Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » 2018 » Апрель (страница 4)

Месячные архивы: Апрель 2018

ҰЛТ ТАРИХЫНДАҒЫ ҰЛЫ БЕЛЕС

Шымкент қаласында Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының жарияланғанына 1 жыл толуына орай «Ұлт тарихындағы Ұлы белес» атты республикалық жиын өтті.   Жиынға ҚР Парламенті мәжілісінің депутаттары, еліміздегі ғалымдар, қаламгерлер мен журналистер және өңірдегі зиялы қауым өкілдері қатысты. Ұлттың ұйытқысы Оңтүстік Қазақстанда болған басқосуда «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында өңірде атқарылған жұмыстар қорытындыланып, алдағы міндеттер мен жоспарлар талқыланды. Сондай-ақ, ...

Толығырақ »

ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ АҚИҚАТЫ ЖӘНЕ МАҢЫЗЫ

Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде «Ұлт тарихындағы Орбұлақ шайқасы: Ұлы жеңістің ақиқаты және маңызы» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті. Бұл Қазақ мемлекеттілігінің тұтастығын сақтаудағы айрықша орын алатын Орбұлақ шайқасы жайлы халықаралық деңгейдегі ғылыми жиынның өңірде алғаш рет өтуі. Пленарлық мәжіліске қатысқан модераторлар: Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры З.Қабылдинов пен «Жеті жарғы және Қожаберген жырау» халықаралық қайырымдылық ...

Толығырақ »

Қалада қоғамдық кеңестің кезектен тыс мәжілісі өтті

Шымкентте орын алған балмұздақтан улану жайты мен жаппай өрт қауіпсіздігін тексеру шаралары бойынша қалалық қоғамдық кеңестің кезектен тыс мәжілісі өтті. Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша сөз алған Әл-Фараби аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Т. Серманизов кәсіпкерлерге тексеру жұмыстарын тек арыз-шағым түскенде ғана тексере алатындарын жеткізді. Осыған орай қоғамдық кеңес тарапынан қоғамдық мониторинг жүргізу туралы ұсыныс жасалды. Алғаш болып қаладағы мектеп асханаларын тексеру керегі ...

Толығырақ »

Шымқалада  көпқабатты үйлердің қасбеті жаңартылуда

Миллион тұрғыны бар Шымқала күннен-күнге ажарланып келеді. Қалада күн санап зәулім тұрғын үйлер мен сәулетті көз тоқтатарлық нысандардың саны артуда. Осы орайда биыл Шымкентте көпқабатты тұрғын үйлердің қасбеттері жаңартылып, 20 көпқабатты тұрғын үйдің қасбеті ретке келтірілмек. Бұл жұмыстар үшін қала тұрғындары ешқандай қаржы шығармайды, тіптен бюджет қаржысы  да жұмсалмайды. Бұл бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында жүзеге асқан игі бастамалардың бірі. Қасбеттер қалалық ...

Толығырақ »

МҰҒАЛІМ… МЕКТЕП… МАХАББАТ…

Шымқалада орыс тілінде оқитын 5-9 сынып оқушыларының мемлекеттік тілімізді меңгеру деңгейін білу мақсатында «Ана тілі және отбасы» байқауы өтіп жатыр. Оны ұйымдастырушы Шымкент қалалық Тілдерді оқыту орталығы және оның директоры Нұрила Жұманова. Байқау ережелеріне сәйкес, оқушылар мен ата-аналар ұлттық салт-дәстүрлерімізге негізделген сахналық қойылымдар көрсетіп, мақал-мәтелдер мен тыйым сөздер арқылы тілдік қорларының бай екенін байқатуы қажет. Шымкент қалалық білім бөліміне қарасты мектептердің ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТТЕГІ «КЕЙБІРЕУ» МЕН «КЕЙБІРІ»…

Иә, Шымкент қаласы әкімдігіндегі «кейбіреу» дәл осылай жазады да, оның сауаттылығын қадағалауға тиіс «кейбірі» оған еш мән бермейді. Әкімдіктің Facebook әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында жарияланған жаңа жазба бізді бұрынғыдан бетер таң қалдырды. Мемлекеттік қызметкерлердің мемлекеттік тілімізді мұншалықты құрметтемейтіні өз алдына, келеке-мазақ етуіне жол болсын! Шымкент қаласының әкімі Нұрлан Сауранбаевтың да қазақ тіліне шорқақ болғаны ма? Неге бұндай олқылықтарға жол беріп отыр ...

Толығырақ »

ПАЦИЕНТЫ ПАЛАТЫ №6

Почему Мухтар Аблязов защищает Ардак Ашим? Весна бушует в Шымкенте. Вместе с природой просыпается и оживляется общество. А у больных обостряются заболевания, в том числе психические. Местную блогершу Ардак Ашим поместили в психоневрологическую клинику. Это вызвало большой ажиотаж. Народ зашумел: мол, активного борца за справедливость изолировали от общества, закрыли в «психушку». Массовый психоз в своих целях попытался использовать еще один ...

Толығырақ »

САРЫАҒАШТА БАСТАУ АЛДЫ

Оңтүстік Қазақстан облысында жарияланған «Зорлық-зомбылықсыз Оңтүстік» акциясы Сарыағаш ауданында бастау алды. Мақсаты – оқушыларға тұрмыстық зорлық-зомбылық нені білдіретінін түсіндіріп, отбасындағы бала тәрбиесі туралы кеңінен насихаттау. Облыс әкімінің бастамасымен жарияланған «Зорлық-зомбылықсыз Оңтүстік» акциясына сарыағаштық 600 оқушы қатысты. Аталған іс- шараға ауыл ардагерлері, ата-аналар мен БАҚ өкілдері қатысты. Онда ауыл ақсақалдары тəрбие тал бесіктен басталатынын айтып, елді ынтымаққа жəне баланы дұрыс тəрбилеуге ...

Толығырақ »

ҚАСИЕТТІ ҚАЗЫҒҰРТТЫҢ ТӨРІНДЕ

Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданына қарасты Атбұлақ ауылындағы Ж.Қаппаров атындағы №5 мамандандырылған физика-математикалық мектеп-интернатында «Туған жерге тағзым» атты конференциясы өтті. Аталған шараға Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаев арнайы қатысты. Мектептің материалдық-техникалық оқу базасымен танысудан бастаған аймақ басшысы оқушыларды сапалы білім алып, ел абыройын асқақтататын азамат болуға шақырды. «Елбасымыз еліміздің жастары білімді де, білікті болуы керектігін үнемі айтып келеді. Президент осыған ...

Толығырақ »

ҚҰРМАНҒАЗЫ МҮСІР – ЖАЛАҚОР МА?

Тақырыпқа шығарылған сауалға жауапты Шымкенттегі Әл-Фараби аудандық соты береді деген үмітіміз бар. Өйткені, Құрманғазы Мүсірдің үстінен Баласағұн атындағы мектептің директоры Бейбіткүл Селтанова жеке айыптау шағымын түсіріп, ол шағымды аталған сот өз өндірісіне алған. Істі қарап жатқан судья Еркебұлан Төлешов бірден-ақ тараптарды бейбіт бітімге шақырды. Алайда, шағымданушы Б.Селтанова, «қылмыстық істің ашылуына мектеп директоры Бейбіткүл Селтанованың туған қайнысы Бауыржан Селтанов бөгет жасап жатыр» деген сөзді ресми ...

Толығырақ »

ГРОМКИЙ ЗАГОЛОВОК – ПУСТОЙ ЗВУК?

«Обысками в редакциях полиция опозорила Казахстан перед всем миром» – истерично сообщают журналисты Ratel.kz и тут же приводят «внушительный» список зарубежных СМИ, которые «пишут о беспределе в отношении журналистов Ratel.kz и Forbes Kazakhstan»: РИА Новости: «В редакциях Ratel.kz и Forbes Kazakhstan идут обыски». «Новая газета» (Россия): «В Казахстане начались обыски в редакциях Forbes и портала расследований Ratel.kz. Редакторов увезли в неизвестном направлении». ...

Толығырақ »

БҮГІННІҢ БАҺАДҮРІ, БӘРІМІЗДІҢ БАУЫРЫМЫЗ БАҚТИЯР

Ұлт газеті «Егемен Қазақстанның» Оңтүстік Қазақстан облысындағы өз тілшісі Бақтияр Тайжан ротация тәртібімен еліміздің бас басылымының Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі қызметіне кірісті. Әріптес-бауырымызға жаңа жұмысында сәттілік тілей отырып, ол жөнінде ой толғамай кету мүмкін емес сияқты. Елімізге танымал журналист, «Оңтүстік Қазақстан» газетінің тізгінін ұзақ жыл берік ұстаған басшы, қаламымен қарымды мәселе қозғап, қарапайым тұрғын сөзін сөйлеген, талай спорттық доданы оқырманға дер кезінде дәл ...

Толығырақ »