Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Архив меток: Асхат (страница 32)

Архив меток: Асхат

ЭНЗООТИЯЛЫҚ ЗАЛАЛСЫЗДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

Түркістан облысы аумағындағы ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, кенелерге қарсы жануарларды, үй-жайларды және өзге де аумақтарды жәндіктер мен басқа да буынаяқтылардан қорғау және жою бойынша бірқатар іс-шаралар тізбегі жоспарланған. Энзоотиялық іс-шараларды атқаруға 1878 маман жұмылдырылды. Іс-шараны атқаруға қажетті 17 дана сәйкестендірілген ДУК автокөлігі, 19 дана мотопомпа жұмылдырылып отыр. Осы орайда Ветеринариялық Қызмет Түркістан Облысы мекемесінің басшысы Бақытжан Бегманов кенелерге қарсы көктемгі ...

Толығырақ »

АУДАНДА КӨГАЛДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ҚАРҚЫНЫ АРТУДА

Бүгінгі таңда аудан аумағында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында “Таза-өлке” күніне орай ұйымдастырылған көгалдандыру жұмыстарының қарқыны күн санап артуда. Аудан орталығындағы «Абай» және «Тәуелсіздік» саябақтарына 2000-ға жуық көшет егілсе, Шолаққорған -Түркістан бағытындағы «Жасыл белдеу» аумағына жаңадан егілген тал көшеттерінің саны 4000-ға жуықтады. Аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков әр күні «Жасыл белдеу» аумағында болып, санитарлық тазалық пен көгалдандыруға қатысты жұмыстарды жіті ...

Толығырақ »

«ТАЗА ӨЛКЕ» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА АРЫСТА КАНАЛДАР МЕХАНИКАЛЫҚ ТАЗАЛАУДАН ӨТІП ЖАТЫР

Қала әкімі Гульжан Курманбекова ағын су тапшылығын болдырмау мақсатында жауапты сала мамандарына механикалық тазалауға жататын ішкі шаруашылық каналдарды зерделеп, тиісті деңгейде жұмыс жүргізуді тапсырған болатын. Бүгінде, «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының бірінші аптасында Арыста жалпы ұзындығы 29 шақырымды құрайтын 4 каналға механикалық тазалау жұмыстары жүргізілуде. Мақсат – мол өнім алуға үмітті диқандарға вегетациялық кезеңді жүйелі іске асыруға мүмкіндік туғызу арқылы суармалы ...

Толығырақ »

БИЛІК ПЕН ҚОҒАМ АРАСЫНДА ТҰРАҚТЫ ДИАЛОГ ОРНАТУ – БҮГІНГІ КҮННІҢ БАСТЫ ТАЛАБЫ

«Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес, аудан әкімі Арман Абдуллаевтың кезекті кездесуі Тегісшіл ауылдық округінде өтті. Осыған дейінгі кездесуде көтерілген мәселелердің орындалуы, 2023 жылы атқарылған шаруалар туралы халық алдында баяндап, алдағы жоспарларымен бөлісті. «Тұрғындардың өмір сүруіне қолайлы жағдай жасау – жергілікті биліктің басты міндеті. Ең алдымен атқарылған жұмыстарлы саралап, жоспарларды нақтылайтын боламыз. Айта кетсем, алдыңғы кездесулерде ...

Толығырақ »

ХАЛЫҚТЫҢ БАСПАНАҒА МҰҚТАЖДЫҚ МӘСЕЛЕСІН ШЕШУ ДАРХАН САТЫБАЛДЫНЫҢ ЖІТІ БАҚЫЛАУЫНДА

Түркістан облысы бойынша 68 мыңнан астам азамат үй кезегіне тіркелген. Олардың заңдылығын анықтау барысында талап бұзған 5 мыңнан астамы тіркеуден шығарылды. Бүгінде баспанаға мұқтаж 63 мыңңнан астам азамат кезекте тұр. Бұл еліміздегі ең үлкен көрсеткіш. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша осы және өзге де маңызды мәселелер Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен жиналысында талқыланды. Баспана мәселесін шешу облыс басшысының ...

Толығырақ »

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРҒА ЖӘНЕ ТІЛЕУЛЕСТІК ТАНЫТҚАН ШЕТ МЕМЛЕКЕТТЕРДІҢ БАСШЫЛАРЫНА АЛҒЫС АЙТТЫ

  Президент Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқынына қарсы күресте көрсеткен қолдауы мен көмегі үшін қазақстандықтарға және шет мемлекеттердің басшыларына ризашылығын білдірді. «Еліміздің бірқатар өңірінде табиғи апат орын алған сәттен бері менің атыма достас мемлекеттердің басшыларынан жылы лебіздері мен көмек көрсету жөнінде ұсыныстары жазылған хаттар келіп түсіп жатыр. Қазақстан жойқын су тасқыны кезінде жәрдем беруге дайын екенін білдіргені үшін достас елдерге шын ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТКЕ ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 11 МЫҢҒА ЖУЫҚ ШЕТЕЛДІК ТУРИСТ КЕЛДІ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз ­Жолдауын­да туризмді, әсіресе экотуризм мен этнотуризмді дамытуға экономиканың маңызды саласы ретінде баса мән беру қажеттігін міндеттеген болатын. Үшінші қаланың әлеуетін арттыру шаралары бойынша туризмнің алар орны ерекше.  Сан ғасырлы тарихты қойнауына жинап, тоғыз жолдың торабында орналасқан қасиетті қаламыздың, қала тұрғындары мен қонақтары үшін не беріп, не көрсете алады деген сауалы қала әкімдінің негізгі мақсаттарының біріне ...

Толығырақ »

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ТҮРКІСТАНДА ЕГІЛГЕН ГҮЛДЕР САНЫ 200 МЫҢҒА ЖЕТЕДІ

Түркістан қаласында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының «Таза өлке» апталығы аясында ауқымды шара жалғасуда. Аталған шараға тұрғындар, мемлкеттік мекемелер мен кәсіпкерлік ұйымдар, белсенділер мен еріктілер қатысты. Акция аясында бекітілген аумақтарда тазалық және ағаш көшеттерін егу жұмыстары жүргізіліп, ағаштар әктелініп, аяқ жолдар қоқыстан тазартылды. Саябақтар және скверлер, балалар және спорт алаңшалары ретке келтірілді. Акцияның мақсаты – экологиялық мәдениетті қалыптастыру, «Адал адам ...

Толығырақ »

АУДАН ӘКІМІНІҢ ХАЛЫҚ АЛДЫНДАҒЫ ЕСЕПТІК КЕЗДЕСУЛЕРІ БАСТАЛДЫ

Бүгін аудан әкімі Нұржан Ізтілеуовтың аудан тұрғындарының алдындағы есептік кездесуі ауданымыздың шығыс қақпасында орналасқан Шақпақ ауылдық округінен басталды. Басқосуда аудан әкімі өткен жылы аудан және округ кесіндісінде атқарылған жұмыстарды және алдағы уақытқа жоспарланған жобаларды баяндап, тұрғындардың өтініш-ұсыныстарын тыңдады. Тұрғындар тарапынан қыс мезгілінде күре жолды қардан тазалау, интернет, электр жарығы, газ қысымының аздығы, халықаралық жол бойынан өткел істеу сынды мәселелермен жүгініп, ...

Толығырақ »

АУДАН ӘКІМІ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗЕКТІ КЕЗДЕСУІН ӨТКІЗДІ

Аудан әкімі Исмаилов Азизхан Әзімханұлы С.Рақымов, Жігерген және Қақпақ ауыл округтеріне арнайы барып, Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын, «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығын іске асыру мақсатында ауыл тұрғындарымен кездесу өткізді. Кездесу барысында жергілікті тұрғындар тарапынан мәдени және спорттық үйірмелер ашу, ауыз су, жер мәселесі, көше жарықтары мен электр бағаналарын ауыстыру, денсаулыө сақтау және білім беру ...

Толығырақ »

29600 ДАНА КӨШЕТ ЕГІЛДІ

Төлеби ауданы аумағында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, елді мекендерде санитарлық тазалықты қамту бағытында “Таза Қазақстан” республикалық экологиялық акциясы басталды. “Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс” тұжырымдамасы негізінде отансүйгіштік, табиғатты қорғауға, қоршаған ортаға деген жанашырлық құндылықтарын дәріптеуге арналған акция аясында бірқатар іс-шаралар жоспары жасалды. «Таза өлке” тақырыбында тұрғындар, қоғам белсенділері, ұйымдар, кәсіпорындар өз аумақтарын, аулаларын тазалау, көшеттер егу жұмыстарын жүргізуде. ...

Толығырақ »

ORDABASY: АКЦИЯҒА ТҰРҒЫНДАР ДА ҮЛЕС ҚОСУДА

Ордабасы ауданы, Қарабастау ауылының тұрғындары “Таза Қазақстан” акциясына өз үлестерін қосты. Олар үй шаруаларын тастап, арнайы белгіленген аумаққа ағаш көшеттерін отырғызды. Сондай-ақ қарабастаулықтарға халық қалаулысы Нұзат Ортай өз есебінен 300 метр сетка алып беріп, нәтижесінде тұрғындар асарлатып көшет егілген аумақты қоршап алды. Өз кезегінде ауыл тұрғындары демеушілік көрсеткен азаматқа алғыстарын білдіріп, алдағы уақытта ауылды көгалдандыруға өз үлестерін қоса беретіндіктерін жеткізді. ...

Толығырақ »

ҚАЛА ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯҒА ТҰРҒЫНДАРДЫ ЖҰМЫЛДЫРУДЫ ТАПСЫРДЫ

Бүгін қала әкімі Ғабит Сыздықбеков «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясын ұйымдастыру бойынша арнайы жиын өткізді. Онда қала аумағында тазалық шараларын тиімді ұйымдастырудың тетіктері қарастырылып, өзекті мәселелер пысықталды. Республикалық экологиялық акциясын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді. Акция аясындағы атаулы 5 аптада тұрғындар, қоғам белсенділері, ұйымдар, кәсіпорындар өздеріне тиесілі аумақтарды, аулаларды тазартады. «Киелі мекен» шарасы аясында тарих және мәдениет ескерткіштерінің аумағына абаттандыру ...

Толығырақ »

Полиция бағалы тон мен жүзік ұрлаған күдіктілерді ұстады

Полиция бағалы тон мен жүзік ұрлаған күдіктілерді ұстады Түркістан қалалық полиция басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде, ұрлық қылмысына қатысы бар деген күдікпен бұрын сотты болған екі күдікті жігітті қолға түсірді. Белгілі болғандай, үй иесінің жоқтығын байқаған күдіктілер кешкі уақытта үйдің терезесі арқылы кіріп, ұрлыққа барған. Жатын бөлмедегі бағалы тон мен күміс жүзікті қолды еткен. Жәбірленушіге келтірген шығын көлемі 500.000 ...

Толығырақ »

АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!

Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы №826 «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығын іске асыру аясында Созақ ауданының әкімі Тұрысбеков Мұхит Сексенбайұлының Созақ ауылдық округінің тұрғындарымен кездесуі 2024 жылғы 10 сәуір сағат 11:00-де ауылдық мәдениет үйінде өтеді. Созақ ауылдық округінің азаматтарын жеке қабылдау сағат 12:00-де болады. Сызған ауылдық округінің тұрғындарымен кездесуі 2024 жылғы 10 сәуір сағат 15:00-де ауылдық мәдениет ...

Толығырақ »

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ КЕРУЕНІ ЖАЛҒАСУДА

Арыс халқы су тасқынынан зардап шеккен аймақтарға гуманитарлық көмек жинауды әлі де жалғастыруда. Көмек жинау пункті Арыс қалалық ішкі саясат бөліміне қарасты «Жастар Ресурстық орталығы» ғимаратында жанынан құралған. Наурыз айынан бастап жұмыс істеп жатқан уақытша көмек орталығы осы уақытқа дейін 2 газель қажетті заттарды Батыс Қазақстанға жіберіп үлгерді. Гуманитарлық көмек қабылдау пункті жұмысын әлі де жалғастыруда. ҚАЖЕТТІ ЗАТТАР: -Киім-кешек. -Балаларға ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ҚЫЗҒАЛДАҚ ПЕН ТОРАҢҒЫНЫ ҚОРҒАУ АКЦИЯСЫ ӨТЕДІ

2024 жылы «Парктер шеруі» акциясының ашылуы Отырар ауданы Көксарай елді мекенінде өтеді. Бұл — жыл сайын дәстүрлі түрде табиғатты қорғау мақсатында өткізілетін акция. Аталған шара аясында 3 түрлі бастама қолға алынады. Олар: «Парктер тынысы» фотокөрмесі, «Сырдың көркі -тораңғы» атты қоқыс тазалау шарасы және «Қазақстан — қызғалдақтар отаны» акциясы. Бұл жайында брифингте «Сырдария-Түркістан» мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің маманы Жұмабай Көшербай мәлімдеді. ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН: МЕДИЦИНАЛЫҚ ҰЙЫМДАРДЫҢ КРЕДИТОРЛЫҚ БЕРЕШЕКТЕРІН ОҢТАЙЛАНДЫРУ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ

Түркістанда облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаевтың төрағалығымен өткен жиында медициналық ұйымдардың кредиторлық берешектерін оңтайландыру мәселесі қаралды Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Түркістан облысы бойынша филиалының басшысы Нұрлан Қыдырбаев, Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдуәлиев және аурухана басшылары қатысты. – Өңіріміздегі медициналық ұйымдардың кредиторлық берешегін оңтайландыру арқылы қаржылық тұрақтылықты жақсартуға болады. Бұл бағытта біршама жұмыстар атқарып келеміз. 2022 жылы ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТ: МӘЖІЛІСТЕ ҚАЗЫЛҒАН ОРЫНДАРДЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтің қатысуымен өткен аппараттық мәжілісте қазылған орындарды ретке келтіру жұмыстары талқыланды. Жиында Энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы Р.Мендикулов қала аумағындағы жер қазба жұмыстарын баяндады. Зерделеу жұмыстары қорытындысымен Абай ауданында — 40, Қаратау ауданында — 53, Тұран ауданында — 8, Еңбекші ауданында — 38 қазылған жер анықталды. Қала әкімі сала басшыларына қазылған аумақтарды қалпына келтірмей, ...

Толығырақ »

ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ БЕС ЖҮЗГЕ ЖУЫҚ АДАМ ТҰРАҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛҒАН

Жыл басынан бергі үш айда жұмыссыз жүрген аудан тұрғындарының 494-і тұрақты жұмысқа орналасқан. Ал, уақытша жұмыс орындарына 734 адам жолданып отыр. Жыл соңына дейін бұл көрсеткіштерді арттырып, тұрақты жұмыс орындарына кемінде 2400 адамды, уақытша жұмыс орындарымен 1665 астам адамды қамту жоспарлануда. Бұл туралы бүгінгі аудан әкімі Нұржан Ізтілеуовтің төрағалығымен өткен кезекті аппараттық жиында аудандық Мансап орталығының директоры Ерсұлтан Байбатчаев мәлімдеді. ...

Толығырақ »

АУДАН ӘКІМІ ИНВЕСТОРЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ

Мемлекет басшының инвестициялық жобаларды сүйемелдеу тапсырмасын орындау аясында Төлеби ауданының әкімі Төлеген Телғараев, аудан прокуроры Оразәлі Әбдіраманов инвестициялық жоба жетекшілермен кездесті. Табиғаты тамылжыған Төлеби ауданында кәсіп ашқысы келетін инвесторлар саны артып келеді. Аудан экономикасын дамыту үшін инвестиция тарту­дың маңызы зор. Себебі инвес­тиция – ел экономикасының темірқазығы, еліміздің жаhан­­дық деңгейдегі бәсекеге қабілет­ті­лігін арттырудың кілті болып табылады. Аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы ...

Толығырақ »

ORDABASY: СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ – ТАЗАЛЫҚ ТАРАЗЫСЫ

Бүгін ауданда “Таза Қазақстан” акциясы аясында ауқымды сенбілік өтті. Шараға аудан әкімі Азат Оралбаев, аудандық мәслихаттың төрағасы Бақдәулет Жұмабеков, аудандық мәслихаттың бірқатар депутаттары, аудан әкімінің орынбасарлары, бөлімдердің және коммуналдық мекемелердің қызметкерлері, жастар, тұрғындар, белсенді азаматтар қатысып, арнайы белгіленген аумақтарда тазалық және көшеттер отырғызу жұмыстарын жүргізді. Сенбілік барысында аудан әкімі Азат Оралбаев тазалықты ретке келтіру бағытында аудан аумағындағы көшелерді аралап, жүргізіліп ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТ: АСАР-2 ШАҒЫНАУДАНЫНДА ЭЛЕКТР ЖЕЛІЛЕРІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛДЫ

Шымкент қаласында шағынаудандарды электр қуатымен қамту жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізілуде. Абай ауданы аумағындағы Асар-2 шағынауданын электр қуатымен қамтамасыз ету жұмыстарының 2-кезеңі аяқталды. Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков ел игілігіне тапсырылған нысанның мүмкіндіктерімен танысып, тұрғындарды инженерлік жүйелермен қамту кезең-кезеңімен іске асатынын атап өтті. Құрылысты бас мердігер “А.Мерей и К” ЖШС жүргізіп, жалпы 5 айда аяқтады. Жоба құны — 1 109,4 млн. теңге. ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН: АРЫСТА 150 ОТБАСЫҒА «РАМАЗАН ҚОРЖЫНЫ» ТАБЫСТАЛДЫ

Арыс қаласында Орталық «Ысқақ» мешітінің ұйымдастыруымен «Рамазан қоржыны» атты қайырымдылық шарасы өтті. Бұл игі бастамаға «Қолғабыс» қоғамдық қоры қолдау білдіріп отыр. Қасиетті айдың құрметіне орай өткізілген қайырымдылық шарасында Арыс қаласының бас имамы Қажымұқан Қазыбаев пен игілікке жаны құмар азаматтар әлеуметтік көмекке мұқтаж 150 отбасыға азық-түлік салынған қоржындарды үлестірді. Азық-түлік салынған себеттер зағип жандарға, аз қамтылған отбасылар мен мүгедектігі бар жандарға ...

Толығырақ »