Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Руханият (страница 2)

Руханият

ҚҰНДЫ ЖӘДІГЕР ТАБЫЛДЫ

Шымкент қаласы М.Әуезов атындағы ОҚУ-дың «Мұхтартану» ғылыми орталығының қызметкерлері Абай Құнанбаевтың Шымкентте жерленген перзенті Тұрағұл Ибраhимұлына қатысты тың дерек жариялады. Яғни, Тұрағұлға байланысты жәдігер тастұғыры табылды. Аталған құнды жәдігерде хакім Абайдың бір шумақ өлеңі мен өзге де ұрпақтарының есімдері қашап жазылған: «Жас қартаймақ, жоқ тумақ, туған өлмек, Тағдыр жоқ өткен өмір қайта келмек. Басқан із, көрген қызық артта қалмақ, Бір ...

Толығырақ »

ӨНЕР МЕКТЕБІ АШЫЛДЫ

Шымкент қаласында Наурыз мерекесі қарсаңында «Қаратау» дәстүрлі ұлттық өнер мектебі ашылды. Салтанатты iс-шараға қала әкімі Мұрат Әйтенов және жергiлiктi зиялы қауым өкілдері қатысты. Дәстүрлi ұлттық өнер мектебінің негізгі мақсаты — еліміздің төл өнері мен мәдениетін дамыту үшін жүйелі жұмыс атқару және дәстүрлі өнердің түрлi салаларын жан-жақты жандандырып, оны жастар арасында кеңінен насихаттауды көздейдi. Мектептің ашылу рәсiмiне қатысқан қала басшысы қобыз, ...

Толығырақ »

ТҰСАУЫҢДЫ КЕСЕЙІН, КҮРМЕУІҢДІ ШЕШЕЙІН!

Қазақ халқының қадым замандардан бергі қаймағы бұзылмай келе жатқан дәстүрлерін бүгінгі жастарға ұлықтау мақсатында және Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі қарсаңында Шымкенттегі Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығының ұйымдастыруымен «Тұсауыңды кесейін, күрмеуіңді шешейін!» атты шара өтті. Тұсаукесер – сәби қаз тұрғаннан кейін, өмірге алғаш қадамы сәтті болсын деген тілектен туған дәстүр. Тұсау кесу сәбидің өмір сапарының сәтті болуы үшін ақ ниетпен ...

Толығырақ »

ӘСЕРЛІ ОЙ ТҮЙГЕН КЕЗДЕСУ

«…Қазақ халқының аса бір ұлы қасиеті…қынаптан суырып алған қылыштай қолма-қол қиып айтатын айтқыштығында, айтыскерлігінде. Бұл қай халықтың алдында да мақтануға тұрарлық өнер» М.Әуезов. Бүгін «Парасат жолы» орталығында Шымкент қалалық жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен айтыскер ақын, «Құрмет» орденінің иегері Маржан Есжановамен «Әйел-отбасы шырағы, білікті басшы» атты сыр-сұхбат кеші өтті. ф.ғ.к. Анар Жаппарқұлова, айтыскер ақын Бекарыс Шойбек, Б.Өтеп атындағы дарынды балаларға арналған «Өнер» ...

Толығырақ »

ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ

Шымкенттегі «Хакім Абай» музейінде белгілі абайтанушы, М.Әуезов атындағы ОҚУ-ң «Абайтану» ғылыми-зерттеу орталығының аға ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының кандидаты Мақсат Әліпханның «Адамгершілік ілімі және Хакім Абай» атты кітабының тұсаукесері өтті. Кітапта адамзат танымының тарихында қызу талқыланған адамгершілік ұғымының мән-мазмұны мен төркін-тегі Аристотель, Плотин, Әл-Фараби, Ибн-Сина еңбектері негізінде жүйеленіп, айқындалған. Адамгершіліктің ең қайырымдылық пен жан саулығы, ең берісі игілік пен бақыт екені ...

Толығырақ »

ЖЫР МҮШӘЙРАСЫ ӨТЕДІ

Үшінші мегаполисте 5-20 наурыз аралығында қала әкімінің қолдауымен Шымкент қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы мен Қазақстан Жазушылар одағы Шымкент қалалық филиалы Шымкент «Рухани жаңғыру: Болашаққа бағдар» жалпыұлттық жобасы аясында Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай «Қазақиям – азат ұям» деген тақырыпта жыр мүшәйрасын өткізеді. Жыр мүшәйрасын өткізудегі негізгі мақсат — қаламгерлердің руханияттың маңызды саласы – ұлттық әдебиетіміздің дамуына атсалысып, үлестерін ...

Толығырақ »

ӨРКЕНДЕЙ БЕР, ӨР ЕЛІМ!

Шымкент қаласы әкімінің қолдауымен Шымкент қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы мен Қазақстан Жазушылар одағы Шымкент қалалық филиалы бірлесіп «Рухани жаңғыру: Болашаққа бағдар» бағдарламасы аясында Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай «Өркендей бер, өр елім!» деген тақырыпта үздік прозалық туындыларға байқау жариялайды. Байқаудың мақсаты — қазіргі Қазақстанның әдебиетін өркендетуге, рухани қазынасын байытуға жергілікті жазушылардың белсенділігін көтеру. Сондай-ақ, оларға қолдау көрсете отырып, ...

Толығырақ »

«ДОМАЛАҚ АНА» ОПЕРАСЫ МА, «МАЙРА, САЙРА!» ОПЕРАСЫ МА?

Сөз жоқ, Майра Мұхамедқызы батыл қадам жасады. Қолынан келмесе де, жаңа операны сахналауды мақсат тұтты да, орындап жіберді. Дегенмен, қазақта: «Шымшық сойса да, қасап сойсын!» деген сөз бар. Әрине, Шымкент жұрты операны түсіне бермейді деп, шикі дүниені де паш ете салуға болады. Біз Миландағы Teatro alla Scala немесе Париждегі Grand Opéra көрермені емеспіз ғой. Бізге өз салт-дәстүрлерімізді де бұрмалап ұсынуға ...

Толығырақ »

«NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНЫҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

Қашан да «Nur Otan» партиясының басты құндылығы — адам, оның жайлы және бақуатты өмір сүруі мен денсаулығы екенін ескерсек, Сіз бен Біздің қазіргі кезде бірлігіміз бен ынтымағымыздың маңызы мол! #NUR OTAN партиясы — халықпен берге! #Nur Otanға дауыс бер✅ #Jenimpazbol #jeniskejet #jastar #tanday2021 #nurotanmenbirge #NurOtan #BizBirgemiz #Tanday2021 Шымкент қаласындағы «Nur Otan» партиясының сайлау қорының қаражатынан төленді. ©Didarbek.kz

Толығырақ »

АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

ЖҮЗ АДАМ БОЛСА, ЖҮЗ ТҮРЛІ ПІКІР БОЛАДЫ… “Nur Otan» партиясының сайлауалды штабы өз жұмысын жалғастыруда. Бүгінгі жолымыз қаламыздағы Абай ауданына қарасты Жаңаталап елдімекені мен қала маңында орналасқан Ақжар ауылына түсті. Республикамыздың бас партиясы “Nur Otan” партиясының сайлауалды бағдарламасына үгіт-насихат жұмыстарын жүргізген топқа жеке кәсіпкер, Шымкент қалалық мәслихат депутаттығына «Nur Otan» партиясынан үміткер, «Біргеміз, Қазақстан!» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Бұрлыбаев Тасқынбай, жеке ...

Толығырақ »

ҰЛЫ ДАЛА ТАРИХЫ

Киелі өлке Түркістан қазіргі таңда өсіп-өркендеуде олай деуімізге басты себеп Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өзі тікелей бақылауына алуы. Осының арқасында 2018 жылдың 19 маусымында Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Оңтүстік Қазақстан облысын Түркістан облысы деп кайта құру туралы жарлық шығарды. «Құрметті Қазақстандықдар, бүгін мен Қазақстан Республикасының әкімшілік аумақтық құрылыс туралы заңының 9 бабына сәйкес Шымкент ...

Толығырақ »

ҰЛЫ ДАЛА ТАРИХЫ

Қазыналы оңтүстіктің  кие қонған жерлері жетерлік, өңірде әлемге белгілі Қожа Ахмет Яссауи, Арыстанбаб кесенелері  Ұлы Жібек жолы бойында орналасқан  Сауран, Түркістан, Отырар, Шымкент, Сайрам тағы да басқа да елеулі жәдігерлеріміз орналасқан. Түркістанда түмен баб, Сайрамда бар сансыз баб, Отырарда отыз баб, Бабтардың бабы Арыстан баб  деген тіркес оңтүстіктің әулиелі, киелі орындар мекені екендігін айғақтайтындай. Соның ішінде іріктеліп, таңдалып, талғанып барлығы ...

Толығырақ »

РУХАНИЯТ – АДАМ ЖАНЫНЫҢ АЗЫҒЫ

Әділдік. Адалдық. Мейірімділік. Мен неге әділдіктен бастадым. Себебі, дана халқымыз айтқандай, «Әділ істің арты – игі». Адам баласы ар, ұят, әділдікке берік болса, сонда ғана көрген күніміз бен көрер күніміздің жарқын болары сөзсіз. Ұлы даланың дара ұстазы Ыбырай Алтынсарин «Алдыңа келсе, әділдігіңді аяма» деп өсиет қалдырған. Ал, адалдық – адам бойындағы таза ниет, бағалы қасиет екенін білеміз. Сондықтан да әділдік ...

Толығырақ »

КҮҢГІР-КҮҢГІР КҮМБЕЗДЕР …

Әдебиет — әсем дүние. Көңілді өсіріп, жаныңды тербетеді. Сол өнерді жасаушы талант иелері  ақын-жазушыларымыз. Қазақ әдебиетінің мәуелі мәдениеті мен көркем дүниесіне өз үлесін қосқан этнограф-ғалым, жазушы, филология ғылымының докторы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, профессор Ақселеу Сейдімбек, әдебиет әлемінде сұңқардай самғап, ерекше тұлға екенін танытқан қайсар жазушының орны бөлек. Осы орайда, Шымқаладағы  80 мектеп-лицейде ұлы тұлғаға арнап «Күңгір-күңгір күмбездер» атты әдеби ...

Толығырақ »

ШӘМШІ ҚАЛДАЯҚОВТЫҢ ЕСІМІ БЕРІЛЕДІ

Түркістан облысы, Отырар ауданы Шəмші Қалдаяқов ауылында Мəдениет жəне спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев пен сазгердің ұлы Мұхтар Қалдаяқов «қазақ вальсінің королі» атанған Шәмші Қалдаяқовқа арналған еліміздегі алғашқы музейдің ашылуына қатысты. Шәмші Қалдаяқовтың туып-өскен үйінің үлгісінде салынған «музей-үйі» демеушілердің есебінен жүзеге асты. Музей құрылысы кезінде даңқты сазгердің көзін көрген азаматтардың естеліктері есепке алынған. «Шәмші Қалдаяқов — ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН: ҚАЛДАЯҚОВ МУЗЕЙІ АШЫЛДЫ

Түркістан облысының Отырар ауданында туып-өсіп, «қазақ вальсінің королі» атанған Шәмші Қалдаяқовқа туған жерінде музей ашылды. Аталған шара Ұлы композитордың 90 жылдық мерейтойына арналды. Қазақ руханияты үшін елеулі мерекеге облыс басшысы арнайы келіп, музеймен танысты. «Бүгін айтулы мереке. Шәмші Қалдаяқовтың туғанына 90 жыл толып отыр. Алайда, осы облысқа келгелі Шәмшінің кіндік қаны тамған жерде Шәмшіге арналған музейдің жоқ екенін білдім. Тіпті ...

Толығырақ »

МАҚТААРАЛ ТҰРҒЫНДАРЫНА КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

Түркістан облысының Мақтаарал ауданына ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин және Өзбекстан Республикасы Жизақ облысы кәсіподақтар кеңесінің төрағасы Нусуратулла Пардаев барды. Делегация құрамына Федерацияның мүшелік ұйымдары басшылары — Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері республикалық салалық кәсіподағының төрайымы Айгүл Мұқашева, Қазақстандық мұнай-газ кешенінің салалық кәсіптік одағы төрағасы Сұлтан Қалиев, Химия, мұнай-химия және өндірістің тектес салалары қызметкерлерінің салалық кәсіподағы төрағасы Керім ...

Толығырақ »

МАҚТААРАЛ ТҰРҒЫНДАРЫНА КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

Түркістан облысының Мақтаарал ауданына ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин және Өзбекстан Республикасы Жизақ облысы кәсіподақтар кеңесінің төрағасы Нусуратулла Пардаев барды. Делегация құрамына Федерацияның мүшелік ұйымдары басшылары — Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері республикалық салалық кәсіподағының төрайымы Айгүл Мұқашева, Қазақстандық мұнай-газ кешенінің салалық кәсіптік одағы төрағасы Сұлтан Қалиев, Химия, мұнай-химия және өндірістің тектес салалары қызметкерлерінің салалық кәсіподағы төрағасы Керім ...

Толығырақ »

ОНЛАЙН ЭКСПЕДИЦИЯ ҰЙЫМДАСТЫРДЫ

Шымкент қалалық ішкі саясат және дін істері басқармасының «Рухани жаңғыру» бөлімі «Сансыз бабтар мекеніне онлайн экспедиция» ұйымдастырды. Онлайн жүйесіндегі экспедицияның мақсаты – тарихи-мәдени мұраларымызды насихаттап, жастарға патриоттық тәрбие беру және қаланың туристік әлеуетін таныту. Онлайн экспедицияны ұйымдастырушылар қаладағы республикалық маңызы бар киелі 7 кесененің тарихымен таныстырды. Бүгінде «Ибрагим ата», «Қарашаш ана», «Әбдул Әзиз баб», «Мірәлі баба», «Қожа Салық» кесенелерінің аумағын ...

Толығырақ »

ҚАТЫГЕЗДІК ҚАЙДАН ПАЙДА БОЛА ҚАЛДЫ?

Ролик дедік. Ойбайладық. Кінәліні іздедік. Кінәлі еместі кінәлі етіп тағайындап алдық. Енді оны тірідей союға дайынбыз. Сол арқылы бүкіл әкімдікті жұмыстан қуу керек дегенді де айттық. Тағайындалған кінәліміз – Данияр Алан​. Голощекин тілінде сөйлейтіндердің ашуын келтірген осыдан үш жыл бұрын жазған жазбасы. Әлгі «жалған намыс» қуушылар үш жылдан бері неге ауыздарына құм құйылғандай үндерін шығармай отырған? Әлде намыстарына енді тиді ...

Толығырақ »

АҚМОНШАҚ

Бүгін күндегіден ертерек ояндым. Оныма себеп бар… Кешке Салтанат берген моншақты сөмкеме салып қоюым керек. Жылтыраққа əуестігім болмағанмен, затым əйел емес пе, мен де бір алтын тағып барайыншы деген ойым ғой. Өзімде осыған сай келетін сырға бар еді, оны іздейтін уақыт жоқ, «менде жоқ дегенге ешкім сенбейтін шығар» деп өзімді-өзім іштей иландырып қоямын. Сағат 8-ден асып қалыпты, жұмысқа жеткенше əлі ...

Толығырақ »

ЕСКЕ АЛУ КҮНІНЕ ОРАЙ ӨТКЕН ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ

Шымкентте «31 мамыр – саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу» күніне орай, Шымкент қалалық саяси қуғын-сүргін құрбандары музейінде осы тақырыпта дөңгелек үстел өтті. Бейнебайланыс арқылы өткен іс-шараға Шымкент қаласы мәдениет басқармасының басшысы Рашид Мыңбаев, «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің меңгерушісі Зәуре Оралбаева, саяси қуғын-сүргінге ұшыраған Ә.Сейдехан және Ә.Сандыбаевтың ұрпақтары, тарихшылар мен ғылыми қызметкерлер қатысты. Жиында сөз алған тарих ғылымдарының кандидаты, ...

Толығырақ »

МАХАББАТ МАҚАМ МАРХАБАТ

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, халықаралық «Алаш» және «Түркі әлеміне қызмет» сыйлықтарының лауреаты, жазушы публицист Мархабат Байғұттың мерейлі 75 жасқа толуына орай, 2020 жылғы 17 сәуір және 26 мамыр аралығында «Махаббат мақам Мархабат» республикалық жас қаламгерлердің шығармашылық байқауы өткізілді. Республикалық жас қаламгерлердің шығармашылық байқауына республикамыздың басқа да облыстарынан қатысушылар ниет білдіріп, өтініш білдірген. Жалпы байқауға 87 жас қаламгерлер қатысып, топтан жарып ...

Толығырақ »

МАРХАББАТ БАЙҒҰТ 75 ЖАСТА

Күні кеше жазушы, «Құрмет», «Парасат» ордендері мен Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, Қазақстанның құрметті журналисі Мархабат Байғұт 75 жасқа толды. Осыған орай, Қоғамдық даму басқармасының басшысы Дамир Жүнісов жазушының шаңырағына арнайы барып, Түркістан облысының әкімі Ө.Шөкеевтің құттықтауын жеткізді. Дүниені дүрліктірген пандемия салдарынан бұл мерейтойды өз шаңырағында ғана атап өтіп жатқан Мархаббат Байғұт облыс басшысының ықыласына ризашылығын білдірді. «Қалың көпшілік сізді ...

Толығырақ »