Бүгін Қазығұрт ауданында Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мобильді тобы келіп, Мемлекет басшысының 2022 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына жолдауын және Әлеуметтік кодекстің негізгі бағыттарын ақпараттық – түсіндіру бойынша аудан активі және тұрғындарымен кездесті, деп жазады аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі.
Мобильді топ құрамында Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице министрі Оспанов Ербол Дүйсебайұлы, Министрліктің халықты жұмыспен қамту департаментінің директоры Ниязов Асқар Нұрланұлы, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының Бас директоры Кемел Нұрсұлу Мырзагелдіқызы, Түркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Нұрашов Нұржан сынды азаматтар бар. Кездесу барысында ауданымыз депутаттары мен ардагерлері және бірнеше тұрғындар өз көкейіндегі сұрақтары мен ұсыныстарын айтып, оған тиісті жауаптарын алды.