Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Архив меток: Rr (страница 95)

Архив меток: Rr

31 АДАМ ҮЙЛЕРІНЕ ОРАЛДЫ!

​Бүгін Арыс қаласында тағы үш адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты, деп жазады Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Дертінен сауыққан азаматтардың барлығы Арыс қаласының тұрғындары. Науқастар Сәуір айының басында жұқпалы аурулар ауруханасына коронавирус инфекциясы диагнозымен жатқызылған. Дәрігерлер инфекция анықталған пациенттерге емдеу шараларын үздіксіз жүргізген. Медицина мамандары жүргізген емнің нәтижесінде 3 азамат қауіпті індетті жеңіп шықты. Осылайша, Арыс қаласында ...

Толығырақ »

СУ – ӨМІРДІҢ ТІРШІЛІК КӨЗІ

Өңірлерді өркендету – мемлекет алдына қойылған маңызды міндеттердің бірі. Сондықтан елімізде аймақтардағы ахуалды жақсарту мақсатында «Өңірлерді дамыту – 2020» мемлекеттік бағдарламасы қабылданған болатын. Бүгінгі күнге дейін қаламызға қарасты Аққала және Көкжиде елді мекендерінің тұрғындары өз аулаларындағы құдықтың суын тұтынып келді. Осы орайда аталған елді мекендерді орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында құрылыс жұмыстарын жүргізу қолға алынды. Атап айтқанда, Аққала елді ...

Толығырақ »

ТҰРҒЫНДАР ӨЗ КҮШТЕРІМЕН БЛОКБЕКЕТТЕР ҚҰРУДА

Түркістан облысы Төлеби ауданындағы елдімекендерге тұрғындардың өздері блок — бекеттер қойып, қауіпсіздік шараларын қолға алуда. Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды. Жергілікті билікпен келісе отырып атқарылып жатқан шараның мақсаты коронавирус індетінің ел ішінде таралуын болдырмау. Ауыл азаматтары ұйымдастырған бекеттерде елдімекендерге кіріп шығатын көліктерді залалсыздандырып, жолаушылардың дене қызуын өлшеп, тіркеуге алуда.  Сондай-ақ, еріктілер әрбір ...

Толығырақ »

ЗАЛАЛСЫЗДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ

Мемлекет басшы Қ.К.Тоқаев елімізде коронвирус індетінің тез таралуына байланысты төтенше жағдайы режимі кезіндегі карантин мерзімін ағымдағы жылдың 11 мамырға дейін ұзарту туралы шешім қабылдады. Осыған орай, Түркістан облысы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 17.04.2020 жыл №13 қаулысына сәйкес, Ордабасы ауданында залалсыздандыру шаралары күшейтілуде, деп жазады аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «didarbek.kz» ақпараттық агенттігі. Қазіргі таңда Ордабасы ауданы бойынша короновирус індетін ...

Толығырақ »

МЕН БАТЫРДЫҢ ҰРПАҒЫМЫН

Құрметті Достар! #МЕН_БАТЫРДЫҢ_ҰРПАҒЫМЫН Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай, Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасының ұйымдастыруымен онлайн түрде өтетін «МЕН БАТЫРДЫҢ ҰРПАҒЫМЫН» челленджі жарияланды. Мақсаты – Ұлы Отан соғысында ар мен намысты ту еткен батырлар рухына тағзым ету, батырлардың ерліктерін дәріптеу. Біздің аталарымыз бен әжелеріміздің Ұлы Жеңіске қосқан үлесі туралы мыңдаған тарих бар. Сондықтан, біздің байқауымыз арқылы осындай оқиғалармен бөлісуді, майдандағы және ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН-ТӨЛЕБИ: ПАРТИЯ БЕЛСЕНДІСІ КӨМЕК КӨРСЕТУДЕ

Төлеби ауданының белсенді азаматы, партия мүшесі, үлкенге құрметін, кішіге ізетін білдіріп келе жатқан Абай елді мекенінің тумасы, жеке кәсіпкер Жабаев Ерболат Көшербайұлы «Biz Birgemiz» акциясы аясында, Кемеқалған елді мекенінің әлеуметтік аз қамтылған 21 отбасына ұн және май өнімдерімен көмек көрсетті. Ауылдық округ тұрғындары өз кезегінде Ерболат Көшербайұлына алғыстарын айтып, атқарып жатқан жұмысына сәттілік тілеп, өркендей беруіне шын ықыластарын білдірді, деп ...

Толығырақ »

Ұ.СӘДІБЕКОВ: «АРЫЗДАНУ ҮШІН БІР ЖЕРГЕ ШОҒЫРЛАНУДЫҢ ҚАЖЕТІ ЖОҚ»

Түркістан облысы Сайрам ауданы Қарабұлақ ауылдық округінің Абай, Мукуми көшесінің тұрғындары жеке кәсіпкер У.Халжалиловтың мал шығындарын қайта өндеу орнының санитарлық, ветеринарлық, экологиялық талаптарға сай келмейтіні туралы арыз түсірген болатын. Тұрғындардың арыз-шағымына байланысты құрамында Сайрам ауданы әкімінің орынбасары, аудандық полиция басқармасының басшысы, ветеринариялық инспекция, санитарлық қадағалау мекемесі басшылығы және Абай, Мукуми көшесінің белсенді тұрғындары бар жұмысшы топ құрылды. Бұл туралы Сайрам ...

Толығырақ »

ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ ЗОМБЫЛЫҚҚА ҰШЫРАҒАНДАРҒА КӨМЕК КӨРСЕТІЛЕДІ

Төтенше жағдай кезеңінде тұрмыстық зорлық зомбылыққа ұшырағандарға көмек көрсетіледі, деп жазады Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz. Елде енгізілген төтенше жағдай мен карантин кезінде әйелдер отбасында тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшырауы мүмкін. БҰҰ мәліметтері бойынша, көптеген мемлекеттерде коронавирус індетіне байланысты карантин шаралары еңгізілгеннен кейін үйдегі зорлық-зомбылықтың көбеюі байқалуда. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Əйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия ...

Толығырақ »

КЕНТАУ: КАРАНТИН РЕЖИМІН БҰЗУШЫ ҰСТАЛДЫ

Кентау қаласының полицейлері тәртіп сақшыларына қарсылық көрсеткен карантин режимін бұзушыны ұстады, деп жазады ТО ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Әлеуметтік желіде «ватсап» мессенджері арқылы полицейлерге қарсылық көрсеткен ер адамның ұсталғаны жөнінде бейнежазба таралған. Тексеру барысында 23.04.2020 жылғы Кентау қ. ПБ-нің кезекші бөліміне карантин кезінде қала көшелерін патрульдеген полицейлерге шабуыл жасалғаны туралы хабарлама келіп түскені анықталды. Кентау қалалық ПБ-нің криминалдық ...

Толығырақ »

14 ТОННА ҚЫРЫҚҚАБАТ ТЕГІН ТАРАТЫЛДЫ

Жетісайлық кәсіпкер Бәйдібек ауданына 14 тонна қырыққабат тегін берді, деп жазады аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz ақпараттық агенттігі. Елбасы «Nur Otan» партиясының төрағасы Н.Назарбаевтың қалыптасқан жағдайдан шығу үшін республикалық #Bizbirgemiz акциясы кеңінен аудан көлемінде жүріп жатыр. Күні кеше Жетісай ауданының жеке кәсіпкері Көбейбек Әлиев елімізде төтенше жағдай орын алып жатқан кезде облыс тұрғындарына 120 мың тонна қырыққабатты тегін тарататындығын айтқан болатын. ...

Толығырақ »

КӨКТЕМГІ ДАЛА ЖҰМЫСТАРЫ ҚЫЗУДА

Түркістан облысы, Ордбасы ауданында көктемгі дала жұмыстары қызу жүргізілуде, деп жазады Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Ордабасы ауданы, Шұбар ауыл округінде орналасқан «Ақ Орда» ЖШС –нің директоры Бекбосын Бахытжан Балтабайұлы 2019 жылдан бастап жылына 2 рет бақша, картоп дақылдарын егуді қолға алған болатын. 2019 жылы ерте көктемде Голландиялық «Ривьера» картобын 40 га жерге егіп, 240 центнерден өнім ...

Толығырақ »

САЙРАМ: АЗЫҚ-ТҮЛІК ҚОРЫ – 12,9 МЫҢ ТОННАНЫ ҚҰРАЙДЫ

Түркістан облысы Сайрам ауданындағы 10 базар толығымен жабылып, қазір тек «Иман» ЖШС-і базары мен «Арзан» маркеті азық-түлікті жеткізу қызметімен айналысуда. Сайрам ауданының әкімі Ұласбек Сәдібеков және ауданның бас полицейі Бауыржан Зиятаев сауда орындарын аралап, азық-түлік қоры мен баға тұрақтылығына және ондағы төтенше жағдай талабына сай тәртіп пен тазалықтың сақталуына көз жеткізді, деп жазады аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. ...

Толығырақ »

ЖАЗДА ЕЛ ИГІЛІГІНЕ БЕРІЛЕДІ

Қазақстан спортының дамуында өзіндік үлесі бар Түркістан облысының спорт саласы жаңаша сипатта дамуда. Облыс əкімі Өмірзақ Шөкеевтің бастамасымен өңірімізде əлемдік аренаға алып шығар бірқатар спорт кешендері мен халықаралық талаптарға сай стадион салынуда. Бұл туралы Түркістан облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз орталығына сілтеме жасаған DIDARBEK.kz.  «Самұрық Қазына»ұлттық əл-ауқат қорының демеушілігімен бой түзеп жатқан бұл стадион еліміздегі ірі кешендердің бірі ...

Толығырақ »

КӨЛІГІҢІЗДІҢ АККУМУЛЯТОРЫНА АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!!

Түркістан облысының полицейлері жұмыс орнынан бірнеше аккумуляторларды ұрлап кеткен жүргізушіні ұстады, деп жазады ТО ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. 21.04.2020 жылы Түлкібас аудандық полиция бөлімінің кезекшілік 102 нөміріне жергілікті тұрғыннан хабарлама келіп түсті. Аталған жайт Түлкібас АПБ-не ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталып кетеді. Оқиға орнына жедел жеткен тергеу тобының қызметкерлері үй-үйді аралап, куәгерлерден ...

Толығырақ »

ЖАҢАДАН ТОҒЫЗ ТҰРҒЫН ҮЙ ТҰРҒЫЗЫЛАДЫ

Түркістан облысы Төлеби ауданында тоғыз тұрғын үй тұрғызылады.  Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды. Түркістан облысында тұрғын үй құрылысы жылдан жылға қарқын алып келеді. Мәселен, Төлеби ауданында соңғы үш жылдың қорытындысы бойынша 5 қабаттан тұратын 10 тұрғын үй бой көтеріп, бас -аяғы 540 пәтер пайдалануға берілген. Бұл жұмыс өз жалғасын тауып, жергілікті тұрғындар ...

Толығырақ »

СУАРМАЛЫ ЕГІСТІК АЛҚАБЫ 1115 ГЕКТАРҒА ҰЛҒАЯДЫ

Түркістан облысы Түлкібас ауданы ауылшаруашылығы дамыған, табиғаты керемет, аудандардың бірі. Соңғы жылдары ауданның ауылшаруашылығы мықтап қолға алынып, еңбекқор халқы шаруашылықтың көптеген түрін дөңгелетіп отыр.  Ол үшін мемлекет тарапынан барлық жағдайлар жасалуда. Биыл Түлкібас ауданындағы суармалы алқаптардың аумағы 1115 гектарға ұлғаймақ, деп жазады Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kzақпараттық агенттігі. Бұл жетістікке 2019 жылдың желтоқсан айында респубикалық бюджет есебінен ...

Толығырақ »

САЙРАМДА АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАУАРЛАРЫНЫҢ ҚОРЫ ЖЕТКІЛІКТІ

Түркістан облысы Сайрам ауданында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының қоры жеткілікті, деп жазады Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Сайрам аудандық кәсіпкерлік бөлімінің 24 сәуір күнгі мәліметіне сәйкес, әлеуметтік маңызы бар 32 азық-түлік тауар түрі бойынша 12906 тонна қор бар. Аудан халқының бір айлық қажеттілігі 8605,4 тоннаны құраса, бұл дегеніміз аудандағы азық-түлік қоры 1,5 айға жетеді деген сөз. Оның ...

Толығырақ »

КЕЛЕСТЕ ЖАЛҒЫЗБАСТЫ АНАҒА БАСПАНА СЫЙЛАДЫ

Қасиетті Рамазан айының алғашқы күнінде Түркістан облысы Келес ауданы Жүзімдік ауылында тағы бір жалғыз басты көпбалалы ана баспаналы болды. Бұл иглікті іске «Харекет» қайырымдылық қоры ұйытқы болып отыр. Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды. Осыдан бір жыл бұрын отағасынан айырылған Бегайым Киікбаева балаларын жалғыз өзі өсіріп отқан еді. Ананың қуанышында шек жоқ. Бұрын ...

Толығырақ »

3 АЙДА 15 ОРМАН ДАЛА ӨРТІ ТІРКЕЛДІ

Түркістан облысы аумағында 2020 жылдың 3 айында жергілікті Орман шаруашылығы жерлерінде 15 өрт оқиғасы тіркелді. Жалпы орманды дала өрті 2347,8 гектар жерді шарпыған. Оның орманды алқабы 287 гектар, ормансыз алқабы 2060,8 гектар. Нәтижесінде орман шаруашылығына 802,2 мың теңге материалдық шығын келген. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялық қызметінде өткен брифингте облыстық Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Ералы Ақылбеков мәлімдеді, деп жазады Түркістан ...

Толығырақ »

БЕЙБІТ КҮННІҢ БАТЫРЫ

Келестік мемлекеттік қызметші суға кеткен қызды құтқарып қалды, деп жазады Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Елімізде жарияланған төтенше жағдайға байланысты Түркістан облысы бойынша карантиндік режим енгізілген болатын. Карантин режимін сақтау бойынша Келес ауданында бақылау бекеттері орнатылып, соның Абай – Біртілек ауылдарының арасындағы бекет маңындағы «Ошақты» каналында 21 сәуірде кешкі сағат 18:00 шамасында оқыс оқиға орын алған. Яғни ...

Толығырақ »

ЖҰМЫСЫН КАРАНТИНДІК РЕЖИМДЕ ЖАЛҒАСТЫРУДА

Түркістан облысы Сайрам ауданында өндіріс орны жұмысын карантиндік режимде жалғастыруда, деп жазады Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz ақпараттық агенттігі. Ұн, тәтті нан өнімдерінің өндірісінде бұған дейін 24 адам жұмыс істесе, қазір төтенше жағдайға байланысты олардың саны үш есеге дейін қысқарды. Қазіргі таңда «НИК» жеке кәсіпкерлігі өнімдерін аудан көлемінде ғана емес, Түркістан, Шымкент, Қызылорда қалаларынан да тапсырыс қабылдаған. ...

Толығырақ »

70-ТЕН АСТАМ СІРІҢКЕ ҚОРАБЫ ТӘРКІЛЕНДІ

Түркістан облысының полицейлері марихуана салынған 70-тен астам сіріңке қорабын тәркіледі, деп жазады ТО ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Жедел-іздестіру іс-шарасы аясында Келес АПБ-нің полиция қызметкерлері және Түркістан облысы ПД есірткі қылмыстарына қарсы күрес басқармасының жедел уәкілдерімен бірлесіп, есірткі сақтаған күдіктіні құрықтады. Келес ауданы тұрғынының үйін тінту кезінде, полиция қызметкерлері оның ауласындағы сарайдан құрамында есірткі тектес заты бар 74 дана ...

Толығырақ »

БЛОКБЕКЕТТЕР 24/7 РЕЖИМІНДЕ ЖҰМЫС ЖАСАУДА

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2020 жылғы 15 наурыздағы №285 Жарлығымен Қазақстан Республикасында төтенше жағдай енгізілгені белгілі. Іле-шала қаламызда коронавирус пандемиясының алдын алу бағытында арнайы штаб құрылды. Ал 18 наурызда құрамында бірнеше тәжірибелі медицина, полиция және әскери қызметкер бар үш блок-бекет жұмысын қызу бастап кетті. Олар шаһардан шығатын және кіретін үш «ыстық нүкте»: Арыс – Шымкент, Арыс – Сарыағаш ...

Толығырақ »

ЖЫЛ БАСЫНАН 71 ТОННА СҮТ ӨНДІРГЕН КООПЕРАТИВ

Түркістан облысы, Сайрам ауданы, Манкент ауыл округінде аналық мал басы 7896-ға жетіп отыр. Аудан ет-сүт өнімдерімен өзін-өзі толық қамтып отыр. Бұл туралы Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды. Бүгін Сайрам Ауданының әкімі Ұласбек Сәдібеков Манкент ауыл округіндегі «О.Құрбанов» өндірістік коопреативіне барып, ондағы мал шаруашылығының жай -күйін білді. Мұнда қазір 200 бас ірі қара мал бар. Оның 85-і сауын ...

Толығырақ »

КОНГО-ҚЫРЫМ ҚАНДЫ ҚЫЗБАСЫНЫҢ АЛДЫН АЛАЙЫҚ

Әр жылда күлімдеген көктеммен бірге аса қауіпті жұқпалы аурулар тобына жататын Конго-Қырым геморрагиялық қызба ауруының эпидемиологиялық маусымы да келеді. Яғни осы кезде табиғатта кенелер саны тез көбейіп, олардың ішіндегі ауру тасымалдаушы кенелер адам денсаулығына қауіп туғызады. Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы ауруы немесе көкала – табиғи ошақтық аса қауіпті жұқпалы вирусты инфекция. Бұл аурудың аса қауіптілігі өлім-жітім көрсеткішінің өте жоғары болуында — ...

Толығырақ »