Түркістан қаласындағы С.Сейфуллин атындағы мектеп-лицейінде «25-қазан Республика күні» ұлттық мерекесін атап өтуге байланысты іс-шаралардың барлығы жоспарға сәйкес ұйымдастырылды.
«Атамекен» тақырыбындағы патриоттық диктант жазу сайысы жүргізілді. 25 қазан — Республика күніне орай ұйымдастырылған шараның басты мақсаты — өскелең ұрпақты елін сүюге, құрметтеуге, патриоттық сезімін қалыптастыру және көркем жазуға баулу. Диктант жазу 1-11 сынып оқушылары арасында өткізіліп, оқушылар белсенділік таныта білді.
Оқушылар арасында «Менің арманымдағы Қазақстан» тақырыбындағы эссе байқауы болды. Байқау мақсаты: Оқушыларды өз Отанын сүюге, туған халқының тілін, мәдениетін, салт-дәстүрін қастерлейтін саналы да парасатты азаматтар тәрбиелеу. Елінің Туын, Елтаңбасын, Гимнін қастерлеуге , өз елін, тегін, тарихын білуге тәрбиелеу. «25-қазан Республика күніне» орай кітапхана бұрышы ұйымдастырылды.
Сонымен бірге, білім ордасының қабырғасында «Жас ұлан»-«Қазақстанның жасөспірім қанаты» жастарды патриоттық рухта тарбиелеу атты кездесу болып өтті.
Бүгінгі күні балалардың патриоттық тәрбиесі патриоттық сананы, өз Отанына деген адалдық пен сүйіспеншілік сезімін қалыптастыру, үлкенді сыйлау, құрметтеу бағытында Түркістан қаласындағы С. Сейфулин атындағы жалпы орта мектепте түсіндіру жұмыстары өткізілді.
Атқарылып отырған кездесу жұмыстары еліміздің жастарының бойында патриоттық сананы қалыптастыру, тәлім тәрбие беру жөнінде стратегиялық міндеттерді толықтай орындалуға бағытталуда.