Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » Түркістанға инвестиция тарту тиімді

Түркістанға инвестиция тарту тиімді

Негізгі капиталға тартылған инвестиция 192054,6 млн. теңгені құрап,  2021 жылдың тиісті мерзімімен салыстырғанда 1,0 есеге кеміп отыр. Оған себеп шағын орта бизнес саласында салынып жатқан жекеменшік құрылыс нысандарының қаржы мәселесіне байланысты тежеуілдеуінде екендігі анықталуды.

Оның ішінде, республикалық бюджет есебінен 63122,8 млн. теңге, жергілікті бюджет есебінен 59311,7 млн. теңге, меншікті қаражат есебінен 58217,3 млн. теңге,  банк кредиттері есебінен 8457,3 млн.теңге, басқада қарыз есебінен 2945,6 теңгені құрап отыр. Бұл көрсеткіш бойынша облыстың инвестиция көлемінің 93,0 пайызын құрап,  аудан мен қалалар бойынша 17орында.

Түркі әлемінің рухани астанасы мәртебесіне ие Түркістан қаласының болашағын халықаралық туризмнің қарыштап дамуымен, облысты өнеркәсібінің қарқын алуымен елестетуге болады. Бұл үшін алғышарттар да жасалып отыр.

 Түркістан – ежелден сауда-саттықтың ортасы, ынтымақтың ордасы. Сондықтан Түркістанды облыс орталығына айналдыру – сөзсіз Елбасының ең бір ұтқыр шешімі. Бұдан былай қаланың Ұлы Жібек жолының бойындағы құндылығы арта түседі. Түркістан облысының туристік әлеуеті жоғары. Әсіресе туризм кластерінің басым бағыты көлік инфрақұрылымы қолайлы жолға қойылған. Тарихи туризм ошақтары көп облыстың табиғаты әсем, шежірелі өлкелері де жетерлік. Облыстағы ЮНЕСКО-ның мәдени мұралар тізіміне енгізілген Қожа Ахмет Ясауи кесенесі, көне Отырар, Сауран қалашықтары, Отырар ауданындағы Арыстан баб кесенесі,  Бәйдібек би ауданындағы Бәйдібек ата, Домалақ ана кесенелері мен Ақмешіт үңгірі, Түлкібас аудандарының қайталанбас әсем табиғаты, Ақсу-Жабағылы, Қаратау қорықтары, Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі талай саяхатшыларды тамсандырған мекендер. Былтыр Түркістан облысында 1 миллион 300 мыңнан астам турист келген. Облыстық кәсіпкерлік, индустриялық-инновациялық даму және туризм басқармасының мәліметінше, сол туристердің басым көпшілігі Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей, Түркия, АҚШ, ҚХР, Германия және Италия азаматтары екен. Шетелдіктерден бөлек өзіміздің Қазақ­станның барлық аймағынан шипажайларға, тарихи орындарға келушілер көп. Демек, туризм оңтүстік өңір үшін таптырмас табыс көзі болғалы тұр. Ежелден рухани астана саналған Түркістан қаласы туризм кластері бойынша дамып, жылына миллиондаған туристі қабылдайтын күнге жетеді.  Туризм –  Қазақ­­стан экономикасындағы қар­қынды салалардың бірі. Қазақстанның әрбір аймағы – туризм кластерінің ошағы. Еуразия кіндігінде орналасқан, Ұлы Жібек жолының дархан даласына айналған өлке де ертеден қала соғылды, мәдени ошақтар салынды. Ғажайыбы сырға толы өзен-көлдер мен тау-тастар, ормандар мен шөлейіттер массиві тарихи кезеңдердің куәсі болды. Мыңжылдық өркениет тоғысы бар шежірелі қалалар талай соғысты бастан өткізді. Қазақ хандығының, Қыпшақ ұлысының, Түрік қағанатының астанасы болған қалалар да жетерлік. Ондай қалалардағы ескерткіштер, мәдени орындар, ескі ғимараттар шежірелі тарих болып қалмақ.

Түркістан қаласында өткен «Көне Түркістан – жаңа мүмкіндіктер» атты халықаралық инвестициялық және туристік форум аясында көптеген маңызды келісімдерге қол жеткізілді. Тарихи қаланың болашақ тағдырына оң әсер етуі тиіс халықаралық форумға Еуропа елдерінен, Түркия, Ресей, Оңтүстік Корея, Қытай, Сингапур, Иран, Малайзия, Пәкістан, Өзбекстан секілді мемлекеттерден бас-аяғы 250-ден астам делегат қатысып, іс-шараның маңыздылығы мен ауқымын айқындап берген.

Бір жылда өңірге 482 миллиард теңге көлемінде инвестиция тартылған. Бұл көрсеткіш салыстырмалы түрде елімізде үздіктер қатарынан табылған. Оның ішінде өңдеу өнеркәсібіне 129 миллиард теңге тартылып, бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 2,5 есеге ұлғайған. Облыста шағын және орта кәсіпкерліктің дамуы, аяқ алысы қуантады. Түркістан қаласында құру жоспарланып отырған «TúRKIS­TAN» арнайы экономикалық аймақ та инвесторлардың назарын өзіне аудара білді. Инвестиция тарту мақсатында құрылғалы отырған аймақта кәсібін дөңгелетемін деген кәсіпкерлерге 25 жылға дейін салық төлеуде жеңілдіктер қарастырылмақ. Осы секілді нәтижелі көрсеткіштер форумға қатысушы шетелдік қонақтарды, дәлірек айтсақ, инвесторларды қызықтырмай қоймады.

 

 

Пікір жазу