Қазіргі төтенше жаңдай кезінде еліміздің көптеген кәсіпкерлер азаматтық танытып, қайырымдылық жасауда. Олар, аз қамтамасыз етілген және басқа да көмекті қажет ететін отбасыларына қаржылай және қажетті азық-түлікті жеткізіп, белсенділік танытуда. Түркістан облысы Сайрам ауданында «Nur Otan» партиясының белсенді мүшесі, кәсіпкер Сихымбай Уалиханұлы «Біз біргеміз!» акциясы аясында 2 млн. теңге қаржы бөліп, қайырымдылық танытты, деп жазады Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме ...
Толығырақ »Архив меток: Rr
КАРАНТИН РЕЖИМІН БҰЗҒАНДАР ЖАЗАЛАНАДЫ
Түркістан облысы бас санитарының қаулысына сәйкес, бүкіл облыс аумағы карантиндік режимге көшті. Бұл туралы бұқаралық ақпарат құралдары, сонымен қатар ел арасында дауыс күшейткіш құралдармен де халыққа хабарлама берілді. Дегенмен бүгінде тұрғындар карантин режимін сақтап жатыр ма? Осы сұрақтың жауабын білу мақсатында Келес ауданының әкімі Ақментай Есбаев аудан орталығы Абай ауылындағы көтерме бағада жұмыс істейтін сауда дүңгіршектеріне барып, сауда орнының тіршілігімен ...
Толығырақ »ТҮРКІСТАН: 33 КӨШЕГЕ ОРТАША ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛЕДІ
Түркістан облысы Келес ауданында биыл жол жөндеу жұмыстары қарқын алмақ, деп жазады Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz . Нақтырақ айтсақ, аудан бойынша 33 көше орташа жөндеуден өткізілгелі отыр. Оның 16 көшесі, яғни 23,4 шақырымы «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы бойынша республикалық және облыстық бюджет есебінен іске асырылады. Бұдан бөлек, аудандық бюджет есебінен жалпы 12 ауылдық окрукке қарасты елдімекендердің ...
Толығырақ »ДӘРІГЕРЛЕР БІР АЙЛЫҚ НӘРЕСТЕНІҢ ӨМІРІН АМАН АЛЫП ҚАЛДЫ
Түркістан облысының дәрігерлері бір айлық нәрестенің өмірін алып қалды, деп жазады Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz . Бір айлық нәресте шұғыл түрде ауыр халде Түркістан облыстық балалар ауруханасының жан сақтау бөліміне жатқызылған. Облыстық қоғамдық денсаулық басқармасының мәліметінше, дәрігерлер баладан жүректің туа біткен ақауы мен асқазан ішек жолдары және өңештегі тесік жарықтары барын санаулы уақыт ішінде зерттеп, анықтаған. ...
Толығырақ »ӘСКЕРИ ЕРІКТІЛЕР ОҚЫС ОҚИҒАНЫҢ АЛДЫН АЛДЫ
Ефрейтор Журабеков Шахрух, Қатардағы жауынгер Жұманазаров Мақсат және Түркістан қалалық полиция басқармасының жергілікті полиция қызметкері, учаскелік полиция инспекторы, полиция лейтенанты Мархабай Әділбек Ержігітұлы Түркістан қаласы, «Отырар» мөлтекауданындағы үйлердің біріненшыққан өрттен үш азаматты аман алып шыққан, деп жазады Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz . Бұл жігіттер небәрі екі күн бұрын ғана төтенше жағдайға байланысты әскери міндеттілерді арнайы жиынға ...
Толығырақ »ТҮРКІСТАН: ТҰРҒЫН ҮЙГЕ ТҮСКЕН ҰРЫ ҚҰРЫҚТАЛДЫ
Түркістан облысының полицейлері тұрғын үйге ұрлыққа түскен ұрыны құрықтады, деп жазады ТО ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz . Ағымдағы жылдың наурыз айында Бәйдібек аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғыны арызданып, үйінде ұрлық болғанын айтты. Оқиға орнына жеткен жедел-тергеу тобының қызметкерлері түнгі уақытта жәбірленушінің үйіне белгісіз тұлға кіріп, жатын бөлмесінен 10 мың теңге ақшасын ұрлап кеткенін анықтады. Оған қоса ұры, үстел ...
Толығырақ »ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘУЕЖАЙДЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРУДЕ
Түркістан қаласында халықаралық әуежайдың құрылысы қарқынды жүруде, деп жазады облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Түркістан қаласында халықаралық әуежай салу мақсатында облыс орталығынан 35 шақырым қашықтағы Кентау қаласына қарасты, Шаға елдімекенінің маңынан орын белгіленген болатын. «Turkistan International Airport» ЖШС инвесторы әуежайдың құрылысын жүргізуде. Мердігер мекеме – түркиялық «YDA Group» компаниясы. Қазіргі таңда құрылыс алаңында инвестордың 341 жұмысшысы ...
Толығырақ »ҚАРТТАРҒА ҚОЛҒАБЫС ЖАСАДЫ
Жақсылық жасап, елдің батасын алудан шаршамайтын Мақтаарал аудандық Ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ жанынан құрылған еріктілер клубының мүшелері мен ауданның белсенді жастары тағы бір ізгілікті іс жасады. Елдегі жарияланған төтенше жағдайға байланысты енгізілген карантиндік режимге қарамастан ауданның ерікті жастары аудандағы кенттер мен ауылдық округтерде тұратын жалғызбасты қариялар мен аз қамтамасыз етілген немесе мүмкіндігі шектеулі жандарға қолұшын созып, үй шаруасына ...
Толығырақ »ДІНИ МАТЕРИАЛДЫ САҚТАҒАНЫ ҮШІН АЙЫППҰЛ САЛЫНДЫ
Түркістан облысының тұрғынына тыйым салынған діни материалдарды сақтағаны үшін айыппұл салынды, деп жазады ТО ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. ТО ПД Экстремизмге қарсы іс -қимыл басқармасының қызметкерлері әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында пайдаланушылардың бірінің парақшасынан деструктивті ағымның аудиожазбаларын тапты. Тәртіп сақшылары шұғыл әрекет етіп, осы аудиожазба авторын анықтады. Тексеру аясында олардың дәрістеріне Ақтөбе облыстық сотының қаулысымен 2019 жылы тыйым ...
Толығырақ »ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНЫ БӘСЕҢДЕМЕУ КЕРЕК
Бүгін Жетісай ауданының әкімі Жамантай Бейсенбаев Түркістан облысы Жетісай ауданының аумағын кеңейту бойынша 80 гектар аумақта орналасқан 1200 орынды мектептің құрылыс жұмыстарымен танысты. Бұл туралы Жетісай ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды. Мектеп құрылысының жұмыстарымен танысу барысында аудан әкімі тиісті мердігерге құрылысыты сапалы әрі уақытында аяқтауды тапсырды. Қандай жағдай болмасын құрылыс жұмыстарын бәсеңдетпеу керектігін қадап айтты. ...
Толығырақ »САЙРАМНЫҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ АЛДЫҢҒЫ ҚАТАРДА
Түркістан облысында 2020 жылдың I тоқсанында атқарылған жұмыстар бойынша Сайрам аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі бірінші орынға шықты. Аудан көлемінде 51000 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдарын орналастыру жоспарланса, оның 13 426 га суармалы жер, деп жазады Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz Қазіргі таңда ағымдағы жылдың есебінен 16000 га күздік бидай және ерте көкөніс – 2275 га (жоспар – ...
Толығырақ »ҚЫЗҒАЛДАҚТЫҢ ОТАНЫ
Түркістан облысы табиғи байлығының (флора-фаунасымен) сан алуандығымен ерекшеленетін республикамыздың ең көрікті аймағының бірі. Облыс аумағында өсімдіктердің 3 мыңнан астам түрі өседі, оның ішінде 118 түрі ҚР «Қызыл кітабына» енген, сирек кездесетін және жойылу қауіпі бар өсімдіктер. ҚР Конституциясының 6 бабына сәйкес өсімдіктер мен жануарлар дүниесі және табиғи ресурстар мемлекеттік меншікке жатады. «Қызыл кітапқа» енген әрбір өсімдікті жұлғаны үшін жауапқа тартылатынын ...
Толығырақ »ТҮРКІСТАН: БИЫЛ 38 МЫҢ ГЕКТАР ЖЕРГЕ МАҚТА ЕГІЛЕДІ
Көктемнің бір күні бір жылға азық. Cәуір айының ортасынан бастап Мақтаарал ауданында ауа-райы күрт жылынып, шаруалар мақта егу науқанына жаппай кірісіп кетті. Көктемгі дала жұмыстарына 954 ауыл шаруашылығы тракторлары, 415 чизель, 3876 тырма, 250 тұқым сепкіш техникалары қатысуда. Бірқалыпты қолайлы температура сақталған жағдайда 10-15 күнде жаппай мақта егісін аяқтауға мүмкіндік бар. Бұл туралы шаруа қожалықтарын аралап көріп, мақта егу науқанының ...
Толығырақ »1 МЛН. ШАРШЫ МЕТРДЕЙ АУМАҚ ЗАЛАЛСЫЗДАНДЫРЫЛДЫ
Түркістан облысында індеттің таралуына тосқауыл қою мақсатында дезинфекциялық режим күшейтілді. Тек облыс орталығының өзінде бүгінге дейін 1 млн. шаршы метрге жуық жер, яғни, 557 нысан толық тазаланып, залалсыздандырылған деп жазады Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz . Жолдар, аяқжолдар, аялдамалар, сауда дүкендерінің сыртқы аймақтарында дезинфекциялық өңдеу жұмыстары жүйелі жүргізілуде. Түркістан облыстық тауарлар және қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің ...
Толығырақ »КӨЛІКТЕРДІ ЗАҢСЫЗ АЙДАП КЕТКЕНДЕР ҚҰРЫҚТАЛДЫ
Түркістан облысы полицейлері көліктерді заңсыз айдап кеткен тұрғындарды ұстады, деп жазады ТО ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Ордабасы АПБ-не Шымкент қаласының тұрғыны арызданады. Жәбірленушінің айтуынша, облысымызда карантин енгізілгеніне байланысты Ордабасы ауданы аумағындағы блок-посттан рұқсат қағазы болмай өте алмай қалады. Содан бірнеше күнге Ордабасы арқылы өтетін «Самара-Шымкент» тас жолында орналасқан «газ құю» бекетінің операторына өтініш етіп, өзіне тиесілі маркасы «Audi ...
Толығырақ »АҚСУ-ЖАБАҒЫЛЫ
Ақсу-Жабағылы мемлекеттік табиғи қорығы – Орталық Азия мен Қазақстанның бірінші ашылған қорықтарының қатарында. Қорықты құру бастамасы танымал гидробиолог А.Л.Бродскийге тиесілі. Бұл ғалым 1920 жылы алғашқы рет Жабағылы мен Ақсу өзендерінің жоғарғы арналарына аяқ басқан. Ақсу-Жабағылы мемлекеттік қорығы Батыс Тянь-Шаньдағы Талас Алатауы жотасының батыс жақ бөлігінде орналасқан. Қорық теңіз деңгейінен 1300 метрден 4200 метрге дейінгі биіктіктегі таулы аймақты алып жатыр. Оның солтүстік ...
Толығырақ »ҚЫЗҒАЛДАҚ ЖҰЛУШЫЛАР ЖАУАПКЕРШІЛІККЕ ТАРТЫЛАДЫ
Әлеуметтік желілерде «Төлеби ауданында қызғалдақтарды заңсыз жұлуы мүмкін азаматтарға қатысты полицейлердің заңсыз әрекеттері» туралы бейнежазба таралған болатын. Естеріңізге сала кетейік, Түркістан облысында ҚР Қызыл кітабына енгізілген 120-дан астам сирек кездесетін өсімдік түрлері өседі, олардың 68-і тек облыс аумағында ғана кездеседі. Оның ішінде, ҚР Үкіметінің 31.10.2006 ж. № 1034 қаулысымен «Грейг» және «Кауфман» қызғалдақтары сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар өсімдіктер ...
Толығырақ »КЕЛЕСТІК ДЕПУТАТ ЖЕРЛЕСТЕРІНЕ КӨМЕК КӨРСЕТТІ
Келестік депутат «BIZBIRGEMIZ» акциясы аясында жерлестеріне көмек көрсетті, деп жазады облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz . Түркістан облысы Келес ауданынан сайланған Түркістан облыстық маслихатының депутаты, облыстық маслихаттағы «Nur Otan» партиясының фракция мүшесі Жаңабай Ағабеков коронавирус індетіне қарсы күреске қаржылай қолдау білдіріп, «BizBirgemiz» республикалық қорына 1 млн теңге аударған болатын. Бұл жолы халық қалаулысы «Nur Otan» партиясының Келес аудандық ...
Толығырақ »ӘСКЕРИ МІНДЕТТІЛЕР ІРІКТЕЛДІ
Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы 2 сәуірдегі №896 «Әскери міндеттілерді арнайы жиынға шақыру» туралы Жарлығына және Түркістан облысы әкімдігінің 13 сәуірдегі №93 «Түркістан облысының әскери міндеттілерін арнаулы жиындарға шақыру туралы» Қаулысына сәйкес, Ордабасы ауданы Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінде «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» ҚР Заңына сәйкес есепте тұрған және денсаулық жағдайы бойынша жарамды деп танылған Қазақстан ...
Толығырақ »«ІЗІН СУЫТПАЙ» АШЫЛҒАН ҰРЛЫҚ
Түркістан облысы полицейлері дүкенге ұрлыққа түскен жас жігітті «ізін суытпай» сол күні ұстады, деп жазады ТО ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz . Ордабасы АПБ-не жергілікті тұрғын арызданды. Ол өз арызында үйінен ашылған дүкеніне ұры түсіп, 20 000 теңге болатын темекілерін, кассадағы 30 000 теңгеден астам ақшасын және тұрғын-үйінің ауласында орналасқан сарайынан 7 дана қыстық баллонын жымқырып кеткенін көрсетті. Жәбірленушіге ...
Толығырақ »БРАКОНЬЕРЛЕР ҚОЛҒА ТҮСТІ
Түркістан облысының полицейлері браконьерлерден заңсыз ауланған 6 центнер балық тәркіледі, деп жазады ТО ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz . Заңсыз балық аулау деректерінің жолын кесу үшін ұйымдастырылған жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Созақ АПБ ЖПҚ табиғатты қорғау учаскелік инспекторлары Ақжайқын көлінде браконьерлерді ұстады. Олар заңсыз балық аулап, тасымалдаумен айналысатын Шардара ауданының екі тұрғыны болып шықты. Күдіктілердің «Мерседес-бенц» автокөлігінен, полиция қызметкерлері рұқсат ...
Толығырақ »ҚЫЛМЫСКЕРДІҢ ҚАШУЫНА ЖОЛ БЕРМЕГЕН
Биік құздан секіріп қол-аяғы сынса да, қылмыскердің қашуына жол бермеген Жедел уәкілдің жұмысы жеңіл емес. Қылмысты алдын алу мен болдырмау, ашу жұмыстарын жүргізетін тәртіп сақшысы қашанда табанды еңбек етуі тиіс. Сондай-ақ, қоғамды қырағылығымен күзетіп, қанды қол қылмыскерлерді құрықтау ісінде абыройлы қызметімен көрінуі керек. Ордабасы аудандық полиция бөлімінің жедел уәкілі Нұрдәулет Рүстемнің қашқан қылмыскерді ұстау үшін 30 метрлік құздан секірген ерлігін ...
Толығырақ »КӨКТЕМГІ ДАЛА ЖҰМЫСТАРЫ ТОҚТАМАУЫ КЕРЕК
Бүгін Жетісай ауданының әкімі Жамантай Бейсенбаев жұмыс барысымен түске дейін «Жаңа ауыл», «Атамекен», «Мақталы», «Жолдасбай Ералиев» ауылдық округтерінде болды, деп жазады Жетісай ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz . Алдымен аудан әкімі «Жаңа ауыл» округінде болып, мақта егіп жатқан шаруалардың жұмыстарымен жақыннан танысты. Шаруаларға жердің қызған шағын ұтымды пайдаланып шитті уақытында егіп тастау керектігін атап өтті. Одан кейінгі кезекте ...
Толығырақ »КАРАНТИННЕН ШЫҚҚАН АУЫЛДЫҢ ЖАҒДАЙЫ ҚАНДАЙ?
Түркістан облысы Сайрам Ауданы Көлкент ауыл округінен COVID-2019 індетін жұқтырған үш науқас тіркелген. Осыған байланысты Ханқорған және Қосбұлақ ауылдары карантинге жабылған-ды. Жақында Ханқорған ауылының тұрғыны коронавирустан айығып шықты және оның қарым-қатынаста болған жақындары мен таныстары індеттен дін аман. Сондықтан, Ханқорған ауылы ашылды. Ал тағы екі науқас Қосбұлақ елдімекенінен тіркелуіне байланысты бұл ауыл толығымен карантинде. Ауылға кіруге, ауылдан шығып кетуге болмайды. Сайрам ...
Толығырақ »ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Естайұлы Шөкеевтің өкімімен Түркістан облысы қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы болып Пашимов Марат Орынбасарұлы тағайындалды. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды. Марат Пашимов 1981 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданында туылған, білімі жоғары, біліктілігі емдеу ісі және жергілікті мемлекеттік басқару. Медицина ғылымдарының кандидаты. Еңбек жолын 2003 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы ...
Толығырақ »