Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары (страница 114)

Ауыл жаңалықтары

ҚАЗЫҒҰРТ БОЛАШАҚҚА БАТЫЛ ҚАРАЙДЫ…

Өңірлік коммуникациялар қызметінде Қазығұрт ауданының әкімі Т.Телғараевтың Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауындағы  міндеттердің ауданда жүзеге асырылуы бойынша баспасөз-конференциясы өтті. Аудан жетістіктері кеңінен айтылып, алдағы жоспарлардың да ауқымды екені байқатылды. Әсіресе, білім саласындағы жетістіктер ауыз толтырып айтарлықтай-ақ. Білім – ғылымның іргетасы жəне мемлекет дамуының алтын арқауы. Елбасы Н.Ә.Назарбаев халыққа жолдаған барлық Жолдауында білім беру саласы қызметкерлеріне үлкен ...

Толығырақ »

МЕЖЕ – 125 МЫҢ БАС!

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен етті-майлы ордабасы тұқымын өсірудің және қозы етін өндірудің озық технологияларына арналған баспасөз-конференциясында «Оңтүстік Батыс мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС Бас директорының мал шаруашылығы бойынша орынбасары Нұрадин Әлібаев мәлім етті.Онда спикер Елбасы Жолдауында айтылған аграрлық сектор экономиканың жаңа драйверіне айналуы керек деген тапсырмасына орай, алдағы 4 жылда яғни, 2021 жылға қарай «Ордабасы» қой ...

Толығырақ »

ҚЫЗАНАҚТЫҢ КӨКЕСІН ЖЫЛЫЖАЙДА КӨРЕСІҢ!

Суреттерді түсірген Асхат Әсетұлы Қазығұрт ауданы жылыжайлар бойынша басқа өңірлерден еш қалыспай келе жатыр. Тіпті, алдыңғы қатарда десе де, болатындай. Тұрбат аулында тіршілік жасап келе жатқан «Сайдахмат ата» шаруа қожалығы 2010 жылы құрылған болатын. Онда 3 отбасы мүшелері – барлығы 25 адам еңбек етеді. Төрағасы Сайдрасул Саипов. Қожалық ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірумен айналысады. 5 гектар жерде қызанақ өсіріп келеді. Ә.Ә.

Толығырақ »

АСЫЛ ТҰҚЫМДЫ ІРІ ҚАРА

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі баспасөз қызметінің ұйымдастыруымен Бәйдібек ауданына ақпараттық тур ұйымдастырылды. Журналистер аудандағы әлеуметтік-экономикалық дамуға өзіндік үлес қосып отырған бірқатар мекемелерді аралады. Алдымен тілшілер Боралдай ауыл әкімдігіндегі «Абердин – Ангус» тұқымды ірі қара мал шаруашылығына барып, өз қаржысына іс бастаған жеке кәсіпкер Мақсат Назарбаевтың жұмыс жүйесімен таныс болды. Тарқатып айтар болсақ, «Абердин – Ангус» тұқымды ірі қара мал шарауашылығы 2015 жылы ...

Толығырақ »

Отырардағы «Алаш» этноауылы

Отырар ауданындағы Қарақоңыр ауыл округіне қарасты Бестораңғыл елді мекенінде қазақтың ұлттық салт-дәстүрлерін паш еткен «Алаш» этнографиялық ауылының ашылу салтанаты өтті. Жеке кәсіпкер Алмас Сыздықбеков «ЭКСПО – 2017» көрмесіне орай, еліміз бойынша алғашқылардың бірі болып этноауылды ұйымдастырды. Этноауылға АҚШ, Сингапур, Польша, Франция, Германия сияқты әлемнің 20 елінен қонақтар келді. Сәйгүліктерге мінген қос жаршы мәртебелі меймандардың этноауылға келгендерін жар салып хабарлады. Аудан әкімі ...

Толығырақ »

ЖЕТІСТІКТЕР ЖЕТЕРЛІК, ЖЕТЕСІЗДІК ЖОҒАЛДЫ!

Ордабасы ауданының әкімі Алмасбек Мамытбеков Өңірлік коммуникация орталығында бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен кездесіп, арнайы баспасөз мәслихатын өткізді. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауының Ордабасы ауданында орындалу барысы туралы кеңінен әңгімелеген аудан басшысы, ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерімен таныстырды. Үстіміздегі жылдың 4 айында инвестиция көлемі 1 миллиард 330 миллион теңгеге жеткен. Өнеркәсіп саласында өндірілген ...

Толығырақ »

КӨШ БАСТАУЫ ТИІС

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев: «ОҢТҮСТІК ҚҰС ЕТІН ӨНДІРУДЕ ЕЛІМІЗДЕ КӨШ БАСТАУЫ ТИІС» Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Ордабасы ауданына арнайы іссапармен барып, өңірдегі бірқатар шаруа қожалықтарының жұмысымен танысты. Өңір басшысы алдымен «Ордабасы құс» ЖШС-нің кешенді күрке тауық фабрикасын аралап көрді. Аталған фабрика жылына 8110 тонна тірі салмақта күркетауық етін өндіруге қауқарлы. Инвестициялық құны 3 млрд. 249 млн.теңгені ...

Толығырақ »

ҚАЗЫҒҰРТТЫҢ ҚОРҒАНЫ – ҚОРҒАНБАЕВ!

Оңтүстік Қазақстан облысы прокурорының бірінші орынбасары Хали Маматаев Қазығұрт ауданының жұртшылығына ауданның жаңа тағайындалған прокуроры Батыр Қорғанбаевты таныстырды. Кеме қалған киелі ауданның қадағалаушы органы жаңа басшысына сәттілік тілеп, аудан халқын шын жүректен құттықтаймыз!.. Өз тілшімізден

Толығырақ »

ОТЫРАР АУДАНЫ – ОТЫРАР КІТАПХАНАСЫНДА!

Шымкент қаласындағы «Отырар кітапханасында» (директоры Күлия Айдарбекова) Оңтүстік Қазақстан облысының 85 жылдығына орай ұйымдастырылған «Аудандар көші – кітапханада» атты жоба аясында ұлы тұлғалар мекені, тұнып тұрған тарихтың алтын кені атанған көне Отырар ауданы орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің «Отырар ауданының мәдени күні» атты әдеби-тақырыптық кеші өтті. Бұдан бұрын Арыс қаласы, Бәйдібек, Қазығұрт, Ордабасы аудандары бастап кеткен игі шараны отырарлық ағайындар жалғастыра түсті. Жазушы ...

Толығырақ »

ОСЫ ЖҰРТ КЕУРЕКТІ БІЛЕ МЕ ЕКЕН?

Көктем келіп жер беті жасыл желекке оранған шақты жақсы кө­ремін. Туған ауылым Сырдария өзенінің жағасындағы тоғайлы жерде орналасқандықтан табиғаттың әсем де сұлу келбетіне көзім үйреніп те қалған. Даланың иісі аңқыған жусаны, гүлдеген шеңгелі, жер бе­тіне төселген кілемдей толқынданып тұратын қызғалдағы мені шабыттандырып отыратын. Сондықтан болар арманшыл, қиялшыл болып өстім. Әкем менің қиялыма қиял қосып, армандарымды ас­­қақтатып қоятын. Шіркін, балалық шаққа ...

Толығырақ »

ИМАНДЫ ЖАН ИМАНОВ

Ордабасының қасиеті оның азаматтарында жатыр… Ордабасы – батырлардың, ақындардың, сазгерлердің, тарихи тұлғалардың түлеп ұшқан жері. Оларды біз мақтан тұтып қана қоймай,өзімізге де, бала-шағамызға да үлгі-өнеге етеміз… Бүгінгі кейіпкеріміз – Ордабасы ауданы­нан түлеп ұшқан жерлестеріміздің бірі, Ор­дабасы ауданының және Оңтүстік Қазақс­тан облысының Құр­метті азаматы, облы­­с прокуроры, генерал Ибраһим Әлжанұлы Иманов. (ӨМІР БЕЛЕСТЕРІ жайлы) Бөген, қазіргі Ордабасы ауданының Ер­молов (қазіргі Берген) ауы­лында ...

Толығырақ »

«Қозықұйрық егем!» дер, дәмін татып жегендер…

Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданындағы «Agro Green» ЖШС-гі өңірде алғаш рет ірі көлемде қозықұйрық өсіруді қолға алып отыр. Осы жылдың басында жұмысын бастаған серіктестік жылына 200 тонна өнім өндіруді жоспарлап отыр. Облыста қозықұйрық өсіруде ең алғашқы ір жоба болып табылатын ферманың жұмысымен журналистер облыс әкімінің баспасөз қызметі ұйымдастырған пресс-тур барысында танысты. Қозықұйрықтың А15 сортын өсіріп шығаратын ферма тұқымды Голландия елінен ...

Толығырақ »

Жер жетеді!..

Мақтааралда биыл техникалық дақыл – мақта алқабының қатары 3 мың гектарға азайып, орнына картоп, көкөніс және бақша дақылдары мен жеміс-жидек және жүзім дақылдарын егу қолға алынуда. Бұл туралы бүгін Мақтаарал ауданының әкімі Ғалымжан Исмаилов ОҚО Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз жиынында мәлімдеді. Журналистермен болған отырыста аудан басшысы ағымдағы жылы болжамдық егіс құрылымына сәйкес, дәнді және бұршақты дақылдар 13884 га, техникалық ...

Толығырақ »

ОРДАБАСЫ – МЕКЕНІМ… Бала кезден білген едім, қасиетті екенін!..

Бұл кісінің еңбек стажына кей адамның ғұмыры да жеткіліксіз. Көптеген игілікті істерді атқара жүріп, қарапайымдылығын сақтап қалған   ӘЖИДИН ҚАРАБЕКОВ   бұл күндері тоқсанға толған торқалы тойын да жасап үлгерді. Қазақ даласында көптеген ауқымды істердің басы-қасында жүрсе де, ешқандай марапатсыз-ақ ел құрметіне бөленіп отырған шынайы қаһармандарымыз аз емес. Қит етсе, «мен ондаймын, мен – мұндаймын, менің тірлігімді ешкім лайықты бағалап ...

Толығырақ »

Жәдігерлерімізді жинақтаған…

Оңтүстік Қазақстан облысындағы аудан, қалалар арасында кітап қоры жағынан көш бастап тұрған кітапхана бар. Ол Созақ ауданының орталығы Шолаққорғанда орналасқан аудандық орталық кітапхана. Мұндағы кітап қоры 400 мың данаға жуықтайды. Және аталған мекемеде жиі кезде бермейтін құнды кітаптарды табуға болады екен. Бұл туралы таяуда ОҚО-ның БАҚ өкілдері үшін Созақ ауданына жасалған арнайы пресс-тур кезінде көрсетіліп, айтылды. Шолаққорған аудандық кітапханасында 385 ...

Толығырақ »

Ұсыныстар аз болмады…

Жуалы аудандық сотында «Мемлекет беделі сот әділдігімен өлшенеді» атты тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Аталған шараға аудандық сот төрағасының міндетін атқарушы А.А.Замбаев, прокурор Е.Марат, қорғаушы О.Шуақбаев, АІІБ басшысының бірінші орынбасары подполковник М.Мүсірепбеков, пробация қызметінің аға инспекторы капитан Қ.Сарғалтақов, Жуалы ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің бас маманы Н.Сейтқұлов және БАҚ өкілдері қатысты. Шара барысында судья А.А.Замбаев өз сөзінде: «Мемлекет беделі мен сот ...

Толығырақ »

Халық болса, балық болады!..

Оңтүстік Қазақстан облысында балық шаруашылығының өрісі кеңейіп, оны Еуропа елдерінің нарығына шығару көзделуде. Осы саланы дамыту мақсатында ауыл шаруашылығы мамандары балық шаруашылығын қолға алып келе жатқан Шардара ауданында бас қосты. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру бойынша қолға алынған кезекті мамандандырылған семинар-кеңес Шардара ауданында өтті. Жиынға облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары А.Қаныбеков пен аудан әкімінің орынбасарлары және ...

Толығырақ »

Тоқшылық басталады көп ұзамай…

Мұндай тапсырма облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтың төрағалығымен өткен селекторлық жиында облыстық кәсіпкерлік, индустриалды-инновациялық даму және туризм басқармасының жетекшілігіне жүктелді. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағаларының өсуіне жол бермеу аясында өткен отырыста аталған басқарма басшысының орынбасары Ілияс Оспанов ақпан айындағы тұтыну құнына шолу жасап, бағаны тұрақтандыру бойынша жұмыстардың тұрақты атқарылып жатқанын баяндады. Мәліметке сәйкес, өткен айда облысымызда жұмыртқа бағасы 4,7%-ға, күнбағыс ...

Толығырақ »