Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » ОҚО жаңалықтары (страница 40)

ОҚО жаңалықтары

«САМҰРЫҚ-ҚАЗЫНА» ҚОРЫНЫҢ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ АРЫС ҚАЛАСЫНА АРНАЙЫ КЕЛДІ

Арыс қаласындағы бір қатар әлеуметтік нысандардың қайта жөндеу жұмыстарын ұлттық қор қаржыландыруда. Мәселен, бүгінгі таңда бөлінген ақша тиімді жұмсалып, мектеп, балабақша, аурухана және теміржол вокзалы жаңалану үстінде. Жауапты мердігер компаниялар тірлікті берілген мерзімде аяқтайтындарына сенімді. Осындай ауқымды істің қалай жүріп жатқанын көру үшін «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқармасының төрағасы Ахметжан Есімов Арыс қаласына арнайы келді. Бірінші аялдаған нысан «Көктем-2″шағынауданында ...

Толығырақ »

ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛҒАНДАР САНЫ АРТУДА

Маман тапшылығы жойылмай тұр. Ордабасы ауданында «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы арқылы биыл төрт мыңнан астам азамат жұмыспен қамтылады деп күтілуде. Бүгіннің өзінде техникалық мамандықтарға сұраныс жоғары. Ал, өз кәсібімді ашамын деушілерге мемлекет тарапынан қолдау көрсетіліп жатыр. Бұл туралы облыстық «On’tu’stik» телеарнасына сілтеме жасаған «didarbek.kz» хабарлайды. Мәселен, Ордабасы ауданының тұрғыны Мейрамбек Тұрымбетов 2006 жылы тігін шеберханасын ашқан. 2009 жылы мемлекет тарапынан 3 ...

Толығырақ »

АЛЫСТАҒЫ АҒАЙЫН — АРЫСТА!

Қырық мыңнан астам тұрғыны бар Арыс қаласында 8409 жеке, 104 көп қабатты тұрғын үй бар. Жарылыс кезінде олардың дені қирап, бүлінген. Алайда, Арыс халқының басына түскен бұл нәубетті ел болып, жұмыла көтеріп жеңілдетуге тырысқан жұрт көп. Солардың бірі Сотүстіктегі ағайындар. Алыстан келген ағайындар қазір өздеріне берілген аумақта тыңғылықты тірліктер атқаруда. Бұл туралы облыстық «On’tu’stik» телеарнасының тілшісі С.Жарылқасыноватың  материалына сілтеме жасаған ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН — ТЕК ОТАНДЫҚ ӨНІМДІ ҚОЛДАЙДЫ!

Түркістан тек отандық өнімді қолдайды! Рухани қалада алғаш рет құрылысшылар форумы өтті. Мақсат, шаһардағы құрылыс жұмыстарына отандық тауарларды қолдану және құрылыс материалдарын өндірушілер арасында байланыс орнату. Бүгінде елімізде шетелдің брендтеріне қызығып, киім-кешектен бастап, жиһаз, құрылыс материалдарын өзге елдерден алдыртып жатады. Алайда біздің елде де дәл сол тауарлар өндіріледі. Сапасында да ешқандай мін жоқ, әрі  бағасы да қолжетімді. Осы орайда отандық ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН: ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҚОЛТАҢБАНЫҢ ТИІМДІЛІГІ ТҮСІНДІРІЛДІ

Құқықтық статистика органдары мемлекеттік қызметтің 4 түрін көрсетеді. Олар соттылығы туралы анықтама, әкімшілік құқықбұзушылық туралы анықтама, мұрағаттық анықтама және прокуратура органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою. Бұл қызметтердің 3 түрін «электрондық үкімет» www.egov.kz веб-порталы арқылы алуға болады. Яғни сіз қызметті үйден шықпай-ақ электронды-сандық қолтаңба арқылы онлайн тапсырыс бере аласыз. Бұл туралы Түркістан облысы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙДА ДИАГНОСТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҚТЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Түркістан облысы Жетісай ауданында ауыз толтырып айтарлық жұмыстар жүзеге асырылуда. Айталық, Жетісай ауданы Жаңаауыл округіне қарасты Ынтымақ ауылында жеке кәсіпкер Бахтияр Шавкеев 2 қабатты диагостикалық орталықтың құрылысын жүргізуде. Аумағы атшаптырым нысанның құрылысы сәуір айында басталды. Бүгінде мұнда 14 құрылысшы үш ауысыммен жұмыс істеуде. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «didarbek.kz» ақпараттық агенттігі хабарлайды. «Біздің салып жатқан нысанымыз ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАНДА СУҒА ШОМЫЛУ ҚАУІПСІЗДІГІН САҚТАУ БАҒЫТЫНДА РЕЙДТТЕР ҚОЛҒА АЛЫНДЫ

Түркістан облысы өңірлік коммуникациялар қызметінде «Шомылу маусымындағы судағы қауіпсіздік шаралары», «Орман мен дала өрттерінің алдын алу және дайындық жұмыстары» тақырыптарында брифинг өтті. Брифингте Түркістан облысы төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі Сұлтанғали Смайлов баяндама жасады. Онда облыста шомылу маусымының алдында және оның өту кезеңінде су объектілерінде адамдардың өлімі ең өзекті мәселелердің бірі екенін мәлімдеді. Бұл туралы Түркістан облысы ...

Толығырақ »

«БІЗ САНДЫҚ МӘДЕНИЕТТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУДАМЫЗ»

«Біз сандық мәдениетті қалыптастырудамыз». «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының ұйымдастыруымен осындай ұран аясында Town Hall өтті. Оған 300-ден астам қызметкер галстуксыз қатысып, еркін пікір алмасты. Бұл туралы облыстық «On’tu’stik» телеарнасына сілтеме жасаған «didarbek.kz» хабарлайды. Түркістан облысында мемлекеттік қызмет көрсететін 26 фронт-офис бар. Онда 18 – бөлім, 2-еуі — мамандандырылған, көші-қон қызметтер орталығы және 5 – бөлімше жұмыс істейді. Бүгінгі кездесу бейресми, есептік ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА АСФАЛЬТ ЗАУЫТЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Қазіргі таңда Түркістан облысы Жетісай ауданында жол жөндеу жұмыстары қарқын алды. Аудан орталығындағы М.Әуезов көшесінің 2 шақырымдық аймағындағы орта жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «didarbek.kz» ақпараттық агенттігі хабарлайды. Бұдан бөлек, қала, кент, ауыл округтері мен «Шардара-Жетісай» автомобиль жолының бірқатар бөліктерінде жол жөндеу жұмыстары жалғасуда. Аталған жұмыстарға қажетті асфальт Жетісай ауданының өзінде әзірленуде. ...

Толығырақ »

АРЫС: 400-ГЕ ЖУЫҚ КӘСІПКЕРЛІК НЫСАНЫ ЖӨНДЕЛІП ЖАТЫР

Арыс қаласын қалпына келтіру бойынша кәсіпкерлік нысандардың да жөндеу және құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. Бұл жұмыстар «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасына жүктелген. Жалпы Арыста 472 кәсіпкерлік нысан анықталса, оның 400-ге жуығына зақым келген. 8 нысан жарамсыз күйге түскендіктен басынан салынады. Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев Арыстың бизнес өкілдерімен арнайы кездесіп, олардың мүддесі қорғалатынын айтқан болатын. Осы бағытта жауапты басшыларға нақты тапсырмалар берді. ...

Толығырақ »

БӘЙДІБЕК, ЖЕТІСАЙ, ТҮЛКІБАС, КЕЛЕС АУДАНДАРЫ ДА ЭКОЧЕЛЛЕНЖГЕ АТСАЛЫСТЫ

Бүгін #Birge #TazaQazaqstan экологиялықакциясы аясында Түркістан облысында Жалпыхалықтық сенбілік болып өтті. Туған жер табиғатының тазалығын сақтау, экологиялық аймақтардың келбетін қалыптастыру, өзен-көл арналарының көзін ашу жұмыстарына Бәйдібек, Жетісай, Түлкібас, Келесаудандарының түрлі саладағы қызметкерлері, еріктілер, үкіметтік емес ұйым мүшелері, жергілікті тұрғындары белсенділік танытты. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «didarbek.kz» ақпараттық агенттігі хабарлайды. Бәйдібек ауданы аумағынан ағып өтетін өзен ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН: ОБЛЫС БОЙЫНША ЖАЛПЫХАЛЫҚТЫҚ СЕНБІЛІК ӨТТІ

Бүгін #Birge #TazaQazaqstan экологиялық акциясы аясында Түркістан облысы аумағында Жалпыхалықтық сенбілік өтті. Аталған шараның салтанатты ашылуына Түркістан облысының орынбасары Мейіржан Мырзалиев қатысып, акция қатысушыларына алғысын білдірді. Содан кейін облыс әкімінің орынбасары көпшілікпен бірге «Арыс-Түркістан» су арнасының бойын қоқыстан тазартуға атсалысты. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «didarbek.kz» ақпараттық агенттігі хабарлайды. Жалпы елдімекендер аумағын қоқыс қалдықтарынан тазарту, экологиялық ...

Толығырақ »

Аула клубтарының жұмысы

Жасөспiрiмнiң мәдени рухани қажеттiлiктерiн өтейтiн аула клубтарының орны ерекше. Осы мақсатта құрылған балалар көркемсурет мектебіне қарасты «Шұғыла», «Арт Шайн» аула клубтарының жұмысы жемiстi нәтижесiн беруде. Мұнда жұмысты тек қана үйiрмелердiң аясында шектемей, түрлi пiкiрталастар мен мәдени-шығармашылық жұмыстарын жүргiзiп, экскурсиялар мен саяхаттар жасап, жарыстар мен сайыстар ұйымдастырып, аула клубының өмiрiн түрлендіріп отырады. Әрбір күн өзгеріске толы. Қазіргі жауапты кезеңде заман көшінен ...

Толығырақ »

ТАЗАЛЫҚ — ЖАННЫҢ АЙНАСЫ

Бүгін еліміз бойынша өткізіліп жатқан «Бірге», «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына отырарлықтар да біркісідей жұмыла атсалысып, өз үлестерін қосты. Ауданымыздың барлық ауыл округтерін қамтыған шараға тұрғындармен қатар, мекемелер, кәсіпорын қызметкерлері де белсенділікпен қатысты. Бұл туралы Отырар ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «didarbek.kz» ақпараттық агенттігі хабарлайды. Ауыл округі әкімдерінің алдын ала белгілеп берген нысандары бойынша сенбілікке келген қатысушылар қоршауларды сырлау, көшелерді ...

Толығырақ »

ҚР ВИЦЕ-ПРЕМЬЕРІ ЖЕҢІС ҚАСЫМБЕК АРЫС ҚАЛАСЫНА КЕЛДІ

Бүгін ҚР Премьер-министрінің орынбасары Жеңіс Қасымбек жұмыс сапарымен Арыс қаласына келді. Алдымен вице-премьер Атырау облысына қарасты №1 сектордағы құрылыс-жөндеу жұмыстарымен танысты. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «didarbek.kz» ақпараттық агенттігі хабарлайды. Ол аумақта 482 үй орналасқан. Зақымданған431 үйдің қазіргі таңда 3-уі толық жөнделген. Ал «BI Group» компаниясы осы сектордағы 88 үйді қалпына келтіру жұмыстарын қолға алып отыр. ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН: БӘЙДІБЕКТЕ ЕГІСТІК КӨЛЕМІ 93 МЫҢ ГЕКТАРДАН АСТЫ

Түркістан облысының әкімі жұмыс сапарымен Бәйдібек ауданына барды. Өмірзақ Естайұлы аудандағы бірқатар нысандарды аралап, ондағы атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «didarbek.kz» ақпараттық агенттігі хабарлайды. Өңір басшысы сапарын алдымен Мыңбұлақ ауылдық округі, Нұра елді мекеніндегі «Салюрбей Груп» ЖШС-нен бастады. Серіктестік мақта егуді қолға алған. Жобаға сай ақ алтыннан гектарына 40 центнер өнім алмақ ...

Толығырақ »

АРЫС: ЖЫЛУ, ЭЛЕКТР, СУ ЖӘНЕ КӘРІЗ ЖҮЙЕСІ ЖАҢҒЫРТЫЛЫП ЖАТЫР

Бір айдан бері Арыс қаласын қалпына келтіру бағытындағы жұмыстар атқарылып жатыр. Құрылыспен және тұрғындарға әлеуметтік қолдау көрсетумен бірге қаланың жылу, су, электр сынды маңызды мәселелері бойынша да бірқатар істер қолға алынған. Төтенше жағдайдан кейін ең алдымен әкімдік тарапынан су және электр жүйелерін қалыпты жұмыс режиміне көшірілді. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «didarbek.kz» ақпараттық агенттігі хабарлайды. Жарылыс ...

Толығырақ »

АРЫС ҚАЛАСЫНДА 2161 ҮЙДІҢ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ АЯҚТАЛДЫ

Арыс қаласын қалпына келтіру жұмыстары қарқынды атқарылуда. Бүгінгі таңда 17 секторда қолға алынған құрылыстың көбі кетіп азы қалған. Мәселен, Жамбыл облысы 3 сектордағы 312 үйді берілген мерзімде 100 пайыз жөндеп бітеміз деп отыр. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «didarbek.kz» ақпараттық агенттігі хабарлайды. Қазіргі таңда онда 438 адам жұмылдырылған. Бұл туралы журналистермен өткен баспасөз мәслихатында Жамбыл облысы ...

Толығырақ »

ТҮЛКІБАСТА АТАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕКТІҢ БАСТЫ ШАРТТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

Түлкібас аудандық  мәдениет үйінде атаулы әлеуметтік көмек мәселесі бойынша Майлыкент ауыл округіндегі аналармен кездесу өтті. Осы кезге дейін округте 690 ата-ана атаулы көмек алған. Оның 687 – сі шартты, 3 – шартсыз. Ал, 53,4 пайызы алған қаржыларына кәсіп ашып, нәтиже көрсеткен. Табыс көздерін жасырып, заңсыз қаржы алған 31 адамның ақшасы кері қайтарылған. Округ әкімі аналар тарапынан туындаған сұрақтарға жауап беріп, әлеуметтік ...

Толығырақ »

«TRANSPARENCY KAZAKHSTAN» ЖАЗҒЫ МЕКТЕБІНДЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕСУДІҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ ҰСЫНЫЛДЫ

2019 жылдың 24 шілде күні ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс — қимыл Агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) «Transparency Kazakhstan» ұйымымен бірлесіп ұйымдастырған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жазғы мектебінің кезекті дәрісі Түркістан қаласында тұңғыш рет өтті. Бұл мектептің сабағына құқық қорғау және мемлекеттік орган қызметшілері, кәсіпкерлер, ауылдық округ әкімдері, жоғары және орта білім беру ұйымдарының оқытушылары мен студенттері, журналистер, блогерлер, үкіметтік емес ...

Толығырақ »

АРЫС: ОБЛЫС БАСШЫСЫ ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫН ЖІТІ ҚАДАҒАЛАУДА

Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев Арыстағы тұрғын үйлерді қалпына келтірумен айналысып жатқан Нұр-Сұлтан қаласына тиесілі 9 сектор, Шымкент қаласына тиесілі 10 сектор, БҚО-на тиесілі 11 сектор, жұмысымен танысты. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «didarbek.kz» ақпараттық агенттігі хабарлайды. Өңір басшысы төтенше жағдайдан жапа шеккен нысандарды жөндеуге жауапты облыстардың кемшіліктерін айтып, сын-ескертпе жасады. «Атырау, Павлодар облыстарының жұмысы жүйелі. Толықтай ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН: ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ ЖҰМЫСЫ ЖАНДАНУЫ ТИІС

Бүгін Түркістан облысы әкімдігі жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жөніндегі Кеңестің 2019 жыл бойынша алғашқы отырысы өтті. Мәжілісті облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы, кеңес төрағасының орынбасары Бейсенбай Тәжібаев ашып, жүргізіп отырды. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «didarbek.kz» ақпараттық агенттігі хабарлайды. Күн тәртібінде облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары М.Есімова ...

Толығырақ »

Түлкібас ауданында көпбалалы кәсіпкер ананың демеушілігімен аялдама соғылды

Түркістан облысы Түлкібас ауданында көпбалалы кәсіпкер ананың демеушілігімен аялдама соғылды. Бұл туралы Түлкібас ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «didarbek.kz» ақпараттық агенттігі хабарлайды. Ауыл ұлтымыздың ұйытқысы, ал оның гүлденуі Тәуелсіз еліміздің әр бір жасампаз жасымыздың санасы мен сезіміне, білімі мен біліктілігіне және ынтымағы мен біліміне байланысты. Ауылдың жағдайын көтеру алдыменен елдің жағдайын түзеу. Осы бағытта Түлкібас ауданына қарасты ауыл аймақтарға ...

Толығырақ »

Биыл Жетісай ауданында 50 мыңнан астам бала жазғы демалыспен қамтылады

Биыл Жетісай ауданында 50 мыңнан астам бала жазғы демалыспен қамтылады. Бұл туралы Жетісай ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «didarbek.kz» ақпараттық агенттігі хабарлайды. Жетісай ауданында 2019 жылдың жазғы кезеңінде балалар және жасөспірімдердің жазғы демалысы мен сауықтырылуын ұйымдастыру мақсатында тиісті жұмыстар атқарылуда. Ондағы мақсат – балаларды қадағалаусыз қалдырмау, денсаулығын нығайтып, қауіпсіздігі мен шығармашылық дамуына қажетті жағдай жасау. Жалпы биыл ауданда жазғы ...

Толығырақ »

РУХАНИЯТ: ДОМАЛАҚ АНА

Шын есімі Нұрила – есімі ел ұранына айналған абыз аналардың бірі. Түркістандық Мақтым Ағзам қожаның немересі. Ол 1378 ж Түркістан қаласында өмірге келген. Атасы Мақтым Ағзамның өсиетімен Домалақ ана он тоғыз жасында (1397) Бәйдібек биге тұрмысқа шығады. Ел ішіндегі деректерге қарағанда, оған «Дихнат мама» деген атауды түп тегі түрікпен Қара Хайдар деген кісі қойған. «Дихнат мама» – парсы сөзі. Қазақ ...

Толығырақ »