Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » Түркістанда «Жалпы құқықтық білім беру сабағы» өтті

Түркістанда «Жалпы құқықтық білім беру сабағы» өтті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың пәрменімен «2022 жыл – Балалар жылы» деп аталды. Балаларды әлеуметтік, құқықтық қорғаудың көпдеңгейлі, әр қырлы, жан-жақты, пәрменді жүйесін түзу әлдеқайда маңызды.
Балалар әлемі тым нәзік  әрі қорғансыз. Бала зұлымдыққа, зорлық-зомбылыққа, өзге бы­лыққа қарсы тұра алмайды, төл мүддесін қорғай алмайды. Сондықтан озық елдер балалардың құқығын қорғауды, әл-ауқатын жақсартуды жоғары міндет санайды. Балаларға қамқорлық жасау, олардың құқықтарын қорғау – мемлекеттің аса маңызды міндеттерінің бірі
Осы орайда, Түркістан қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінде 8-11 сынып оқушыларына жалпы құқықтық білім беру мақсатында арнайы жиын өтті.
Жиынға Түркістан қаласы полиция басқармасы тергеу бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Мұхтар Сейділдаев, мектеп инспекторы, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, сынып жетекшілері, мектеп психологтары және оқушылар қатысты.
Қазіргі қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі — балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмысқа жол бермеу.
Полиция подполковнигі Мұхтар Сейділдаев және Тергеу бөлімінің тергеушілері оқушыларға құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында және құқық бұзушылық орын алған жағдайда жасалатын іс-әрекеттер жайлы дәріс оқыды. Дәріс соңында оқушылар өздерінің сұрақтарын қойып, жауаптарын алды.

Пікір жазу