Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru

Ежедневные архивы: 26.07.2024

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯ АЯСЫНДА СЕНБІЛІК ӨТТІ

Мемлекет басшысының тапсырмасымен республика бойынша «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Төлеби ауданының әкімі Төлеген Телғараевтың шешімімен аптаның жұма күндері тазалық шараларын өткізу бекітіліп, аудан аумағында жалпы аудандық сенбілік өтуде. Тұрақты түрде жүргізіліп отырған тазалық шарасы бүгін де жалғасын тапты. 12 ауылдық округ, 1 қалада ұйымдастырылған сенбілікке мекеме қызметкерлері, кәсіпкерлік нысан иелері, қоғам белсенділері ат салысты. Сенбілік барысында қатысушылар өздеріне бекітілген ...

Толығырақ »

«ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ҒИМАРАТЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН

Төлеби ауданының ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының құрылысы аяқталуға жақын. Ғимараттың ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілуде. Ғимараттың еденінен бастап шатырына дейін сапалы құрылыс материалдарын қолдана отырып, мерекелік іс-шараларға арналған акт залы, сахна толық жаңартылды. Қазіргі кезде екінші қабаттағы мамандар кабинеті, жеке қабылдау бөлмелері, конференц залдар әрленуде. Аудан әкімі Төлеген Телғараев құрылыс жұмыстарының барысымен танысып, ғимараттың күрделі ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ БІРҚАТАР НЫСАНДАРДЫ АРАЛАП, НАҚТЫ ТАПСЫРМАЛАР ЖҮКТЕДІ

Шымкент қаласының әкімі кезекті рет бірқатар білім беру нысандарын аралады. Солардың бірі, А.Сейдімбек атындағы №80, №48, М.Х.Дулати атындағы №8 және Б.Момышұлы атындағы №120 мектептерде болып, онда жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарымен танысты. Танысу барысында салалық басқарма басшыларына тек құрылыс барысына ғана емес, жақын маңдағы аумақтардың санитарлық жағдайына да бақылауды күшейтуді тапсырған қала әкімі күзге қарай аталған аумаққа ағаш көшеттерін отырғызу ...

Толығырақ »

ЖӘРМЕҢКЕДЕ 5 МЫҢҒА ЖУЫҚ БОС ЖҰМЫС ОРНЫ ҰСЫНЫЛДЫ

«Жастарға — жұмыс” жәрмеңкесі барысында 100-ден аса адамға жолдама берілді. Бүгін «Арбат» алаңында «Жастарға жұмыс» республикалық бос жұмыс орындарының республикалық жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкені Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен «AMANAT» партиясының қолдауымен Шымкент қаласы әкімдігі ұйымдастырды. Маңызды іс-шараға қала әкімінің бірінші орынбасары Қуаныш Асылов, қалалық партия филиалының өкілдері, «AMANAT» партиясы фракцисының депутатары, Солтүстік Қазақстан, Ұлытау, Павлодар облыстарының ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТТІКТЕР ҚАРЖЫЛЫҚ ПИРАМИДАЛАРҒА 423 МЛН.ТЕҢГЕДЕЙ АҚША АУДАРҒАН

Өкінішке қарай қазіргі қоғамда алаяқтық мәселесі кеңінен белең алуда. Күніне алаяқтардың құрбаны болған қаншама жанды көріп, естіп жатамыз. Бөтеннің мүлкін заңсыз жымқырып немесе алдау, арбау арқылы иемденіп алу – нағыз алаяқтық. Бұған елімізде заң күші қатал бекітілген. Дегенмен, алаяқтықтардың әрекетіне құрық салу мүмкін болмай тұр. Мәселен, Шымкент қаласында 2023 жылы 960 жәбірленуші қаржылық пирамидаға тіркеліп, 720 млн. теңгеге шығынға батса, ...

Толығырақ »

ФОСФОРШЫЛАР САРАЙЫ ҚАЙТА САЛЫНАДЫ

Фосфоршылар сарайы бұзылатын болды. Кезінде жеке меншікке өтіп, кейін мүлдем қараусыз қалған мәдениет ордасы талан- таражға түсіп, мүлдем жарамсыз болып қалғанына да біраз жыл болды. Сол себепті де қаланың көркін бұзып тұрған нысан 2023 жылдың қараша айында коммунальдық меншікке өткен болатын. Кейін сарапшылар сарайдың жай-күйін зерделей келе, нысанды қалпына келтіру мүмкін еместігін айтты. Осыдан кейін 1975 жылы салынған Мәдениет сарайының ...

Толығырақ »

АУДАН АРДАГЕРЛЕРІ СЕНБІЛІК ҰЙЫМДАСТЫРЫП, ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫНА БЕЛСЕНЕ АТСАЛЫСТЫ

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында аудандық ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен аудан орталығындағы «Даңқ» саябағы мен аудан аумағындағы балық ауылдық округтерде сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды. Аталған шараға аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков арнайы қатысып, аудан аумағын абаттандыруға өз үлестерін қосқан ардагерлерге алғысын жеткізді, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Созақ Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қабылбек Еспенбетов барлық тұрғындарды «Таза ...

Толығырақ »

АУДАНДА «ЖАЙЛЫ МЕКТЕПТІҢ» ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРУДЕ

Аудан әкімі Арман Абдуллаев ауданға қарасты Дербісек және Жаскешу елді мекендерінде салынып жатқан «Жайлы мектептің» құрылыс жұмыстарының мән-жайымен танысты, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Сарыағаш Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Дербісек елді мекеніндегі 900 орындық мектеп ғимаратына ішкі әрлеу, ішкі сантехникалық жүйе орнату және электр сымдарын тарту жұмыстары жүргізілуде. Жалпы нысанда 162 құрылысшы құрылыс жұмыстарын жүргізуде. Жаскешу елді мекеніндегі ...

Толығырақ »

АРЫСТА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘЖІЛІС ӨТТІ

Арыс қаласында Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Түркістан облысы бойынша департаменті өкілі Тұңғышбаев Ерұлан Икрамұлының төрағалығымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту мәселелері бойынша кеңес өткізілді, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Арыс Қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ерұлан Икрамұлының баяндамасында Қылмыстық процесте азаматтардың құқықтарын қорғауды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту мәселелері туралы Заңда ...

Толығырақ »

ОТЫРАР АУДАНЫНДА БИЫЛ «ЖАЙЛЫ МЕКТЕП» ПЕН МӘДЕНИЕТ ҮЙІ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Отырар ауданына жұмыс сапарымен барып, әлеуметтік маңызы бар нысандардың құрылыс барысын пысықтады, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Отырар Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Алдымен, өңір басшысы Шәуілдір ауылында бой көтеріп жатқан 600 орындық жайлы мектептің құрылыс алаңында болды. Құрылыс компаниясының басшысымен кездесіп, жұмыс барысын бақылады. – «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы тікелей Мемлекет басшысының тапсырмасымен ...

Толығырақ »

АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ МӘСЕЛЕРІ БОЙЫНША ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗІЛДІ

Тұран ауданының әкімі Берік Айдарұлы аудан тұрғындарын қабылдады, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Тұран Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Жеке қабылдауға жалпы 15-тен астам тұрғын келіп қатысты . Инфрақұрылыммен қамту, ирригациялық жүйе, аудан аумағындағы санитарлық тазалық, көшенің бойын асфальтттау мәселелері талқыланып, тұрғындарға нақты жауап берілді. Айта кететін болсақ, аудан тұрғындарын қабылдау әр аптаның бейсенбі күні сағат 09:30 – 13:00 аралығында ...

Толығырақ »

САУРАНДА МҰҚТАЖ ОТБАСЫЛАРҒА БАСПАНА БЕРІЛДІ

Бүгінде қоғамда қайырымдылық жасап, елге қол ұшын созатын азаматтар көбейіп келеді, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Соның бірі – Сауранның белсенді азаматы Алмат Нұрымбетов. Оның бастамасымен жағдайы төмен 2 отбасыға баспана берілді. Бұл қайырымдылық іске ауылдың белсенді жастары, аудандық мәслихат депутаттары және жеке кәсіпкерлері бірлесе үлес қосты. Айтулы шараға Сауран ауданының әкімі Мақсат ...

Толығырақ »

ЖӘРМЕҢКЕДЕ 100-ДЕН АСА АДАМҒА ЖОЛДАМА БЕРІЛДІ

«Арбат» алаңында «Жастарға жұмыс» республикалық бос жұмыс орындарының республикалық жәрмеңкесі өтті, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Жәрмеңкені ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен «AMANAT» партиясының қолдауымен Шымкент қаласы әкімдігі ұйымдастырды. Маңызды іс-шараға қала әкімінің бірінші орынбасары Қуаныш Асылов қалалық партия филиалының өкілдері, «AMANAT» партиясы фракцисының депутатары, Солтүстік Қазақстан, Ұлытау, Павлодар облыстарының ...

Толығырақ »

ЖАҢА СЕРУЕНДЕУ АЙМАҒЫ РЕТІНДЕ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛГЕН БОЛАТЫН

Қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің қолдауымен балалар теміржолы қала тұрғындарына қолайлы жаңа серуендеу аймағы ретінде пайдалануға берілген болатын, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Орталық стадион мен Дендросаябақ аралығындағы серуендеу аймағында жүгіру және велосипед жолдары, воркаут алаңдары бар. Қазіргі таңда қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасына қарасты мекемелердің спортшылары күнделікті жаттығу жұмыстарын өткізуде. © Didarbek.kz

Толығырақ »

АШЫҚ АЛАҢДАҒЫ СПОРТТЫҚ САЙЫСТАР ЖАЛҒАСУДА

Түркістан қалалық Балалар мен жасөспірімдер спорт клубының ұйымдастыруымен басталған ашық алаңдағы спорттық сайыстар жалғасуда, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Түркістан Қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 200-ден аса жасөспірім қатысқан шараның кезекті жарыс күнінде жас спортшылар қазақтың ұлттық ойындары, дойбы, ләңгі тебу, белтемірге тартылу, секіргішпен секіру, шахмат сияқты спорт түрлерінен жарысқа түсті. Ойын соңында жеңімпаздар мен жүлдегерлерге демеушілер тарапынан сыйлықтар ...

Толығырақ »

БАТАЛЫ ЕЛГЕ БАҚ ҚОНАДЫ

«AMANAT» партиясы Түлкібас аудандық филиалының ұйымдастыруымен тағлым алар мазмұны ерек, тәрбиелік мәні зор іс-шара өтті, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Түлкібас Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Партияның «Ардагерлерді ардақтайық», «Ұлттық мұра» жобалары шеңберінде «Батагөй қария» байқауы өтіп, аға буынның қоғамды ұйыстырудағы мәртебелі орны айшықталды. Партияның аумақтық филиалы ұйытқы болған, аудан әкімдігі мен аудандық мәслихат қолдауын білдірген, аудандық ардагерлер кеңесі ...

Толығырақ »

А.ИСМАИЛОВ: ТҰРҒЫНДАР МӘСЕЛЕСІН ШЕШУ БАСТЫ МІНДЕТІМІЗ

Қазығұрт ауданы әкімі Азизхан Исмаилов халықпен тығыз байланыс орнату, жекелеген азаматтардың өтініштерін, ұсыныс-пікірлерін тыңдау мақсатында Қызылқия, Қарабау және Қ.Әбдалиев ауыл округтерінен келген бірнеше тұрғынмен жеке қабылдау өткізді, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Қазығұрт Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Жеке қабылдауға аудан әкімінің орынбасары, тиісті бөлім-мекеме басшылары мен мамандары, жоғарыда аталған ауыл округі әкімдері қатысты. Аудан әкімінің қабылдауына келген тұрғындар ...

Толығырақ »

ТӨЛЕБИ ТӨРІНДЕ 300 ГЕ ЖУЫҚ ЖАСТАР БАСҚОСТЫ

Төлеби ауданы Қасқасу ауылдық округіндегі Көктөбе лагерінде республикалық «Zhas Camp. Jastar Academy II» лагері іс-шарасы басталды, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Төлеби Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Түркістан облысы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастырған республикалық іс-шарасы үш күнге жоспарланып, оған 17 облыс, 3 республикалық маңызы бар қалалардан 300 белсенді жас қатысуда. Ашылу салтанатына ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Жастар ...

Толығырақ »

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА АУДАНДА СЕНБІЛІК ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Тұрлан шағынаудан аумағын қоқыстан тазалау мақсатында сенбілік шара ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Абай Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Сенбілікке Абай ауданы жанындағы Гендерлік саясат комиссия құрамының мүшелері, #14 емдеу орталығының қызметкерлері, #55 жалпы орта мектебінің ұжымы, балабақша, спорт мектебінің спортшылары, Қызылжар ш/а ардагерлер кеңесінің бір топ ардагерлері, «Қызылжар» әжелер тобы, кәсіпкерлер, тұрғындар, ...

Толығырақ »

ТУЫСЫНЫҢ БҰҚАЛАРЫН ҰРЛАҒАН КҮДІКТІГЕ ҚАТЫСТЫ ІС ҚОЗҒАЛДЫ

Сайрамдық полицейлер мал ұрлығына қатысты қылмыстық құқық бұзушылықты жасаған 59 жастағы ер адамды анықтады, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Түркістан Облысының Полиция Департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Белгілі болғандай, 3 бас бұқасын ұрлаған жәбірленушінің туысы болып шықты. Яғни ер адам материалдық пайда табу мақсатында туысының малы қайда болатынын жақсы білген соң тұрғын үйінен алыс орналасқан қорадан бұқаларын жетектеп кеткен. Содан ...

Толығырақ »