30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні. Еліміздің барлық аймақтарында Ата Заңымызға арналған түрлі мерекелік шаралар басталып та кетті. Осы орайда, Шымкент қаласы Полиция департаментінің ұйымдастыруымен «Наурыз» алаңында Конституция күніне орай мерекелік шара өтті. Іс-шараға Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Қайрат Нұртай, қала Әкімшілігінің және Шымкент қаласы Полиция департаментінің басшылары, сондай-ақ, Департаменттің жеке құрамы, Ішкі істер органдарының ардагерлері, БАҚ өкілдері ...
Толығырақ »Қала тынысы
ШЫМКЕНТТЕ ҮШ ТІЛДЕ БІЛІМ БЕРЕТІН ЖАҢА БАЛАБАҚША АШЫЛДЫ
Шымкент қаласында білім күніне орай үш тілде білім беретін 900 орындық жаңа балабақша пайдалануға берілді. Білім мекемесінің ашылу салтанатына қатысқан қала әкімі Ерлан Айтаханов жаңа ғимаратты аралап көріп, ондағы балаларға жасалған жағдаймен танысты. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «didarbek.kz» ақпараттық агенттігі хабарлайды. Сонымен қатар, бүлдіршіндердің дайындаған концерттік бағдарламасын тамашалап, балалар мен ата-аналарды және тәрбиешілерді балабақшаның ашылуымен ...
Толығырақ »«Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалының партиялық активінің мәжілісі өтті
Бүгін «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалында Нұр-Сұлтан қаласында өткен Саяси кеңестің кеңейтілген отырысы негізінде және сол мәжілісте қаралған тапсырмаларды іске асыру мақсатында қалалық партия филиалының партиялық актив мәжілісі өткізілді. Актив мәжілісінде Шымкент қалалық мәслихатындағы «Nur Otan» партиясы фракциясының жетекшісі Бекайдар Төлегенов партияның бастауыш ұйымдарында, фракция отырысында бағдарламаны жүзеге асыру бойынша жоспарлар түзіліп, алдағы міндеттер нақтыланғанын атап өтті. Бұл туралы ...
Толығырақ »ШЫМКЕНТТЕ «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ӨКІЛДЕРІ САЯСИ КЕҢЕСТЕ ҚАБЫЛДАНҒАН ШЕШІМДЕРДІ ТАЛҚЫЛАДЫ
Бүгін «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалының партиялық активінің мәжілісі өтті. Қала әкімі Ерлан Айтахановтың қатысуымен өткен жиында Саяси кеңестің кеңейтілген отырысында қабылданған шешімдерден туындайтын міндеттер белгіленді. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «didarbek.kz» ақпараттық агенттігі хабарлайды. Партия активінде сөз алған қала басшысы «Nur Otan» Партиясының кеңейтілген саяси кеңесінде Елбасы ұсынған «Сенім. Диалог. Болашаққа нық қадам – ...
Толығырақ »Хан кененің қолының табы, жауының қаны сіңген қылыш — 5
(Жалғасы ) Дегенмен, осындай жазбалардың өзінен-ақ бұл қылыштың Кенесарынікі екені айқындала берері сөзсіз. Бір қарағанда, бұл қылыш көп қылыштардың бірі сияқты көрінуі де ықтимал. Ал көңіл қойып, зерделеп қарасаңыз, қылыштың мән-маңызына көзіміз анық жете түседі. Сөз жоқ, бағалы зат. Хан Кененің қылышы болуымен де құнды. Ең бастысы, елдігімізге, тәуелсіздігімізге қауіп төндірген отаршыларға қарсы кезенген қылыш. Арыстандай ақырған алып империяға қарсы ...
Толығырақ »Хан кененің қолының табы, жауының қаны сіңген қылыш — 4
(Жалғасы ) Әзімхан Кенесариннің қысқаша өмірбаянынан ұққанымыз, ол оқыған-тоқығаны бар, көкірегі ояу, көзі ашық кісі болған. Ендеше, бұндай адамның бүйректен сирақ шығарып, жоқтан бар жасауы мүмкін емес. Туған немересінің атасының затын білмеуі, танымауы, шатастыруы тіптен мүмкін емес. Сондықтан бұл қылыштың Кенесарынікі екеніне ешкімнің дауы болмаса керек. Кенесары ханның белінен қылышын тастамайтыны туралы жазба деректер бар, бірақ оның қылышы туралы нақты ...
Толығырақ »Хан кененің қолының табы, жауының қаны сіңген қылыш — 3
(Жалғасы ) – Орталық музейде он сауыт бар, осы сурет арқылы экспертиза жасап, Кенесарының сауытын анықтауға болады. Өйткені сол он сауыттың біреуі хандікі болуы да ғажап емес, – дейді Кенжехан мырза. Хан Кененің мылтығы мен сауыты туралы әңгімелердің ұшығы тарқай бастаған соң, оның қылышы жөнінде де сөздер айтыла бастады. Біреулер Мәскеудің бір мұражайынан көріпті-мыс». Қылышты музейге өткізген Әзімхан Ахметұлы Кенесарин ...
Толығырақ »Хан кененің қолының табы, жауының қаны сіңген қылыш — 2
(Жалғасы ) Жазушы, халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері Думан Рамазан «Хан Кененің қылышы» атты мақаласында Кенесары Қасымовтың мылтығы мен сауыты, қылышына қатысты тың деректерді алға тартады. «Кейінгі жылдары «Қазақ әдебиеті» газетінде Кенесары хан туралы аз жазылған жоқ. «Хан сүйегін іздестіру» жорығы аясында жарияланған мақала-материалдарды айтпағанның өзінде, хан Кененің мылтығы мен сауыты жөнінде келелі әңгімелер қозғалған-ды. Белгілі ақын Ұлықбек Есдәулет Омбы облыстық ...
Толығырақ »Хан кененің қолының табы, жауының қаны сіңген қылыш — 1
Келер 2020 жылы Шымкент ТМД елдерінің мәдени астанасы атанбақ. Шырайлы шаһардың өткені мен бүгіні жайлы тарихи — ғылыми дерек ретіндегі жәдігерлерді, өнер туындыларын, мәдени құндылықтарды, рухани мұраларды сақтап, жинақтап, ғылыми-танымдық қызмет атқаратын мекеме – музей мен архив. Осы орайда ұлттық тарихымыздың қатпар — қатпар қазынасынан сыр шертетін құнды жәдігерлер сақталған Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейіне ат басын бұрғанбыз. Шымкент қаласының ортасынан ...
Толығырақ »«Әділеттің қайнары – Ұлы Заң» атты саяси сағат өтті
Шымкент қалалық жасөспірімдер кітапханасында 30 — тамыз Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай ұйымдастырылған «Әділеттің қайнары – Ұлы Заң» атты саяси сағат өтті. Кез келген зайырлы елдің даму бағыттарын белгілейтін басты құжаты — Ата Заңы. Еліміздің Ата заңы халқымыздың дербес ел болуды армандаған, мүддесін заң тілінде айшықтаған, жер шарына, адамзат ғаламына «Қазақстан» деген мемлекет бар екенін паш еткен ерекше құжат. Конституция ...
Толығырақ »Шымкент қаласындағы №1 қалалық клиникалық ауруханасының материалдық базасы жаңартылды.
Тәулік бойы жұмыс істейтін ауруханадағы бөлімшелердің төсек жабдықтары 100 пайыз жаңартылып, ем алатын науқастар үшін қолайлы жағдай жасалды. №1 Қалалық клиникалық ауруханасының бас дәрігері А.А.Донбай ауруханаға шұғыл түрде келетін науқастарға сапалы медициналық көмек көрсетіп, қолайлы жағдай жасау мақсатында «Азала текстиль» ЖШС-нің тігін фабрикасымен бірлескен келісім шарт жасады. Екі жақты келісім негізінде бүгін ауруханада 500 орынға арналған төсек жиынтықтары жаңартылды. «Біздің ...
Толығырақ »Қала оқушыларына «Кәсіпкерлік негіздері» пәні оқытылады
Биылғы жаңа оқу жылында Шымкентте 70 мектеп пен 12 жоғары және орта арнаулы оқу орындарында «Кәсіпкерлік негіздері» оқытыла бастайды «Атамекен» ҰКП мен Білім және ғылым министрлігі қыркүйек-желтоқсан айлары аралығында 50 мыңға жуық студентті «Кәсіпкерлік негіздеріне» оқытуды жоспарлап отыр. Бұл студенттерге республика бойынша арнайы біліктілік курстарынан өткен 821 оқытушы дәріс береді. Осы мақсатта Шымкент қаласында аталмыш пән бойынша оқытатын мұғалімдер мен ...
Толығырақ »Дәріс тыңдауға елордадан келген
Шымкенте «Жас кәсіпкер» жобасы аясында өткізіліп жатқан бизнес-тренингке қатысушының бірі – Жадыра Манапова Нұр-Сұлтан қаласынан келіпті. Бірақ туып-өскен әрі тіркеуде тұрған жері – Шымкент қаласы. Сабақ көңілінен шығып жатқанын айтады. Өзі «Мирас» университетін екі шет тілі мамандығын бітірген. Ағылшын және француз тілі бойынша. Үш жыл бойы Нұр-Сұлтан қаласында ағылшын тілінен мұғалім болып сабақ беріпті. Алты айға Мәскеуге барып, тегін білім ...
Толығырақ »«Шәкірттерімнің көп бөлігі кәсібін бастайды деп сенемін»
«Жас кәсіпкер» жобасы аясында өткізіліп жатқан бизнес-тренингке жиналған жастардың ынтасы жоғары. Сабақ барысына куә болдық. Жиналған жастардың әрқайсысы әр түрлі ортадан келген. Басты мақсат – осындай жастардың қабілеттерін ашып, кәсіпке баулу. Бизнес-тренерлер еліміздің барлық аймағынан жиналған. Олардың өзі тест тапсырып, қатаң іріктеуден өтеді. Оқытушылардың бірі –Балжан Шарханова кезінде экономика менеджменті мамандығын бітірген. 15 жыл банк саласында қызмет атқарған білікті маман. ...
Толығырақ »«Жас кәсіпкер» жобасы аясында бизнес — тренинг өтуде
Аудиториядағы кілең жастар кәсіпкерліктің қыр-сырына қанығып, бизнес-тренерді ұйып тыңдап отыр. Бәрінің де ынтасы зор. Енді бірде топ-топқа бөлініп, тренердің тапсырмасын орындауға кірісіп кетті. 50-ден аса жас. Мұндағы оқытушылардың бәрі де сабақты негізінен осылай өтеді: қызықты ойын түрлерін, әдіс-тәсілдер ұйымдастырады. Талап солай. Бәрі де қайтарымсыз грант алудан үміткер. Сабақ барысында оларға кәсіпкерлік қызметтің негіздері, кәсіпті мемлекеттік қолдау және сүйемелдеу туралы, шағын ...
Толығырақ »Грант ал да, кәсібіңді баста
Бүгінде «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы аясында «Жас кәсіпкер» жобасы жүзеге асуда. Биыл бұл пилоттық әдіс Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында қолға алынды. Бағдарлама, негізінен, 18-29 жас аралығындағы жұмыссыз жастарға арналған. ҚР «Атамекен» ҰКП жыл сайын 45 мыңнан астам бастауыш кәсіпкерлерді оқытпақ ниетте. Қазіргі таңда Шымкент қаласының «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы жобаға қатысушыларға екінші топтың дәрісін бастап кетті. Шілденің ...
Толығырақ »Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі ұсынуларды ұжымдарда қарастыруда
Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін сыбайлас жемқорлықтың себептері мен жағдайларын жою Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қызметінің басымдықтарының бірі болып айқындалған. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың тиімді құралы қылмыстық процессуалдық кодексінің 200-бабы тәртібінде қылмыстық істерді тергеу нәтижелері бойынша мемлекеттік органдарға ұсынымдар енгізу болып табылады. Мұндай тәсіл қылмыстық тергеулердің қисынды аяқталуы болып табылады және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға және қандай да бір салада ...
Толығырақ »ШЫМКЕНТТЕ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Бүгін Шымкент қаласы әкімдігінде қала әкімі Ерлан Айтахановтың қатысуымен қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Кеңес отырысының күн тәртібінде спорт пен мәдениет саласын дамыту, ауылшаруашылығы және ветеринария саласы мен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағаларын тұрақтандыру мәселелері қаралды. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «didarbek.kz» ақпараттық агенттігі хабарлайды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атқарушы органдарға, жергілікті билікке халықпен ашық ...
Толығырақ »ШЫМКЕНТ: СТУДЕНТТЕРДІ ЖАТАҚХАНАМЕН ҚАМТУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Бүгін М.Әуезов атындағы Мемлекеттік университетінің жатақханасында жиналыс болып өтті. Жиынның мақсаты студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету және жатақханаға орындар бөлу туралы комиссия құрылды. Ол коммисияның құрамында: «Nur Otan» партиясы ШҚФ Әл-Фараби аудандық филиалы, Әкімшілік шаруашылық қызметі жөніндегі департамент директоры м.а., университет әкімшілік деканаттары, Тәрбие ісі және жастар саясаты департаментінің директоры, “Jas Otan” ЖҚ ШҚФ төрағасы, ОҚМУ Студенттік ректоры, ОҚМУ профессор оқытушылары ...
Толығырақ »ҚАЗАҚ ДАЛА ПАРЛАМЕНТІНІҢ ТҮПҚАЗЫҒЫ – МӘРТӨБЕ
Шымкент қаласында өткен «Қазақ дала парламентінің түпқазығы – мәртөбе» атты конференция барысында мемлекет және қоғам қайраткері Шалатай Мырзахметов «Қазақ дала парламентінің түпқазығы – Мәртөбе», ОҚМПУ доценті, тарих ғылымдарының кандидаты Бахадыр Айтай «Мәртөбе және Тәуке ханның «Жеті жарғысы», Қаратау аудандық сотының төрағасы Ермахан Рахманберді «Дәстүрлі құқық нормалары және Қазақ сотының қалыптасуы», ХГТУ-дің құқықтану кафедрасының меңгерушісі, заң ғылымдарының кандидаты Нұрлан Бижан «Қазақ ...
Толығырақ »ШЫМКЕНТТЕ «ҚАЗАҚ ДАЛА ПАРЛАМЕНТІНІҢ ТҮПҚАЗЫҒЫ – МӘРТӨБЕ» АТТЫ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ
Шымкент қалалық сотында қалалық, аудандық соттардың төрағалары мен судьялары, қала басшылығы, зиялы қауым өкілдері, ардагерлер, билер кеңесінің мүшелері, тарихшы ғалымдар, заңгерлер және журналистердің қатысуымен «Қазақ дала парламентінің түпқазығы – МӘРТӨБЕ» атты конференция өтті. Шара Конституция мерекесі қарсаңында Қазақ хандығының билері жиын өткізіп, ел тағдырына қатысты шешімдер шығарған, «Жеті жарғыға» мөр басылған шежірелі Мәртөбенің Қазақстан тарихындағы орнын айшықтап, көпшілікке таныту мақсатында ...
Толығырақ »ШЫМКЕНТТЕ «7-20-25» БАҒДАРЛАМАСЫМЕН ҮЙ АЛУҒА 845 АЗАМАТ ӨТІНІШ БЕРДІ
Бүгін «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалында қаладағы банк өкілдері және құрылыс басқармасының мамандары өңірдегі «7-20-25» бағдарламасын жүзеге асыру жайын талқылады. Басқосуға Шымкент қаласы мәслихатының хатшысы Ғани Ташқараев, «Ұлттық Банк» бөлімшесінің және «Баспана» акционерлік қоғамының ипотекалық ұйымының өкілдері мен «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының орынбасары Бауыржан Қуанышбеков, «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясы мен Сыбайлас ...
Толығырақ »Отбасы — білім бастауы
Адам өмірінде кітаптың алатын тәрбиелік мәні зор. Жас ұрпаққа кітап оқудың пайдасын, қажеттілігін үнемі бойына сіңіріп, баули білген жөн. Осы орайда, Ы.Алтынсаринн атындағы балалар кітапханасында тағылымы мол шара ұйымдастырылды. Кітапханада өскелең ұрпақты мейірімділікке, бауырмалдыққа білімділікке, ата-анасын құрметтеп, сыйлай білетін саналы ұрпақ тәрбиелеу, сонымен қатар, ата-ананың мектеппен және кітапханамен байланысын нығайту мақсатында «Отбасы — білім бастауы» атты дөңгелек үстел болып өтті. ...
Толығырақ »ШЫМКЕНТТЕ ҚАРАТАУ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Шымкент қаласы мәслихатының кезектен тыс елу төртінші сессиясында депутаттар Қаратау ауданының әкімі лауазымына ұсынылған Абзал Шымкентбайұлы Әліқұловтың кандидатурасын бірауыздан қолдады. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «didarbek.kz» ақпараттық агенттігі хабарлайды. Абзал Шымкентбайұлы 1972 жылы туылған, білімі жоғары. Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін және Халықаралық гуманитарлы-техникалық университетін бітірген, мамандығы бойынша біліктілігі – экономист-менеджер және заңгер. Еңбек жолын 1989 жылы ...
Толығырақ »МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ ШЫМКЕНТТЕГІ ЗАУЫТ ЖҰМЫСЫНА ЖОҒАРЫ БАҒА БЕРДІ
Шымкент қаласына жұмыс сапарымен келген ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Nur Otan» партиясы фракция мүшесі Бақытбек Смағұл «Болашақ 7» ЖШС -нің жұмысымен танысты. Бұл туралы «Шымкент келбеті» газетіне сілтеме жасаған «didarbek.kz» ақпараттық агенттігі хабарлайды. Энергетикалық сусындар мен шырындар шығаратын жаңа өндіріс зауыты «Тассай» индустриалды аймағында орналасқан. Зауыттың өзіндік құны – 1 млрд теңге. «Бизнестің жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде ...
Толығырақ »