Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қазақстан жаңалықтары (страница 34)

Қазақстан жаңалықтары

29600 ДАНА КӨШЕТ ЕГІЛДІ

Төлеби ауданы аумағында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, елді мекендерде санитарлық тазалықты қамту бағытында “Таза Қазақстан” республикалық экологиялық акциясы басталды. “Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс” тұжырымдамасы негізінде отансүйгіштік, табиғатты қорғауға, қоршаған ортаға деген жанашырлық құндылықтарын дәріптеуге арналған акция аясында бірқатар іс-шаралар жоспары жасалды. «Таза өлке” тақырыбында тұрғындар, қоғам белсенділері, ұйымдар, кәсіпорындар өз аумақтарын, аулаларын тазалау, көшеттер егу жұмыстарын жүргізуде. ...

Толығырақ »

ORDABASY: АКЦИЯҒА ТҰРҒЫНДАР ДА ҮЛЕС ҚОСУДА

Ордабасы ауданы, Қарабастау ауылының тұрғындары “Таза Қазақстан” акциясына өз үлестерін қосты. Олар үй шаруаларын тастап, арнайы белгіленген аумаққа ағаш көшеттерін отырғызды. Сондай-ақ қарабастаулықтарға халық қалаулысы Нұзат Ортай өз есебінен 300 метр сетка алып беріп, нәтижесінде тұрғындар асарлатып көшет егілген аумақты қоршап алды. Өз кезегінде ауыл тұрғындары демеушілік көрсеткен азаматқа алғыстарын білдіріп, алдағы уақытта ауылды көгалдандыруға өз үлестерін қоса беретіндіктерін жеткізді. ...

Толығырақ »

ҚАЛА ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯҒА ТҰРҒЫНДАРДЫ ЖҰМЫЛДЫРУДЫ ТАПСЫРДЫ

Бүгін қала әкімі Ғабит Сыздықбеков «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясын ұйымдастыру бойынша арнайы жиын өткізді. Онда қала аумағында тазалық шараларын тиімді ұйымдастырудың тетіктері қарастырылып, өзекті мәселелер пысықталды. Республикалық экологиялық акциясын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді. Акция аясындағы атаулы 5 аптада тұрғындар, қоғам белсенділері, ұйымдар, кәсіпорындар өздеріне тиесілі аумақтарды, аулаларды тазартады. «Киелі мекен» шарасы аясында тарих және мәдениет ескерткіштерінің аумағына абаттандыру ...

Толығырақ »

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарға және тілеулестік танытқан шет мемлекеттердің басшыларына алғыс айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқынына қарсы күресте көрсеткен қолдауы мен көмегі үшін қазақстандықтарға және шет мемлекеттердің басшыларына ризашылығын білдірді. «Еліміздің бірқатар өңірінде табиғи апат орын алған сәттен бері менің атыма достас мемлекеттердің басшыларынан жылы лебіздері мен көмек көрсету жөнінде ұсыныстары жазылған хаттар келіп түсіп жатыр. Қазақстан жойқын су тасқыны кезінде жәрдем беруге дайын екенін білдіргені үшін достас елдерге шын жүректен ...

Толығырақ »

Касым-Жомарт Токаев поблагодарил казахстанцев и глав государств за проявленную солидарность

Президент Касым-Жомарт Токаев выразил благодарность казахстанцам и главам зарубежных государств за поддержку и оказанную помощь в борьбе с паводками. «В дни природной стихии, охватившей целый ряд регионов страны, на мое имя поступают обращения глав дружественных государств со словами сочувствия и предложениями помощи. Казахстан искренне благодарен за готовность наших друзей проявить солидарность в нелегкое время противостояния беспрецедентным по своей разрушительной силе паводкам. ...

Толығырақ »

Полиция бағалы тон мен жүзік ұрлаған күдіктілерді ұстады

Полиция бағалы тон мен жүзік ұрлаған күдіктілерді ұстады Түркістан қалалық полиция басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде, ұрлық қылмысына қатысы бар деген күдікпен бұрын сотты болған екі күдікті жігітті қолға түсірді. Белгілі болғандай, үй иесінің жоқтығын байқаған күдіктілер кешкі уақытта үйдің терезесі арқылы кіріп, ұрлыққа барған. Жатын бөлмедегі бағалы тон мен күміс жүзікті қолды еткен. Жәбірленушіге келтірген шығын көлемі 500.000 ...

Толығырақ »

АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!

Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы №826 «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығын іске асыру аясында Созақ ауданының әкімі Тұрысбеков Мұхит Сексенбайұлының Созақ ауылдық округінің тұрғындарымен кездесуі 2024 жылғы 10 сәуір сағат 11:00-де ауылдық мәдениет үйінде өтеді. Созақ ауылдық округінің азаматтарын жеке қабылдау сағат 12:00-де болады. Сызған ауылдық округінің тұрғындарымен кездесуі 2024 жылғы 10 сәуір сағат 15:00-де ауылдық мәдениет ...

Толығырақ »

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ КЕРУЕНІ ЖАЛҒАСУДА

Арыс халқы су тасқынынан зардап шеккен аймақтарға гуманитарлық көмек жинауды әлі де жалғастыруда. Көмек жинау пункті Арыс қалалық ішкі саясат бөліміне қарасты «Жастар Ресурстық орталығы» ғимаратында жанынан құралған. Наурыз айынан бастап жұмыс істеп жатқан уақытша көмек орталығы осы уақытқа дейін 2 газель қажетті заттарды Батыс Қазақстанға жіберіп үлгерді. Гуманитарлық көмек қабылдау пункті жұмысын әлі де жалғастыруда. ҚАЖЕТТІ ЗАТТАР: -Киім-кешек. -Балаларға ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ҚЫЗҒАЛДАҚ ПЕН ТОРАҢҒЫНЫ ҚОРҒАУ АКЦИЯСЫ ӨТЕДІ

2024 жылы «Парктер шеруі» акциясының ашылуы Отырар ауданы Көксарай елді мекенінде өтеді. Бұл — жыл сайын дәстүрлі түрде табиғатты қорғау мақсатында өткізілетін акция. Аталған шара аясында 3 түрлі бастама қолға алынады. Олар: «Парктер тынысы» фотокөрмесі, «Сырдың көркі -тораңғы» атты қоқыс тазалау шарасы және «Қазақстан — қызғалдақтар отаны» акциясы. Бұл жайында брифингте «Сырдария-Түркістан» мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің маманы Жұмабай Көшербай мәлімдеді. ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН: МЕДИЦИНАЛЫҚ ҰЙЫМДАРДЫҢ КРЕДИТОРЛЫҚ БЕРЕШЕКТЕРІН ОҢТАЙЛАНДЫРУ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ

Түркістанда облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаевтың төрағалығымен өткен жиында медициналық ұйымдардың кредиторлық берешектерін оңтайландыру мәселесі қаралды Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Түркістан облысы бойынша филиалының басшысы Нұрлан Қыдырбаев, Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдуәлиев және аурухана басшылары қатысты. – Өңіріміздегі медициналық ұйымдардың кредиторлық берешегін оңтайландыру арқылы қаржылық тұрақтылықты жақсартуға болады. Бұл бағытта біршама жұмыстар атқарып келеміз. 2022 жылы ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТ: МӘЖІЛІСТЕ ҚАЗЫЛҒАН ОРЫНДАРДЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтің қатысуымен өткен аппараттық мәжілісте қазылған орындарды ретке келтіру жұмыстары талқыланды. Жиында Энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы Р.Мендикулов қала аумағындағы жер қазба жұмыстарын баяндады. Зерделеу жұмыстары қорытындысымен Абай ауданында — 40, Қаратау ауданында — 53, Тұран ауданында — 8, Еңбекші ауданында — 38 қазылған жер анықталды. Қала әкімі сала басшыларына қазылған аумақтарды қалпына келтірмей, ...

Толығырақ »

ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ БЕС ЖҮЗГЕ ЖУЫҚ АДАМ ТҰРАҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛҒАН

Жыл басынан бергі үш айда жұмыссыз жүрген аудан тұрғындарының 494-і тұрақты жұмысқа орналасқан. Ал, уақытша жұмыс орындарына 734 адам жолданып отыр. Жыл соңына дейін бұл көрсеткіштерді арттырып, тұрақты жұмыс орындарына кемінде 2400 адамды, уақытша жұмыс орындарымен 1665 астам адамды қамту жоспарлануда. Бұл туралы бүгінгі аудан әкімі Нұржан Ізтілеуовтің төрағалығымен өткен кезекті аппараттық жиында аудандық Мансап орталығының директоры Ерсұлтан Байбатчаев мәлімдеді. ...

Толығырақ »

АУДАН ӘКІМІ ИНВЕСТОРЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ

Мемлекет басшының инвестициялық жобаларды сүйемелдеу тапсырмасын орындау аясында Төлеби ауданының әкімі Төлеген Телғараев, аудан прокуроры Оразәлі Әбдіраманов инвестициялық жоба жетекшілермен кездесті. Табиғаты тамылжыған Төлеби ауданында кәсіп ашқысы келетін инвесторлар саны артып келеді. Аудан экономикасын дамыту үшін инвестиция тарту­дың маңызы зор. Себебі инвес­тиция – ел экономикасының темірқазығы, еліміздің жаhан­­дық деңгейдегі бәсекеге қабілет­ті­лігін арттырудың кілті болып табылады. Аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы ...

Толығырақ »

ORDABASY: СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ – ТАЗАЛЫҚ ТАРАЗЫСЫ

Бүгін ауданда “Таза Қазақстан” акциясы аясында ауқымды сенбілік өтті. Шараға аудан әкімі Азат Оралбаев, аудандық мәслихаттың төрағасы Бақдәулет Жұмабеков, аудандық мәслихаттың бірқатар депутаттары, аудан әкімінің орынбасарлары, бөлімдердің және коммуналдық мекемелердің қызметкерлері, жастар, тұрғындар, белсенді азаматтар қатысып, арнайы белгіленген аумақтарда тазалық және көшеттер отырғызу жұмыстарын жүргізді. Сенбілік барысында аудан әкімі Азат Оралбаев тазалықты ретке келтіру бағытында аудан аумағындағы көшелерді аралап, жүргізіліп ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТ: АСАР-2 ШАҒЫНАУДАНЫНДА ЭЛЕКТР ЖЕЛІЛЕРІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛДЫ

Шымкент қаласында шағынаудандарды электр қуатымен қамту жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізілуде. Абай ауданы аумағындағы Асар-2 шағынауданын электр қуатымен қамтамасыз ету жұмыстарының 2-кезеңі аяқталды. Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков ел игілігіне тапсырылған нысанның мүмкіндіктерімен танысып, тұрғындарды инженерлік жүйелермен қамту кезең-кезеңімен іске асатынын атап өтті. Құрылысты бас мердігер “А.Мерей и К” ЖШС жүргізіп, жалпы 5 айда аяқтады. Жоба құны — 1 109,4 млн. теңге. ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН: АРЫСТА 150 ОТБАСЫҒА «РАМАЗАН ҚОРЖЫНЫ» ТАБЫСТАЛДЫ

Арыс қаласында Орталық «Ысқақ» мешітінің ұйымдастыруымен «Рамазан қоржыны» атты қайырымдылық шарасы өтті. Бұл игі бастамаға «Қолғабыс» қоғамдық қоры қолдау білдіріп отыр. Қасиетті айдың құрметіне орай өткізілген қайырымдылық шарасында Арыс қаласының бас имамы Қажымұқан Қазыбаев пен игілікке жаны құмар азаматтар әлеуметтік көмекке мұқтаж 150 отбасыға азық-түлік салынған қоржындарды үлестірді. Азық-түлік салынған себеттер зағип жандарға, аз қамтылған отбасылар мен мүгедектігі бар жандарға ...

Толығырақ »

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың су тасқыны салдарынан қалыптасқан ауыр жағдайға байланысты үндеуі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың су тасқыны салдарынан қалыптасқан ауыр жағдайға байланысты үндеуі Құрметті отандастар! Бүгін мен еліміздің азаматтарына арнайы үндеуімді жолдап отырмын. Баршаңызға белгілі, қазір елімізде күрделі жағдай қалыптасып отыр. Қардың күрт еруіне байланысты аймақтарда су тасқыны болып жатыр. Бұл – табиғи апат. Мұндай ахуал ұзақ жылдан бері болмаған. Бұл көлемі жағынан соңғы 80 жылдан бергі ең ірі табиғи апат ...

Толығырақ »

ЭКОНОМИКАНЫ ДАМЫТУ ҮШІН БӘСЕКЕЛЕСТІК ҚАБІЛЕТТІ ПАЙДАЛАНУ КЕРЕК

  Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаев биыл ұлттық құрылтайдың үшінші отырысын Жайық жағасындағы Атырау қаласында өткізді. Бұған дейінгі екі құрылтайдың алғашқысы ұлт ұясы Ұлытау жерінде, екіншісі былтыр киелі Түркістанда өткен болатын. Ұлтымыздың тарихы мен мемлекетіміздің келешегі үшін келелі мәселелер көтеріліп, жаңа идеялар қолға алынып жатқан бұл жиындардың маңызы мен мәні өте зор. Президент айтқандай, алдыңғы екі отырыста елімізді дамытуға қатысты ...

Толығырақ »

КОЛОРЕКТАЛЬДЫ ОБЫР КӨБЕЙІП ТҰР

  Дүние жүзінде жылдан жылға онкологиялық ауруға шалдыққандар саны артып отыр. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметіне сүйенсек, елімізде жыл сайын 40 мыңнан астам адам қатерлі ісікке шалдығады екен. 2023 жылы 218 мың науқас диспансерлік есепте тұрып, 12 мың науқас қатерлі ісіктен қайтыс болған. Елімізде сүт безі, өкпе, асқазан қатерлі ісіктері өте жиі таралған. Республикада кейінгі 5 жылда – 2014-2015 жылы ісіктер ...

Толығырақ »

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН КЕЛДІ

Сапар барысында Президент өңірдің қарғын су басқан аумақтарын тікұшақпен аралап көріп, эвакуацияланған тұрғындармен кездеседі. Сондай-ақ төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабтың отырысын өткізеді.

Толығырақ »

ПРЕЗИДЕНТ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ СУ БАСҚАН АУМАҚТАРЫН ТІКҰШАҚПЕН АРАЛАДЫ

Мемлекет басшысының Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары қарғын су басқан аумақтарды тікұшақпен аралап көруден басталды. Қасым-Жомарт Тоқаев Теректі, Сырым және Қаратөбе аудандарындағы қалыптасқан жағдаймен танысты. Облыс әкімі Нариман Төреғалиев Президентке бүгінде 6 аудан мен Орал қаласын су басқанын баяндады. Қарғын су 552 тұрғын үйге, 427 саяжай теліміне зиян келтірген. Өңір басшысының айтуынша, су тасқынына қарсы шараларға 1911 адам, 332 техника, ...

Толығырақ »

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ БҚО ҚАРАТӨБЕ АУДАНЫНДАҒЫ ЭВАКУАЦИЯЛЫҚ ПУНКТКЕ БАРДЫ

  Президент су басқан аумақтарды тікұшақпен аралап шыққаннан кейін аудан орталығындағы Қажым Жұмалиев атындағы мектеп-гимназия базасында орналасқан эвакуациялық пунктке барды. Мемлекет басшысы гуманитарлық көмекті тарататын пункттің жұмысымен танысып, су тасқынына байланысты жақын маңдағы ауылдардан көшірілген тұрғындармен кездесті. Қасым-Жомарт Тоқаев тұрғындармен әңгімелесу барысында мұндай көлемдегі тасқынның бұрын-соңды болмағанына назар аударды. Оның айтуынша, осыған ұқсас жағдай 1994 жылы болған. Бірақ биылғы тасқын ...

Толығырақ »

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ БҚО ҚАРАТӨБЕ АУДАНЫНДАҒЫ ЭВАКУАЦИЯЛЫҚ ПУНКТКЕ БАРДЫ

  Президент су басқан аумақтарды тікұшақпен аралап шыққаннан кейін аудан орталығындағы Қажым Жұмалиев атындағы мектеп-гимназия базасында орналасқан эвакуациялық пунктке барды. Мемлекет басшысы гуманитарлық көмекті тарататын пункттің жұмысымен танысып, су тасқынына байланысты жақын маңдағы ауылдардан көшірілген тұрғындармен кездесті. Қасым-Жомарт Тоқаев тұрғындармен әңгімелесу барысында мұндай көлемдегі тасқынның бұрын-соңды болмағанына назар аударды. Оның айтуынша, осыған ұқсас жағдай 1994 жылы болған. Бірақ биылғы тасқын ...

Толығырақ »

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ МАЛДЫҢ ЖАППАЙ ҚЫРЫЛУЫНА БАЙЛАНЫСТЫ УШЫҒА ТҮСКЕН ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙҒА АРНАЙЫ ТОҚТАЛДЫ

  Қасым-Жомарт Тоқаев болашақта су тасқынының алдын алу шараларына айрықша мән беруді тапсырды. – Көктем мезгілінде қар шығару, өзендердің қауіпті учаскелеріндегі мұзды жару, қарғын су жүретін арналар жасау және басқа да қажетті шаралар алдын ала жүргізілуге тиіс. Жаз-күз маусымында өзендердің арналарын уақытылы тазалауды, табанын тереңдетуді және сағаларын кеңейтуді, автомобиль мен теміржолдардың бойындағы қолданыстағы су өткелдерінің қуаттылығын арттырып, жаңасын салу қажет. ...

Толығырақ »