Түркістан қаласы басшысының наурыз және маусым айларындағы Бекзат секторындағы кездесуі барысында 85 мәселеле көтерілді. Олардың 64-і толық орындалса, 21-і тиісті жұмыстар басталып қазіргі таңда орындалу үстінде.
Бүгінгі таңда, алты алабтың бірі Бекзат секторында бірқатар жұмыстар жүргізілді.
Сектордағы 2,2 шақырымға жаяу жүргіншілерге арналған жол салынып, сектор аумағында 5 аялдама орнатылды.
Тұрғындар тілегіне сәйкес, №6, №10 бағыттағы автобустар жаңартылып, жаңа №17, №20 бағыттарында қатынас жасайтын қоғамдық көліктер іске қосылды. Жыл соңына дейін тағы №16 бағытын ашу жоспарлануда.
Жарықтандыру саласында қажеттілік туындаған аймақтарда қосымша 4 трансформатор орнатылып, сектор тұрғын үйлерінің 75 пайызы табиғи газ тұтынуда.
Ендігі кезекте секторда 1,8 шақырымды көше орташа жөндеу жүргізілмек. 6,6 шақырым көшеге жаяу жүргінші жолы салынуда.
Одан бөлек, балалар ойын алаңы мен спорт алаңшаларының құрылысы мен 100 км-ге кәріз желісі жүргізілуде. Мемлекеттік жекешелік әріптестік аясында 1200 орындықты мектеп салу көзделуде.
Сонымен қатар, үркістан қаласының «Бекзат» секторында жергілікті халықпен өткен кездесу барысында кезегін күткен өзекті мәселелер қозғалды. Тұрғындар жыл басында айтылған бірқатар түйткілдердің түйіні тарқатылғанын айтып, қала әкімі Нұрбол Тұрашбековтен келесі мәселелерді де кезегімен шешіп беруді өтінді.
Биылғы жылы «Бекзат» мөлтек ауданында жалпы жоба бойынша 100 шақырым кәріз жүйесінің құрылысы басталды. Сапалы электр қуатымен қамтамасыз ету мақсатында 4 дана трансформатор орнатылды.
Қазіргі таңда, сектор аумағында (Жамбыл мектебінен жоғарғы тұсы — 514 үй) электр желілерін жаңарту жобасы әзірленуде.
Балалар ойын алаңы мен спорт алаңшасының құрылысы жүргізілуде.
3 шақырымды құрайтын 4 көшеге тас төселді. Сонымен қатар 53,2 км құрайтын 49 көшенің жарықтандыру жүйесінің құрылысы аяқталды.
Барлық айтылған ұсыныс-өтініштер негізінде тапсырма жоспар түзіліп, орындалуы.