Дәстүрлі дала мәдениетінде қазақ әйелдері өздерінің отбасылық қана емес, қоғам мүшесі ретіндегі әлеуетін өнер-білім саласында, сонымен қатар қоғам қайраткерлері ретінде өзін-өзі дамытып келеді. Қазақы ортада, отбасының мүддесі жоғары тұруы керек деген тәрбие алған қазақ аруларына қоғамдық-әлеуметтік ортада белсенділік танытуына кедергі емес.
Қазіргі қоғамның қай бағытын алсаңыз да барлық салада қазақтың көрсе көз тоймайтын сұлу қыздары жүр. Олар – кешегі тарихымыздағы Болған ана, Домалақ ана, Дарабоз аналарамыздың ізін жалғастырушылар.
Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан гендерлік саясатты жүзеге асыру жолында белгілі бір жетістіктерге жетті. Бірінші кезекте бұл әйелдердін мүмкіндіктерін дамытуда, ер азаматтар мен әйел азаматтарының еңбек жағдайларының теңдесуі.
Гендерлік теңдік идеясы «Әйелдердің дамуы» атты БҰҰ бағдарламасында белгіленген, оның негізгі ережелері, әйел – бұл әлемдік қоғамның экономикалық дауына өзінің шешуші жарнасын жасауға қабілетті, адамзаттың қолданылмаған ресурсы ретінде қаралады. Ал біздің еліміздегі гендірлік теңдік саясатының міндеттері билік құрылымына әйелдер мен ерлердің тең қатысуы, экономикалық тәуіелсіздік үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету, отбасындағы тең құқықтар мен міндеттер үшін талаптар құру, жыныс белгілері бойынша күштеу бостандығы, біздің қоғамымыздың дамуында әйелдердің рөлін бұдан әрі дамыту үшін жаңа мүмкіндіктер ашатын шешімдер қабылдау болып табылады.
Қазақстан Республикасында гендерлік теңдік стратегиясында барлық шешімдер қабылдау деңгейінде әйелдердің 30 %-дық өкілдігіне қол жеткізу міндеті қойылған. Әйелді кемсіту фактісі әйелдердің әлеуметтік өзін-өзі сезінуіне жасырын формада гендерлік әлеуметтік шиеленісті туындата отырып, теріс әсер етеді. Елімізде жүргізіліп жатқан гендерлік теңдік стратегиясының бір мақсаты әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықпен күрес жүргізу. Өз Жолдауында Елбасы Н.Назарбаев, «Бірден айтайын, ондай зорлық-зомбылықтың жолы қатаң түрде кесілуі тиіс. Мемлекет әбден асқынған жыныстық құлдыққа, әйелге тауар ретінде қарайтын көзқарасқа айрықша қатаң түрде тыйым салуға тиіс» екендігін атап өткен.
Сот істерін қарауда гендерлік теңдік сотты жүргізудің – соттардың ерлер мен әйелдерге қатысты заң талаптарын нақты орындауы; процеске қатысушылардың, адамдардың адамгершілігін кемсітетін немесе ар-намысын таптайтын шешімдер мен іс-әрекеттерге жол бермеу; заң мен сот алдында барлығының теңдігі; тараптардың дауласуы мен теңдігі; істі талқылаудағы ашықтық, жариялық және анықтық; процеске қатысушылардың жеке қауіпсіздігін қамтамасыз ету — негізгі принциптерін іске асыру арқылы қамтамасыз етіледі.
Әйел – ана, әйел – сұлулық, әйел – махаббат. Әйелдерді қорғау, аялау ер азаматтарымыздың міндеті. Әйел бір қолымен бесік тербетсе, бір қолымен әлемді тербетеді дейді дана халқымыз. Ананы құрметтеген, қарындасты еркелеткен көтерген асыл халықтың ұрпағымыз. Әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық нысандарын жою мемлекетімізде нақты жолға қойылған.Біздің мақсатымыз, Қазақстан Республикасының Конституциясында және Қазақстан қосылған халықаралық актілерде жарияланған ерлер мен әйелдердің тең құқықтары мен тең мүмкіндіктерін іске асыру, сондай-ақ олардың қоғам өмірінің барлық салаларында тең қатысуы үшін жағдай жасау.
Сымбат ЕРАЛЫ,
Шымкент қаласы, Еңбекші аудандық сотының жетекші маманы.