Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары (страница 19)

Ауыл жаңалықтары

САЙРАМ: ҚАРАБҰЛАҚТА ЖОЛ ҚОЗҒАЛЫСЫН РЕТКЕ КЕЛТІРУ МАҚСАТЫНДА АВТОТҰРАҚ ҚАРАСТЫРЫЛАТЫН БОЛАДЫ

Сайрам ауданы әкімінің берген тапсырмасына сәйкес, аудан әкімінің орынбасары Мадияр Оразалиев Қарабұлақ Ауылдық Округінің орталығын ретке келтіру бағытында атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысты, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Аралауға ауылдық округі әкімінің орынбасарлары Д.Усманов және Бахтияр Шамуратов, аудан әкімінің баспасөз қызметі Меруерт Шонтукова, аудандық полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі, ауылдық учаскелік полиция бөлімінің басшысы ...

Толығырақ »

САЙРАМ: ҮЙДЕ ОҚЫТЫЛАТЫН БАЛАЛАРҒА ҚУАНЫШ СЫЙЛАДЫ

Сайрам ауданының адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты №5 М.Горький атындағы жалпы орта мектебі ұжымының ұйымдастыруымен «Жақсылық жаса» және «Әлеуметтік белсенділік» тақырыбы аясында акция өтті, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Акцияның мақсаты — үйде оқытылатын балаларға көңіл бөлу. Мектеп ұжымы бастаған іс-шараға аудан әкімінің орынбасары Мадияр Оразалиев және аталған мектептің директоры Х.Пазаев қолдау білдіріп, ерекше ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАНДА 951 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ ӨНІМІ ӨНДІРІЛДІ

Түркістан өңірінің шаруалары биыл егіс көлемін 860 мың гектарға жеткізді, деп хабарлайды «Хабар 24»сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық амгенттігі. Сөйтіп 900 млрд-тан астам теңгенің өнімін өндірді. Жаңадан 113 гектар алқабы бар жылыжай салынды. Аймақ астық қорын ұлғайтып қана қоймай, ет өнімдерін экспортау бойынша республикада бірінші орында тұр. Ауыл шаруашылығы қызметкерлері күніне арналған «Аltyn kúz — 2022» мерекесінде өңір шаруалары шығарған өнімдер ...

Толығырақ »

Түркістан қаласы тарихи туризмнің орталығына айналды

Бүгінде Түркістан қаласы тарихи туризмнің орталығына айналды. Әсіресе, Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне жаққа барған адам шығыстың ортағасырлық ғажайып шаһарына келгендей күй кешеді. Түркістанда бір кездері уақыт тезіне шыдас бермей немесе түрлі жағдайлармен шөгіп, қираған тарихи нысандарды қалпына келтіру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Туристердің зор қызығушылығын тудырып отырған солардың бірқатарына тоқтала кетсек. Мүссәлла қақпасы. ХІХ ғасырда қызмет көрсеткен сәулеттік құрылыстардың бірі. ...

Толығырақ »

Құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында рейд өтуде

Сайрам ауданы адами әлеуетті дамыту бөлімінің жылдық жоспарына сәйкес, Түркістан облысы Сайрам ауданына қарасты Қарабұлақ ауылында орналасқан №101  жалпы орта мектебінде және Қарабұлақ ауылы аймақтарында 2022 жыл 25-қараша күндері Сайрам аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің әдіскерлері Сәкен Амангелдиев, Қанат Мырзатаевтармен Қарабұлақ ауылындағы барлық мектеп ТІЖД орынбасарлары және Сайрам АПБ ЖПҚ ЮПТ-ң полиция инспекторлары мен бірлесе отырып, мектеп ұжымдарының жауапты қызметкерлерімен ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАНДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ҚАЖЫМҰҚАН МҰҢАЙТПАСОВТЫҢ ЖҮЛДЕСІНЕ АРНАЛҒАН АЗИЯ КУБОГЫ ӨТТІ

Түркістан қаласындағы қазақ күресінен ересектер арасында Қажымұқан Мұңайтпасовтың жүлдесіне арналған Азия кубогы аяқталды. «Түйе балуан» атанған батысқазақстандық Темірлан Көлбай бас жүлдеге ие болып, «Нива» автокөлігін жеңіп алды. Екі күнге созылған дүбірлі додада қазақстандық балуандар өз мықтылықтарын көрсетіп, Азия құрлығы бойынша теңдессіз екендігін көрсетті. Кезінде халқымыздың атақ-даңқын күрес арқылы бүкіл әлемге танытқан Қажымұқан Мұңайтпасов та талай жеңістің шыңына жетті. Биыл кең ...

Толығырақ »

Түркістанда «Қыс-2022» Республикалық командалық –штабтық жаттығу өткізілуде

2022 жылдың 25 қараша күні оқу-жаттығудың 2 күнінде сағат 09.00-де «Қарғын-2002» сигналы түскен сәтте Түркістан қаласының Азаматтық қорғау қызметтеріне, мекемелер мен тіршілікті қамтамасыз ету нысандарына және «Қыс-2022» РКШОЖ қатысатын мекемелерге қабылданған сигнал жеткізілді. Оқу-жаттығу практикалық түрде 112 пультіне жылдамдығы 25м/сек дауылды жел, қатты жауған қар және ауа температурасы -30°C әсерінен мынадай хабарламалар түскен: 1-хабарлама: Түркістан қаласындағы «Жылу» МКК орталық қазандығына ...

Толығырақ »

Золық-зомбылықсыз әлем құру — ұрпақтың саналы болып өсуінің кепілі

Сайрам ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Г.Тынымбаеваның бұйрығына және бөлімнің жылдық жоспарына, сонымен қатар Халықаралық балалардың құқықтарын қорғау аясындағы апталығына сәйкес, Қарасу ауыл округінде орналасқан №69 Бескепе атындағы жалпы орта мектебінің базасында Қарасу ауылдық округінің барлық білім беру мекемелері «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» тақырыбында тәжірбиелік семинар өткізді. Аталған тәжірбиелік семинардың мақсаты балаларды қоғамдағы зорлық-зомбылықсыз толымды өмірге даярлау, шығармашылық белсенділігін дамыту, ...

Толығырақ »

БОКСТАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ, «АҚСУКЕНТ СПОРТ КЛУБЫ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІНІҢ СПОРТ НҰСҚАУШЫСЫ СӘКЕН БИБОСЫНОВ ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСТІ

Бірінші байлық – денсаулық, ал сол денсаулықтың кепілі – спорт. Спорт барлық тәрбие атаулының бір саласы, қоғамдағы жалпы мәдениеттің бір бөлігі болғандықтан, мемлекетімізде спорттың бұқаралық сипатын дамытуға ерекше мән беріледі. Осыған орай Ақбастау ауылындағы Сайрам ауданы адами әлеуетті дамыту бөлімінің N33 Нұржан Шойынбаев атындағы жалпы орта мектебінде «Ақсукент спортклубы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен «Жасыңнан шынықсаң, ғасырға жарайсың!» атты аймақтық, аудандық ...

Толығырақ »

Ел боламын десең, бесігіңді түзе

Бүгін Сайрам ауданы Қарабұлақ ауылдық округі әкімінің орынбасары Б.Шамуратов, ішкі саясат, білім, спорт, мәдениет және жастар мәселелері бойынша бас маман Д.Нарымбетов Қарабұлақ ауылдық округіндегі жастар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу және болдырмау, ұлтаралық достықты сақтау, нығайту мәселелері бойынша Анвар Исмаилов атындағы кәсіптік колледжінің студенттерімен кездесу өткізді. Кездесуді колледж директоры Э.Мавланов ашып, жүргізіп отырды. Ауыл әкімінің орынбасары Б.Шамуратов жастар арасында құқықбұзушылықтың алдын-алу ...

Толығырақ »

Түркістандағы теңдесіз кітапхана

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің халыққа арнаған Жолдауларында: «Біздің күшіміз – жастардың білімінде», «Салауатты әрі белсенді жастар, түптеп келгенде, қуатты ұлттың негізін қалыптастарды» деген болатын. Былтыр түркі әлемінің рухани астанасы мәртебесін алған Түркістанда жастардың басын қосатын, рухани тәрбие беретін орталықтар аз емес. Солардың бірі «Фараб» кітапханасы. «Фараб» кітапханасы – Түркістан қаласының кітапқұмар оқырмандарының көзайымына айналып отыр. Аталмыш кітапхана көпфункционалды білім кешені ...

Толығырақ »

ОНОМАСТИКА МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ

Сайрам ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінде бөлім басшысы жанындағы кезектен тыс жекеменшік мектеп директорлары және мектепке дейінгі ұйым басшылары қатысқан мәжіліс болып өтті. Жиынға аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Гульнара Тынымбаева, Сайрам ауданы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Бекболат Оспанов, әдістемелік кабинет меңгерушісі Гулнар Нуртанова, маман Сауле Кошкинбаева және жекеменшік мектеп басшылары, құрылтайшылары, есепшілері, қатысты. Жиында адами ...

Толығырақ »

Көтерілген мәселелер жоспары түрде жүзеге асады

Түркістан қаласындағы Отырар секторының аумағы 3,4 мың гектарды құрайды, 50 750 тұрғыны бар. Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбековтің жыл басынан бергі кездесулерінде жалпы 127 мәселе көтерілген болатын. Оның ішінде: — 62- орындалды ( 9 жол, 12 инфрақұрылым, 6 қоғамдық көлік, 15 абаттандыру және тазалық, т.б., — 20); — 6 мәселе бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізілуде; — 59 мәселенің заңдылығы түсіндірілді. Бүгін ...

Толығырақ »

Түркістан: қала әкімі «Бекзат» секторының тұрғындарымен кездесті

Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков «Бекзат» секторына да арнайы ат басын бұрып, тұрғындармен пікірлесті. Жалпы жыл басынан бері өткен кездесулер нәтижесінде 101 мәселе көтерілген болатын. Оның: — 65 орындалды (18 инфрақұрылым, 10 жол мәселесі, 6 қоғамдық көлік, 9 электр жарығы, 7 тазалық, 7 жарықтандыру, 2 абаттандыру және 6 әлеуметтік сала); — 12 мәселе бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізілуде; — 24 мәселенің ...

Толығырақ »

ӘЙЕЛДЕРГЕ ҚАТЫСТЫ ЗОРЛЫҚ-ЗОМДЫЛЫҚТЫ БІРЛЕСЕ ТОҚТАТАЙЫҚ!

25 қараша — Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық көрсетуді жоюдың халықаралық күні аясында Түркістан қаласының полиция басқармасында “Әйелдерді, қорламайық, қорғайық!” атты республикалық акциясы басталды. Шараның негізгі мақсаты-әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты ескерту, алдын алу, әйелдерге зорлық-зомбылық жасауға бейім адамдармен жеке алдын алу жұмысын жүзеге асыру. Сондай-ақ,акция барысында «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың профилактикасы туралы» Заңының негізгі ережелерін түсіндіру жұмыстарын, әйелдерге әр түрлі құқықтық мәселелер бойынша консультативтік көмек ...

Толығырақ »

САЙРАМ: ҚАРАСУДА АТА-АНАЛАР МЕКТЕП ҚҰРЫЛЫСЫНА ШАҒЫМДАРЫН БІЛДІРДІ

Сайрам ауданы Қарасу ауылдық округінде орналасқан Сайрам ауданының адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты №14 М.Сапарбаев атындағы жалпы орта мектебінің жаңа оқу ғимаратына жүргізілген құрылыс жұмыстарының сапасыздығы және ескі ғимараттың жарамсыздығына байланысты ата-аналар тарапынан наразылықтар туындаған. Ата-аналар 31 арнанының тілшісі Мақсат Жақсыбайұлын шақырып, өз қарсылықтарын білдіре отырып, балаларына қажетті жағдайды жасауды талап етті. Осы мәселені түсіндіру үшін аудан әкімінің орынбасары Мадияр ...

Толығырақ »

САЙРАМ АУДАНДЫҚ МӘДЕНИЕТ, ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ, ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Сайрам ауданы әкімінің міндетін уақытша атқарушысы Ш.Убайдуллаевтың 2022 жылғы 24 қарашадағы өкімімен Сайрам аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы лауазымына Нұрлыбаев Мәди Абайұлы тағайындалды, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Осыған байланысты, аудан әкімінің орынбасары Мадияр Оразалиев жаңа басшыны аталған бөлімнің ұжымына таныстырып, алдағы қызметіне сәттілік тіледі. Айта кетелік, Мади Нурлыбаев ...

Толығырақ »

Сайрам: ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері тұрақты

Сайрам ауданының 2022 жылғы қаңтар-қазан айларының әлеуметтік–экономикалық дамуы туралы аудандық қаржы бөлімі хабарлайды, деп жазады аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі. 2022 жылдың 10 айында ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері тұрақты. Жалпы өңірлік өнім көлемі 202,0 млрд.теңгеге жетіп, 2021 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда өсім 15,5% құрады. Жалпы өнімнің 53,6%-ы ауыл шаруашылық саласына тиесілі. Өнеркәсіп саласында 47,9 млрд.теңгеге өнім ...

Толығырақ »

ҰСТАЗДАРМЕН «ҚАЛЫҢ ҚАЛАЙ БАСТАУЫШ ҰЙЫМ» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Бүгін, «Қалың қалай бастауыш ұйым» акциясы аясында Түркістан қаласы мектептерінің бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары мен кәсіподақ белсенділерінің қатысуымен №2 Хамза атындағы жалпы орта мектебінде кездесу өтті. Акцияның мақсаты бастауыш кәсіподақ ұйымдарындағы мәселелерді Заң тұрғысында шешу жолдарын түсіндіре отырып, пікір сайыс арқылы бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағаларына тиімді жол табуына ұжымдағы түсініспеу арқылы туындайтын дау-жанжалдарды болдырмау мақсатында олардың алдын алу жолдарын анықтап ...

Толығырақ »

СПОРТТЫҢ ЖАС ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІНДЕГІ МАҢЫЗЫ ОРАСАН ЗОР 

Бүгінгі жас жеткіншектерге тәлім-тәрбие беруде спорттық ұйымдардың атқаратын рөлі аз емес. Бос уақытын ұтымды пайдаланып қана қоймай, салауатты өмір салтын ұстануына ұйытқы болып әрі еліміздің болашақ азаматтарының бойында қайсар мінез бен темірдей тәртіптілікті қалыптастыру маңызды мәселелердің бірі. Спортпен айналысқан адамның денсаулығы мықты, өзі шыдамды болады. Осы орайда, Сайрам ауданының әкімі Ұласбек Сәдібековтің бастамасымен Ақбұлақ ауылдық округінде «Ауыл — ел тірегі» ...

Толығырақ »

Түркістан қаласында Ахмет Байтұрсынұлы ұлықталды

Түркістан қаласында Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына арналған Халықаралық түркітанушылар конгресі өтті. Қазақ ұлттық ғылымының негізін салушының құрметіне 2023 жылдан бастап Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Мемлекеттік сыйлық беріле бастайды, сондай-ақ ТҮРКСОЙ тарапынан әзірленген «Ахмет Байтұрсынұлы» медалі туыстас халықтардың қаламгерлеріне, ғалымдарына тұрақты түрде беріліп тұратын марапат болмақ. Қазақстанда да осындай ведомстволық медаль дайындалған, онымен гуманитарлық саланың өкілдері марапатталатын болады. Конгресте мұндай марапаттар ғалымдарға, қаламгерлерге ...

Толығырақ »

ӘЙЕЛДЕРГЕ ҚАТЫСТЫ ЗОРЛЫҚ-ЗОМДЫЛЫҚТЫ БІРЛЕСЕ ТОҚТАТАЙЫҚ!

25 қараша — Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық көрсетуді жоюдың халықаралық күні аясында Түркістан қаласының полиция басқармасында “Әйелдерді,қорламайық,қорғайық!” атты республикалық акциясы басталды. Шараның негізгі мақсаты-әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты ескерту, алдын алу, әйелдерге зорлық-зомбылық жасауға бейім адамдармен жеке алдын алу жұмысын жүзеге асыру. Сондай-ақ,акция барысында «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың профилактикасы туралы» Заңының негізгі ережелерін түсіндіру жұмыстарын, әйелдерге әр түрлі құқықтық мәселелер бойынша консультативтік көмек көрсету мақсатында ...

Толығырақ »

Сайрамда республикалық дәстүрлі олимпиадасы өтті

Облыстық дарынды балаларды анықтау және қолдау орталығының жылдық жоспарына сәйкес 5-6 сынып оқушыларына арналған республикалық дәстүрлі олимпиадасының, Сайрам ауданы адами әлеуетті дамыту бөлімінің 15 қарашасындағы №398 бұйрығына сүйене отырып, ағымдағы жылдың 23 қарашасында №17 жалпы орта мектеп базасында олимпиада өтті. Олимпиада математика, жаратылыстану, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі, Казақстан тарихы пәндері бойынша ауданымыздың 80 білім ...

Толығырақ »

ЕСТЕН КЕТПЕС ЕРСІН АҒА

Бүгін Сайрам ауданы Ш.Қалдаяқов атындағы ауылдық клубта дәрігер, психотерапевт, жазушы, драматург Ерсін Қойбағаровтың «Естен кетпес Ерсін аға» атты еске алу кеші және «Сергелдең сезім» атты кітабының тұсаукесері өтті. Еске алу кешінің бірінші бөлімі Ерсін Қойбағаровтың өмірі мен шығармашылығына арналған бейнефильммен басталды. Аудандық Қазақ халық театры Е.Қойбағаровтың «Бала мен қайыршы» пьесасынан қойылым қойды. Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Әлібек Байназаров кешті ашып, ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН: «ШАУҒАРДА» ЖОЛ МЕН ЖАРЫҚ МӘСЕЛЕСІ ӨЗЕКТІ 

 Шауғар секторында 177 көше болса (оның ішінде 67 көше асфальт жол, 91 көше тас жол, 19 көше топырақ жол), ағымдағы жылы 30,8 шқ құрайтын 30 көшеге тас төселіп, 20,5 шқ. құрайтын 19 көшеге жаяу жүргіншілерге арналған жол төселді. Одан бөлек сектор аумағында 20 аялдама орнатылды және 2 бағдаршам жаңартылды. Бұл жөнінде қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков «Шауғар» секторының тұрғындарымен кездесу барысында ...

Толығырақ »