Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары (страница 13)

Ауыл жаңалықтары

ТҰРАН ДАЛАСЫНЫҢ КҮЙЛЕРІ

Бүгін 1 шілде – Ұлттық Домбыра күні. Осыған орай Түркістан қалалық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен «Тұран даласының күйлері» күйшілер байқауы өтті. Шараға қала әкімінің орынбасары Мекенхан Қозыханұлы арнайы қатысты. Сондай-ақ, Жарылқасын Әзіретбергенов бастаған Ұлжалғас Мұстафева, Сауранбек Елеуов, Несіпкүл Утебаева, Рыс Ташиметова, Гүлжанат Дюсенбаева тағы да басқа зиялы қауым өкілдері қатысты. Байқаудың мақсаты – дарынды жастарды насихаттау, музы­калық шеберлікті шыңдау, елдегі ұлттық ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН: «PIZZA PITCH» IT STARTUP-ТАРДЫ ҚОРҒАУ ШАРАСЫ ӨТТІ

Түркістан облысының Цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы мен Turkistan hub «PIZZA PITCH» шарасын өткізді. Онда Түркістан қаласындағы дамып келе жатқан IT startup-тарының жобалары таныстырылды. Іс-шараға 40-тан астам адам қатысып, 5 жоба қорғалды. – Бұл шара алдыңғы жылдары да өткен, биылдыққа 1-рет өтіп отыр. Алдағы уакыт қатысушылар санын көбейтіп, ауқымды етіп өткізу қолға алынбақ. Шараға қатысушыларға шектеу жоқ. Оқушылар, ...

Толығырақ »

«ӨНЕРЛІ ӨЛКЕ»: ШАРДАРА АУДАНЫНЫҢ ӨНЕРПАЗДАРЫ ТҮРКІСТАНДА

«Өнерлі өлке» облыстық өнер фестивалі аясында Шардара ауданының Түркістандағы мәдениет күндері өтуде. Шараның алғашқы күні Этноауыл аумағында «ШардараАрмспорт» клубының тарихы және «Шардара чемпиондары» ауданнан шыққан үздік спортшылардың жетістіктерінің, «Сыр шерткен Сырдың қойнауы» Шардара аудандық өлкетану мұражайының көшпелі көрмесі, қолөнер, қылқалам шеберлерінің, дәстүрлі тоқыма бұйымдар көрмесі жасақталды. Сондай ақ, жүннен бұйымдар жасау технологиясының және кілем ,сырмақ, өрмек тоқу,жүн бояу және киіз ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ДЕНСАУЛЫҚ НЫСАНДАРЫ САЛЫНЫП, МЕКТЕПТЕР ЖАҢАРУДА

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев Төлеби ауданына арнайы іссапармен барды. Аудандағы бірқатар әлеуметтік нысанды аралап, құрылыс барысын бақылады. Зертас ауылдық округі, Шомшақты елді мекенінде бой көтерген жаңа фельдшерлік-акушерлік пункті, Көксәйек бастауыш мектебінде жүргізіліп жатқан ағымдағы жөндеу жұмыстарымен танысты. Биыл дәл осы елді мекенде тағы бір ФАП құрылысы басталды. Облыс әкімі Дархан Сатыбалдының қолдауымен аймақтағы мектептер күрделі жөндеуден өтуде. Оған ...

Толығырақ »

Түлкібас ауданында алма бауды дамыту қарқын алып келеді

Түлкібастың құнарлы топырағында өсетін алмасы алыс-жақын шетелдерге танымал брендке айналды. Қырғызстан, Өзбекстан пен Ресей нарығында үлкен сұраныста. Ауданда алма бауды дамыту қарқын алып келеді. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Түлкібас ауданына іссапарында Шақпақ ауылдық округіндегі «Кен-Тау» ЖШС арнайы барды. Кәсіпкерге мемлекет тарапынан қолдаулар көрсетілуде. 12 жылдан бері қарқынды алма бау өсірумен айналысып келетін серіктестікте 240 гектарға қарқынды бау отырығызылған. Израильден ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН: ТҮЛКІБАСТА ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫН АЛДЫ

Түлкібас ауданында бірнеше көпқабатты тұрғын үй салынып жатыр. Ауданға іссапармен барған Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Нұршуақ мөлтек ауданындағы әлеуметтік тұрғын үйлердің құрылысын бақылады. Бұл жерде 2 қабатты, 20 пәтерлік 2 тұрғын үйдін құрылыстары ағымдағы жылдың мамыр айында бастау алған. Нысандар осы жылдың қыркүйек айында толық аяқталып, үй кезегінде тұрған азаматтарға берілмек. Сондай-ақ жаңа шағынауданда 56 пәтерлі үш тұрғын үй ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН: ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА ӨНДІРІС ЖАНДАНДЫ

Түлкібас ауданында мемлекеттік қолдаумен өндіріс саласы дамуда. Жергілікті кәсіпкерлер субсидия, жеңілдетілген несие алып, бизнесін кеңейтіп жатыр. Пандемия кезінде тұралап қалған кәсіпорындар жұмыстарын жандандырды. Әкімдіктің қолдауымен түрік инвесторлары қаржы құйған «Azia Food Company» ЖШС биыл қайта іске қосылған. Ұн диірмен кешені жылына 36 мың тоннаға дейін бидай өңдеуге қауқарлы. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Түлкібас ауданына іссапарында зауыт жұмысымен танысты. Биыл ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН: ТҮЛКІБАСТЫ ТҮРЛЕНДІРУ, АУЫЛДАРЫН ГҮЛДЕНДІРУ ЖОЛДАРЫ ҚАРАЛДЫ

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Түлкібас ауданы тұрғындарымен кездесті. Кездесуде ауданды дамыту, инфрақұрылмын жақсарту, атқарылған жұмыстар және алдағы жоспарлар талқыланды. Өңір басшысы билік пен халық бірлесе жұмыс атқарса ғана аймақ дамитынын айтты. Өндіріс орындарын ашу, инвестиция тарту, ауылдарды абаттандыру, тазалық жағдайын жақсарту мәселесі маңызды екенін жеткізді. – Нәтижеге қол жеткізу үшін әкімдіктер мен халық бірлесе жұмыс істеуі керек. Мысалы, елімізде ...

Толығырақ »

Мәжілісте құрылыс көлемінің индикаторлық орындалуы қаралды

Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбековтің төрағалығымен өткен кезекті лездемелік мәжілісте құрылыс көлемінің индикаторлық орындалуы, соңғы үш жылда пайдалануға берілген нысандарға қатысты анықталған кемшіліктер мен қалпына келтірілуі бойынша — орынбасары Байдулла Оразбеков, бюджеттің игерілуі бойынша — орынбасары Талғат Төлегенов баяндама жасады. Сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Мухит Көшенов қаланың бас жоспарына қатысты өзгерістерді, егжей-тегжейлі жоспар сызбасын ұсынды. Қаладағы “Таза қала” ...

Толығырақ »

НӘТИЖЕ ЖОБАСЫНЫҢ ТАНЫСТЫРЫЛЫМЫ ӨТТІ

Түркістан қаласы әкімдігі “Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі” мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен “Әлеуметтік қызмет көрсету орталығы” КММ “Қамқорлық” отбасын қолдау секторының қызмет алушыларына “Нәтиже” жобасының таныстырылымы өтті. Жобаның мақсаты: Осал топтағы әйелдерді нарықта сұранысқа ие мамандықтарға үйрету. Жоба негізгі 3 бөлімнен тұрады: алғашқы бөлімде әйелдер смм, таргет, маркетинг және өнімді сатылымға шығаруды үйренсе, келесі бөлімде сұранысқа ие қолөнер, клининг, базалық ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАНДА ЖАСЫЛ ЖЕЛЕКТЕРДІ КҮТІП-БАПТАУ ЖҰМЫСТАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ

Ауа-райының күрт ысып, температураның жоғарылуының себебінен облыс орталығындағы жасыл желектерді күтіп-баптау жұмысы күшейтіліп, қатаң бақылауға алынды. Бүгінгі таңда суғару жүйелері кешкі және түнгі мезгілдерге ауыстырылды. Арнайы кезекшілік бекітілді. Ауа райының ерекшелігіне орай, кей аймақтарда қосымша суғару жұмыстары ұйымдастырылып жатыр. Күнделікті суғару жұмыстарына 30-ға жуық техника мен 200 қызметкер жұмылдырылған. Сонымен қатар қала аумағындағы ирригациялық жүйелер мен Арыс-Түркістан су арнасы арқылы ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА КЕЗЕКТЕН ТЫС ЖИЫРМАСЫНШЫ СЕССИЯ ОТЫРЫСЫ БОЛЫП ӨТТІ

Бүгін Түркістан қалалық мәслихатының кезектен тыс жиырмасыншы сессиясы болып өтті. Жиынды қалалық мәслихат төрағасы Ғаппар Амантайұлы ашып, жүргізіп отырды. Сессия отырысына қала әкімінің орынбасары Талғат Байжанұлы және қалалық мәслихат депутаттары, дербес бөлім басшылары қатысты. Жиын барысында сессияның күн тәртібіндегі Түркістан қалалық мәслихатының 2018 жылғы 19 қарашадағы №40/202-VI «Үй іргесіндегі жер учаскелеріне салынатын базалық салық мөлшерлемелері туралы» шешімінің күші жойылды деп ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАНДА ҚОЛӨНЕРШІЛЕР ҚАЛАШЫҒЫ САЛЫНУДА

Тарихы тереңнен бастау алатын Түркістан қаласына келетін саяхатшылар саны артып келеді. Түркістан қаласының мәдени-рухани орталығында қолөнершілер қалашығы салынуда. Негізгі мақсат – туристерді тарту және өңірдегі кәсіпкерлікті дамыту. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды құрылыс жұмыстарын қадағалау мақсатына құрылыс нысанына барды. Киелі шаһарда қолөнершілердің әлеуеті зор екенін тілге тиек еткен өңір басшысы мердігерге жұмысты ширатуды, сапалы әрі мерзімінде орындауды тапсырды. Биыл Түркістан – ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАНДА КЕЗЕКТЕ ТҰРҒАН 100-ГЕ ЖУЫҚ ТҰРҒЫНҒА БАСПАНА КІЛТІ ТАПСЫРЫЛДЫ

Түркістан облысында тұрғындарды баспанамен қамту бағытында ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр. Бүгін Түркістан қаласында тұрғын үй кезегінде тұрған әлеуметтік осал топтағы азаматтарға 88 пәтер кілті табысталды. Тұрғындардың қуанышын бөлісуге Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды арнайы барып, пәтер иелеріне ізгі ниетін білдірді. – Бүгін сіздермен ерекше қуанышты сәтте кездесіп тұрмыз. Өздеріңіз білесіздер, Түркістан облысы құрылып, Түркістан қаласының облыс орталығы атанғанына 6 жыл ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ЖАСТАРЫ ЖАҢА ҒИМАРАТҚА ИЕ БОЛДЫ

Бүгін Түркістан қаласында «Жастар орталығының» жаңа ғимараты пайдалануға берілді. Салтанатты шараға қатысқан Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды түркістандық жастарға заманауи орталықтың кілтін табыстап, әр бастамаларына сәттілік тіледі. – Түркістан облысы – демографиялық өсімі жоғары аймақ. Соның ішіндегі 14-35 жас аралығындағы жастар саны 663 мыңнан асып, халық санының 30% құрайды. Түркістан қаласының өзінде бүгінде 72 мыңға жуық жас тұрады. Бұл – ...

Толығырақ »

ҚОҒАМДА ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ИММУНИТЕТ ҚАЛЫПТАСУЫ ҚАЖЕТ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сы­байлас жемқорлыққа қар­сы күрес мәселелері жөнін­де кеңес өткізіп, сыбай­лас жемқорлық жағдай­лары­ның саны әлі де азаймай тұрғанын атап көрсеткен болатын. Сондай-ақ, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке сыбайлас жемқорлықпен толық жойылғанша күресуді тапсырды. “Жемқорлықтың барлық түрімен ымырасыз күрес – мемлекетіміздің одан әрі дамуының басымдығы. Парақорлық, тамыр-таныстық, қоңырау шалу арқылы мәселе шешу және тағы басқа келеңсіздіктер жылдар ...

Толығырақ »

БИЫЛ ТҮЛКІБАСТА ҚАРҚЫНДЫ АЛМА БАУ КӨЛЕМІ 55 ГЕКТАРҒА АРТТЫ

Жалпы Түлкібас ауданында алма бау көлемі 3 мың гектарды құраса, соның ішінде 7 жүз гектардан астамын қарқынды бау алқабы алып жатыр. Соңғы жылдары Президентіміз Қ.Ж.Тоқаевтың су үнемдеу технологияларын барынша пайдаланып, ауыл шаруашылығы өнімінің көлемін арттыру тапсырмасына сәйкес, биыл Түлкібас ауданында 55 гектар жерге тамшылатып суғару технологиясы енгізілген қарқынды алма бау отырғызылды. Оның 25 гектарына көшет Жабағылы ауылдық округіне қарасты «Алмалы ...

Толығырақ »

АПТАП ЫСТЫҚТА ЖАСЫЛ ЖЕЛЕКТЕРДІ ЕСЕЛЕП СУҒАРУҒА ҚОСЫМША ТЕХНИКАЛАР ЖҰМЫЛДЫРЫЛДЫ

Бүгін түнгі суғару жұмысына 30-ға жуық техника шықты. Сонымен қатар қала аумағындағы ирригациялық жүйелер мен Арыс-Түркістан су арнасы арқылы да ағаштар суғарылуда. Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков әсіресе туристік аймақтардағы, мәдени-рухани орталықтағы жасыл алаңдарды шіліңгір ыстықтан сақтауға күш салу қажеттігін ескертіп, жауаптыларға өсімдіктерді қосымша тыңайтқыштармен баптауды тапсырды. Қаланың климаттық ерекшелігіне орай жасыл желектердің суғарылуы кешкі 19:00-дан таңғы 10:00-ға дейін жүзеге ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ТАЗАЛЫҒЫНА НҰҚСАН КЕЛТІРГЕН 6 МЫҢНАН АСТАМ АЗАМАТ АЙЫППҰЛ АРҚАЛАДЫ

Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков кезекті аппараттық мәжілісте қала тазалығы мен сәулетін сақтау бойынша атқарылған жұмыстардың есебін тыңдады. Сәулет және қала құрылысы бөлімі тарапынан қала аумағындағы сыртқы (көрнекі) жарнама нысандарын зерделеу нәтижесінде 290 заңсыз орнатылған жарнама нысаны анықталған. Заң талаптарына сәйкес 39 нысан тіркеуге алынды, талапқа сәйкес келмейтін өзге жарнамалық нысандар бөлшектеніп жойылды. Жалпы қала бойынша сәйкестендіріліп мемлекеттік кірістер басқармасының ...

Толығырақ »

“ӨҢІРДІҢ ТАЗАЛЫҒЫ ӨЗІМІЗДЕН”

Түркістандықтар бүгін сенбілікке шығып, 26 аумақты тазалады. “Таза Қазақстан” ұлттық жобасы аясында жалғасын тапқан тазалық шарасына шаһар тұрғындары мен еріктілер белсене атсалысты. 1000-ға жуық адам көше бойларын тазартып, жиналған қоқысты, кесілген ағаштарды тасымалдауға коммуналдық мекемелердің қызметкерлері мен 20-дан астам техника жұмылдырылды. Қураған өскіндерді қырқуға 50 арнайы техника бөлінді. Сенбілікке қатысқан қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков тазалық жұмыстарын аралап тексерді. Шаһар басшысы ...

Толығырақ »

ЖАСЫЛ ЖЕЛЕК — ЖАНҒА САЯ

Табиғаты тамылжыған Төлеби ауданын жасыл желекпен көмкеру, сол арқылы сәулетін арттыру күн тәртібіндегі жоспардың бірі. Осы мақсатта, аудандағы барлық елді мекендерде, көшелерге ағаш көшеттерін егу дәстүрге айналған. Аталған бағыттағы жұмыс барысын қадағалау мақсатында аудан әкімі Төлеген Телғараев «Төлеби» саябағына барып, оның жай-күйімен танысты. Аудан басшысы саябақ аумағындағы жасыл желектің өсу қарқынына көңіл бөліп, атқарылған жұмыстар барысына назар аударды. Көктем шығып, ...

Толығырақ »

Түркістанда “Бақытты әйел” семинар- тренингі өтті

Бүгін Түркістан қаласында “Бақытты әйел” семинар- тренингі өтті. Шараға «Бақытты әйел» қоғамдық қорының өкілдері мен түркістандық 500-ге тарта нәзік жанды қатысты. Қожа Ахмет Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінде ұйымдастырылған шарада келушілерге бірнеше бағытта ақпараттық қолдау көрсетілді. Қатысушылар аталған қоғамдық қордың өкілдерінен психологиялық, құқықтық кеңестер алды. Сондай-ақ, өмірлік азық болар пайдалы кеңестер айтылып, арнайы психологиялық ойындар өткізілді. Жалпы, “Бақытты әйел” қоғамдық ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫ ӨҢІРЛІК КЕҢЕСІНІҢ КӨШПЕЛІ ЖИЫНЫ ӨТТІ

Төлеби ауданы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің төрағасы Әбішов Нұралы Алмаханұлының төрағалығымен көшпелі жиын өтті. Жиынға Түркістан облыстық ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Нұрлан Арынбаев, облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Асылан Ибадуллаев, облыстық мәслихат депутаттары, облыстық салалық басқарма басшылары қатысты. Кәсіпкерлердің өзекті мәселелері талқыланған мәжілісті ашып, күн тәртібімен ...

Толығырақ »

АҚПАРАТТЫҚ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗДІ

Төлеби ауданы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында аудан әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы жұмыс тобы басқосуы өтті. Террористік тұрғыда осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру шараларына қатысты ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелерімен кездесуін аудан әкімінің орынбасары Сержан Дүйсебаев ашып, жүргізіп отырды. Жиынға Түркістан облысының Полиция департаменті экстремизмге қарсы іс- қимыл басқармасының аса маңызды істер бойынша аға жедел уәкілі Ермек Сарсенбаев, Түркістан облысының Кәсіпкерлік және ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАНДАҒЫ БОТАНИКАЛЫҚ БАҚТА ӨРІК ТЕРУ НАУҚАНЫ БАСТАЛДЫ

Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ-дың базасында орналасқан бірегей ботаниқалық бақ – аймақ үшін баға жетпес байлық. Бүгінде 88 гектар аумақты алып жатқан ботаниқалық бақта декоративті және жеміс талдарының 150-ге жуық түрі мен сорты бар. Жылдағы дәстүрге сай, жаз мезгілінің алғашқы күнінен оқу ордасының ботаникалық бағындағы жеміс ағаштары өнім бере бастайды. Бұған дейін де бақтағы шие ағаштарының өнімдері жиналып, жидектен ...

Толығырақ »