Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Құрбан айт мерекесіне орай, Шымкент қаласында орналасқан Ардагерлер үйіне барып, ондағы демалушы қарияларды мерекемен құттықтады. Мұсылман жұртының қасиетті мерекесі саналатын осынау ұлық мейрамда 200-ге жуық қазыналы қартқа айттық дастархан жайып, сый-сияпат жасады. «Бүгінгі дастархан басында «Соғыс ардагерлері», «Еңбек ардагерлері», «Батыр аналар» сынды айрықша құрметке ие алдыңғы буын аға-апалар отыр. Сіздер, бүкіл ғұмырларыңызды еліміздің өсіп, ...
Толығырақ »Болашақ
АСТАНАДАҒЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘРМЕҢКЕСІ
Астана қаласында Оңтүстік Қазақстан облысы күндері аясында «ЭКСПО – 2017» халықаралық көрмесіне арналған ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі басталды. Екі күнге жоспарланған шарада оңтүстікқазақстандық тауар өндірушілер жалпы құны 265 млн теңге болатын өнім өткізбек. Оның ішінде ет және ет өнімдері 104 тонна, көкөніс 188 тонна, сүт өнімдері 54 тоннаны құрайды. ЭКСПО қонақтары дәмі тіл үйірер Шардараның қауын-қарбызы, Түлкібастың алмасы мен Сарыағаштың ...
Толығырақ »Мынадай сұхбаттан кейін Елбасымызды қалай құрметтемейсің?
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Хабар» агенттігінің тілшілеріне берген сұхбаты көп мәселелерге байыпты көзқарас танытып, қоғамымызда қордаланған сауалдарға нақты жауап беру шеберлігімен көптің көңілінен шыққанын байқадық. Редакциямызға келіп түскен бірқатар пікірлердің ішінен әлеуметтік желілердің белсенді пайдаланушысы, тележурналист Өркен Кенжебектің Елбасы сөздерінің маржанын теріп, қалың оқырманға паш еткенін қош көріп, назарларыңызға ұсынып отырмыз. Локация ретінде Ұлытаудың таңдалғаны, бірауыз орысшаны қоспай, жалпақ ...
Толығырақ »ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРЕДІ
Айта кету керек, бүгінгі алғашқы Білім күні – 2017-2018 жаңа оқу жылы өңірімізде 20 мектептің пайдалануға берілуімен ерекшеленіп отыр. Ел игілігіне берілген білім мекемелерінің 15-і «Нұрлы Жол» бағдарламасы бойынша салынса, қалғаны жергілікті бюджет есебінен жүргізілген. Бүгін жұмысын бастаған мектептердің 6-уы жаңадан ашылып отыр. Нәтижесінде өңірдегі орта мектептің саны 1021-ден 1027-ге жетті. Аталған мектептерде оқу жылында 640 мыңға жуық оқушы білім ...
Толығырақ »БІЛІМ ОШАҚТАРЫН АРАЛАП…
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев «Достық», «Қайнарбұлақ» шағын аудандарында осы күні ел игілігіне берілген 1200 орындық мектептерді аралап көрді. Білім ордасының жұмысымен танысқан аймақ басшысы оқушылардың еңбекке баулу кабинеттеріндегі ерлерге арналған шеберханалар мен қыздардың тігін цехімен танысты. Сондай-ақ, саз балшық шеберханасында да болды. Ж.Қансейітұлы ұзтаздармен болған әңгімеде шәкірттерді жалпы білім алудан бөлек, оқушыларға тереңдетіп білім беріп, түрлі кәсіптік білім беру ...
Толығырақ »ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫ – ЖАҢА 20 МЕКТЕП!
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Шымкент қаласы «Сәуле» шағын ауданындағы жаңадан пайдалануға берілген №129 жалпы орта мектебінің «Алғашқы қоңырау» салтанатты шарасына қатысып, Білім күнімен барша ұстаздар мен шәкірттерді құттықтады. «Бұл күн – жаңа оқу жылына, жаңа жетістіктер мен табыстарға бастау беретін күн. Білім беру ісі – бұл тамыры тереңде жатқан, ұлт пен дінге бөлінбейтін, бір күн немесе бір жылда ...
Толығырақ »ГИМНАЗИЯДАҒЫ «АЛҒАШҚЫ ҚОҢЫРАУ»
Шымкент қаласындағы Ахмет Байтұрсынов пен Төлеген Тәжібаев көшелерінің қиылысында орын тепкен №47 тарихи-гуманитарлық гимназия-мектебі қала шеңберінде де, облыс шеңберінде де үздік оқу ордаларының қатарында. Бірнеше жыл қатарынан Бірыңғай ұлттық тестілеу нәтижелері бойынша бірінші орынды бермей келе жатты. Биылдың өзінде ҰБТ-дан алғашқы жоғары балды (136 балл) осы мектептің түлегі Әйгерім Жолдасбекова жинағанын білеміз. Директоры Жәмила Оспанова басшылық тізгінді қолына алған он жыл ...
Толығырақ »ЭКСПО – 2017: Жұмат Шанин театры
Қыркүйек айы – Ж.Шанин атындағы Оңтүстік Қазақстан облыстық академиялық қазақ драма театрының тарихи парақтарында алтын әріптермен жазылатын шежірелі күн болып қалмақ. Ұлтымыздың мақтанышы – көрікті Астанада өтіп жатқан «ЭКСПО – 2017» Халықаралық мамандандырылған көрменің дүбірлі додасынан Ж.Шанин атындағы облыстық академиялық қазақ драма театры қалыс қалмастан, қыркүйек айының 2 жұлдызында сағат 18.00-де Астана қаласындағы Жастар театрында, талғамы биік көрерменмен қауышады. Тамыры ...
Толығырақ »ЭКСПО – 2017: Күн қалай өтеді?
«ЭКСПО – 2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесіндегі Оңтүстік Қазақстан облысының Астана қаласындағы күндері де өз мәресіне жақындап келе жатыр. Бүкіл астаналықтар мен Елорда қонақтарын таң қалдырып және тамсандырып келе жатқан оңтүстікқазақстандықтар Алғашқы қоңырау күні не ұсынар екен? «Қазақстан» спорт кешенінің аланшасында таңғы сағат 09:00-де Оңтүстік Қазақстан облысы ауыл шаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі басталады. Дәл осы уақытта «Қазанат» ипподромы ұлттық спорт жанашырларын аударыспақ, ...
Толығырақ »ЕРТЕҢ – АЛҒАШҚЫ ҚОҢЫРАУ КҮНІ
Алғашқы қоңырау күні Оңтүстік Қазақстан облысында 20 жаңа мектеп алғаш рет оқушыларды қабылдайды. Таңғы сағат 09:00-де Шымкент қаласындағы «Сәуле» шағын ауданындағы 1200 орындық жалпы орта мектептің ашылуына Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев қатысады. Шымкент қаласындағы «Қайнарбұлақ» тұрғын алабындағы 1200 орындық жалпы орта мектептің ашылуына Оңтүстік Қазақстан облысы мәслихатының хатшысы Қайрат Рахымұлы Балабиев қатысады. Бұл мектепте де алғашқы қоңырау таңғы ...
Толығырақ »БАЛАЛАРДЫ ҚУАНЫШҚА БӨЛЕДІ
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Құрбан айт мерекесіне орай, Шымкент қаласындағы көпбалалы отбасының шаңырағы мен қаладағы №3 балалар үйінде болып, балаларға мектепке қажетті құралдар толтырылған сөмкелерді сыйға тартты. Ең алдымен облыс әкімі Құрбан айт мерекесімен құттықтап 10 баланы тәрбиелеп отырған Ералиевтердің отбасына барып, мектепке баратын жеті баласына сабаққа қажетті заттар мен үлкен теледидар тарту етті. Өз сөзінде аймақ басшысы ...
Толығырақ »ОҚО ӘКІМІ ЖАНСЕЙІТ ҚАНСЕЙІТҰЛЫ ТҮЙМЕБАЕВҚА АШЫҚ ХАТ
Бұл ашық хаттың жазылғанына да біраз болған. Жазыла салысымен үн қосуға талпынғанбыз. Жариялайтын да болғанбыз. Алайда мақала авторы өзіне бір жоғары лауазымды шенеунік хабарласқанын айтып, тоқтата тұруды өтінген—ді. Одан бері де 3 айдан асыпты. Баяғы жартас – сол жартас. Қозғалыс жоқ. Хатқа жауап та берілмепті. Хатқа екі аптада жауап берілуі керектігін ескерсек, облыстық әкімдік қызметкерлерінің бұл салғырттығын қалай түсінеміз? Тура ...
Толығырақ »ЭКСПО – 2017: Құрбан айттық дастархан
Құрбан айт мерекесі күні Астана қаласындағы «Қазан ат» атшабарындағы этно ауылда Оңтүстік Қазақстан облысының күндері аясында xалыққа дастархан жайылып, 300 келі палау таратылды. Айттық дастарxаннан бес мыңға жуық адам дәм татты. Шараның мақсаты – асыл дініміздің құндылығын арттырып, қазақ халқының дархандығы мен мәдениетін паш ету. Шарада сөз алған Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібеков барша астаналыктарды Құрбан айт мейрамымен ...
Толығырақ »ЭКСПО – 2017: Күз келгенмен, жаз кетпейді…
Өйткені, «ЭКСПО – 2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесінде Оңтүстік Қазақстан облысының Астана қаласындағы күндері әлі жалғасып келеді. Яғни, Шымкенттің ыстық ықыласы бүкіл Арқаға шуақ шашуға жетерліктей мөлшерде. Сонымен, Оңтүстік Елорда жұртына бүгін не ұсынар екен? Сағат 10:00-де арнайы жабдықталған автобуспен Астана көшелеріне музыкалық шеру шығады. Дәл осы уақытта Этноауылда «Құрбан айт» мерекелік іс-шарасы (Оңтүстіктің арнайы дастарханы мен концерттік бағдарлама) басталады. «Has Sanat» ...
Толығырақ »«НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫ ОҚОФ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
«Нұр Отан» Партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммедтың бұйрығымен Жолдасов Нұрмахан Миятұлы Оңтүстік Қазақстан облыстық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды. Жаңа төраға орынбасарын саяси бюро мүшелеріне облыс әкімі, «Нұр Отан» партиясы ОҚОФ төрағасы Жансейіт Түймебаев таныстырып, алдағы жұмысына сәттілік тіледі. Тəжірибесі мол басшы ретінде партия жұмысын жандандыруда жемісті еңбек ететіне сенім білдірген әкім жаңа лауазым иесіне бірқатар міндеттер ...
Толығырақ »ЭКСПО – 2017: Опера жұлдыздарының кезегі келді
Астана төрінде өтіп жатқан Оңтүстіктің күндері аясында облыстық опера және балет театрының 100-ден астам өнерпазы астаналықтарға қазақ ұлттық және әлемдік операларының үздік шығармаларын ұсынды. Бұл жинақ – театр ұжымының өз туындысы, режиссер Қайрат Құлыншақов дайындаған «Інжу-Маржан» қойылымы. Аталған қойылым ұлттық опера тарихының жарқын беттерінен алынған Ахмет Жұбанов, Латиф Хамидидің «Абай», Евгений Брусиловскийдің «Қыз Жібек», Еркеғали Рахмадиевтің «Қамар сұлу», Мұқан Төлебаевтың ...
Толығырақ »ЭКСПО – 2017: Мырзалық және жомарттық
Ел ордасы – Астана қаласындағы Оңтүстік Қазақстан облысының күндері аясында өтіп жатқан ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің жәрмеңкесінде облыс аудандарынан барған көптеген өнім түрлері тегін таратылды. Оңтүстік Қазақстан облысының диқандары «Құрбан айт» мерекесіне орай Астана қаласындағы 100 әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар мен 3 арнайы әлеуметтік көмек көрсету мекемелеріне тегін қауын-қарбыз таратты. Ондағы мақсат – халықтың әл-жуаз тобына қолдау ретінде оңтүстіктің жерінде өскен тәттілігі тіл ...
Толығырақ »ЭКСПО – 2017: Шымкентше тойлау
Соғымнан қалған сыбағаны алты ай сүрлеп, сыйлы қонағына асып бергені секілді ЭКСПО-ның асабасы ОҚО күндерін ең соңында бекерден-бекер сақтамапты. ОҚО бірден «ОХО» дегізді. Салт-дәстүр, әдет-ғұрып, мәдениет пен байлық паш етілетін 43 мәдени көпшілік іс-шараның барлығы “ТЕГІН” өткізілуде. Туристер “Жарықтық Карл Маркс аңсаған “Коммунизм” мұнда екен ғой”, – деп таңданысын жасыра алмады… Бұндайды бұрын-соңды көрмеген Елорда тұрғындары Жетісайдың экспорттан қалған қауын-қарбызынан дәм ...
Толығырақ »ЭКСПО – 2017: Жастарымыз жарады!
Оңтүстіктің белсенді және талантты жастары Астанағы Оңтүстік өңірінің күндері аясында жергілікті жұртты ертеңгі Құрбан айт мейрамымен құттықтап, жергілікті халық пен шетелдік қонақтарға 5000 қалташа яғни, 450 келі тəтті тоқаш таратты. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын насихаттау мақсатында ұйымдасқан жастар Құрбан айтпен құттықтау шеруін бас қаладағы «Хан шатыр» ойын-сауық орталығынан бастап, қоғамдық көліктерді де аралады. Құрбан айтпен құттықтаушылардың бағдарламасында, ...
Толығырақ »ЭКСПО – 2017: Айт мерекесі қарсаңында
Елордасы – Астана қаласындағы Оңтүстік Қазақстан облысының күндері аясында өтіп жатқан ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің жәрмеңкесінде Мақтарал ауданынан барған бірнеше өнімдер тегін таратылды. Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтарал ауданының 10 тонна қауыны мен 350 кг қауынның қағы, 10 тонна қарбыз астаналықтарға тегін тарту етілді. Сондай-ақ, ауданнан жіберілген 3 тонна қызанақ, 3 тонна қияр, 2 тонна қырыққабат, 2 тонна пияз, 2 тонна сәбіз, ...
Толығырақ »ЭКСПО – 2017: Тарихта тұңғыш рет
«ЭКСПО – 2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында астаналық цирк сүйер көрерменге жол тартқан «Томирис» қойылымы еліміздегі цирктер тарихында тұңғыш рет қолға алынған тарихи-театрландырылған көрініс болып отыр. Қойылымның бас режиссері – Данияр Серікбаев. Сақтар дәуіріндегі қазақ даласын мекендеген еркін, азат, рухы биік, қайсар халықтың өмірін көрсете отырып, ұлы даланың қадір-қасиетін ұрпаққа насихаттайтын қойылымда қазақ қызының қайсарлығы, тектілігі мен даналығы, Тұмар (Томирис) ханшайымы ...
Толығырақ »ЭКСПО – 2017: Көңіл-күй көтерілді
Оңтүстік Қазақстан облысының қуықшақ театры елордалық бүлдіршіндерге керемет көңіл-күй сыйлады. «ЭКСПО – 2017» көрмесі аясында Астана қаласындағы Оңтүстік Қазақстан облысының күндерінде облыстық қуыршақ театры Астана қалалық қуыршақ театры мен балабақшаларында жас көрермендерге Мақпал Малдыбаеваның «Алтын балық» қойылым мен Антонина Малюченконың «Масақ» («Колосок») қойылымдарын қазақ және орыс тілдерінде ұсынды. Алтын балық қойылымы кедей баласы Фархаттың бойындағы әділеттілік, адамгершілік пен Хан шабармандарының бойын ...
Толығырақ »ЭКСПО – 2017: Таусылмайтын тегін тартулар
«ЭКСПО – 2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында, Оңтүстік Қазақстан облысының Астана қаласындағы күндері шеңберінде 2017 жылдың 31-тамызында Оңтүстіктің белсенді және талантты жастары Елордада өнер көрсетті. Күнгейлік жас толқын Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын кеңінен насихаттау мақсатында таңғы сағат 10:00-ден бастап түскі 13:00-ге дейін Астана қаласындағы «Хан Шатыр» және «Керуен» ойын-сауық орталықтарында, «ЭКСПО» қалашығында және түстен кейін «Бәйтерек» алаңы ...
Толығырақ »ЭКСПО – 2017: Оңтүстік тартулары тегін таратылды
Елордадағы Оңтүстік күндерінде «ЭКСПО – 2017» халықаралық көрмесін тамашалауға келген қонақтар қонақжай күнгей жұртының ерекше сыйына куә болды. Яғни, бас қаланың төрінде оңтүстікқазақстандық өнертапқыш Еркінбек Бөкебаев ойлап тапқан «Qazaq Arbasy»-ның екі данасы қойылып, онда ұлттық сусындарымыз – қымыз, қымыран және құрт, түстік аймақтың дархан даласында пісіп жетілген жеміс-жидектер шараға келушілерге тегін таратылып, бір сәт арқа-жарқа күйге енді. Астанадағы «Бәйтерек» алаңының ...
Толығырақ »ЭКСПО – 2017: Этноауыл ұсынған…
Ұлысымның ұйытқысы атанған Оңтүстік Қазақстан облысының Астана қаласындағы күндері Этноауылда Оңтүстік Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінің бірегей жәдігерлерінен құралған көрме жасақталды. Мыңдаған жылдар бойы халықтың өмірі мен тұрмысына алтын арқау болған, салты мен санасына бағыт-бағдар етіп сақтаған әдет-ғұрып, салт-дәстүр, әдеп пен жоралғы сияқты қазақ мәдениеті мен тіршілігінен насихаттау – музейдің басты мақсаттарының бірі. Сондықтан да Этноауылда жасақталған көрме қазақтардың дәстүрлі мәдениетіне, ...
Толығырақ »