Жемқорлар өтірік айтады. Жаппай. Олардың ауруы сол. Оларға шын айтуға болмайды. Өйткені, байқамай айтып қалған «шындықтың» арасында өздерінің «ұрлықтары» айтылып қалуы әбден мүмкін. Сондықтан, олар өтірікті өздеріне қару етіп алған. Бәрі емес, әрине, бірақ, – басым көпшілігі. Ұрлайтын да солар, жырлайтын да солар, «Ауданның адал азаматы» атағын алатын да солар. Бір күні қарасаң, ана алаяқ жемқордың аты бір көшеге беріліп жатады. Тағы бір алаяққа ескерткіш қойылып қалады. Көптеген алаяқтардың есімдері модаға айналған «аллеяларда» қашалған. Олардың ұраны да бар: «Служба – службой, дружба – дружбой» дейтін. Осы ұранды қалқан қылып алып, білгендерін істеп жүреді. Білмегендерін – қара халық істейді. Бұл – өмір. Біздің өміріміз…
Ә.Ә.