Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » Қазығұрт ауданының әкімі ұлағатты ұстаздарды құттықтады

Қазығұрт ауданының әкімі ұлағатты ұстаздарды құттықтады

Құрметті ұстаздар мен білім саласының ардагерлері!
Сіздерді қазан айының бірінші жексенбі кәсіби мерекелеріңіз, мұғалімдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!
«ҰСТАЗ»! Осы бір сөздің түбінде — қаншама киелі құдірет, ұлағатты ұғым жатыр. Адам баласы жаңаны үйреніп, ғылымды игеріп, білімді тоқумен келеді. Қай кезеңде болмасын тәлім мен тәрбие беру — ең ұлы мұрат.
Қай заманда болсын білімді ұрпақ тәрбиелеу бірінші кезекте тұрған мәселе. Осы қажеттілікті өтеу жолындағы ұстаздар қауымының еңбегі ұшан-теңіз. Сіздердің біліктіліктеріңіз бен кәсіби тәжірибелеріңіз – ел ертеңі жастарымыздың өмір жолының өзегі. Олар сіздер берген білім мен тәжірибенің негізінде болашақтарына бағыт — бағдар жасайды.
Бүгінде ел мақтанышына айналып жүрген тұлғаларымыздың барлығы да кеше өздеріңіздей ұстаздар алдын көріп, армандарын ұштаған. Сондықтан да, мұғалім болу, ұстаздық жасау — зор мақтаныш, әрі үлкен жауапкершілік.
«Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры – ұстаздардың қолында» деген сөз мұғалімдер қауымына деген құрмет пен ықыластың ерекше екендігін айқындайды.
Осының барлығы білім сапасын арттыруға, кәсіби шеберлікті нығайтуға, мұғалімдердің әлеуметтік мәртебесін жоғарылатуға ықпал ететіні сөзсіз.
Қадірлі ұстаздар қауымы!
Баршаңызды қызығы мен қиындығы қатар жүретін адал, және маңызды еңбектеріңізге алғысымды білдіремін.
Отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, шығармашылық табыстар мен жетiстiктер тiлеймiн !
Ізгі тілекпен,
Қазығұрт ауданының әкімі А. Абдуллаев.

Пікір жазу