Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » 2020 » Июнь (страница 14)

Месячные архивы: Июнь 2020

ЕҢБЕК ДАУЛАРЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Түркістан облыстық сотының ұйымдастыруымен Түркістан қалалық сотында тараптар арасындағы ынтымақтастықты нығайту және оның тиімділігін арттыру, еңбек заңнамасын қолдану мәселелерін талдау және жұмыс беруші мен қызметкер арасындағы дауларды шешудің өзара қолайлы жолдарын іздестіру мақсатында «Сотқа дейінгі және соттағы еңбек дауларына қатысты татуластыру институтын дамыту» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелге кәсіподақ өкілдері атынан «YNTYMAQ» орта және кіші бизнес жұмыскерлерінің салалық кәсіподағы ...

Толығырақ »

БІЗДІҢ МІНДЕТ — ҚОҒАМНЫҢ ТЫНЫШТЫҒЫ МЕН ҚАУІПСІЗДІГІ

2020 жылдың 25 мамыр күні Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасында бейбіт жиындарды ұйымдастыру мен өткізу тәртібі» туралы Заңға қол қойған болатын. Қабылданған Жаңа Заң ағымдағы жылдың 6 маусымынан бастап күшіне енеді. Бұл туралы Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Қайрат Дәлбеков жеке құрамға толық түсіндіріп өтті. Жиында сөз алған департамент бастығы Қайрат Дәлбеков бұл тұрғыда полицейлердің басты міндеті қоғамдық ...

Толығырақ »

ӘЛЕУМЕТТІК МӘСЕЛЕЛЕР ҚАРАЛДЫ

Бүгін Мақтаарал ауданында әлеуметтік мәселелер жөніндегі жұмысшы топтың отырысы өтті. Жиынға Түркістан облыстық Қазақстан Халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі, Мақтаарал ауданындағы облыстық штабтың әлеуметтік мәселелер жөніндегі жетекшісі Ғани Рысбеков, «Нұр Отан» партиясының Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бейсен Тәжібаев, аудандық партия өкілдері, су тасқынынан зардап шеккен ауыл округтерінің әкімдері, құқық қорғау органдары мен аудандық әкімдіктің идеология бөлімінің басшылары мен мамандары ...

Толығырақ »

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ ӨНІМДЕРІНІҢ КӨЛЕМІ АРТАДЫ

Шымкент қаласының агроөнеркәсіп кешенінде биылғы жылы жалпы құны 8,6 млрд. теңгені құрайтын 18 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Бұл туралы ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының өкілдері хабарлады, — деп жазады қала әкімінің баспасөз қызметі. Атап айтқанда 15 гектар жерге қарқынды алма бау, 20,7 гектарға өнеркәсіптік жылыжай кешені, тауарлы сүт фермасы, құс етін және жұмыртқа шығаруды кеңейту мен ешкі сүтін өндіру және ...

Толығырақ »

1,5 МЛН-ҒА ЖУЫҚ ӨНІМІН ЭКСПОРТҚА ШЫҒАРУДА

Шымкенттің «АГФ Групп» тігін фабрикасы ресейлік IKEA компаниясының дүкендеріне төсек жабдықтарын тігуде. Жеңіл өнеркәсіп саласында 10 жылдан аса табыс тауып жүрген компания жылына 1,5 миллионға жуық өнімін экспортқа шығарады. Фабрика «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында орналасқан. 2013 жылы өз өнімдерін экспорттай бастаған компания жасанды емес маталар және табиғи материалдармен комбинезон, мектеп формасы, әскери киімдер мен халаттар тігеді. Аймақта төсек орындықтар мен ...

Толығырақ »

“БАСТАУ БИЗНЕС” ЖОБАСЫ БОЙЫНША ОҚУҒА ҚАТЫСЫҢЫЗ

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Бастау Бизнес» жобасы 2020 жылдың 10 маусымында онлайн оқытуды бастайды. 1. Оқуға қатысу үшін Халықты жұмыспен қамту орталығына өтініш білдіріп, жолдама алады(жолдама 5 күнге жарамды)⠀ Мекен-жайы: Бәйтереков көшесі, 89.⠀⠀ 2. Жолдаманы алғаннан кейін үміткер Шымкент қаласы «Атамекен» кәсіпкерлер палатасына келіп немесе сілтеме арқылы оқуға ...

Толығырақ »

САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПҚА САЙ ЖҰМЫС ЖҮРГІЗУДЕ

Шымкенттегі сауда орындары бас санитар бекіткен қаулыға сәйкес барлық талаптарды сақтай отырып жұмыс істеуі керек. Ал, талаптардың орындалу барысын жергілікті әкімдіктерден құрылған мониторинг топтар қадағалап отырады. Абай ауданынан құрылған топ бірнеше сауда үйіне тексеру жүргізіп, індеттің алдын алу жолдарын түсіндірді. Мәселен, «Аль-Фараби» сауда уйі санитарлық нормаларға сәйкес жұмыс істеуде. Талапқа сай, кіре берісінде дезковрик төселіп, санитайзер орнатылған. Сатушылар мен келушілер ...

Толығырақ »

«BUS LANE» ЖОЛАҒЫ ЖҮРГІЗІЛЕДІ

«Bus Lane» жобасы – қала көшелеріндегі қоғамдық көліктердің жүруіне арналған арнайы жолақ. Қаладағы қоғамдық көліктер енді кедергісіз қимылдайтын арнайы жолағы бар осы жолдармен жүретін болады. Сондай-ақ, жасыл жолмен мүгедек арбасына таңылған мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен электромобилдер жүре алады. Жаңа жобаны облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевке шаһар басшысы Рашид Аюпов таныстырды. Жасыл түсті белгілер жақын күндері Түркістанның барлық көшелерінде пайда болады. Арнайы ...

Толығырақ »

СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ ШАРАСЫ БАСТАУ АЛДЫ

Бүгін Түркістандағы білім ошақтарында «Birgemiz: ТҮЛЕК 2020» соңғы қоңырау салтанатты шарасы бастау алды. ⠀ Қала әкімінің орынбасары Мұрат Базарқұлов №19 жалпы орта мектебіне барып, түлектерді мектеп бітірулерімен құттықтап, үлкен өмірге қадам басудағы қадамдарына ақ жол тіледі. ⠀ Биылғы мектеп бітіру күні еліміздегі жағдайға байланысты ерекше өтуде. Атап айтсақ, сақтық шаралары, яғни кіре берісте температураны өлшеп, қатысушы оқушылар, ата-аналар мен ұстаздарға ...

Толығырақ »

ДАЙЫНДЫҚ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ

Бәйдібек ауданы әкімінің орынбасары Б.Жанғазиев білім бөлімінің қызметкерлерімен аудандағы жалпы орта мектептердегі оқушылардың Ұлттық бірыңғай тестке дайындық жұмыстарының барысы туралы жиын өткізді, деп жазады аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Аудан әкімінің орынбасары Б.Жанғазиев бұл сынақтың жалғыз оқушылар үшін емес, олардың ата-аналары мен ұстаздары үшін де маңызды екендігін айтып, білім бөлімінің қызметкерлеріне нақты тапсырма жүктеді. Биылдан бастап ұлттық бірынғай ...

Толығырақ »

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ ҚАРАСТЫРЫЛДЫ

«Бір алқаптан 2-3 өнім алу» жобасын жүзеге асыруда облыста Сарыағаш, Түлкібас, Жетісай, Отырар, Келес аудандары көш бастап тұр. Бәйдібек, Төлеби мен Шардара аудандарында бұл бағыттағы жұмыстар әлі де ақсап тұрғаны белгілі болды. Бұл туралы облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен Түркістан облысында ауыл шаруашылығы саласын дамыту бағытындағы атқарылып жатқан жұмыстар мен өзекті мәселелер және оларды шешу жолдарын қарастыру мақсатында өткен мәжілісте ...

Толығырақ »

КӨРШІ ОБЛЫСТАР ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚ ТАНЫТУДА

Облыс басшысы Өмірзақ Шөкеев Түркістан қаласының аумағында «Азық-түлік белдеуін қалыпастыру аясында іске асып жатқан жобалармен» танысты. Жаңбырлатып суару әдісін ендіруге бел буған «Ынтымақ агро XXI» ЖШС-і 782 га жерге бидай мен жүгері егуді қолға алған. Аймақ басшысы жас мамандарды жұмысқа тартып, жаңа жобаны жүзеге асырып жатқандардың беталысына оң баға берді. «Түркістанның айналасына каналдар қазылып, су келді. Жаңбырлатып суарудың тиімділігін түсінген ...

Толығырақ »

ӨЗБЕКСТАН МЕМЛЕКЕТІНІҢ ТҮРКІСТАНҒА ТАРТУЫ

Былтыр іргетасы қаланған еңселі мешіт – көрші Өзбекстан мемлекетінің Түркістанға тартуы. Облыс басшысы Өмірзақ Шөкеев қалаға кіреберісте бой көтерген әлемдегі озық тәжірибелерді ұштастырған мешіт құрылысының басында болды. Сәулеті ерекше Ислам орталығының ішкі және сыртқы безендірілуі шығыстық нақышта жүргізілмек. Бірегей жобаға Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев қолдау көрсетіп отыр. Түркі әлемінің рухани темірқазығы, қасиетті Түркістан қаласында салынып жатқан ауқымы 5 мың ...

Толығырақ »

ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ПЫСЫҚТАЛУДА

Елімізде Ұлттық бірыңғай тестілеу 20 маусым мен 5 шілде күндері аралығында өткізіледі. Алайда, Түркістан қаласы түлектерінің қай күні өтетіні жуық арада белгілі болады. Дегенмен, дайындық жұмыстары күнделікті пысықталып, жұмыстар жүргізілуде. Жалпы, ҰБТ әдеттегідей Қ. А. Ясауи атындағы ХҚТУ-дың тест орталығында өтеді. ҰБТ өткізу пунктінде: 14 аудитория (2-3 қабатта), 27 ұялы телефон сигналдарын тұншықтырғыш, 2 рамалы метал іздегіш, 2 қолға ұсталатын ...

Толығырақ »

ЖАЗҒЫ ЛАГЕРЬЛЕР ЖҰМЫСЫН БАСТАЙДЫ

Түркістан облысының бас мемлекеттік санитар-дәрігерінің жаңа қаулысы негізінде біршама шектеулер жеңілдетіліп, әлеуметтік нысандар іске қосылуда. Мәселен, биыл лагерьлерге оқушыларды қабылдау 15-30 маусым аралығында басталады деп жоспарлануда. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық Адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Рақымбек Жолаев мәлім етті. Оның айтуынша, биылғы жаз мезгілінде қала сыртында 23 сауықтыру лагері жұмыс істейді деп жоспарланған. Оның ішінде 8-і ...

Толығырақ »

В АГРОИНДУСТРИАЛЬНОЙ ЗОНЕ ТРЕТЬЕГО МЕГАПОЛИСА БУДЕТ ПОСТРОЕН ТЕПЛИЧНЫЙ КОМПЛЕКС

Общий объем инвестиций в данную зону в Шымкенте составил 5,5 млрд тенге. При этом планируется реализовать шесть проектов. В результате ожидается создание более 500 новых рабочих мест. Об этом на совещании под председательством акима города Мурата АЙТЕНОВА сообщил руководитель управления сельского хозяйства и ветеринарии Аскар КАНЫБЕКОВ. Для успешной реализации проектов сельскохозяйственного назначения в индустриальной зоне разработана дорожная карта. «В агроиндустриальной ...

Толығырақ »

КЕҢЕЙТІЛГЕН МӘЖІЛІС ӨТТІ

Бүгін Мақтаарал ауданының орталығы Мырзакент кентінде Түркістан облысы әкімінің аппарат басшысы Әуелхан Тұрғымбековтің қатысуымен Мақтаарал ауданында орын алған төтенше жағдайға байланысты кеңейтілген мәжіліс өтті. Жиынды Мақтаарал ауданының әкімі Бақыт Асанов ашып, жүргізіп отырды. Мәжіліске сондай-ақ, Түркістан облыстық мәслихатының хатшысы Қайрат Балабиев, «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бейсен Тәжібаев, облыстық басқарма басшылары, Жетісай, Шардара, Сарығаш, Келес ауданы ...

Толығырақ »

БІРҚАТАР НЫСАНДАР ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

Түркістан облысында 1 маусымнан бастап өңірдегі барлық блок-бекеттер алынып, қала және ауыларалық көлік қатынасы іске қосылды. Сондай-ақ, карантиндік режимді сақтай отырып, қоғамдық орындар мен нысандар өз жұмысын бастады. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстың бас санитар-дәрігері Нұрбек Нышанов мәлімдеді. Оның айтуынша, санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, қоғамдық тамақтану орындарының (50 орынға дейін) ашық жазғы алаңдарында сағат 10.00-ден 22.00-дейін адамдарды ...

Толығырақ »

НАЗНАЧЕН РУКОВОДИТЕЛЬ УПРАВЛЕНИЯ ГОСУДАРСТВЕННЫХ ЗАКУПОК ГОРОДА ШЫМКЕНТА

Распоряжением акима города Шымкента на должность руководителя городского управления государственных закупок назначен Амиржанов Хамит Уадутбекович. Он родился в 1981 году. Имеет высшее образование по специальности «Финансы». За период трудовой деятельности работал специалистом налогового комитета в Амангельдинском районе Костанайской области, главным специалистом департамента внутреннего администрирования финансов в Министерстве финансов Республики Казахстан, главным экспертом управления материально-технического обеспечения департамента Министерства финансов, руководителем данного ...

Толығырақ »

ҚОНЫС ТОЙЫН ТОЙЛАЙТЫН КҮН ЖАҚЫН

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қаладағы салынып жатқан тұрғын үйлердің құрылыс барысымен танысты. Ең алдымен қала басшысы «7-20-25» бағдарламасы аясында «Shymkent» ӘКК» АҚ қаржыландыруымен салынып жатқан «Асар-2» шағын ауданындағы 10 тұрғын үйді және Тұран шағын ауданындағы екі көп қабатты тұрғын үй құрылысын аралап көрді. Мұрат Дүйсенбекұлы сонымен қатар, «Шымкент Сити» мен «Тұран» шағын аудандарында мемлекеттік бюджет есебінен салынып жатқан ...

Толығырақ »

БАСҚАРМАҒА ЖАҢА БАСШЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Шымкент қаласында мемлекеттік сатып алу басқармасына жаңа басшы тағайындалды. Қала әкімінің өкімімен бұл лауазымды енді Әміржанов Хамит Уадутбекұлы атқаратын болады. Хамит Уадутбекұлы — 1981 жылы туған, білімі жоғары, мамандығы бойынша қаржыгер. Еңбек жолында Қостанай облысы, Амангелді ауданы бойынша салық комитетінің маманы, ҚР Қаржы министрлігі қаржыны ішкі әкімшілендіру департаментінің бас маманы, Қаржы министрлігі мемлекеттік орган қызметін қамтамасыз ету департаменті материалды-техникалық қамтамасыз ...

Толығырақ »

ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРМЕН ЖИЫН ӨТТІ

Бәйдібек ауданы әкімінің орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкілі Бағдатбек Жанғазиев аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мен аудандық жұмыспен қамту орталығының қызметкерлерімен жиын өткізді, деп жазады аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Жиынның күн тәртібінде аталған бөлім мен орталықтың атқарып жатқан жұмыстары атап айтқанда төтенше жағдай кезінде азаматтарға төленетін түрлі әлеуметтік жеңілдік қаржылай көмектерге құжаттар рәсімдеу барысы бойынша атқарылған ...

Толығырақ »

АЛМА БАҚТА АЛМАТЫҢ ОН ТҮРІ ЕГІЛГЕН

Бәйдібек ауданының әкімі Ержігіт Шәріпбеков Боралдай, Ақбастау ауылдық округтеріне жұмыс сапармен барды. Сапар барысында аудан басшысы бірінші Боралдай ауылдық округі, Талап елді мекеніндегі «Тау Алма Бақ» ЖШС-нің 47 гектар жерге қарқынды бау отырғызылған алма алқабымен танысты. 2014 жылы қолға алынған жоба бүгінде нәтижесін беріп отыр. Алманың 10 түрі және шабдалы жеміс талдары егілген. Сонымен қатар аудан әкімі Боралдай ауылдық округі ...

Толығырақ »

ТҰРҒЫН ҮЙЛЕР МӘРМӘРМЕН ҚАПТАЛУДА

Облыс басшысы Өмірзақ Шөкеев Түркістан қаласындағы қарқыны үдей түскен құрылыс алаңдарын алалап, құрылысшылармен кездесті. Өңір басшысының тапсырмасына сәйкес, көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеті тұтастай ашық түсті травертин мен ақ мәрмәр таспен қапталуда. Олардың сапасын тексеріп шыққан аймақ басшысы, мердігер компания жауаптыларына жұмыс қарқынын жылдамдатуды жүктеді. Өмірзақ Естайұлы құрылыс басында сақтық шараларын күшейте отырып, тәулік бойғы жұмыс кестесіне көшуді тапсырды. «Жұмыс көлемі ...

Толығырақ »

ҮЗДІК МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІ КОНКУРСЫ ӨТУДЕ

Мемлекеттік қызметтің беделін арттыру, үздік кәсіби білімі мен дағдысы бар мемлекеттік қызметшілерді анықтау және ынталандыру мақсатында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің бастамасымен «Қазақстан Республикасының Үздік мемлекеттік қызметшісі» конкурсы өткізілуде. Агенттіктің Шымкент қаласы бойынша департаменті ағымдағы жылдың 30 мамырына дейін қаланың мемлекеттік қызметкерлері арасында құжаттарды қабылдауды жүзеге асырды. Конкурсқа қатысуға 48 адам ниет білдірді. Конкурсқа жіберілген 37 қатысушыларға 30 мамыр ...

Толығырақ »