддесін қорғауына ат салыспақ.
Майра Амантаева — «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы: -Менің келген мақсатым болып жатқан мәселелерді көзбен көріп танысып, білім саласы қызметкерлерінің қандай пікірі бар екенін , реніш, қуаныштары бар ма? Біліп танысып ары қарай Астанаға алып кетіп, шешетін нәрсені осында шешу.
Апаттан әлі күнге ес жия алмай отырған халыққа демеу болған білім саласының кәсіподағы жергілікті жұрттың қалыпты жағдайда өмір сүруіне қолдан келгенше бар көмекті аямайтындарын жеткізді.