Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » ОҚО жаңалықтары (страница 70)

ОҚО жаңалықтары

ОҚО-ДА САЛЫҚ ТҮСІМІ 10 АЙДА 251 МЛРД. ТЕҢГЕНІ ҚҰРАДЫ

Оңтүстік Қазақстан облысы ағымдағы жылдың 10 айында салық түсімі бойынша мемлекеттік бюджет жоспарын 103 пайызға орындады. Белгіленген жоспар 245 млрд. теңге болса, бюджетке нақты 251 млрд. теңге өндірілген. Бүгін бұл туралы ОҚО өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Алтынсары Үмбеталиев мәлімдеді. Департамент басшысының айтуынша, мемлекеттік бюджет түсімдерінің өсу қарқыны 2016 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда едәуір артып ...

Толығырақ »

АРЫСТА ЕКІ ФЕЛЬДШЕРЛІК БЕКЕТ ПЕН ҚОНАҚ ҮЙ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы аясында 1-желтоқсан Тұңғыш Президент күніне орай, Арыс қаласындағы Саналы және Шағыр елді мекендерінде облыстық бюджет есебінен фельдшерлік амбулаториялық бекет қолданысқа берілді. Ашылу салтанатына қатысқан қала әкімі Мұрат Болатұлы денсаулық сақтау нысандары елді мекен тұрғындарына алғашқы медициналық қызмет көрсету мақсатында ел игілігіне пайдалануға беріліп жатқанын атап өтті. «Мемлекеттің басты ...

Толығырақ »

ЕКІ ЕСЕ АРЗАН САТЫЛДЫ

Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы – Шымкент қаласында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай азық-түлік тауарларына қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды. Жәрмеңке түрінде өткізілген шарада тұрғындар тауарларды нарықтағы бағадан 2 есеге төмен бағада сатып алды. Қаладағы баға саясатын тұрақтандырып, тұрғындарға мерекелік көңіл-күй сыйлаған акцияны облыс пен қала әкімдігі ұйымдастырып отыр. Мұнда 300-ге жуық кәсіпкер өз өнімдерін қала тұрғындарына арзан бағада ұсынды. Онда тек ...

Толығырақ »

ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КҮНІНЕ ОРАЙ

Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс қаласына қарасты Көкжиде елді мекенінде 1-желтоқсан – Тұңғыш Президенті күніне орай, жаңа спорт залының ашылу салтанаты өтті. Шарада сөз алған қала әкімі Мұрат Қадырбек негізгі мақсат – өскелең ұрпақ арасында салауатты өмір салтын насихаттап, бос уақыттарын тиімді пайдалануға мүмкіндік жасау екендігін атап өтті. «Бүгінгі ашылған спорт залынан жерлестеріміз сияқты ауыр атлетикадан Қазақстан Республикасының еңбегі сіңген спорт ...

Толығырақ »

«ТƏУЕЛСІЗДІК ТҰҒЫРЫН БЕКІТКЕН ЕЛБАСЫ»

Шымкент қаласындағы «Shymkent Plaza» сауда ойын-сауық орталығында 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күніне арналған «Тəуелсіздік тұғырын бекіткен Елбасы» атты фото көрме ашылды. Президент күніне арналған іс-шараның барысында Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бүгінге дейін еліміздің тұрақты дамуына негіз болып келе жатқан Мемлекет басшысының саясаты мен идеясының айналасына қоғамды топтастырғандығының айғағын көрсететін, Тəуелсіздік жетістіктерін бейнелейтін шамамен 50-ге жуық сурет ұсынылды. Сондай-ақ, көрмеде Ұлт ...

Толығырақ »

КӨПІР ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек ауданында 1-желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай жаяу жүргіншілерге арналған көпірдің салтанатты түрде ашылу рәсімі өтті. Боралдай ауылдық округіне қарасты Орынбай Тайманов пен Ақжар елді мекендерін бөліп тұрған жаңа аспалы көпірдің ашылғанына жергілікті халық дән риза. Шараға Бәйдібек ауданы әкімінің міндетін уақытша атқарушы Нұрғали Айтбеков қатысып, көпірдің ауыл жұрты үшін қажетті болғандығын айтты. «Облыстық бюджеттен ...

Толығырақ »

ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Шымкент қалалық жедел медициналық көмек көрсету ауруханасы жанынан 3 қабатты қабылдау-диагностикалық, реанимациялық-ота жасау корпусы пайдалануға берілді. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мерекесіне орай пайдалануға берілген денсаулық сақтау нысанының ашылу рәсіміне облыс әкімі Ж.Түймебаев қатысып, барша медицина саласының қызметкерлерін мерекемен құттықтады. Сонымен қатар, әкім мекеме ұжымына жаңа жедел жәрдем автокөлігін сыйға тартты. Бүгінде елімізде көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасын арттыру мақсатында жүйелі ...

Толығырақ »

МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ

Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы Шымкент қаласындағы «Қазақстан халқы Ассамблеясы» ғимаратында Тұңғыш Президенті күніне арналған 1000 адамның қатысуымен мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Шараға қатысқан облыс әкімі Жансейіт Түймебаев «Қазақстан халқы Ассамблеясы» ғимаратының фойесінде ұйымдастырылған «Елбасы жолдауы жылнамасы» атты фото және кітап көрмесін аралап көрді. Мұнан соң өңір басшысы Назарбаев зияткерлік мектебінің шәкірттері ұйымдастырған «Біз Елбасымен біргеміз» атты флешмобын тамашалады. Салтанатты жиын «Қазақстан ...

Толығырақ »

«ЖАС КӘСІПКЕР» ЖОБАСЫ

Оңтүстік Қазақстан облысы өңірлік коммуникациялар қызметінде өңірдегі жастарды кәсіпке баулу және қолайлы жағдай жасау мақсатында қолға алынған «Жас кәсіпкер» жобасының таныстырылымы өтті. Жобаны «Оңтүстік» аймақтық инвестициялық орталығы мен «Ырыс» микроқаржы ұйымы бірлесе қолға алып отыр. Брифингке мекеме өкілдері қатысып, журналистерге «Жас кәсіпкер» жобасын таныстырды. «Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында жастарға аса басымдық берілген. Бұл орайда мемлекеттік ұйымдардың жастарға деген ...

Толығырақ »

1,9 МЛРД. ТЕҢГЕ БАҒЫТТАЛДЫ

Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының кезектен тыс он жетінші сессиясы өтті. Жиынның күн тәртібінде 3 мәселе қаралды. Басқосуға облыс әкімі Ж.Түймебаев, облыстық мәслихат хатшысы Қ.Балабиев, облыстық мәслихат депутаттары, қала және аудан әкімдері, облыстық, аумақтық департамент, басқарма басшылары мен БАҚ өкілдері қатысты. Сессияның жұмысын облыстық мәслихат сессиясының төрағасы Қ.Б.Абасов жүргізіп отырды. Бірінші кезекте халық қалаулылары облыстық маслихаттың «2017-2019 жылдарға арналған облыстық бюджет ...

Толығырақ »

ЕКІ БАЛАБАҚША АШЫЛДЫ

1-желтоқсан Тұңғыш Президент күніне орай, бүлдіршіндерге арналып Арыс қаласында 100 орындық «Оразалы ата» және Байырқұм ауылдық округінде 75 орындық жекеменшік мемлекеттік әріптестік аясында «Самұрық» балабақшалары пайдалануға берілді. Ашылу салтанатында сөз алған қала басшысы Мұрат Болатұлы барша тұрғындарды мерекемен құттықтап, бала тәрбиесі — ел өмірінде ең маңызды орын алатынын атап өтті. «Болашағынан үміт күттірер бүлдіршіндеріміздің алтын ұясының ашылу құрметіне қатысып отырған ...

Толығырақ »

60 ЖЫЛДЫҚ ТАРИХЫ БАР «МЕТАЛЛУРГ» САЯБАҒЫ

Шымкент қаласында жөндеу жұмыстарынан өткен «Металлургшілер» саябағы қайта пайдалануға берілді. 1 желтоқсан — Тұңғыш Президент күні мерекесіне орай ұйымдастырылған салтанатты шараға Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаев пен қала әкімі Нұрлан Сауранбаев қатысты. Ашылу салтанатында сөз алған өңір басшысы тұрғындар мен қонақтарды мерекемен құттықтап, қайта жаңғыртылған саябақтың 60 жылдық тарихы бар екенін атап өтті. «Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы баршамызды ...

Толығырақ »

«АСТАНА» ТҰРҒЫН ҮЙ КЕШЕНІ

Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы Шымкентте 1 желтоқсан — Тұңғыш Президент күні мерекесіне орай бірінші кезектегі «Астана» тұрғын үй кешені пайдалануға берілді. Осылайша шымкенттік 96 отбасы баспаналы болды. Тұрғын үй кешеннің ашылу салтанатына қатысқан облыс әкімі Ж.Түймебаев жаңа қоныс берекелі және ырысы мол үлкен ордаға айналуын тіледі. «Бүгін «Нұрлы жер» тұрғын үй бағдарламасы аясында «Шымкент» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ-ы арқылы қалада ...

Толығырақ »

15 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖАС АТСАЛЫСҚАН

Оңтүстік Қазақстан облысында «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша жыл сайын 1000-нан аса жас жазғы еңбек лагерлеріне тартылса, жалпы 13 жыл ішінде 15 мыңға жуық жас атсалысқан. 2017 жылы республикалық бюджеттен «Жасыл ел» бағдарламасына 63,1 млн. теңге қаржы бөлінген. Бұл туралы ОҚО өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте жастар саясаты жөніндегі басқарма басшысы Балмаржан Нарбекова мәлімдеді. Басқарма басшының айтуынша, облыстағы жастардың саны 750 ...

Толығырақ »

«БІРЖАН – САРА» ПРЕМЬЕРАСЫ

Оңтүстік Қазақстан облыстық опера және балет театры Мұқан Төлебаевтың «Біржан – Сара» премьерасын қойды. Әлемдік классикалық музыка қорына енген «Біржан – Сара» операсын сахналау, облыстық опера және балет театры үшін тарихи оқиға, жаңа белес болып отыр. Премьераның ашылу салтанатына Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев арнайы қатысып, қойылымды көрермендермен бірге тамашалады. «Біржан – Сара» – көп актілі лирикалық драмалық опера ...

Толығырақ »

ҚЫЛМЫС АЗАЙЫП КЕЛЕДІ

Оңтүстік Қазақстан облысында жастар арасындағы қылмыс пен құқықбұзушылық көрсеткіші 2017 жылы өткен жылға қарағанда 307-ге азайған. Бұл облыс көлемінде жүзеге асырылып жатқан «Жас сақшы» және «Жас полиция көмекшілері», «Айбын» жобалары мен мекенжайлық көмек көрсету жұмыстарының нәтижесі. Бүгін бұл туралы ОҚО өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте жастар саясаты жөніндегі басқарма басшысы Балмаржан Нарбекова мәлімдеді. Басқарма басшысының айтуынша, «Серпін – 2050» жобасы ...

Толығырақ »

ШАҒЫН ФУТБОЛ АЛАҢЫ

Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданы Шолаққорған елді мекенінде 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент мерекесі күні қарсаңында шағын футбол алаңы пайдалануға берілді. Спорт алаңының ашылу салтанатында сөз алған аудан әкімі Салыхан Полатов Елбасымыздың халықтың дене шынықтырумен және спортпен жаппай айналысуы үшін спорттық инфрақұрылымдардың қолжетімділігін кеңейту тапсырмасының кезең-кезеңмен орындалып отырғанын жеткізді. Аудан әкімінің айтуынша, бүгінде Созақ өңірінде 236 спорт ғимараты тұрақты түрде ...

Толығырақ »

ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА

1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мерекесі қарсаңында Ордабасы ауданының орталығында екі пәтерлі 14 коммуналды тұрғын үй тапсырылды. Ордабасылықтарға тұрғын үйлерді беру салтанатты шарасына Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев қатысты. Аймақ басшысы аудан орталығы – Темірлан ауылында «Қолжетімді баспана – 2020» бағдарламасы аясында облыстық бюджет есебінен салынған тұрғын үйлердің кілтін жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, кезекте ...

Толығырақ »

ЕЛБАСЫ ҚҰРҒАН БІРЕГЕЙ ИНСТИТУТ

Шымкент қаласындағы «Қазақстан халқы Ассамблеясы» ғимаратында 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күні мерекесіне орай «Қазақстан халқы Ассамблеясы – Елбасы құрған бірегей институт» тақырыбында «дөңгелек үстел» мәжілісі өтті. Оңтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы ғылыми-сарапшылық топтың ұйымдастыруымен өткен жиынға ғалымдар, облыстық этномәдени бірлестіктер мен ассамблея жанындағы құрылымдардың жетекшілері, діни конфессиялардың өкілдері қатысты. Мәжілісті ашып, жүргізген ОҚО ҚХА төрағасының ...

Толығырақ »

ӘЛЕУМЕТТІК КӘСІПКЕРЛІКТІ АРТТЫРУ

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаев өңірдегі қоғамдық ұйымдардың өкілдерімен кездесіп, алқалы жиын өткізді. Жиынға облыс, аудан, қала әкімдерінің орынбасарлары, облыстық басқарма, бизнес-құрылым және коммерциялық ұйымдар басшылары, аудан, қалалардағы үкіметтік емес ұйым басшылары мен облыстық қоғамдық кеңес мүшелері қатысты. Жиынды Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаев жүргізіп отырды. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібеков облыстағы қоғамдық бірлестіктердің қызметі туралы баяндама жасады. ...

Толығырақ »

ЖАҢҒЫРУ ТҮРКІСТАННАН БАСТАЛУ ҚАЖЕТ

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібеков Түркістан қаласына жасаған сапары барысында Елбасы айтқан ұлттық сананың жаңғыруы осы рухани қаладан басталу қажеттігін айтты. Жұмыс сапары аясында Ұласбек Сәдібекұлы бастаған арнайы топ ең алдымен №15 М.Жұмабаев атындағы мектеп-гимназиясының жаңартылған білім беру мазмұны бойынша апробациядан өтуін пысықтады. Мұнан соң, Түркістан гуманитарлық-техникалық колледжінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша жаңа спорт кешенінің ашылу рәсіміне қатысты. ...

Толығырақ »

ОРДАБАСЫ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ ҚР ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАЙДЫ

Құрметті жерлестер! Сіздерді Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті күнімен шын жүректен құттықтаймын! Жаңа тәуелсіз мемлекеттің іргетасын қалаушы Нұрсұлтан Назарбаев – барлық Қазақстандықтар және халықаралық қоғамдастық мойындаған ғаламдық бастамалардың бастаушысы, отандастарымыздың құқықтары мен бостандықтарының қорғаушысы, елді кемел келешекке жетелейтін игі істердің қолдаушысы. Мемлекетімізге одан әрі өрлеу мен өркендеу, әрбір қазақстандыққа – мол табыс, бақ-дәулет тілеймін! Тәуелсіз еліміздің қалыптасуынан бастап Мемлекет ретінде дамудың ...

Толығырақ »

ОТЫРАР АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ ҚР ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАЙДЫ

Қадірлі отандастар! Сіздерді 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен шын жүректен құттықтаймын! 1991 жылы 1 желтоқсанда тарихымызда тұңғыш рет өткен жалпыхалықтық сайлауда қазақстандықтар өз Президентін сайлап, дамудың жаңа жолын таңдаған болатын. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың салиқалы басшылығымен халқымыз Тәуелсіздік Туын биікке көтеріп, дамудың даңғыл жолына бет түзеді. Күнтізбеге қызыл белгімен енетін бұл күннің еліміз үшін орны бөлек. Себебі ...

Толығырақ »

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ОРТАЛЫҚ ДИРЕКТОРЫ ҚР ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАЙДЫ

Құрметті қазақстандықтар! Сіздерді, 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен шын жүректен құттықтаймын! Жыл санап жоғары қарқында дамып келе жатқан еңселі еліміздің асқақ мəртебесінің артуына сарабдал саясатты көшбасшысыздың еңбегі орасан. Қазақ халқының алтын əріппен қашалған мəңгілік тарих қойнауының төл беттерінде Әз Жәнібек пен Керей, Қасым мен Абылай, Хақназар мен Кенесары сынды халқын ақыл, парасатпен, келешекке із салар айрықша саясатпен ...

Толығырақ »

ШАРДАРА АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ ҚР ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАЙДЫ

Құрметті жерлестер! Баршаңызды Тұңғыш Президент күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Бүгін шардаралықтар барлық қазақстандықтармен бірге ерекше мереке – Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің күнін атап өтудеміз. Бұл мереке жаңа тәуелсіз мемлекеттің негізін қалаушы ретінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың айрықша еңбегіне құрмет ретінде белгіленді. Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан басшылығына қиын кезеңде келді. Алайда, Мемлекет басшысының кемеңгерлігі мен саяси ерік-жігері қиындықтарды еңсеріп қана қоймастан, бүгінгі ...

Толығырақ »