Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » 2018 (страница 4)

Годовые архивы: 2018

ТҰҒЫРЫ БИІК ТҰЯҚБАЕВ

2018 жылғы 26 қыркүйек күні «Отырар» ғылыми-әмбебап кітапханасында жазушы-журналист Жұмамұрат Тұяқбаевтың туғанына 80 жыл толуына орай «Тұғыры биік Тұяқбаев» атты еске алу кеші өтті, деп хабарлайды мекемеге сілтеме жасаған didarbek.kz. Жас журналистердің танылуына үлкен мән берген дарын иесін еске алу кешіне жазушының жұбайы Сайгана Мәдет, қызы Сәуле Жұмамұратқызы, туыстары, зиялы қауым өкілдері, қоғам қайраткері Шалатай Мырзахметов, «Оңтүстік Қазақстан» газетінің бас ...

Толығырақ »

Түркінің төрі — Түркістанның түнгі келбеті

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қабылдаған тарихи шешімімен қасиетті Түркістан шаһары облыс орталығы болып, бүгінде көне қаланың келбеті айшықтала түсуде. Қай уақытта да болмасын қасиетті тарихи мекеннің өткені мен бүгініне, келешегіне Елбасымыз бастап, ел басқарған азаматтар ерекше назар аударып, мән беріп келеді. Мәселен өткен жылдың өзінде қала халқы үшін «Түркі бағы», «Рәміздер алаңы» сынды демалыс орындары бой көтерсе, Н.Оңдасыновтың кешені, Жеңіс саябағы ...

Толығырақ »

Түркістан: Биыл мақтаның түсімі, талшығының ұзындығы, шитінің сапасы ойдағыдай

Өңірімізде ақ алтынның отаны саналатын Жетісай және Мақтарал аудандарының ұйымдастыруымен мақта терім науқанына арналған дәстүрлі «Ақ керуен-2018» салтанатты іс-шарасы өтті. Жалпы, Мақтарал ауданында мақта өндіретін 5 зауыт және мақта қабылдайтын 69 бекет қызмет көрсетуде. Зауыттардың ішінде ТМД-да теңдесі жоқ саналатын «Мырзакент» мақта өңдеу зауыты 120 адамды тұрақты жұмыс орнымен қамтып отыр. Жалпы құны 1 миллиард теңгені құрайтын өндіріс ошағының жоғары ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН: МЫРЗАШӨЛ ӨҢІРІНДЕ МАҚТА ТЕРІМ НАУҚАНЫНА АРНАЛҒАН «АҚ КЕРУЕН-2018» САЛТАНАТТЫ ІС-ШАРАСЫ ӨТТІ

Бүгін Мақтаарал және Жетісай аудандарының ұйымдастыруымен Мырзашөл өңірінде мақта терім науқанына арналған дәстүрлі «Ақ керуен-2018» салтанатты іс-шарасы өтті, деп хабарлайды Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz. Жиында қос ауданның әкімдері арнайы сөз сөйлеп, Мырзашөл өңірінің тұрғындарын жиын-терім науқанымен құттықтады. Салтанатты іс-шарада мақта қабылдау бекетіне ең бірінші болып келген Мақтаарал ауданына қарасты Иіржар ауылдық округінің тұрғыны Қайрат Мамақұлов 9 ...

Толығырақ »

Түркібасы әулиесі

Түлкібас ауданының 90 жылдығы аясында Түлкібас ауданында қайта жөндеуден өткен «Түлкібасы әулиесі» кесенесімен танысу рәсімі өтті, деп хабарлайды ernur.kz ақпараттық агенттігіне сілтеме жасаған didarbek.kz. Түркібасы әулиесі «Түркібасы әулиесінің» тарихына қарайтын болсақ шежірелі Қаратау мен Алатаудың төс түйістірген тұсында, әлемге әйгілі Ұлы Жібек жолының бойында, тарихи Майлыкент өңірінде Түркібасы немесе Әулиетөбе орналасқан. Патша өкіметі кезінде бұл өлке Майлыкент болысы аталып, Кеңес ...

Толығырақ »

Түркістан: Түлкібаста Тұрар Рысқұловқа құрмет көрсетілді

Бүгін Түркістан облысындағы Түлкібас ауданының құрылғанына 90 жыл толуына орай іс-шара өтуде, деп хабарлайды ernur.kz ақпаратық агенттігіне сілтеме жасаған didarbek.kz. Қасиетті Түркістан облысының шығыс аймағында орын тепкен Түлкібас ауданына 90 жыл толып отыр. Аудан 1928 жылы 17 қаңтарда құрылған. Ауданда қазіргі таңда халық саны 111 мың 200 болса, оның ішінде 26-дан астам ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүруде. Аудан орталығы — ...

Толығырақ »

СОЗАҚ АУДАНЫ КЕНТАУ ҚАЛАСЫНАН ЭСТАФЕТАНЫ ҚАБЫЛДАП АЛДЫ

Елімізде « Адал жол» жобасы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы түрлі іс – шаралар күн сайын өріс алып, аясын кеңейтуде. Облыста сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафон барлық аудан, қалаларды қамти отырып өткізілуде. Марафонда мемлекеттік орган қызметшілерімен қатар, жастар, үкіметтік емес ұйымдар мен қоғамдық ұйымдар өкілдері белсенділік танытуда. Бүгінге дейін марафонды Шардара, Мақтарал, Сарыағаш, Қазығұрт, Сайрам, Түлкібас, Төлеби , Ордабасы, Отырар аудандары ,Кентау ...

Толығырақ »

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС — БАРШАМЫЗҒА ОРТАҚ ІС

Бүгін мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің кестелік жоспарына сәйкес Д.Құрманбек атындағы №20 колледжінде студенттер арасында «Мемлекеттік қызмет – қоғам мен әрбір қазақстандыққа қызмет етудің ерекше түрі» тақырыбында пікірталас сайысы өтті. Шараға колледждің белсенді студенттері мен оқытушы мұғалімдері, мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті жанындағы мониторингтік ...

Толығырақ »

СОЗАҚТА «АДАЛ ЖОЛ» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА СУДА ЖҮЗУДЕН ЖАРЫС ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі агенттігінің Түркістан облыстық департаменті «Адал жол» жобасы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы түрлі іс – шаралар күн сайын өріс алып, аясын кеңейтуде. Марафонды өткізудегі басты мақсат — мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тиімділігін арттыру, жемқорлықтың кез келген көрінісіне «мүлдем төзбеушілік» ахуалын жасау, сонымен қатар, қоғамды салауатты өмір салтын ұстануға үндеп, жемқорлық ...

Толығырақ »

«Нұр Отан» партиясы Созақ аудандық филиалы атом саласы қызметкерлерімен кездесті

«Нұр Отан» партиясы Созақ аудандық филиалының бастамасмымен Таукент поселкесі Мәдени-спорт кешенінде «Атом саласы қызметкерлерінің күніне» арналған кездесу болып өтті, деп хабарлайды ernur.kz ақпараттық агенттігіне сілтеме жасаған didarbek.kz. Кездесуге аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Р.Әлжанов, Таукент кенті әкімінің міндетін атқарушы М.Ибраев, аудандық мәслихаттың депутаттары Б.Тұрғанбаев, Гүлжан Момбекова, «Казатомөнеркәсіп ҰАК» АҚ-на қарасты «Қазатомпром- SaUran» ЖШС, «Волковгеология» АҚ, «Сауда-көлік компаниясы» ЖШС, «Таукентэнергосервис» ...

Толығырақ »

Түркістан облысы мен Шымкент спортшылары халық спортынан жеңімпаз атанды

Didarbek.kz. Ақтау қаласында Армрестлингтен Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жүлдесі үшін VI xалық спорты ойындары болып өтті, деп хабарлайды «shardaraarmsport-news” сайтына сілтеме жасаған  ernur.kz ақпараттық агенттігі. Құраманы аға жаттықтырушы Нұржан Туракулов, Сейфулла Нурxаликов, Бақдаулет Турманов сынды білікті маман, өз ісінің шеберлері бастап барған болатын. Шымкент қаласының және Түркістан облысы құрамасының атынан бақ сынағын жерлестеріміз өте тартысты өткен бәсекеде жеңіске ...

Толығырақ »

ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА «COWORKING» ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

Бүгін Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында орталық кітапхана күрделі жөндеуден өтіп, жаңадан жаңғырған ғимаратында «Коворкинг» (coworking) орталығының ашылу салтанатты іс-шарасы өтті, деп хабарлайды Түлкібас адуаны әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz  ақпараттық агенттігі. Коворкинг ағылшын тілінен аударғанда –бірігіп жұмыс істеу деген мағынаны білдіреді. Елбасымыз өз сөзінде «Болашақ — білімді жастар қолында»-дегендей, жастарымыздың ой-өрісін жан-жақты дамыту мақсатында ашылып ...

Толығырақ »

Түркістан облысында «Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті

Түркістан облысының аумағында 17 мен 21 қыркүйек аралығында жүргізілген «Қару»  республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында 64 дана заңсыз қару тәркіленген. Учаскелік инспекторлармен 7 мыңнан астам қару иелері тексеріліп,  заңсыз қару сақтау ережелерін бұзғаны үшін 429 азаматқа қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылыпты. Бұл туралы «aq-qara.kz» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасаған didarbek.kz хабарлайды. Қарумен жасалынатын қылмыстың алдын алу және заңсыз сақталған қаруды анықтау мақсатында ұйымдастырылған шараның ...

Толығырақ »

Түркістан облысында еңбекақы төлеудің жаңа жүйесінің арқасында 1 бос орынға 39 үміткерге дейін қатысуда

Бүгін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы Ғ.Тұрсынбаев брифинг өткізді, деп хабарлайды департаменттің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Брифинг барысында Ғалым Сұлтанұлы мемлекеттік қызметшілерге факторлы-балдық шкалаға негізделген еңбек ақы төлеудің жаңа жүйесі Агенттік және оның аумақтық бөлімшелерінде, Әділет Министрлігінде, Маңғыстау облысы мен Астана қаласы әкімдіктерінде пилоттық тәртіпте енгізілгенін ...

Толығырақ »

«АСТАНА – ТҮРКІСТАН» ТЕМІРЖОЛ БАҒЫТЫ

Астана қаласынан Түркістанға сапар шегетін жолаушылар үшін жағымды жаңалық! Ендігі жерде Елордадан Түркістан қаласына дейін пойыз ауыстырмай-ақ жетуге толық мүмкіндік тумақ. «Жолаушылар тасымалы» АҚ Түркістан облысына көлік қатынасын дамыту және жолаушыларды Қазақстанның танымал туристік орындарының біріне қарай тасымалдау мақсатында №176/175 Астана-1 – Шымкент пойызының бағытын Түркістан қаласына дейін ұзартып жатыр. Бұл туралы «aq-qara.kz» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасаған didarbek.kz хабарлайды. Түркістан ...

Толығырақ »

Ж.ТҮЙМЕБАЕВ АРДАГЕРЛЕРДІ ТҮРКІСТАНДЫ БІРЛЕСІП ТҮЛЕТУГЕ ШАҚЫРДЫ

Өңір басшысы Жансейіт Түймебаев Қарттар күні қарсаңында Түркістан қаласының ардагерлерімен кездесті. Басқосуда облыс әкімі ел ақсақалдарын мерекемен құттықтап, облыс орталығын дамытуға рухани тұрғыдан дамытуға атсалысуға шақырды. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды. «Облыс орталығы алдағы уақытта жаңа кейіпке енеді. Бұған Елбасымыз айрықша назар аударып отыр. Алдағы уақытта Түркістанда жаңа ғимараттар, тұрғын үйлер, әуежай, ...

Толығырақ »

Шардаралық тұрғындар «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының қабылдауында болды

«Нұр Отан» партиясының аудандық филиалының төрағасы, Шардара ауданының әкімі Болатбек Қыстауов бір топ тұрғындарды қабылдап, өтініштеріне құлақ түрді, деп хабарлайды Шардара ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz. Қоғамдық қабылдауға алғаш болып кірген «Мәриям» ауылшаруашылығы өндірістік кооперативінің төрағасы М.Базарбаев мал сою бекетіне арнайы жер сұраса, қаладағы Төменгі тоғай ауылының биі Т.Юсупов ауыз суға есептегіш қондырғысын орнату, үй-жайы жоқ, жағдайы төмен, ...

Толығырақ »

Сарыағаш ауданының әкімі қабылдады

Бүгін Сарыағаш ауданының әкімі Абдуалиев Қайрат Аманкелдіұлы бекітілген кесте бойынша, ауданның тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдауын жүргізіп, өтініштерін тыңдады. Бұл туралы Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды. Аудан әкімінің қабылдауында болған тұрғындар мектеп құрылысы, тас жол салу, ұялы байланыс жүйесінің антеннасын орнату, электр жарығы және коммуналдық пәтер алуға тұрған кезегін нақтылау бойынша өтінішіне алдағы уақытта ...

Толығырақ »

Келес ауданының әкімі Алпамыс батыр ауыл округінің тұрғындарымен кездесті

Түркістан облысы, Келес ауданының әкімі А.Есбаев Алпамыс батыр ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті. Кездесуге дербес бөлім басшылары мен тиісті сала басшылары қатысты, деп хабарлайды Келес ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Алдағы уақытта округ аумағындағы көше бойларын ретке келтіріп, көгалдандыру жұмыстарына көңіл бөлінгелі отыр. Сонымен қатар, аудан әкімі округ аумағынан тұрғын үй салу мақсатында халыққа жер учаскелерін бөлу ...

Толығырақ »

Ж.Бейсенбаев Асықата кентіндегі нысандарды аралап көрді

Түркістан облысы, Жетісай ауданының әкімі Жамантай Бейсенбаев Асықата кентінде болып, ондағы өзекті мәселелермен танысып шықты, деп хабарлайды Жетісай ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Мән беретін ең бірінші мәселе – кенттегі тазалықты сақтау. Сондай-ақ, кент аумағындағы көше бойларын ретке келтіріп, көгалдандыру жұмыстарына көңіл бөлінгелі отыр. Сонымен қатар, кенттегі бұған дейін пайдаланылмай келген ескі нысандарды орта жөндеуден өткізу ...

Толығырақ »

ЕҢБЕК — ЫРЫСТЫҢ ҚАЗЫҒЫ

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен елімізде еңбек өнімділігін ынталандыру, жастар арасында жұмысшы мамандықтарын насихаттау және жұмысшылар әулетінің көпжылдық дәстүрлерін нығайту мақсатында Еңбек күні мерекесі белгіленген болатын. Осыған орай еліміздің барлық өңірлерінде қыркүйектің соңғы жексенбісінде еңбек күнін атап өту дәстүрге айнала бастады. Бүгін Отырар ауданныда Еңбек күні мерекесі салтанатты жағдайда аталып өтті. Мерекелік шараға аудан әкімінің міндетін атқарушы Әбдіғали Жүнісов қатысып, аудан еңбеккерлерін ...

Толығырақ »

БАҚЫТ АСАНОВ: МАҚТААРАЛДЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫМЕН ҒАНА ЕМЕС, ҚҰРЫЛЫС САЛАСЫМЕН ДЕ ТАНЫМАЛ ЕТЕТІН БОЛАМЫЗ

Мақтаарал ауданының әкімі Бақыт Асанов Иіржар ауылдық округі «Диқан» ауылындағы 600 орындық Қажымұқан атындағы жалпы орта мектебінің құрылыс барысымен танысты. Бұл туралы Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды. Мердігер «Корпорация Сити Строй» ЖШС-і құрып жатқан нысанның жалпы құны 1 миллиард 107 миллион теңгеден астам. Өңір басшысы нысан құрылысының өндірістік жұмыс кестесіне сәйкес жүргізілуін тексеріп, бірнеше ...

Толығырақ »

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ ЖАҢА ЕҢБЕКАҚЫ ЖҮЙЕСІ

Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап Елбасы халықтың қажеттілігіне бағытталған кәсіби мемлекеттік қызметтің қалыптасуына аса мән беріп келе жатқаны бәрімізге мәлім. 2015 жылы «Мемлекеттік қызмет туралы» заң қабылданғанға дейін, елімізде конкурстық іріктеу жүйесі жүзеге асырылған. Аталған іріктеуге кез-келген бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға әрбір қабілетті азаматтардың қатысуына мүмкіндік берілген. Біліктілік талаптары мемлекеттік қызметке кіруге ниеттенген кандидаттардың мемлекеттік қызмет саласында тәжірибесі болмаған жағдайда басқа ...

Толығырақ »

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

Түркістан қаласында Елордамыз Астана қаласының 20 жылдығына жəне «Əзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мəдени қорық-музейінің 40 жылдық мерейтойына орай мектеп оқушылары арасында дəстүрлі XXII «Ясауитану – 2018» Халықаралық байқауы өтті. Бұл туралы «Әзірет Сұлтан» қорық-музейінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды. Жиырма екі жылдық тарихы бар «Ясауитану» байқауына биыл еліміздің Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен Ақмола облысы, Алматы облысы, Ақтөбе ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАНДА «ТҮРКІСТАН -ТҮРКІ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ РУХАНИ ОРТАЛЫҒЫ» МЕРЕКЕЛІК ШАРАСЫ ӨТТІ

Түркістан қаласындағы Есім хан алаңында Түркістан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы мен облыстық өзбек этномәдени бірлестігінің ұйымдастыруымен өзбек халқының тілі, мәдениеті және салт-дәстүрі күніне арналған «Түркістан-түркі халықтарының рухани орталығы» атты мерекелік шарасы өтті. Айтулы жиынға ҚР Парламентінің депутаттары, Өзбекстан Республикасынан арнайы делегация өкілдері, облыс әкімі мен облыстық мәслихат депутаттары, зиялы қауым мен журналистер, этномәдени бірлестіктердің мүшелері қатысты. Бұл туралы  Түркістан облысы ...

Толығырақ »