Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Түркістан » АҚСЕЛЕУ СЕЙДІМБЕКТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ІС-ШАРА ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

АҚСЕЛЕУ СЕЙДІМБЕКТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ІС-ШАРА ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Түркістан қалалық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен көрнекті қаламгер Ақселеу Сейдімбектің 80 жылдығына орай «Қазына қалдырған қаламгер» атты тақырыпта әдеби әңгіме болып өтті, деп хабарлайды «didarbek.kz» ақпаратық агенттігі.

Айта кетейік, Ақселеу Сейдімбек– белгілі этнограф-жазушы, әдебиет зерттеушісі, ғалым, филология ғылымының докторы, профессор, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі. Халқымыздың тарихын түгендеп, дәстүрін дәуірлеткен халқымыздың өр рухының, өнегелі салтының, өрелі қалпының аса көрнекті өкілі бола білген, ұлт руханиятының жанашыры.

Әдеби әңгіменің мақсаты қаламгер Ақселеу  Сейдімбектің өмірі мен шығармашылығын жастарға жан — жақты кеңінен таныстыру, көркем әдебиетке деген қызығушылығын арттыру, адамгершілікке, Отансүйгіштікке тәрбиелеу.  Түркістан көпсалалы қолөнер колледжінің студенттері қаламгер Ақселеу Сейдімбектің шығармаларынан үзінді оқыса, Түркістан қалалық орталық кітапхананың кітапханашысы Саурбаева Аққаным «Алаштың Ақселеуі» атты үлгі болар өмірі мен шығармашылығы туралы ой толғаса, кітапханашы Имамбердиева Гүлмира «Қаламы қарымды, ойы ұшқыр» атты кітап көрмесіне шолу жасады.

Алғашқы әңгімелер жинағы «Ақиық» 1972 жылы жарық көрген, « Қыр хикаялары» (1977), «Тауға біткен жалбыз» (1979), « Кеніш» (1979), «Алпамыс батыр» (1979), «Серпер» (1982), «Ақ қыз » (1991) және т.б. әнгіме, повесть, очерктері, «Күңгір-күңгір күмбездер» (1981), «Мың бір маржан» (1989), «Қазақтың әйгілі күйшілері» (1992), «Балталы бағаналы ел аман бол» (1993), «Күй шежіре» (1993), «Көшпелілер тарихы» (1995), «Ойтолғақ» (1997), «Күй шежіре» (2-т.; 1997), «Қазақ әлемі» (1997) атты ғылыми-танымдық еңбектері жарық көрді.

Гомердің «Илиада», «Одиссеясын» (қара сөзбен әңгіме, 1974), И. Можейқаның «Әлемнің 7 және 37 кереметін» (1981) қазақ тіліне аударды. Шығармалары ағылшын, венгр, неміс, орыс, өзбек, чех, эстон тілдеріне аударылған. «Құрмет» орденімен марапатталған. Ақселеу Сейдімбек 8 монографияның, бірнеше ғылыми еңбек пен оқу құралдардың және 400-ден астам мақаланың авторы.

Ел өміріне, халықтың тұрмыс-тіршілігіне, этнографиясына, дәстүрлі мәдениетіне, фольклорына қатысты дүниелерді молынан жинаған адам. Ақселеу Сейдімбек қазақ этнологиясының ғылыми терминологиясын қалыптастырды.

Сонымен бірге, №4 кітапхана-филиалының  оқу  залында  сыншы  С.Қирабаевтың  95 жылдығына орай жалпы  оқырмандармен библиографиялық  шолу  өткізілді. Мақсаты әдебиетші,  ғалым  және  сыншы, академик  Серік  Қирабаевтың өмірі мен шығармашылығын дәріптеу,  әрбір кітабына шолу жасау.

Көрнекті әдебиеттанушы, сыншы, филология ғылымдарының докторы, профессор, Ұлттық ғылым академия­сының академигі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Серік Қирабаевтың екінші ғұмыры басталғанына бір жылға жуықтады. Өмірінің соңғы жылдарын елордада өткізген ғалым Ұлттық пантеонда жер бесікке бөленді. Биыл академиктің туғанына 95 жыл. Астана қаласында ардақты есімін елдің есінде қалдыру жұмыстары да қолға алынған.

Академик Серік Қирабаевтың өмір мұраты мен іргелі еңбектерінің тұтас табиғатынан – ұлттық құндылықтар қайнары, қазақ руханиятының маңызды мәселелері айқын аңғарылады. Алаш мұраты мен оның қайраткер-қаламгерлерінің шығармашылық мұрасы, кеңестік кезең тұсындағы сөз өнерін қарастыру, қазіргі әдеби үдерістің түйінді тұстарын баяндау мен бағалау, тану мен талдау, саралау мен салыстыруларға арқау етіледі.

Пікір жазу