Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ РАШИД АЮПОВ ТҮРКІСТАН ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ РАШИД АЮПОВ ТҮРКІСТАН ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Бірінші кездесу Бекзат мөлтек ауданының тұрғындарымен өтті. Р. Аюпов оларды қаланы дамыту жөніндегі жоспарларымен таныстырып, Түркістанды бірге көркейтуге шақырды.

Бұл туралы  Түркістан қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «didarbek.kz» ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Тұрғындар әкімге өздерін толғандырған мәселелер туралы айтып, қаланы жақсарту жөнінде тілектерін білдірді. Негізгі мәселелер аурухана, мектеп құрылысы, қоқыс шығару және жолдарды жөндеу бойынша болды.

«Түркістан -Түркі әлемінің астанасы, облыс орталығы, туристерді тарту орталығы. Бұл дегеніміз, біз енді бұрынғыдай өмір сүре алмаймыз дегенді білдіреді. Сананы өзгерту керек. Қалаға өз үйіміз ретінде қарайық, бір-біріңізге және туристерге мейірімді болыңыздар. Бұл өмірді қалай сүріп, артымызда қандай із қалдыру – бұл өз таңдауымыз», — деді Р. Аюпов.Жуырда ғана тағайындалған шаһар басшысының қала тұрғындарымен кездесіп, талап-тілектерін тыңдағаны көңіл қуантады.

Өз кезегінде әкім, келісіп піскен тон — келте болмас, демекші тұрғылықты азаматтардың қаланы көркейтудегі ұсыныстары ескерусіз қалмайтындығын жеткізді

Пікір жазу