Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ТҮРКІСТАН: МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ САЙРАМ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

ТҮРКІСТАН: МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ САЙРАМ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Ұласбек Сәдібеков Сайрам ауданында арнайы іссапарымен болды.
Алдымен халық қалаулысы «AMANAT» партиясы Сайрам аудандық филиалының ғимаратында қоғамдық қабылдау өткізді.
Қабылдауға аудан әкімі Арман Сәбитов, аудандық мәслихаттың төрағасы Шамхат Халмурадов, аудан әкімінің орынбасары Мадияр Оразалиев, тиісті дербес бөлім басшылары және ауылдық округтерінің әкімдері қатысты.
Ақсукент, Қарабұлақ, Қарасу, Манкент ауылдық округтерінен келген тұрғындар өз өтініштерінде жерді заңдастыру, электр жарығы және ауыз су жүйелерімен тұрақты қамту, каналды күрделі жөндеуден өткізу, жаңа мектеп интернатын салу, сонымен қатар кадрға қатысты мәселелерін заң аясында қарап, шешілу жолдарын қарастыруды сұранды.
Аталған мәселелер тыңдалған соң, Мәжіліс депутаты және аудан басшысы Арман Сәбитұлы бақылауларына алып, нәтижесі хабарланатынын түсіндірді.
Сапар барысында Қарасу ауылдық округінің Жаңақұрылыс аумағына инфрақұрылым жүйелерін жүргізу, сонымен қатар Қарасу және Ынтымақ ауылдарына жоспарланып отырған спорт кешендерінің құрылыс жобаларымен танысты.
Бұдан кейін депутат сапары Көлкент ауылдық округіне қарасты Ақсуабад ауылындағы М.Қашқари атындағы мектебінің алаңшасында ауыл тұрғындарымен кездесті. Жүздесуде М.Оразалиев және Қосбұлақ ауылдарын инфрақұрылым жүйелерімен қамтамасыз ету және Ханқорған ауылына спорт кешенінің құрылыстарының жобалары және өзге де мәселелер талқыланды.
Депутат ауылды дамыту, салаларды жетілдіру, жергілікті халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту бағытында атқарылып жатқан жұмыстардың әрі қарай жалғасатынын айтты. Барлық ұсыныс-пікірлер назарға алынып, алдағы уақытта зерделенетінін жеткізді.
Жиын соңында ауыл ақсақалы ақ батасын берді.

Пікір жазу