Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Архив меток: Асхат (страница 25)

Архив меток: Асхат

ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖАҒДАЙЫМЕН ТАНЫСТЫ

«Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі Шымкент қалалық филиалының төрағасы С.Әуесханов «Қалың қалай, бастауыш ұйым?» акциясы аясында Шымкент қаласы әкімдігінің «Шапағат мүгедектерге арналған оңалту орталығы» мекемесіне барып, бастауыш кәсіподақ ұйымындағы кәсіподақ мүшелерінің қызмет көрсету жұмыстарымен және қал-жағдайларымен танысты. Орталықта кәсіподақ ұйымы 2021 жылдың басында құрылып, оның құрамына 43 адам, яғни бүгінде 100% қызметкері кәсіподақ ...

Толығырақ »

КӘСІПОДАҚ МҮШЕЛЕРІНЕ ҚАРЖЫЛАЙ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

«SENIM» денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағының Шымкент филиалының төрағасы Ерқозы Батырбеков қалалық перзентхана, №10 және №13 қалалық емханаларда қызмет ететін тұрмысы төмен 3 қызметкерге 50000 теңгенің қайырымдылық сертификатын табыстады. Қазіргі пандемия, шынында да адамзат тарихында бұрын-соңды болмаған әлемдік дағдарысқа әкеліп соқтырды. Карантин кезінде кәсіподақтар бір жеңнен қол шығарып, жұмыла жұмыс атқарып та кетті. Қысылтаяң шақта бір-бірімізге жанашырлық таныту, ...

Толығырақ »

МІНДЕТТІ АТТЕСТАТТАУ ӨТТІ

Шымкент қаласындағы «Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығы» қызметкерлерінің атқаратын қызметіне сәйкес келетін деңгейін бақылау мақсатында міндетті аттестаттау өтті. Комиссия құрамында «Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығының» директоры Сұлтан Сраилов (комиссия төрағасы), кадр ісі жөніндегі маман м.а. Дана Мамекова (комиссия хатшысы), Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Руслан Шеримов, қалалық Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының бөлім ...

Толығырақ »

ҚАЛЫҢ ҚАЛАЙ, БАСТАУЫШ ҰЙЫМ?

«Қызмет» салалық кәсіподағы» республикалық қоғамдық бірлестігі Шымкент қалалық филиалының төрағасы С.Әуесханов «Қалың қалай, бастауыш ұйым?» акциясы аясында Шымкент қаласындағы «Ырыс-7» балабақшасына барып, бастауыш кәсіподақ ұйымындағы кәсіподақ мүшелерінің қал-жағдайларымен танысты. Балабақшада кәсіподақ ұйымы 2021 жылдың басында құрылып, оның құрамына 15 адам кірген. Бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Қарымсақова Ақтолқын Амангелдіқызы. Мекеменің жұмыс берушісі мен кәсіподағы арасында 2021-2023 жылдарға арналған ұжымдық шарт жасалған ...

Толығырақ »

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Қала әкімі Мұрат Әйтеновтың төрағалығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. Іс-шараға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Төрағасының кеңесшісі Жазира Жылқышиева, Агенттіктің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Асхат Жұмағали, республикалық «Парасат жолы» орталығының жетекшісі, жазушы, қоғам қайраткері Сәдібек Түгел, қала әкімінің орынбасарлары, аудан әкімдері, мемлекеттік  мекемелер мен қоғам өкілдері қатысты. Қала әкімі Мұрат Әйтенов Мемлекет басшысының ...

Толығырақ »

КӘСІПОДАҚ МҮШЕЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

«ҚуатЖылуОрталығы» МКК бастауыш кәсіподағының құрамында 320 кәсіподақ мүшесі бар. Мекеменің негізгі қызметі — инженерлік желілер мен жабдықтарды жөндеу және техникалық қызмет көрсету болып табылады. «Шымкент қаласы Кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі және «YNTYMAQ» салалық кәсіподақ орта және шағын бизнес саласының жұмыскерлерінің Шымкент қаласы бойынша филиалының төрағасы Бауыржан Ілімшеұлы Әлтеев Наурыз мерекесі қарсаңында мекеме қызметкерлері П.Сабитовті «Елеулі еңбегі үшін» медалімен және ...

Толығырақ »

БІРЛЕСКЕН МӘЖІЛІС ӨТТІ

«Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің Түркістан облыстық және Шымкент қалалық филиалдарының бірлескен мәжілісі өтті. Мәжіліске «Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Светлана Иманқұлова, «Шымкент қаласы Кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бауыржан Әлтеев, «Түркістан облысы Кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бердіғали Өмірәлі, салалық мәдениет, спорт ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТТЕГІ ЖЕДЕЛ ҚЫЗМЕТТІҢ ДАМУЫ

Шымкентте «Ресей Федерациясы трансплантологиясындағы актуальды сұрақтар мен Шымкенттегі жедел қызметтің дамуы» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік онлайн конференциясы өтуде. Конференцияның алғашқы күнінде Ресейден келген медицина мамандары, №1 қалалық клиникалық ауруханасы мен ОҚМА аясында ынтымақтастық туралы үш жақты меморандумға қойылды. Конференцияға арнайы қатысқан Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан қатысушыларға сәттілік тілеп, конференцияның маңыздылығын атап өтті. Ынтымақтастық туралы үш жақты меморандумға қол ...

Толығырақ »

БАСКЕТБОЛ ЖӘНЕ ВОЛЕЙБОЛДАН ТУРНИР ӨТТІ

Шымкент қаласы әкімдігінің бастамасымен мектеп оқушыларының бос уақытын тиімді өткізу, спортпен шұғылдану арқылы олардың ерік пен табандылығын қалыптастыру және Қазақстан Республикасының чемпионаттарына команда жасақтау мақсатында «Шымкент жастар лигасы» жобасы қолға алынып, мектеп оқушылары спорттың бірнеше түрінен өз шеберліктерін көрсетпек. Аталған сайысқа оқушылардың дайындығын пысықтау үшін қалалық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Шапырашты елді мекенінде орналасқан Сансызбай Бекбосынов атындағы №70 жалпы орта ...

Толығырақ »

САЛАУАТТЫ ЖАСТАР – САЛАУАТТЫ ҚОҒАМ!

Шымкент қаласы Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «ХIII LEGION» салауатты өмір салтын дамыту қоры» қоғамдық қорының қолдауымен жастарды бұқаралық спортқа баулу және жастардың бос уақытын тиімді пайдалану, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында Мирас университетінің спорт залында норматив тапсырудан «Street Workout» спортынан Мақтарал ауданы, Леңгір қаласы, Сайрам ауданы, Қаратау, Еңбекші, Әл-Фараби, Абай ауданынан келген жастар мен жасөспірімдер арасында турнир өткізілді. Шара барысында ...

Толығырақ »

НАШАҚОРЛЫҚ – ІНДЕТ, ОНЫҢ АЛДЫН АЛУ – МІНДЕТ!

Нашақорлық мәселесі бүгінде әлем бойынша аса өткір де, өзекті де мәселеге айналып отыр. Ол тек медициналық тұрғыдан ғана емес, жалпы әлеуметтік тұрғыдан да көкейкесті мәселенің бірі болуда. Себебі, нашақорлыққа тәуелді он адамның тоғызының іс жүзінде толық емделіп кетуі екіталай. Олардың көпшілігі 40 жасқа дейін де өмір сүрмейді. Есірткіні пайдаланушылардың басым бөлігі 18-30 жас аралығындағы жастарды құрайды. Алайда, өкінішке орай, соңғы ...

Толығырақ »

ТЕКСЕРУ ЖҮРГІЗІЛДІ

«KEGOC» АҚ филиалы «Оңтүстік жүйеаралық электр желілері» мекемесiне қатысты тексеру жүргізілді Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Түркістан облысы бойынша аумақтық департаменті (бұдан әрі — Департамент) ағымдағы жылдың 04 қаңтары мен 05 қаңтары аралығында ​ «KEGOC» АҚ филиалы «Оңтүстік жүйеаралық электр желілері» мекемесiнде (бұдан әрі — Мекеме) 2021 жылдың 22 қаңтарында, ҚС 500кВ «Шымкент» ӘЖ-5169 ...

Толығырақ »

АЙДАРБЕК ТОҚТАРБЕК: «СПОРТ ӘЛЕМІНДЕ ЕСІМІМДІ ҚАЛДЫРҒЫМ КЕЛЕДІ»

Түркістанда әлемдік додаларда Қазақ елінің даңқын асқақтатып жүрген спортшылар жетерлік. Солардың бірі — Айдарбек Тоқтарбек. Балуан самбо және қазақ күресінен Қазақстан Республикасының спорт шебері. Ол 1998 жылы 28-сәуірде Түркістан қаласында дүниеге келген. 2004-2015 жылдары Түркістан қаласындағы №19 жалпы орта мектебінде білім алған. 2015-2019 жылдары Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ-дің Өнер факультетінің «Денешынықтыру және спорт» мамандығын бітірген. Бүгінде «Жергілікті және мемлекеттік ...

Толығырақ »

МОЛДАШ КЕМЕЛБЕК: «СӘТТІЛІККЕ ЕМЕС, АЛЛАҒА СЕНЕМІН»

Самбо күресінен Қазақстан Республикасының спорт шебері Кемелбек Молдаш өмірде «Сәттілікке емес, Аллаға сенемін» деген пікірде. Бұл өмірлік ұстанымы көкейінде бозкілемге белдесуге шыққанда да жаңғырып тұрады. Себебі, балуан әрбір жеткен жетістігі мен толағай жеңістері ең алдымен Тәңірдің қалауымен болғандығын алға тартты. Ол 2000 жылы 9-сәуірде ОҚО, Қазақстанның 30 жылдығы (қазіргі Ынтымақ) ауылында дүние есігін ашқан. Спорт әлеміне 2009 жылы келген. Бүгінде ...

Толығырақ »

КӘСІПОДАҚТАР ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖАҢА ТӨРАҒАЛАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Бүгін «Шымкент қаласы Кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің мәжіліс залында Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Даулеталиннің қатысуымен кеңес өтті. Жиында Шымкент қаласы және Түркістан облысы кәсіподақ ұйымдарының жаңа басшылары ұжымға таныстырылды. «Шымкент қаласы Кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы болып Әлтеев Бауыржан Ілімшеұлы тағайындалды. Бауыржан Әлтеев 1955 жылы 9 қыркүйек күні Онтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданы, Қарасу ауылында дүниеге ...

Толығырақ »

ЭЛЕКТРМЕН ЖАБДЫҚТАУ ЖҮЙЕСІНЕ ҚАЛАЙ ҚОСЫЛУҒА БОЛАДЫ?

Шынында да, электрмен жабдықтау жүйесіне қалай қосылуға болады? Қазіргі таңда бұл сұрақ аймақтағы көптеген адамдардың алаңдаушылығы артып, өте өзекті болып тұр. Электрмен жабдықтау жүйесіне қосылу бойынша «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Түркістан облысы бойынша аумақтық департаменті» мемлекеттік мекемесінің басшысы Алимкулов Бекжан Мухидинұлынан сұрап көрдік.  — Бекжан Мухидинұлы, электрмен жабдықтау жүйесіне қосылуға байланысты негізгі ережелерін ...

Толығырақ »

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ҚАЗАҚСТАН БАРЫСЫ АТАНАМЫН

«Қазақ күресінен Қазақстан Барысы атанамын» — деген түркістандық Әбдіғани Бибарыстың арманы асқақ. +100 келі салмақта белдесіп жүрген балуанның сондай-ақ самбо күресінен ересектер арасында Әлем және Азия чемпионы боламын деген жоспары бар. Бұлай деуінің өзіндік себебі де жоқ емес. Түркістанның мақтанышы 2020 жылы Атырау қаласында Самбо күресінен ересектер арасында өткен Қазақстан Республикасы чемпионатының жеңімпазы атанған. «Мен күреске 10 жасымнан бастап қатыстым. ...

Толығырақ »

МҮМКІН СІЗДІҢ ПЕРЗЕНТІҢІЗДЕН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ ШЫҒАР?!

«Мүмкін Сіздің перзентіңізден әлем чемпионы шығар?!» – деген жас бапкер ата-аналарға балаларын спортпен айналысуына жағдай жасаса, сенімдері сөзсіз шындыққа айналады деген пікірде. Он жеті жылдан бері самбо күресімен шұғылданып, айтарлықтай жетістікке жеткен түркістандық Айжан Жылқыбаева спорттағы жетістігі мен жеке өміріне қатысты айтты. Айжан самбо күресімен 2-сыныптан бастап айналысып келеді. Осы күнгі аралықта балуан самбодан Қазақстанның 11 дүркін чемпионы, 5 дүркін ...

Толығырақ »

ЕСІРТКІГЕ ЖОЛ ЖОҚ

Шымкент қаласының «Жастар ресурстық орталығы» және қалалық Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері бірлесіп, “Харекет” қайырымдылық қорының Шымкент қалалық жетекшісі Дарбышев Серік Сеилбекұлының қатысуымен қала аумағындағы есірткі мен нашақорлықтың алдын алуға бағытталған іс-шараны өткізді. Іс-шара барысында Еңбекші ауданындағы Л.Толстой көшесі бойындағы ғимараттар мен үй-жайлардың сыртқы қабырғасына салынған жалпы 48 есірткі құралдарының жарнамасы ретіндегі жазбалар өшірілді. Алдағы уақытта Полиция ...

Толығырақ »

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ – ҚАЙЫРЛЫ ІС!

«Жаңа жыл» мерекесі қарсаңында Түркістан облысы, Сайрам ауданының аз қамтамасыз етілген және көпбалалы 200 отбасына азық-түлік таратылды. Қайырымдылық іс- шара «Adal komek» қорының ұйымдастыруымен жүзеге асырылды. Барлығы 200 отбасыға таратылған себеттің әрқайсысының құны — 5000 теңге. «Мұндай акциялар бірінші рет өткізіліп отырған жоқ. Қолдау көрсету және мұқтаж адамдардың қандай да бір жағдайда жалғыз­дық сезінбеуін қамтамасыз ету – біздің қолымызда. Еріктілер ...

Толығырақ »

ТҰРҒЫНДАР «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫН ҚОЛДАЙДЫ

«Nur Otan» партиясынан Сайрам аудандық мәслихатына үміткер Сәуле Бишеқызы Рамазанова мен Бобуржон Акмалжанұлы Хасантаев Қарабұлақ және Арыс ауылдық округтерінің тұрғын үйлерін аралап «Есіктен есікке» акциясы аясында сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Үміткерлер жергілікті тұрғындарды 2021 жылдың 10-қаңтарына белгіленген ҚР Парламенті Мәжілісі мен жергілікті мәслихаттар сайлауына белсенді қатысып, онда еліміздегі жетекші партия — «Nur Otan»-ға дауыс беруге шақырды. Республика, Түркістан облысы, Сайрам ...

Толығырақ »

46 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

Түркістан облысы, Төлеби ауданының әкімі Бауыржан Омарбеков, аудандық мәслихат хатшысы Н.Қойбағаров, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ә.Шыңғысбаев Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында баспаналы болған отбасыларды құттықтап шаңырақтарына барды. Заң талаптары мен кезектілік сақтала отырып, 46 отбасы тұрғын үймен қамтылды. Оның ішінде 21 – әлеуметтік жағынан осал топтар, 6 – ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, 9 – көп балалы отбасы және 11 – мемлекеттік ...

Толығырақ »

ТАБИҒАТТЫ ТАМАШАЛАУҒА АРНАЛҒАН АЛАҢ

Тұмса табиғатымен талайларды таңғалдыратын Түркістан облысы, Төлеби ауданының қысы да, жазы да туризм саласын дамытуға сұранып тұрған аймақ екені белгілі. Туризм саласын дамытуға, демалуға келген туристерді жан-жақты қызықтыруға жылдан жылға мән беріліп келеді. Биыл тау бөктеріндегі демалыс аймақтарына баратын Алатау ауылдық округіне кіреберіс жерге табиғатты тамашалауға қолайлы алаң орнатылды. Әсем көріністерді тамашалауға арналған алаңды орнатуға аудандық бюджеттен 14,7 млн теңге ...

Толығырақ »

ГАЗ КІРГІЗІЛЕ БАСТАДЫ

Түркістан облысы, Төлеби ауданы, Ұзынарық, Диханкөл елді мекендеріне газ құбырын тарту жұмыстары басталды. Газ тарту жұмыстарын «Azia RC» ЖШС мердігер мекемесі қолына алып отыр. Қазіргі таңда Төлеби ауданындағы 55 елді мекеннің 48-і толық табиғи газбен қамтылған. Қалған Диханкөл, Ұзынарық, Алшалы, Қасқасу, Жоғары Қасқасу, Керегетас, Кенесарық елді мекендеріне көгілдір отын кіретін болады. Нәтижесінде Қоғалы ауылдық округінде жалпы 613 абонент, Қасқасу ауылдық ...

Толығырақ »

ӘКІМШІЛІК ҒИМАРАТ ЖАҢА КЕЙІПКЕ ЕНДІ

Түркістан облысы, Төлеби ауданы, Киелітас ауылдық округінде 2000 жылға дейін әкімшілік болған ғимарат қазіргі таңда заманауи мектепке айналып, жаңаша кейіпке енді. Достық елді мекеніндегі №16 мектебінің қайта құру жұмыстары жүргізілді. Бұл жұмыстар «Жол картасы» бағдарламасы аясында жүзеге асырылған. Мердігер мекеме «Аша–А» ЖШС ішкі терезелер мен есіктерін толығымен орнатып, ішкі әрлеу және темір черепицалы шатыр жабуды аяқтады. Сонымен қатар сыртқы әрлеу ...

Толығырақ »