Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Архив меток: Rr (страница 83)

Архив меток: Rr

АҒЫН СУ ЖҮЙЕСІ ТАЗАРТЫЛДЫ

Табиғаты керемет, жері сулы, шөбі шүйгін Сайрам ауданынының хал­қы еңбекққор, мал өсіруге, егін егуге әбден машықтанған. Сондықтан болар, ел тұрғындары бұл өңірді ауыл шаруашылығы, оның ішінде ет, сүт, мал шаруашылықтары дамыған өңір ретінде ауданды жақсы таниды. Қазіргі кезде Сайрам ауданында суармалы жердің жағдайын жасап, каналдарды тазарту жұмыстары жүргізілуде. Мұсабек каналының 6 шақырымын шөп пен лайдан тазарту арқылы Құтарыс ауылдық округінің ...

Толығырақ »

ЖАС КЕЛСЕ, ІСКЕ!

Сайрам ауданының әкімі Ұ.Сәдібеков Көлкент елдімекеніндегі жеке кәсіпкер «Бекнұрдың» есік терезе, темір қақпа жасайтын кәсіпорнын аралады, Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz ақпарат агенттігі. Жеке кәсіпкер «Бекнұр» темірден, ағаштан үйдің ішкі — сыртқы есіктерін, аула қақпаларын, көше жарықшамдарының бағаналарын жасауды қолға алған. Ондағы жұмысшылар қазан құйып, көше атауы, басқа да жазу жазылған тақтайшаларды ойып әзірлеумен айналысуда. Өзбекстан Республикасынде ...

Толығырақ »

ҚҰРМЕТКЕ ЛАЙЫҚ

Адамзат тарихындағы ең ауыр қантөгіс соғыстың аяқталғанына биыл 75 жыл толып отыр. Сол ардагерлердің теңдессіз ерліктері мен табандылықтары ғасырлар бойы жасай береді. Тылдағы әрбір күн соғысқа тең болды. Ардагерлер көрген зұлматты біз көрген жоқпыз. Жеңістің 75 жылдығын атап өту шарасы елдегі жағдайға байланысты жылдағыдай ауқымды дәрежеде өткізілмей, өзара комитет шешімімен білім саласында еңбек еткен Ұлы Отан соғысының ардагерлерін марапаттау мақсатында ...

Толығырақ »

ОТТЫ ЖЫЛДАРДЫҢ ҚАҺАРМАНЫ БОЛҒАН

Өткен ғасырдың 1941-ші жылы маусымның 22-сінде фашистер түн жамылып келіп, қапыда тұтқиылдан Отанға оқ атқылады. Бұл елім деген ерлердің сыналатын кезі еді. Соғыс – қайда болса да сұрапыл қайғы, қасірет, қан, көздің жасы, маңдайдың тері, өлім, қыршынынан қиылған боздақтар, әкесінен айырылған бала, бауырынан айырылған қарындас сол жылдары жапа шекті. Неміс басқыншыларының дүниежүзіне үстемдік орнату жолындағы жасаған соғысы жеңіліспен аяқталды. Өз ...

Толығырақ »

ҚАЙЫРЫМДЫ ЖАНДАРДЫҢ ҚАТАРЫ АРТА БЕРСІН

Түркістандық кәсіпкер 3 миллионнан аса қаржыға аз қамтамасыз етілген отбасыларға азық-түлік өнімдерін таратып берді, деп жазады деп жазады қалалық «Түркістан» газетінің тілшісі Ирода Мухамеджанованың материалына сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Ел ішінде қайырымды азаматтар баршылық. Осындай қайырымды жандар қатарында «Түркістан несие» ЖШС директоры Рахманжан Мавлянов және ол басқарып отырған мекеме ұжымы бүгінгі әлемдік деңгейдегі экономикалық дағдарыс, сонымен қатар аты жаман індет – ...

Толығырақ »

ӨНІМ 100% САУДАҒА ШЫҒАДЫ

Шаруалардың шығындалуына жол бермеу мақсатында бүгін Сайрам ауданының әкімі Ұласбек Сәдібеков пен аудандық ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы Нұрпапа Көпеев Көлкент ауылдық округіндегі егін алқабына барды. Өткен аптада әлеуметтік желіде түркістандық диқандардың қырыққабатты тонналап тегін таратуға әзір екенін айтқан видеосы тарап, шаруалардың үні министрлікке дейін жеткен болатын. Түркістан облысының әкімі Ө.Шөкеев аталған мәселені сауда және интеграция министрінің назарына ұсынып, диқаншылық жаппай шығынға ...

Толығырақ »

МАҚТААРАЛ ТҰРҒЫНДАРЫНА КӨМЕК

Сонымен Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы тасқын қаупіне ұшырағандарға және үйлерін су басып қалғандарға төмендегідей көмек көрсетілетін болды. Ауылын су басқан 6127 адамға 100 мың теңгеден беріледі. Мұнда қазіргі есеп бойынша 845 отбасы бар. Егер бір отбасыда 5 адам болса 500 мың теңге алады. Алишер Усмановтың қоры аудан бойынша эвакуацияға ұшыраған тұрғындар үшін 5,2 млн $ аударды. Бұл 2,3 млрд теңге ...

Толығырақ »

ШТАБ ЖҰМЫСЫ ҚАРҚЫН АЛҒАН

Мақтаарал ауданында орын алған төтенше жағдайға байланысты құрылған штабтарда жұмыс қызу үстінде. Бүгінде штаб мүшелері бекітілген тапсырмалар мен міндеттемелерді мұқият қарап, жұмысқа жұмыла кірісуде. Келес ауданы әкімдігі тарапынан штаб құрылып, штабқа Келес аудан әкімі аппаратының қызметкері Сәкен Жолдыбаев басшылық жасауда. Жалпы Келес ауданы әкімінің аппарты, дербес бөлімдер және ауылдық округтерінің мамандарынан жасақталған топ, тасқын судан зардап шеккен Фирдауси ауылы тұрғындарының ...

Толығырақ »

ФИРДАУСИ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН АҒАЙЫН БОЛЫП КЕТТІК

Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы №42 М.Тоқжігітов мектебі эвакуациялық пункттің бірі  болып бектілген, оған жауапты Келес ауданының әкімдігі.  Жалпы аталған эвакуациялық пунктте 120 Фирдауси ауылының тұрғындары жайғасқан. Тұрғындар 3 мезгіл ыстық тамақпен, қажетті киім-кешекпен толық қамтылған. Эвакуациялық пунктте жауапты болып, Келес ауданы Жүзімдік ауылдық округінің бас маман іс басқарушысы Сәбит Ботбаев тағайындалған. Келестік мемлекеттік қызметкер: «Қазір Фирдаусидың тұрғындарымен ағайын, жақын болып ...

Толығырақ »

САРБАЗДАР ТОЛАРСАҚТАН САЗ КЕШУДЕ

Мақтааралдағы техногендік апаттың салдарын жою үшін Шымкент қаласынан келген 35748 әскери бөлімі өздерінің кәсіби мерекелерінде толарсақтан саз кешіп, қызыл су басқан аймақтан табылды. 112 адамнан тұратын топты аталған әскери бөлім басшысының қару-жарақ жөніндегі орынбасары, подполковник Рахматулла Тасполаев бастап келіп, су астында қалған елдімекендерді тазалау және халыққа көмек беру жұмыстарын жүргізуде, деп жазады облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Жол ...

Толығырақ »

ҰОС АРДАГЕРІ: ЗАКИР МУСАЕВ

Кентау қаласы Ескі Иқан ауылының тумасы, соғыс ардагері Мусаев Закир » Ұлы Отан соғысының 75 жылдығына» орай ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың және Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің алғыс хаттарымен марапатталды. Мусаев Закир — 1925 жылы 1 қаңтарда Ескі Иқан ауылында дүниеге келген. Әкеcінен тоғыз жасында айырылып, 1934 жылы анасы мен қарындасына қамқор болып, колхозда істеп жүрген кезінде 1943 жылы Кеңес ...

Толығырақ »

КЕЛЕШЕК КҮНДЕРІМІЗ ЖАДЫРАЙТЫН БОЛАДЫ

Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы төтенше жағдай ешкімді де бей-жай қалдырмады. Тасқын судың зардабын шеккен эвакуациялық пунктердегі азаматтарды азық-түлікпен қамтамасыз етіп отыру үшін арнайы қойма жұмыс істеп жатыр. Қазір жағдай тұрақталып, әкімдік қызметкерлері және ерікті жандар тынымсыз қызмет етуде. Бүгінде  “ЕРІКТІЛЕР ШТАБЫНЫҢ” жұмысы қызып, еріктілеріміздің саны күннен күнге артуда. Арнайы қоймаларда азық-түліктен басқа жеке бас гигенасына арналған заттар, киім-кешектер жиналуда. Бүгінге ...

Толығырақ »

ҰОС АРДАГЕРІ: ҒАНИ САРАМСАКОВ

ҒАНИ САРАМСАКОВ Кентау қаласына қарасты Шорнақ ауылының тумасы, соғыс ардагері Сарамсаков Ғани «Ұлы Отан соғысының 75 жылдығына» орай ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың және Түркістан облысы әкімі Өмірзақ Шөкеевтің алғыс хаттарымен марапатталды. Сарамсаков Ғани – 1922 жылы 3 қыркүйекте дүниеге келген. Майданға 1941 жылдың 17-ші қарашасында аттанып, ІІІ – Украина майданында 519-шы атқыштар полкінде қызмет еткен. Румыня, Венгрия, Югославия елдерін азат ...

Толығырақ »

ЖЫЛЫНА 60 ТОННА ӨНІМ АЛУДА

Бүгін Түлкібас ауданының әкімі Н.Байғұт жұмыс сапарын Келтемашат ауылдық округіндегі «Болат» шаруа қожалығының жұмысымен танысудан бастады, деп жазады Түлкібас ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Шаруа қожалық жылына 30 соттық жылыжайға екі рет қызанақ егіп, 60 тонна өнім алуда. Шару қожалықтың төрағасымен сұқбат құрған аудан әкімі бүгінгі таңда мемлекет тарапынан кәсіпкерлерге ұсынылып жатқан қолдауларды кеңінен түсіндіріп, кәсібін ұлғайтқысы келген ...

Толығырақ »

ТЕМІРДЕН ӨРІЛГЕН ӨРНЕК

Бүгін Сайрам ауданының әкімі Ұ.Сәдібеков іс-сапарын 50 мыңнан астам халқы бар Қарабұлақ ауылдық округінен бастады. Мұнда ата кәсібін заманға сай дамытып келе жатқан Атабек Әбдіғаниевтің шеберханасына барып, кәсіпкермен сұхбаттасты, деп жазады Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Атабек Әбдіғаниевтің шеберханасында 8 адам жұмыс істейді. Олар темірді иіп, көздің жауын алатын түрлі бұйымдар дайындайды. — Әкемнің темір сатумен айналысқанына ...

Толығырақ »

«JAS OTAN» ЖӘРДЕМ ЕТУДЕ

Түркістан облысы Мақтарал ауданында орын алған төтенше жағдайға байланысты «Біргеміз, Мақтарал» еріктілер штабында 150 жуық еріктілер зардап шеккен тұрғындарға көмек көрсету жұмыстарын жүйелі ұйымдастыру мен олардың қиын жағдайдағы жан — жақты қауіпсіздігін қамтамасыз етуде. Қазіргі таңда Штаб жанынан облысымыздың өзге өңірлері мен аудандарындағы волонтер жастардың бастамаларымен ұйымдастырылған көмек керуендерін қарсы алып, қауіпсіз аймақтарға орналастырылған халыққа азық — түлік пен қажетті ...

Толығырақ »

ЕРЛІКТЕРІ ЕШҚАШАН ҰМЫТЫЛМАЙДЫ

Қадірменді шардаралықтар! Құрметті әскери қызметкерлер! Сіздерді Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығымен және Отан қорғаушылар күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Ұлы Отан соғысы біздің халқымыздың, аға буын өкілдерінің, біздердің әкелеріміз бен аналарымыздың биік рухын, ерлігі мен қаһармандығын әлемге танытқан соғыс болса, Ұлы Жеңіс аға ұрпақтың Ұлы ерлігін мәңгілікке ел жадында сақтауға арналған ең қастерлі мереке. Бұл – аға буынның жанқияр ...

Толығырақ »

ЕР – ЕЛІНІҢ ҚОРҒАНЫ

Құрметті түлкібастықтар! Сіздерді мемлекетіміздің айбынды мерекесі 7 мамыр – Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймын! Әрбір Тәуелсіз мемлекеттің ең басты мақсаты – ел тыныштығын қорғау, мемлекет тұтастығын сақтау. Бүгінде еліміздің әскері егемендіктің тірегіне, бейбіт өміріміздің тұрақтылық пен тыныштықтың кепіліне айналды. Күш-қуаты жылдан жылға артып келе жатқан мемлекетіміздің әскерін еліміздің барша халқы мақтан етеді. Халқымызда «Ер – елінің қорғаны» деген даналық ...

Толығырақ »

МЕРЕКЕ ҚАРСАҢЫНДА МАРАТ МАРАПАТТАЛДЫ

Ішкі істер саласының қызметкерлері өздерінің қызметтік және азаматтық борышын орындау кезінде күнделікті өмірлеріне қауіп төнеді, адамдарды апаттан құтқарады және өмірлік қиын жағдайларда көмек көрсетеді. Бүгін осындай батыр полицейлерді ҚР ІІМ-нің өзі марапаттады. Марапатталғандардың арасында мұз астына батып бара жатқан баланы құтқарған ТО ПД-нің полицейі Марат Рахметұлы бар. Ол Жетісай АПБ-нің анықтаушысы, полиция капитаны лауазымында қызмет атқарады. Мараттың батырлығы турасында нақтырақ ...

Толығырақ »

ЖҮЗДЕН АСТАМ ПОЛИЦЕЙ МАРАПАТТАЛДЫ

Түркістан облыстық Полиция Департаменті басшысының орынбасары, полиция подполковнигі Құрманбек Сахов Полиция департаментінің мәжіліс залында өткен салтанатты шарада  арнайы құттықтау сөзін сөйлеп, халықтың тыныштығы үшін қызмет етіп, күндіз-түні еңбек етсе де шаршамайтын ПД-нің полицейлері мен Ұлы Отан соғысында ерлік көрсетіп, жеңіске жетуге ат салысқан ардагерлерге өз лебізін білдірді, деп жазады ТО ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Сонымен қатар, жиынға қатысушылар ...

Толығырақ »

ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛЕТІНІ ҚУАНТАДЫ

Жеңістің 75 жылдығы қарсаңында Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаев «Ардагерлер туралы» Заңға қол қойып, көңілімізді марқайтты. Бұл жаңалықты ардагерлерге деген үлкен құрмет деп қабылдадым. Қазақта «Қариясы бар үйдің — қазынасы бар» деген нақыл сөз бар. Қариялардың әлеуметтік жағдайын жақсарту бүгінгі күні өзекті болуына байланысты, аталған Заңда арнайы мемлекеттік жәрдемақы төлеу, ақшалай немесе заттай мәндегі әлеуметтік көмек, тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселелері ...

Толығырақ »

ЖАҢА ЗАҢНАН КҮТЕРІМІЗ МОЛ

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев Жеңістің 75 жылдығы қарсаңында «Ардагерлер туралы» Заңға қол қойды. Шынтуайтында, бұл жағымды жаңалық болды. Жаңа қабылданған Заңның жобасын қаланың ардагерлері өзара талқыға салып, ұсыныс-пікірлерімізді білдірген едік. Бұл Заңның басты мақсаты — соғыс ардагерлеріне деген әлеуметтік қолдау шараларын күшейту. Ұлы Отан соғысына қатысқан, басқа да әскери іс-қимылға қатысушы ардагерлерге, еңбек ардагерлеріне, сонымен қатар тиісті заңмен қамтылған адамдардың ...

Толығырақ »

БАТЫРЫН ҚАДІРЛЕГЕН ЕЛДІҢ МЕРЕЙІ ҮСТЕМ

Елімізде «Ардагерлер» туралы Заңның қабылдағанын естідім. Балаларым мен немерелерім Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен оған теңестірілгендер, тыл еңбеккерлері, Ауған соғысына қатысқан азаматтарға да көптеген жеңілдіктердің жасалып жатқанын жеткізіп, қуантып қойды. Менің жасым 98-ге таяды. Ұлы Отан соғысына 19 жасымда аттандым. Бүгінде ардагерлер қатары сиреп барады. Бізден кейінде соғыстың зардабын тартқан ұрпақтар аз емес. Ауған жерінде болған соғыста қаншама боздақтардан айрылдық. Чернобыль ...

Толығырақ »

АРДАГЕРЛЕРІН АРДАҚТАҒАН ЕЛ АЙБЫНДЫ

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Ардагерлер туралы» заңға қол қойды. Ардагерлерді әлеуметтік қолдауға бұған дейін де көңіліміз толатын. Енді санаты мен олар үшін арнайы мемлекеттік жәрдемақы мөлшері тағайындалуы ҰОС қатысқан ардагерлерге, басқа мемлекеттер аумағындағы әскери іс-қимылға қатысушы ардагерлерге және Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген ардагерлерге, еңбек ардагерлеріне, сонымен қатар тиісті заңмен қамтылған адамдардың басқа санаттағы ардагерлеріне ...

Толығырақ »

АРДАГЕРЛЕРДІҢ АЛҒЫСЫ ШЕКСІЗ

Бақытжан Әшірбаев, Чернобыль ардагерлері Республикалық Одағы үйлестіретін кеңесінің төрағасы Ұлы Жеңістің 75 жылдық мерекесінің қарсаңында Мемлекет басшысының «Ардагерлер туралы» арнайы заңға қол қоюы – еліміздегі барлық ардагерлер үшін зор қуаныш! Заң соғыс және еңбек ардагерлерінің ҚР Парламенті мен Үкіметіне жолдаған көптеген өтініштеріне байланысты әзірленді. Құжатта қолданыстағы заңнама бойынша ардагерлерге берілетін барлық жеңілдіктер мен кепілдіктер топтастырылған. Бұл заңның әзірленуі кезеңінен бастап, ...

Толығырақ »