Сайрам аудандық полиция басқармасының бастығы Мұхтар Ермеков пен аудан прокуроры Дәулет Тлемисовтың бастамасымен, жеке құрам қызметкерлері тұрғындар арасында интернет-алаяқтықтың алдын алуға бағытталған іс-шара ұйымдастырды, деп жазады Түркістан облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі.
Тәртіп сақшылары алаяқтықтың жаңа тәсілдері туралы әрбір тұрғынға түсіндіріп, алаяқтардан қалай қорғану керектігін хабардар етті.
Сонымен қатар халыққа өз қаражаттарына аса мұқият болып, жеке мәліметтерін ешкімге бермеуді ескертті. Тиімділікті арттыру үшін бірнеше топқа бөлініп, адамдар көп шоғырланатын аумақтарды профилактикалық шараларды атқарды.
Соңғы кездері интернет желісін пайдалана отырып жасалатын алаяқтық құқық бұзушылық фактілері көбеюде. Адамдарды алдау үшін алаяқтар «Instagram», «Facebook», «Telegram», «Вконтакте» әлеуметтік желілерін, «OLX.KZ», «MARKET.KZ», «KOLESA.KZ», «KRISHA.KZ» сайттарын және «What’s App» мессенджерін пайдалануда. Олар жалған интернет-дүкендер, «фейк» парақшалар, сайттар ашып, түрлі тәсілдермен адамдарды алдап, сенімдеріне кіреді.
Мысалы, өзін банк қызметкерімін деп таныстырып, есепшоттағы ақшаларды бөгде адам түсіріп алайын деп жатқанын айтып, есепшоттағы ақшаларды резерв шотқа салуға сендіріп, әр түрлі халықаралық банк карталарына аударту арқылы иемденіп алуда.
Одан басқа, азаматтардың жеке мәліметтерін пайдалана отырып, әр түрлі микрокредиттік мекемелердің сайттары арқылы онлайн несиелерді рәсімдесе, «Instagram», «Вконтакте», «What’s App» әлеуметтік желілері арқылы және «OLX.KZ», «KRISHA.KZ», «KOLESO.KZ» сайттары арқылы парақша ашып, әр-түрлі (пәтер, автокөлік, оның бөлшектері, киім-кешек, аяқ-киім сату, пәтер жалға беру, жұмысқа орналастыру, несие алып беру, банктегі қара тізімнен шығарып беру қызметтері және т.б.) жарнамалар шығарып, интернет желісінен жүктелген тауарлардың фотосуреттерін жүктеп, арзан бағаға сатылатыны туралы жарнамалаған.
Жарнамаға қызығушылық танытып, хабарласқан адамдардан алдын-ала төлем талап етіп, «QIWI» әмияны немесе абоненттік нөмірге бірлік ретінде, сондай-ақ, банкоматтық карточкаларға ақша аударту арқылы немесе шығарылған шынайы жарнамаларға жалған қызығушылық танытып, сатып аламын және сол үшін ақша аударамын деп сендіріп, адамдардың банкоматтық карточка нөмірлерін және ұялы телефонына келген смс-кодтарды біліп алып, интернет-банкинг жүйесін бұзу арқылы есепшоттағы ақшаларды басқа есепшотқа аударып, иемдену де көрініс табуда.
Оған қоса азаматтарға брошюралар таратып, қырағылық танытуға шақырды.