Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Әлеумет (страница 17)

Әлеумет

ӨТКЕН ТӘУЛІКТЕ КОРОНАВИРУС 420 АДАМНАН АНЫҚТАЛДЫ

Шымкентте өткен тәулікте коронавирустың 420 жағдайы тіркелді. Оның ішіндегі 172 адамда белгілері бар болса, 248-де белгілері жоқ. Індет жұқтырған 55 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 365 адам үй бақылауына алынды. Қазіргі таңға мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 783 орын бар, төсек орын толымдығы 44%-ды құрайды, 434 төсек орын бос. Инфекциялық стационарда 349 науқас емделуде, жансақтау бөлімінде – 122 төсек орын бар, 36 ...

Толығырақ »

ҚАЛА ӘКІМІ ҚАРАТӨБЕ АУМАҒЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Қаратөбе (Базарқақпа, Абдулабад, Бадам-1, Тұрдыабад, Шаңырақ) аумағының инфрақұрылым жүйелерімен танысып, Е.Юсупов атындағы №104 мектепте тұрғындармен кездесті. Еңбекші ауданы аумағында инфрақұрылым жүйелерін дамыту бойынша 2021-2025 жылдарға арналған «Жол картасы» нақтыланып, бекітілген. Бүгінде Қаратөбе аумағындағы елді мекендер ауыз су, табиғи газбен толық қамтылған. 104,6 шақырым автомобиль жолдарының 61,3 шақырымы асфальтталған. Базарқақпа, Абдулабад, Бадам-1 тұрғын алаптарына ауыз су ...

Толығырақ »

КӨПІР ҚАЙТА ҚАЛЫПҚА КЕЛТІРІЛЕДІ

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Еңбекші ауданы аумағындағы Базарқақпа тұрғын алабына арнайы барып, «Сайрам су» өзені арқылы өтетін апатты жағдайдағы темір көпірді аралап көрді. Базарқақпа тұрғын алабындағы Сайрам-су өзені үстінен өтетін аспалы темір көпір 90 жылдары тұрғындардың өз есебінен салынған болатын. Көпірді қайта-қайта су шайып, 2020 жылы апатты жағдайда болуына байланысты қолданыстан алынып тасталды. Еңбекші ауданына қарасты №12 қалалық аурухана ...

Толығырақ »

ГРАНТ АЛЫП, КӘСІБІН ЖАНДАНДЫРДЫ

Шымкент қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мамандары шағын кәсібін жүргізіп отырған қала тұрғындарын БАҚ өкілдеріне таныстырды. Мемлекет тарапынан қолдау көрген азаматтың бірі – Бекжан Ерназаров. Ол ағаштан бұйымдар жасап, кәсіпкерлікпен айналысады. Ісін дамытпақ болып, 2020 жылдың шілде айында «Бастау бизнес» кәсіпкерлік негіздері жобасымен оқып, сертификат алды. Конкурсқа құжат өткізіп, «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде грантқа қол жеткізді. Бекжан бүгінде ...

Толығырақ »

ҚАЛА ӘКІМІ АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов тұрғындарды жеке мәселелері бойынша онлайн режимде қабылдады. Қабылдауға жазылған 11 азамат инфрақұрылым тарту, баспана алу, жол салу, қоғамдық көлік жүргiзу мен аялдама орнату, көшелерді жарықтандыру және жер телiмiн заңдастыру сынды мәселелердi көтердi. Азаматтардың өтініштері мен арыз-шағымдарын жауапты сала басшыларымен бiрге мұқият тыңдаған Мұрат Әйтенов айтылған мәселелер назарға алынып, заң аясында орындалатынын түсiндiрдi. Жауапты тұлғаларға ...

Толығырақ »

ӨТКЕН ТӘУЛІКТЕ 450 КВИ ЖАҒДАЙЫ ТІРКЕЛДІ

Шымкент қаласында эпидемиологиялық ахуал күрделене түсуде. Өткен тәулікте КВИ-дің 450 жағдайы тіркелді (белгілері бар – 261, белгілері жоқ – 189). 56 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 394 адам үй бақылауына алынды. Қазіргі таңда мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 783 орын бар, төсек-орын толымдығы 40 %-ды құрайды. Шаһарда егу науқаны басталғалы барлығы 593 766 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 580 732 адам вакцинаның екі ...

Толығырақ »

АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ ӨКІЛДЕРІ ПРЕЗИДЕНТ БАСТАМАЛАРЫНА ҚОЛДАУ БІЛДІРДІ

Шымкент қаласындағы Азаматтық ресурстық орталықта үкіметтік емес ұйым жетекшілері мен азаматтық қоғам мүшелері «Жаңа Қазақстан» интелектуалды идеялар алаңында жұмылу» тақырыбында арнайы жиын өткізді. Басқосуға Шымкент қалалық ішкі саясат және жастар істері басқармасы басшысының орынбасары Бексұлтан Әділханов, Шымкент қаласы бойынша Азаматтық Альянс заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы Жұмағали Білісбеков және М.Әуезов атындағы ОҚУ-нің проректоры, саясаттанушы Сәкен Мәжінбеков қатысты. Жиында Мемлекет басшысының 11 ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТТЕГІ 17 ҚАҢТАРДАҒЫ ЭПИДЖАҒДАЙ БОЙЫНША

Шымкент қаласында 17 қаңтар күнге коронавирустың 310 жағдайы тіркелді. Инфекция анықталған 30 адам инфекциялық стационарға жатқызылса, 280 адам үй бақылауына алынды. Мамандандырылған инфекциялық стационарлардағы төсек орын толымдығы 40 пайызды құрайды, 504 төсек орын бос. Бүгінде инфекциялық стационарда 279 науқас, жансақтау бөлімінде 6 науқас ем қабылдауда. Бір тәулік ішінде қалада 1 067 адам вакцина алды (I компонент- 104, II компонент- 963). ...

Толығырақ »

АРНАЙЫ ИНФЕКЦИЯЛЫҚ СТАЦИОНАР АШЫЛДЫ

Жаңадан ашылған стационар №2 қалалық аурухана базасында ашылған. Мұнда инфекциялық ауруға шалдыққан науқастарды емдеуге арналған 100-төсек орын дайындалған. Коронавирустық инфекция жұқтырған науқастар санының өсуіне байланысты жасақталған бұл стационар жүкті әйелдер мен босанған аналарға арналған. Орталық науқастарды емдеу үшін барлық қажетті медициналық жабдықтармен қамтылған. Мұнда дәрігерлер ковид ауруының орташа және ауыр ағымы бар науқастарды емдейді. «Соңғы екі күннің ішінде стационарда 22 ...

Толығырақ »

СУ БАСУ ҚАУПІ БАР АУМАҚТАР БАҚЫЛАУҒА АЛЫНҒАН

Ауа райының қолайсыздығына байланысты Абай ауданы аумағында су басу қаупі бар аумақтарда арнайы кезекші бригадалар жұмыс атқаруда. Атап айтқанда, 112 орамда орналасқан Шынар, Юнатов және Аққараған көшелері, Қатынкөпір, Шұғыла, Тельман, Ақниет шағын аудандарындағы және өзге де елдімекен көшелерінде арнайы су тартатын техникалар жұмыс атқаруда. Бұл жұмыстарға 34 техника және 105 жұмысшы қызметкер жұмылдырылған. Қазіргі таңда көше бойларындағы ирригациялық жүйелер мен ...

Толығырақ »

СУ БАСУ ҚАУПІ БАР АУМАҚТАР ТАЗАЛАНУДА

СУ БАСУ ҚАУПІ БАР АУМАҚТАР ТАЗАЛАНУДА Еңбекші ауданы аумағында су басу қауіпі бар және су үймелейтін аумақтарға аудан әкімдігі тарапынан бақылау жұмыстары жүргізілуде. Су басқан көшелерге, атап айтқанда, 1 автожол көшесі (темір жол көпірінің асты), Арғынбеков, Дизельная, Ата заң, Қызғалдақ, Мамбетов көшелеріне арнайы су тартатын 8 дана АС машина, 4 дана Зил-130 көлігінде мотопомпа техникасы және бекітілген ирригациялық арықтарды тазалауға ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТТЕ 343 АДАМНАН КВИ АНЫҚТАЛДЫ

Шымкентте 16 қаңтар күні КВИ-дің 343 жағдайы тіркелді (белгілері бар – 221, белгілері жоқ – 122). 73 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 270 адам үй бақылауына алынды. Қазіргі таңға мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 783 орын бар, төсек орын толымдығы 35%-ды құрайды. Инфекциялық стационарда 279 науқас емделуде, жансақтау бөлімінде – 36 науқас ем қабылдауда. Бір тәулік ішінде қалада 150 адам вакцина алды ...

Толығырақ »

ҚАЛА АУМАҒЫНДА СУ СОРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

ҚАЛА АУМАҒЫНДА СУ СОРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ Шымкентте демалыс күндері басталған жауын-шашын әлі толастар емес. Қазіргі таңда қалалық коммуналдық қызметтер тәулік бойы жұмыс істеп, көшелер мен жолдардағы суды сору жұмыстарын жүргізуде. Мол жауын-шашынның салдарынан жиналған арық-жылғалардағы суды сору жұмыстарына Әл-Фараби ауданында 5 ассенизаторлық машина, 2 мотопомпа құрылғысы және 57 жұмысшы тартылды. Ауданда санитарлық тазалық жұмыстарын жүйелі жүргізу үшін бөлінген 7 секторда ...

Толығырақ »

22 ӘЙЕЛ ЕМДЕЛІП ЖАТЫР

«Шымкент қалалық №2 аурухананың COVID орталығында коронавирус жұқтырған 22 әйел емделіп жатыр. Оның жетеуі босанған әйел». Бұл туралы Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының ұйымдастырған баспасөз туры барысында айтылды. — Аурухананың COVID орталығы 100 орынға бейімделген. Бүгінде 22 әйел ем қабылдап жатыр. Оның 7-еуі босанған, 15-і жүктіліктің түрлі мерзіміндегі әйелдер. Науқастардың денсаулығы орташа-қалыпты. Емдеу уақыты науқастың жағдайына қарай 5-12 күнге дейін ...

Толығырақ »

500-ДЕН АСТАМ ЖҰМЫСШЫ ЖҰМЫЛДЫРЫЛДЫ

Шымкентте үш күннен бері толассыз жаңбыр жауып жатыр. Осыған байланысты қаладағы коммуналдық қызметтер тәулік бойы тынымсыз жұмыс істеуде. Олар қаладағы көшелердің бойына, арық-атыздар мен сай-салаларға жиналған суды арнайы техниканың көмегімен сорып, тазалауда. Мәселен, Әл-Фараби ауданында бұл жұмысқа 5 ассенизаторлық машина, 2 мотопомпа құрылғысы және 57 жұмысшы тартылған. Аудан аумағы 7 секторға бөлініп, оның әрқайсысында кезекшілік ұйымдастырылған. Бекітілген мамандар ирригациялық арықтарды ...

Толығырақ »

БАТЫС ШАҒЫН АУДАНЫ АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛДЫ

Шымкент қаласының орталығынан шалғайда орналасқан елді мекендерді дамыту мәселесі басты назарда. Бүгін Батыс шағын ауданының тұрғындарымен кездескен қала әкімі Мұрат Әйтенов осылай деді. «Мемлекет басшысы әрдайым бірінші кезекте халықтың жағдайын ойлап, олардың тұрмыс-тіршілігінің жақсаруын басты назарда ұстайды. Тұрғандардың жайлы өмір сүруі үшін жасалатын жұмыстардың бірі коммуналдық — инфрақұрылымды дамыту. Бұл мәселе Сіздер тұрып жатқан шағын ауданда кезең-кезеңімен шешімін табуда. Өткен ...

Толығырақ »

ҚАЛА ӘКІМІ АБАЙ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Абай ауданының инфрақұрылыммен қамтылу жағдайымен танысып, ондағы елдімекен тұрғындарымен кездесті. Түркістан облысынан Абай ауданы аумағына 37 мыңнан астам халқы бар 10 елді мекен қосылып, ондағы елді мекендердің инфрақұрылымдық мәселелерін шешу бойынша тиісті жұмыстар атқарылып келеді. Соның бірі — Алтынтөбе тұрғын алабы. Бұл елдімекен 2015 жылы сапалы ауыз сумен толық қамтылған. Ал, өткен жылы 8,1 ...

Толығырақ »

ТҰРҒЫНДАРҒА БІР ОРТАЛЫҚТАН ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУДЕ

Бүгін Ордабасы ауданына іс-сапармен келген өңір басшысы Өмірзақ Шөкеевке аудан әкімі Бағлан Батыршав жаңадан ашылған Халыққа қызмет көрсету орталығының жұмысын таныстырып өтті. Қажымұхан ауыл округі, Темірлан елді мекенінде орналасқан «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (ХҚКО) және халықты жұмыспен қамту орталығы түгеледей жаңа технологиялармен жабдықталған. Аудан тұрғындары үшін кедергісіз қызмет ететін орталық ғимаратының жалпы аумағы ауданы – 2 143,5 ш.м. © ...

Толығырақ »

ЖЫЛЫНА 200 МЫҢ ТОННА ҰН ӨНДІРЕДІ

Шымкент қаласында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік қоры мен қалыпты бөлке нан бағасы тұрақты және тапшылық жоқ. Бүгінде қала аумағында 30 мың тоннаға жуық әлеуметтік азық-түлік тауарлардың қоры бар. Оның ішінде 5 айға жететін бірінші сұрыпты ұн қоры бар. Мегаполисте астықты қайта өңдейтін 10 ұн өндіретін кәсіпорын жұмыс істейді. Олармен жылына 200 мың тонна ұн өндіріледі. Аталған диірмендерде екі айға жететін ...

Толығырақ »

10 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА

Шымкент қаласында өткен жылы құрылған «Жұлдыз» индустриялық аймағында 608 жұмыс орнын құрумен жалпы сомасы 5,8 млрд теңгені құрайтын 10 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Бұл жобаларды осы жылдың соңына дейін іске қосу жоспарлануда. Қала әкімі Мұрат Әйтенов аталған индустриялды аймақта жүргізіліп жатқан инженерлік-коммуникациялық желілер мен кәсіпорын құрылысын аралап көріп, инвесторлардың ұсыныстарын тыңдады. Қала басшысы ел Президентінің экономиканы әртараптандыру және импорт алмастыру ...

Толығырақ »

АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАСЫНА БАҚЫЛАУ КҮШЕЙТІЛДІ

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында бүгін қала әкімі Мұрат Әйтенов макарон өнімін шығаратын «Барыс-2007» ЖШС-нің өндіріс орнына барды. Макарон өнімдері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесіне енуіне байланысты, тұрақтандыру қорының (стабфонд) айналым қаражаты есебінен аталған өнімнің бағасын тұрақтандыру шаралары жүзеге асырылуда. Бұл өнімдерді «Грамад» және «Магнум» ірі сауда желілерінен белгіленген бағада сатып алу ...

Толығырақ »

ЗАЛАЛ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛУДЕ

Шымкентте жаппай тәртіпсіздік салдарынан келген шығын көлемі бүгінгі күнге 7,5 млрд. теңгені құрап отыр. Оның ішінде 7,2 млрд. теңгеден астамы мемлекетке, қалғаны жеке кәсіпкерлерге келтірілген шығын. Бұл туралы қала әкімінің өкімімен құрылған төтенше жағдайлардың орын алуына байланысты келтірілген залалды бағалау және қалпына келтіру комиссиясы мәлім етті. Қазіргі таңда зардап шеккен әкімшілік нысандар бойынша ақау актілері түзіліп, келтірілген залалдарды қалпына келтіру ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТТЕ ИРРИГАЦИЯЛЫҚ АРЫҚТАР ТАЗАЛАНУДА

Бұл жаңбырдан кейінгі су басу қауіпінің алдын алады. Әл-Фараби ауданы аумағында басты және ішкі орамдық көшелер мен жол бойындағы ирригациялық жүйелер қоқыстан тазартылуда. Аталған жұмыстар «ЛТД Тұрмыс» мекемесі тарапынан жүргізіліп, оған 9 арнайы техника мен 83 адам жұмылдырылды. Бұл бағыттағы жұмыстар аудан әкімі аппаратының бақылауында және тұрақты түрде атқарылады. Су басудың алдын алу үшін қала тұрғындарын үй жанындағы ирригациялық арықтарды ...

Толығырақ »

МОНИТОРИНГТІК ТОП АЗЫҚ-ТҮЛІК ПЕН ЖАНАРМАЙ БАҒАСЫН ТЕКСЕРДІ

Ауыл шаруашылығы басқармасы мен табиғи монополияларды реттеу, сондай-ақ бәсекелестікті қорғау және дамыту департаменттерінің мамандары қаладағы бірнеше сауда нысандары мен жанар-жағармай құю бекеттеріндегі баға тұрақтылығын бақылап көрді. Көкөніс пен жеміс-жидекті көтерме бағамен саудалайтын «Барыс» базарында баға тұрақты. Мәселен, картоп 140-200 теңге, пияз 70 теңге, сәбіз 150-170 теіге аралығында сатылуда. Саудагерлер тауарға 10-15 пайыз үстемеден артық қоспайтынын жеткізді. Ауыл шаруашылығы басқармасының мамандары ...

Толығырақ »

ҚАРАБАСТАУ ТҰРҒЫН АЛАБЫНЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТЫҢДАЛДЫ

Шымкент қаласы Еңбекші ауданының әкімі Досбол Есілбек Қарабастау тұрғын алабы жаңақұрылыс аумағының тұрғындарымен кездесіп, мәселелерін тыңдады. Тұрғындар аудан әкіміне негізінен абаттандыру, инфақұрылым жүйелерімен қамту бойынша өз шағымдарын айтты. Қазіргі таңда жаңақұрылыс аумағына ауыз су құбырын тарту үшін жобалау-сметалық құжаттары әзірленіп, сараптаманың оң қорытындысы алынған. Ендігі кезекте құрылыс жұмыстарына қаржы бөлуге бюджеттік өтінім беріледі. Сонымен қатар, аталған тұрғын алапта балаларға заманауи ...

Толығырақ »