Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Тұлға » Елдіктің нышандары көздің қарашығындай қорғалуы тиіс

Елдіктің нышандары көздің қарашығындай қорғалуы тиіс

Баяғыда атақты Шоң би Баянауылда қайтыс болып, сүйегін былғарыға тігіп, бұрынғының жолымен Түркістанға апарыпты. Сонда Əзіреті қожалар: «Сүйекті Арқаға қойып үш жылдан соң алып келсеңдер еді, елдеріңнің құты екен. Құт шайқалады ғой» деген екен. Шоң би қой жылы өлген екен, келесі жылы «Қумешін» деген жұт болыпты.
Шоңның өз немересі Төк баласы Бажықай, Ақын баласы Айман өмірінде қарақасқа кедей болып құйрығы жылтырап, қартайып өліпті. Бұлардың барлығы Шоң өлген жылы туған балалар екен. Бұл аңызды Мəшһүр Жүсіп жазып қалдырған.

Сол қасиетті Түркістанға 1989 жылы сонау жылдары Эрмитажға сұраусыз əкетілген қара қазан қайтарылды. Марқұм Өзбекəлі Жəнібеков күш салмаса бұл қазанның қайтарылуы неғайбыл еді. Қара қазан Əзіреті сұлтанға қайтарылысымен көп ұзамай еліміз Тəуелсіздік алды. Қара қазанмен бірге елімізге құт келді. Өйткені бұл киелі қара қазан елдігіміздің бір символы еді, құты еді.

Əзірге қара қазан қақпақсыз тұр. Қақпақсыз тұрғандықтан жемқор деген тексіз иттерден ұят кетіп, елдің ырыс несібесін сол өзіміз қолына билік берген жамандар ұрлап тауысуға айналды. Ел ішінен бір шебер шығып, қара қазанға қарағайдан қиып, келісті қақпақ істеп жапса, ұры қары тиылар ма еді, қайтер еді…

Пікір жазу