Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Авторские архивы: Әсет ӘССАНДИ (страница 370)

Авторские архивы: Әсет ӘССАНДИ

ТҮЛКІБАС: «Майлыкент сүт» ЖШС-гі

Түлкібас ауданында ауылшаруашылығы өнімдерін дайындап, өнімдерін еліміздің түкпір-түкпіріне жөнелтіп, елдің алғысына бөленіп отырған кәсіпкерлер  аз емес. Солардың бірі  — «Майлыкент сүт» ЖШС. Жоғары сападағы экологиялық таза сүттен жасалатын «Майлыкент-сүт» ЖШС-ң өнім түрлері, бүгінгі таңда ауданда ғана емес, еліміздің басқа өңірлерінде де жоғары сұранысқа ие. «Бизнестін жол картасы-2020» бағдарламасы аясында жеңілдетілген несие алып, бүгінгі таңда қарқынды жұмыс істеп тұрған сүт өндеу ...

Толығырақ »

Облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасына жаңа басшы тағайындалды

Түркістан облысы әкімінің өкімімен Түркістан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының басшысы лауазымына Тұрысбеков Мұхит Сексенбайұлы тағайындалды. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «didarbek.kz» ақпараттық агенттігі хабарлайды. Мұхит Сексенбайұлы 1967 жылы туған, білімі жоғары, мамандығы бойынша біліктілігі – инженер-құрылысшы. Еңбек жолын 1991 жылы «Шымкент ауыл шаруашылығықұрылыс монтаж»трестінің монтаждаушысы ретінде бастаған. 1992-2008 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік мүлік жөніндегі аймақтық комитетінің жетекші маманы, ...

Толығырақ »

БАСҚАРМА БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Түркістан облысы әкімінің өкімімен Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы лауазымына Жолаев Рақымбек Қуатбекұлы тағайындалды. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «didarbek.kz» ақпараттық агенттігі хабарлайды. Рақымбек Қуатбекұлы 1979 жылы туған, білімі жоғары, мамандығы бойынша филолог, қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің оқытушысы, іскерлік әкімшілік магистрі. Еңбек жолын 2002 жылы Астана қаласында Қазақ-Түрік лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып ...

Толығырақ »

«ШЫМКЕНТ КЕЛБЕТІНДЕ» — ЖАҢА БАСШЫ

Бүгін Шымкент қалалық баспасөз қызметінде кадрлық ауыс-түйіс орын алды. 27 жылдық тарихы бар «Шымкент келбеті», «Панарома Шымкента» редакциясына жаңа басшы тағайындалды. Шымкент қаласы әкімінің шешімімен бұл лауазымға Бақтияр Тайжан лайықты деп танылды. Бұл туралы облыстық «On’tu’stik» телеарнасына сілтеме жасаған «didarbek.kz» хабарлайды. Директорды ұжымға қалалық ішкі саясат басқармасы басшысының міндетін атқарушы Жанар Бектаева таныстырды. Өз кезегінде білікті басшының іскерлік қабілетіне жоғары ...

Толығырақ »

ЖАҢА ӘДІС МОЛ ӨНІМГЕ ЖОЛ АШТЫ

Шардара ауданы биыл мақта өнімін екі есе мол алуды жоспарлап отыр. Жаушықұм ауылдық округіне қарасты «Иіржарагро» шаруақожалығы 350 гектар жерге мақтаның жергілікті сортын еккен. Сонымен қатар, шаруа қожалығы алқапты тамшылатып суғару әдісін де қолға алған. Оңтайлы іске көшкен «Иіржарлықтар» былтырғы жылмен салыстырғанда биыл өнімді мол жинайтынына сенімді. Бұл туралы облыстық «On’tu’stik» телеарнасының тілшісі М.Жарылқасынның  материалына сілтеме жасаған «didarbek.kz» хабарлайды. Мына ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТТІК МЫҚТЫЛАР ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНА ЖОЛДАМА АЛДЫ

Шымкенттік кикбоксинг шеберлері Ақтауда өткен мықтылар сайысына қатысып келді. Жерлестеріміз Фазлиддин Сафаров пен Ғалымжан Қанаев өз салмағындағы алтын медаль иегері атанды. Бұл туралы облыстық «On’tu’stik» телеарнасына сілтеме жасаған «didarbek.kz» хабарлайды. Жарыс 8-11 тамыз аралығында өткен. Онда еліміздің түкпір-түкіпірнен спорт шеберлері өзара сынға түсті. Шымкент қаласының кикбоксинг бойынша алда екеенін ескерсек, бұл додада қос жерлесіміз қатар жеңіске жетті. Өз салмағы бойынша ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТТІК МЫҚТЫЛАР ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНА ЖОЛДАМА АЛДЫ

Шымкенттік кикбоксинг шеберлері Ақтауда өткен мықтылар сайысына қатысып келді. Жерлестеріміз Фазлиддин Сафаров пен Ғалымжан Қанаев өз салмағындағы алтын медаль иегері атанды. Кеше ғана жеңіспен оралған спортшыларды біздің түсірілім тобы күтіп алған еді. Бұл туралы облыстық «On’tu’stik» телеарнасына сілтеме жасаған «didarbek.kz» хабарлайды. Жарыс 8-11 тамыз аралығында өткен. Онда еліміздің түкпір-түкіпірнен спорт шеберлері өзара сынға түсті. Шымкент қаласының кикбоксинг бойынша алда екеенін ...

Толығырақ »

Шымкент қаласының әкімі Францияның Бас консулымен кездесті

Шымкент қаласының әкімі Францияның Бас консулымен кездесті, деп хабарлайды «didarbek.kz» ақпарат агенттігі әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Шаһар басшысы Ерлан Айтаханов Францияның Алматыдағы Бас консулы Алексис Шахтахтинскиймен кездесті. Кездесу барысында тараптар екі ел арасындағы сауда-экономикалық байланыс пен инвестициялық ынтамақтастықты арттыру мәселесі мен мәдени-гуманитарлық байланысты нығайту жайын талқылады. Өз кезегінде Ерлан Қуанышұлы қаланың экономикалық әлеуетімен таныстырып, бірлескен жобаларды жүзеге асыруға шақырды. ...

Толығырақ »

Шымкентте «Мектепке жол» акциясы бастау алды

Шымкент қаласындағы «Оқушылар сарайында» «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы және мәслихат депутаттары, фракция мүшелері ұйымдастыруымен көпбалалы аналарға көмек беру мақсатында дәстүрлі қайырымдылық «Мектепке жол» акциясы өтті. Шараға «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бахадыр Нарымбетов, сондай-ақ партия мүшелері, депутаттар, білім саласының қызметкерлері, «Jas Otan» ЖҚ Шымкент қалалық филиалы өкілдері қатысты. Акция мақсаты – аз қамтылған және ...

Толығырақ »

«Shymkent City» аумағында Highvill Kazakhstan тұрғын үй салады

Ерлан Айтаханов Highvill Kazakhstan инвестициялық-құрылыс компаниясының өкілдерін қабылдады, деп хабарлайды «didarbek.kz» ақпарат агенттігі әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов Highvill Kazakhstan инвестициялық-құрылыс компаниясының өкілдерімен кездесті. Еске салайық, аталған құрылыс компаниясы «Shymkent City» аумағында тұрғын үй нысандарын салады. Қала басшысымен кездескен компания өкілдері осынау құрылысқа қатысты жоспарларымен бөлісіп, туындаған кейбір мәселелерін ашып айтты. Жалпы, оңтүстіккореялық компания басшылары ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН: ТҮЛКІБАСҚА КЕЛЕТІН ТУРИСТЕРДІҢ САНЫ АРТУДА

Түркістан облысы Түлкібас ауданына жыл басынан бері жалпы 6 062 турист келген. Соның ішінде 473 шетел азаматтары. Бұл көрсеткіштер былтырғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 1040 туристке немесе 14 пайызға артып отыр. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «didarbek.kz» ақпараттық агенттігі хабарлайды. Баршамызға белгілі орналастыру орындары болмаса туризм де болмайды. Аудан аумағында 2 қонақ үй: «Карима» және «Ережеп ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН: МАҚТААРАЛ ДИҚАНДАРЫ ҚАУЫН-ҚАРБЫЗДАРЫН ШЕТЕЛГЕ ЭКСПОРТТАУДА

Әлемдегі ең тәтті қауын-қарбыздар Мақтаарал ауданында өседі. Бұл – Ресейлік және Еуропалық кәсіпкерлердің сөзі. Бұған дәлел, маусым кезінде күн сайын 200-300-ге тарта қауын-қарбыз тиелген жүк көліктері ТМД елдеріне, Прибалтика елдеріне, Түркия, Германия, Греция елдеріне жол тартады. Биыл аудан шаруалары 10 мың гектарға қауын, 1500 гектардан аса қарбыз еккен. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «didarbek.kz» ақпараттық агенттігі ...

Толығырақ »

МАҚТААРАЛДЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРІ ӨРЛЕДІ

ҚР-ның Мемлекеттік қызметшілер күнін мерекелеу қарсаңында өңірдегі аудан, қала әкімдіктеріне тапсырылған «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында мемелкеттік қызметшілерді шығармашылық тұрғыда қолдау, сондай-ақ оларды қоғам алдында жаңа қырынан таныту мақсатында дарынды мемлекеттік қызметшілер арасындағы шығармашылық сайыстың жеңімпаздарды анықталып отыр. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті ұйымдастырған облыстық сайыста барлығы 6 қатысушы жеңімпаз атанса, ...

Толығырақ »

АРЫСТА 6924 ҮЙДІҢ ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ АЯҚТАЛДЫ

Арыс қаласында құрылысы толық біткен баспаналар 90,7 пайызға жетті. Жарылыстан зардап шеккен шаһарды қалпына келтіру кесте бойынша жүргізілуде. Бірақ бүгінгі таңда үй егелерінің келісім бермеуіне байланысты 53 баспанада құрылыс басталмаған. Бұл туралы журналистермен болған баспасөз мәслихатында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев мәлімдеді. «Арыс қаласында жалпы тұрғын үй саны – 8634. Төтенше жағдайдан кейін жөндеу жұмыстарын қажет ...

Толығырақ »

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҰЙЫМДАР ДА КӨМЕК ҚОЛЫН СОЗУДА

Арыс тұрғындарына халықаралық ұйымдар да көмек қолын соза бастады. Алғашқылардың бірі болып, Қазақстан Қызыл Ай халықаралық қоғамы мен Түркиядағы жақтаушылары қолдау білдірді. Қасиетті Құрбан Айт мерекесіне орай мың тонна ірі қараның етін таратты. Бұл туралы облыстық «On’tu’stik» телеарнасының тілшісі Ә.Дәулетбекқызының  материалына сілтеме жасаған «didarbek.kz» хабарлайды. Арыста апат орын алған күннен бастап, Қазақстан Қызыл Ай халықаралық қоғамы мен Түркиядағы жақтаушылары бірігіп ...

Толығырақ »

ҚҰРБАН АЙТ — РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ МЕЙРАМЫ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бекітуімен тамыз айының 11-і күні ел азаматтары қасиетті Құрбан айт мейрамын тойлады. Исі мұсылман қауымға исламдағы 5 парыздың бірін өтеу осы айда бұйырылған. Әуелі қала тұрғындары айт намазын өтеуге орталық Ақмешітке ағылды. Бұл туралы облыстық «On’tu’stik» телеарнасына сілтеме жасаған «didarbek.kz» хабарлайды. Ибрахим пайғамбардың заманынан бастау алатын мейірім мейрамын қазір жер бетіндегі 2 миллиардқа жуық  адам атап ...

Толығырақ »

ОҚУШЫҒА ЖОЛ ЕРЕЖЕСІН ҮЙРЕТІҢІЗ!

Биылғы жаңа оқу жылының басталуына небәрі 3 апта қалды. Осыған орай, Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері ата-аналарға өз балаларына жолда жүру ережелерін қатаң түсіндіруді сұранады. Бұл туралы облыстық «On’tu’stik» телеарнасына сілтеме жасаған «didarbek.kz» хабарлайды. Қала көшелерінде көлік қозғалысының жоғары екендігі белгілі. Сондықтан да бірінші сыныпқа баратын бүлдіршіндерге жолдан өтуде тек қана ересектердің көмегі қажет. Сондай –ақ, ата – аналар оларға ...

Толығырақ »

ҰЛЫҚ МЕРЕКЕДЕГІ ҚАДІРЛІ ІС

Арыс қаласында орын алған оқиғадан еліміздің әрбір тұрғыны хабардар әрі болған жағдайдан бей-жай қалған жоқ. Қасиетті Құрбан айт мерекесінде де бұл үрдіс өз жалғасын тапты. Қайырымдылық – асыл қасиет. Шексіз мейірімді, шексіз рақымды. Алла мұсылман құлдарына әрқашан да бір-біріне мейірімді, қайырымды болуға үндейді. «Қиыншылықта көмек қолын созған адамға – жәннәттің шапаны беріледі» деген сөз бар. Құрбан айт – құрбандыққа мал ...

Толығырақ »

ЖЕКЕ СОТ ОРЫНДАУШЫЛАР АНАЛАРҒА КӨМЕК БЕРДІ

Жаңа оқу жылының басталуына санаулы күндер қалды. Осы ретте Шымкенттегі жеке сот орындаушылар балаларға базарлық жасады. Арнайы мектеп жасындағы 100 оқушыға қажетті құрал-жабдықтар табыстады. Бұл туралы облыстық «On’tu’stik» телеарнасының тілшісі Р.Бақытжанқызының материалына сілтеме жасаған «didarbek.kz» хабарлайды. Кез келген бала қамқорлыққа зәру. Өкініштісі, бүгінде қам-көңіл жеткіншектер саны күн санап артып отыр. Өз баласын тастағаны аздай,  алимент төлеуден жалтарып жүрген әкелер саны да ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТТЕ «ЗИЯТКЕР» МЕКТЕБІ АШЫЛДЫ!

Білімді ұрпақ – жарқын болашақтың кепілі. Шымкент қаласында «Зияткер» білім беру мектебі ашылды. Балаңыздың жан-жақты дамуына күш салатын орталыққа білікті мамандар, білгір ұстаздар тартылған. Алтыншы сыныпқа дейінгі балаларды қабылдайтын мекеме сапалы білім беріп қана қоймай, түрлі үйірмелермен салауатты өмір салтын ұстануға баулиды. Бұл туралы облыстық «On’tu’stik» телеарнасының тілшісі Н.Мұхамеджанұлының материалына сілтеме жасаған «didarbek.kz» хабарлайды. Лентасы жаңа ғана қиылғанымен білім көкжиегінде 30 ...

Толығырақ »

АРЫСТЫҚТАРҒА БЕРІЛЕТІН 100 МЫҢ ТЕҢГЕ ҚАШАН АУДАРЫЛАТЫНЫ БЕЛГІЛІ БОЛДЫ

Бүгін Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен аппарат жиыны өтті. Басқосуға Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму Бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев және аумақтық департаменттер басшылары мен Арыс қаласындағы құрылыс жұмыстарына жауапты еліміздің барлық облыстарынан келген өкілдер қатысты. Бұл туралы Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «didarbek.kz» ақпараттық агенттігі хабарлайды. Жиын барысында төтенше жағдай кезінде шығынға батқан бизнес өкілдеріне де ...

Толығырақ »

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен аппарат жиыны өтті

Бүгін Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен аппарат жиыны өтті. Басқосуға Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму Бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев және аумақтық департаменттер басшылары мен Арыс қаласындағы құрылыс жұмыстарына жауапты еліміздің барлық облыстарынан келген өкілдер қатысты. Онда үстіміздегі жылдың 24 маусым күні Арыс қаласында орын алған төтенше жағдайдан бүлінген тұрғын үйлер, әлеуметтік нысандар мен жолдарда жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстары ...

Толығырақ »

ТАНДЫР ДАЙЫНДАП ТАБЫС ТАБУДА

Тандыр дайындап та табыс табуға болады. Оны Жетісай ауданының 78 жастағы тұрғыны Тұрғынбай Ізбасаров дәлелдеп отыр. Ерекше кәсіпті нәсіп көзіне айналдырған қария бүгінде тандырды тандырдың бес түрін басып, оны еліміздің өзге облыстарымен қатар көрші республикаларға да экспорттауда. Бұл туралы облыстық «On’tu’stik» телеарнасының тілшісі М.Жарылқасынның материалына сілтеме жасаған «didarbek.kz» хабарлайды. Тандыр дайындауды ата кәсібіне айналдырған Тұрғынбай қарияның қорасын кішігірім тандыр зауыты деуге ...

Толығырақ »

ӘКІМДІКТЕ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ МЕН БЮДЖЕТТІҢ АТҚАРЫЛУЫ ҚАРАЛДЫ

Шымкент қаласының әкімдігінде Ерлан Айтахановтың төрағалығымен әкімдіктің аппараттық мәжілісі өтті. Мәжілісте қаладағы қоғамдық саяси ахуал мен әлеуметтік-экономикалық дамудың соңғы 7 айлық қорытындысы, республикалық бюджеттің орындалу барысы және азаматтардың статустарын өзектендіру мәселелері қаралды. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің ресми сайтына сілтеме жасаған «didarbek.kz» ақпараттық агенттігі хабарлайды. Күн тәртібінде қаралған әрбір мәселе бойынша сала басшыларының баяндамасын тыңдаған қала әкімі жұмыстарды жүйелендіру мақсатында ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ МЕН КӘСІПОДАҚТАР ФЕДЕРАЦИЯСЫ МЕМОРАНДУМҒА ОТЫРДЫ

Шымкент қаласың әкімдігі мен Қазақстан кәсіподақтар федерациясы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің ресми сайтына сілтеме жасаған «didarbek.kz» ақпараттық агенттігі хабарлайды. Шымкент қаласының басшысы Ерлан Айтаханов федерация төрағасы Бақытжан Әбдірайым және кәсіподақ ұйымының жетекшісімен болған кездесуде Кәсіподақтар федерациясы — еңбек саласын жаңғыртуға бастамашы болуы тиіс екенін және жұмыс берушілермен бірге әлеуметтік бейімделуімен шұғылданатын қозғаушы күшке ...

Толығырақ »