Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » 2020 » Апрель (страница 6)

Месячные архивы: Апрель 2020

АРДАГЕРЛЕРГЕ 1 МИЛЛИОН ТЕҢГЕДЕН БЕРІЛЕДІ

Түркістан облысында 40 Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне 1 млн теңгеден беріледі, деп жазады Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Түркістан облысында Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен соларға теңестірілгендер саны 8293 адамды құрайды. Оның 40-ы Ұлы Отан соғысының ардагері, 256-сы Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілгендер. Бұдан бөлек, облысымызда 7997 тыл еңбеккерлері есепке алынған. ҚР Еңбек және халықты ...

Толығырақ »

МЕН БАТЫРДЫҢ ҰРПАҒЫМЫН

Биыл Ұлы Отан соғысы басталғанына 75 жыл толды. 1941 жылдың 22 маусымында басталған сұрапыл соғысқа Кеңес Одағы құрамындағы республикалардың азаматтарымен қатар қазақстандықтар да қатысты. Оның ішінде бізідң қаншама жерлестеріміз қан майданға аттанып, оралмағаны қаншама… Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай, Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасының ұйымдастыруымен онлайн түрде өтетін «МЕН БАТЫРДЫҢ ҰРПАҒЫМЫН» челленджі жарияланды. Өту мерзімі ағымдағы жылдың 27 сәуірі мен 5 мамыр аралығы. Мақсаты ...

Толығырақ »

ДАУРЫҒУҒА НЕГІЗ ЖОҚ

Аграрлы аймақ болып табылатын Жетісай ауданы үшін көктемнің бел ортасы нағыз қарбаласқан шақ. Ақпан айының аяғына егілетін ерте пісетін орамжапырақтар бүгінде таңда пісіп алды көршілес мемлекеттерге жөнелтіліп үлгерді. Әлеуметтік желіде қырыққабаттарды блок бекеттерден өткізе алмай жатырмыз ешкім алмай жатыр деген ақпараттар да тарап үлгерді. Қазір жер емген диқандардың бұл мәселесі шешіліп, өнімдері саудаға шығарыла бастады, деп жазады «On’tu’stik» телеарнасының тілшісі ...

Толығырақ »

ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ АУЫЗАШАР БЕРДІ

Бүгінде елімізде орын алып жатқан жағдайға байланысты төтенше жағдай жарияланғаны белгілі. Осы орайда тұрғындардың қауіпсіздігін барынша сақтау мақсатында түрлі шаралар қабылданып, тұрғындарға санитарлық нормаларды қатаң сақтауға кеңестер беріліп, үйден шықпау басты талапқа айналды. Тұрғындардың үй-жайларында қалулары арқылы өзінің және жақындарының өмірін сақтап қалуға мүмкіндігі жоғары. Себебі, лезде таралатын вирустың алдын алу мақсатында аудандар арасында блок-бекеттер қойылды. Блок-бекеттерде күн-түн демей, дәрігерлер, ...

Толығырақ »

СПОРТШЫЛАР ЖАТТЫҒУЫН ТОҚТАТПАЙДЫ

Еліміздегі төтенше жағдай жарияланған күннен бастап жұмыстарын қашықтықтан жүргізіп жүрген мекемелердің бірі Шардара аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі. Карантин режимінде білікті бапкерлер шәкірттерін қашықтықтан үйретіп, жаттығу жұмыстарын жүргізуде, деп жазады «On’tu’stik» телеарнасының тілшісі Г.Қалмырзақызының материалына сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Шардаралық жас спортшылар елімізде болып жатқан төтенше жағдай кезеңінде өз күш жігерлерін үй жағдайында пысықтап, дерт дендемеуі үшін өздерін оқшаулауға кіріскен. ...

Толығырақ »

ТӨРТ БІРДЕЙ ДОҒАЛАҚТЫ ҚОЛДЫ ЕТКЕН

Түркістан облысының полицейлері көлік доңғалағын ұрлаған жас күдіктіні қолға түсірді, деп жазады ТО ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Түркістан облысына қарасты Арыс қаласының тұрғыны аудандық полиция бөліміне ауласында тұрған көлігінің жаңа төрт бірдей доңғалағының ұрланғанын айтып, арыз жазады. Жәбірленушіге келтірілген залал көлемі 150000 теңгені құрайды. Арыстық полицейлер аталған жайтты ҚР ҚК-нің 188-бабы «ұрлық» бойынша тіркеуге алып, тергеп-тексеру әрекеттерін бастап ...

Толығырақ »

ПОЛИЦЕЙЛЕР ҚЫРАҒЫЛЫҚ ТАНЫТТЫ

Түркістан облысы полицейлері кезекті есірткі сатушыны ұстады, деп жазады ТО ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Төлеби АПБ-нің кезекші бөліміне ер азамат арызданып, Ленгір қаласы тұрғындарының бірі есірткі заттарын таратумен айналысатынын хабарлады. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 297-бабының «есірткі заттарды, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, өңдеу, иемденіп алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе сату» бойынша СДТТБТ-не тіркелді. Төлеби АПБ-нің ...

Толығырақ »

КОРОНАВИРУСТАН ЕМДЕЛДІ

Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 27 сәуір күні қалада коронавирус инфекциясынан тағы алты адам емделіп шықты. 1962 жылы туған Шымкент қаласының тұрғыны 5 сәуір күні қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына коронавирус инфекциясымен жатқызылған. Науқастан «COVID-19»-ға алынған талдаулар оң нәтиже көрсеткен. Қалған бес ем алушының барлығы 11 мен 58 жас аралығындағы қала тұрғындары. Алты азамат та вирусқа қарсы емдеу мен симптоматикалық ...

Толығырақ »

4 АДАМ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

(27.04.2020 жылғы сағат 14:00-дағы мәлімет бойынша) Вирус жұқтырған 1991, 1987, 1978, 1973 жылы туған азаматшалар өзіне дейін вирусты жұқтырған адамдармен қарым-қатынаста болған, карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынама алынған. ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19 диагнозы нақтыланды. Қазіргі таңда науқастардың жағдайлары қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде. Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда. Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде. ...

Толығырақ »

БАЛАЛАР АЛАҢШАСЫ САЛЫНЫП ЖАТЫР

30 жылдан ауласында балалар алаңшасы болмаған Шымкент қаласындағы көпқабатты үйлердің аулаларына балалар алаңшасын салу қолға алынды. Тіпті есік алдындағы аяқ бүгіп отыратын орындықтар да қирап кеткен. Енді міне есіктің алды жайнап тұр. Бүлдіршіндер тұрмақ қариялардың қуанышында шек жоқ. Айтар алғысымыз шексіз, деді қала әкімімен жүздескен «Қарасу» шағынаудандағы көпқабатты тұрғын үйдің төрайымы Людмила Розанова. Әл-Фараби ауданының аумағында салынып жатқан балалар алаңшасының ...

Толығырақ »

25 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМЫС ОРНЫ АШЫЛМАҚ

Облыс басшысы Өмірзақ Шөкеевтің қатысуымен өткен аппарат мәжілісінде «Жұмыспен қамтудың Жол картасы» шеңберінде іске асырылатын жобалар туралы облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Әсия Темірбаева баяндады. «Жұмыспен қамтудың 2020 — 2021 жылдарға арналған жол картасына» сәйкес өңірде жаңа ғимараттар бой көтеріп, әлеуметтік-мәдениет нысандары мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық ғимараттарында жөндеу жұмыстары жүзеге асырылмақ, деп жазады облыс әкімінің баспасөз ...

Толығырақ »

ЖОЛ ТӨСЕЛЕДІ

«Сәуле» шағынауданына қарасты 276-орамдағы жол мәселесі биыл шешіледі. 6 көшеге тас төселіп, жарық пен ауыз су рет-ретімен тартылады. Бұл туралы бүгін орамды аралап көрген қала әкімі Мұрат Әйтенов айтты. – Жыл басында халық алдындағы есепті жиында жол мәселесіне ерекше айтылған еді. Біз уәдемізді орындаймыз, деді қала басшысы. Жалпы бұл орам қала құрамына енген 41 елді мекеннің бірі. – Бастапқыда орамда ...

Толығырақ »

ҚИЫНДЫҚТЫ ЖЕҢІП ШЫҒАМЫЗ

Еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бүгінгі халыққа арнаған Үндеуін оқи отырып, Мемлекет басшысының төтенше жағдай мерзімін ұзартуда дұрыс шешімге келгенін байқадым. Қазіргі кезде коронавирустың екпіні әлі тоқтамай отырғаны бәрімізге белгілі. Егер дер кезінде дұрыс шешім қабылданбаса, осынша уақыт атқарған жұмыс зая кетер еді. Ел Президентінің сөзінше қазіргі уақытта ең бірінші адам өмірі мен қауіпсіздігі басты назарда. Қауіпті вирус басталған шақта дер ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА ЖАҢА ДЕМАЛЫС ОРЫНДАРЫ АШЫЛАДЫ

Түркістан аз ғана уақыттың ішінде жасыл желекке оранып, таза әрі жасыл қалаға айналып келеді. Қалада көптеген демалыс орындары пайда болып, көгалдандыру мен абаттандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Мамыр айының 15-не Түркістан қаласында бірнеше нысанның құрылысы аяқталмақ, деп жазады облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Осы және өзге де маңызды мәселелер облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалық етуімен өткен апталық лездеме отырысында ...

Толығырақ »

31 АДАМ ҮЙЛЕРІНЕ ОРАЛДЫ!

​Бүгін Арыс қаласында тағы үш адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты, деп жазады Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Дертінен сауыққан азаматтардың барлығы Арыс қаласының тұрғындары. Науқастар Сәуір айының басында жұқпалы аурулар ауруханасына коронавирус инфекциясы диагнозымен жатқызылған. Дәрігерлер инфекция анықталған пациенттерге емдеу шараларын үздіксіз жүргізген. Медицина мамандары жүргізген емнің нәтижесінде 3 азамат қауіпті індетті жеңіп шықты. Осылайша, Арыс қаласында ...

Толығырақ »

СУ – ӨМІРДІҢ ТІРШІЛІК КӨЗІ

Өңірлерді өркендету – мемлекет алдына қойылған маңызды міндеттердің бірі. Сондықтан елімізде аймақтардағы ахуалды жақсарту мақсатында «Өңірлерді дамыту – 2020» мемлекеттік бағдарламасы қабылданған болатын. Бүгінгі күнге дейін қаламызға қарасты Аққала және Көкжиде елді мекендерінің тұрғындары өз аулаларындағы құдықтың суын тұтынып келді. Осы орайда аталған елді мекендерді орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында құрылыс жұмыстарын жүргізу қолға алынды. Атап айтқанда, Аққала елді ...

Толығырақ »

ПРЕЗИДЕНТТІҢ МАҢЫЗДЫ МӘЛІМДЕМЕСІ

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі жағдайды айта келіп, біраз ойларымен бөлісті. «Бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығара білсек», жеңіске қол жеткізетінімізді де меңзеді. Ендеше 11-мамырға дейін созалған төтенше жағдайдың аяқталуы да өзімізге байланысты. Сақтық шараларын барынша ұстанып жүрсек, ешқандай індет бізді ала алмайды. © Әсет Әссанди, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі.

Толығырақ »

КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚОЛДАУ ЖАЛҒАСАДЫ

Короновирус инфекциясының таралуына байланысты орын алған алған пандемия әлем экономикасына ауыр соққы болды. Әсіресе, Қазақстан сияқты дамушы елдер үшін бұл дағдарыс қиын болып тұр. Өйткені, індетпен бірге мұнай бағасының құлдырауы өндіріс көлемінің құлдырауына, сәйкесінше бюджетке түсімдердің азаюына және жұмыс орындарының қысқаруына әкеп соқтырады. Сондай-ақ, карантин режимі шағын және орта бизнеске үлкен қиындықтар туындатуда. Сондықтан Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бүгінгі ...

Толығырақ »

ОТАНШЫЛ ХАЛЫҚ ЕКЕНІМІЗДІ КӨРСЕТТІ

  Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың бүгін жасаған мәлімдемесінде карантин мерзімі 11 мамырға дейін созылатыны белгілі болды. Президентіміз қауіпті вирус Қазақстанда кең жайылып кетпеуі үшін осындай күрделі, бірақ аса қажет шешім қабылдады. Кейбір аймақтарда індет шарықтау шегінен өткен сияқты. Бірақ бірқатар өңірде вирустың таралу қаупі әлі де сейілмей отыр. «Мемлекет ешкімді қиындықта қалдырмайды» деді Қасым-Жомарт Кемелұлы. Бұл сөздің артында үлкен қамқорлық жатыр. ...

Толығырақ »

БӘРІМІЗГЕ ОРТАҚ МІНДЕТ

Әлемді алаңдатқан COVID-19 пандемиясының қаупі Қазақстанға да өз залалын тигізіп жатыр. Дегенмен билік тарапынан дер кезінде қабылданған жедел шаралар өз нәтижесін беруде. Өзге мемлекеттермен салыстырғанда біздің дәрігерлер мен жауапты сала мамандары індеттің таралу деңгейін бәсеңдетуге үлес қосуда. Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев бүгінгі үндеуінде атап өткендей, пандемия өзінің шарықтау шегіне әлі жете қойған жоқ, бұл ретте әлі де карантин талаптарын сақтағанымыз абзал. ...

Толығырақ »

ЕШКІМДІ ҚИЫНДЫҚТА ҚАЛДЫРМАЙДЫ

Дария ҚОЖАМЖАРОВА, ОҚМУ ректоры: Бүгін ҚР Президенті Қ.Тоқаев ел тұрғындарына арнап үндеу жариялады. Мемлекет басшысы еліміздегі қазіргі ахуалға байланысты және Мемлекеттік комиссияның ұсыныстарын негізге алып, Төтенше жағдай режимін биылғы 11 мамырға дейін ұзарту туралы Жарлық шығару жөнінде шешім қабылдады. Қазіргідей күрделі кезде әрбір азамат назарда болатындығын, Мемлекет ешкімді қиындықта қалдырмайтындығын тағы да баса айтты. Елдің елдігін, халықтың бірлігін қажет ететін ...

Толығырақ »

СЕНІМДІ НЫҒАЙТТЫ

Гүлжан СҮГІРБАЕВА, ОҚМПУ ректоры м.а, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент: Пандемия төрткүл дүниені дүрбелеңге салып, экономикалық тоқырауға тап болған қазіргідей кезеңде мемлекеттік қолдауды ерекше сезініп отырмыз. Ел Президентінің қалыптасқан жағдайға байланысты шұғыл әрі дер шағында қабылдаған шешімдері барлығымыздың бойымызда ертеңгі күнімізге деген сенімді күшейте түсті. Мемлекет басшысы бүгінгі мәлімдемесінде әлеуметтік қолдаулардың жалғасатынын айтты. Қасым-Жомарт Кемелұлы шын мәнінде «халық үніне құлақ асатын ...

Толығырақ »

МЕМЛЕКЕТТІҢ ҚОЛДАУЫН СЕЗІНУДЕ

Манасбай Бекбауов, «Агросервис «БМБ» шаруа қожалығының төрағасы: — Үндеуде Президент әрқайсымызды толғандырған сауалға толыққанды жауап берді. Сондай-ақ Қасым-Жомарт Кемелұлы экономиканың әл-ауқатын көтеру бойынша нақты қадамдар жасалып жатқанын айта келе, бұқараның алмағайып шақта бір алақандай жұмылып, ынтымақта болуы керектігін айтты. Президент тапсырмасына сәйкес, қазіргі таңда Шымкентте көктемгі дала жұмыстарына қажетті жанар-жағармай құны 174 теңгеден 160 теңге төмендетілді. Барлық агроқұрылымдар дизель отынын ...

Толығырақ »

УАҚЫТЫНДА КІРІСТІ

Шалатай МЫРЗАХМЕТОВ, қоғам қайраткері: Қазақстан халқы 16 наурыздан бастап төтенше жағдай режиміне көшті. Әрине, бұл кезең бізге оңай тимегені анық. Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев карантин режимін 11 мамырға дейін жалғасатынын мәлімдеді. Бұл оң шешім деп білейік, дұрыс боларына сенейік! Осы уақытқа дейін, індеттің Қазақстанда кең жайылып кетпеуі үшін көп шаралар жасалып, бұл вирустың жаппай таралуының алдын алды. Сонымен қатар, ...

Толығырақ »

ТҰРҒЫНДАР ӨЗ КҮШТЕРІМЕН БЛОКБЕКЕТТЕР ҚҰРУДА

Түркістан облысы Төлеби ауданындағы елдімекендерге тұрғындардың өздері блок — бекеттер қойып, қауіпсіздік шараларын қолға алуда. Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды. Жергілікті билікпен келісе отырып атқарылып жатқан шараның мақсаты коронавирус індетінің ел ішінде таралуын болдырмау. Ауыл азаматтары ұйымдастырған бекеттерде елдімекендерге кіріп шығатын көліктерді залалсыздандырып, жолаушылардың дене қызуын өлшеп, тіркеуге алуда.  Сондай-ақ, еріктілер әрбір ...

Толығырақ »