Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru

Ежедневные архивы: 17.10.2019

ШЫМКЕНТТІК САРБАЗДАР ӘСКЕРГЕ АТТАНДЫ

«Ел тірегі-2019» республикалық күзгі әскерге шақыру науқаны аясында Шымкенттік 45 жас әскерге аттанды. Медициналық және психологиялық тексеруден сүрінбей өткен сарбаздар Отан алдындағы борышын ҚР Қарулы Күштері әскери бөлімдерінде өтейтін болады. Жас сарбаздарды әскерге шығарып салу үшін жинақтау бекетіне Шымкент қаласы Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің басшылық құрамы, ҚР Қарулы Күштері ардагерлері мен сарбаздардың ата-аналары жиналды. — «Бүгін өмірлеріңіздегі ең маңызды күн, ...

Толығырақ »

Түркістандық тұрғын Шымкенттік полицейлерге алғысын білдірді

Түркістан облысының тұрғыны жоғалған әмиянын тауып берген Шымкенттік полицейлерге алғысын білдірді. Бұл туралы Шымкент қалалық Полиция департаментінің Баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды. Жуырда Шымкент қалалық полиция департаментінің Абай ауданының полиция басқармасына Түркістан облысының 52 жасар тұрғыны сол күні сағат 12:00-де «Жібек Жолы» базарынан «Бекжан» базарына барып, кіре берісінде шамамен 50 мың теңге ақша, жеке басын куәландыратын құжаттар ...

Толығырақ »

«ХАБАР 24» ТЕЛЕАРНАСЫ ӨКІЛДЕРІНІҢ ҚАТЫСУЫМЕН БАСПАСӨЗ ТУРЫ ӨТТІ

Құтқарушылар күні қарсаңында өрт сөндірушілер мен құтқарушылар бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің алдында есік ашты. Өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың жұмысын таныстыру мақсатында «Хабар24» телеарнасының журналистері Шымкент қаласының өрт сөндіру бөлімдеріне арнайы барып қайтты. Ол №5 өрт сөндіру бөлімінде және мамандандырылған жасақта болды. Баспасөз туры барысында өрт сөндіру және авариялық-құтқару қызметінің бастығы азаматтық қорғау полковнигі А. Бейсембаев Өрт сөндіруші-құтқарушылардың күнделікті батырлық еңбегі ...

Толығырақ »

АКЦИЯ: АВТОКӨЛІКТЕГІ ӨРТ…

Біз автокөлікте өрттің алдын алуға болатындығы туралы қаншалықты білеміз?  Осы және басқа да мәселелер автомобильдегі өрттерге байланысты сұрақтар бүгіндері әрбір жүргізушіні толғандырады. Және бұл күтпеген статистика. Көліктегі өрттер бүгінгі күні өз жиілігі бойынша тұрғын үйлерден кейін пайда болу себебі бойынша екінші орында тұр. «Автобус» жедел — алдын алу іс-шарасы аясында ТЖ департаментінің қызметкерлері барлық жерде алдын алу іс-шараларын жүргізеді. Олардың ...

Толығырақ »

БІРЛІК ТҮБІ — ТІРЛІК

Бүгін «Өңіраралық бос жұмыс орындары» төртінші күні. Қала тұрғындары тарапынан бағдарламаға қызығушылық танытып, қажетті сағлұматтармен танысқысы келетіндердің қарасы аз емес, дейді Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz. Шымкент қаласының Еңбекші ауданы аппаратында аудан тұрғындарымен еркін форматтағы сұхбаттасу жиыны өтуде. Жиында «Еңбек» бағдарламасы «Өңіраралық жұмыспен қамту» жобасы аясында Солтүстік Қазақстан аймағынан келген әлеуметтік саласының ...

Толығырақ »

«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасының қарқыны

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Е.Садырдың төрағалығымен «Қарапайым заттар экономикасын» дамыту және «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» бағдарламасы аясында шағын несиелер беру мәселелері бойынша Екінші деңгейлі банктер мен қала әкімдігінің басқармалары және «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасы өкілдерінің қатысуымен мәжіліс өтті. Мәжілісте Бағдарламаға қатысушы жобалардың проблемалық мәселелерін бірлесе талқылап, оны жеделдетіп шешу бойынша ұсыныстар енгізілді. Сонымен қатар, «Қарапайым ...

Толығырақ »

Е.АЙТАХАНОВ «АЙҚЫН» ГАЗЕТІНІҢ БАС РЕДАКТОРЫН ҚАБЫЛДАДЫ

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов республикалық «Айқын» қоғамдық- саяси газетінің бас редакторы Нұрмұхамед Байғараны қабылдады. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды. Жүздесуде тараптар мемлекет саясатын жүзеге асыру, елдегі орын алып жатқан маңызды оқиғаларды оқырмандарға дер кезінде дұрыс жеткізу жайында сөз қозғады. Сондай-ақ, Ерлан Қуанышұлы бүгінде ақпараттық технологияның дамыған заманында да газеттің тәрбиелік ...

Толығырақ »

Е.АЙТАХАНОВ: «МҰҒАЛІМДЕР ЕСЕП БЕРУМЕН ЕМЕС, ТӘРБИЕ, БІЛІМ БЕРУМЕН АЙНАЛЫСУЫ КЕРЕК»

Бүгін Шымкентте «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде орта білім беру саласын цифрландыру жұмыстары бойынша қала әкімі Е.Айтахановтың қатысуымен мәжіліс өтті, деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі сілтеме жасаған didarbek.kz. Жиынға «Инновациялық интелектуалдық технология академиясы» ЖШС бас директоры Н.Құдайберген мен қаладағы бірқатар мектептердің директорлары және ұстаздар қатысты. Цифрландыру бүгінгі күн тәртібінде тұрған маңызды мәселе екенін жеткізген шаһар басшысы ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТТЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ЖИЫН ӨТТІ

Бүгін Шымкент қаласы әкімдігінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының мәжілісі өтті, деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі сілтеме жасаған didarbek.kz. Мәжіліске шаһар басшысы Ерлан Айтаханов пен құқық қорғау органдарының өкілдері және әкімдіктің басқарма басшылары қатысты. Жиында Ерлан Қуанышұлы бүгінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді іс-қимыл жүйесі қалыптасқанын айтты. «Мемлекеттік саясаттың тиімділігін арттыру мақсатында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерді, олардың ...

Толығырақ »

Шымкентте садақ атудан Қ. Спатаев атындағы халықаралық турнир басталды

Шымкентте садақ атудан Қ. Спатаев атындағы халықаралық турнир басталды, деп хабарлайды «Отырар» телеарнасына сілтеме жасаған «didarbek.kz». Осымен 44 — рет ұйымдастырылған жарысқа биыл 11 команда жиналған. Олардың 3 – і Грузия, Тәжікстан және Өзбекстаннан келсе, қалғандары Қазақстанның әр аймағынан бас қосты. Басты мақсат — ел құрамасына лайықтыларды іріктеу. Виталий Ворабьев, жарыстың бас төрешісі: «Қ. Спатаевты еске алуға арналған турнир спортшылар ...

Толығырақ »

Хоккейден Шымкентте өткен Қазақстан чемпионатының алғашқы кезеңі өз мәресіне жетті

Хоккейден Шымкентте өткен Қазақстан чемпионатының алғашқы кезеңі өз мәресіне жетті, «Отырар» телеарнасының тілшісі Н.Үкібасованың материалына сілтеме жасаған «didarbek.kz» ақпараттық агенттігі. 4 күн бұрын басталған жарысқа еліміздің әр аймағынан 8 команда келген болатын.   10 жастағы жасөспірімдер арасында Шымкент намысын «Тұран» командасы қорғады. Еске сала кетейік, жерлестеріміз өткен жылы чемпион атанып, ел үздігі болған еді. Бақытжан Зиябеков, №8 қысқы спорт мектебінің директоры: ...

Толығырақ »

Шымкентте көркем гимнастикадан республикалық жарыс басталды

Шымкентте көркем гимнастикадан республикалық жарыс басталды, деп хабарлайды «Отырар» телеарнасының тілшісі С.Алдабергенованың материалына сілтеме жасаған «didarbek.kz». Көркем гимнастикадан Шымкентте республикалық екі жарыс басталды. Қазақстанның әр аймағынан жиналған спортшылар ел кубогы мен Қазақстан біріншілігінде бақ сынамақ. Ал, топ жарғандар ұлттық құрама сапында ел намысын қорғайтын болады. Еліміздің барлық өңірінен жиналған көркем гимнасттар үшін Шымкенттегі жарыс өте жауапты. Себебі бәсеке нәтижесінде ендігі ...

Толығырақ »

МОНША ҒИМАРАТЫНДА БІЛІМ БЕРУ ЖАЛҒАСАДЫ

Шымкенттегі «Балалар моншада білім алып жатыр» деген мәселеге нүкте қойылды. Қазір ғимарат лабараториялық тексеруден өтіп, санитарлық талапқа сай, деп танылды. Даулы мәселеге Жергілікті «NUR OTAN» партиясының араласуымен оңды шешім шығарылған. Енді екінші тоқсаннан бастап оқушылар сол ғимаратта білім алуды жалғастырады. Бұл туралы «Ońtústik арнасы» телеарнасының тілшісі П.Биназарқызының материалына сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды. Бұл жолғы даудың басы қаладығ №80-ші мектепте сынып жетіспеушілігінен ...

Толығырақ »

Қалалық «Маусымашар — 2019» фестивалі

«Шырайлы Шымқала – жастардың көзімен». Дәл осы тақырыпта «Қазақстан КВН Одағы» РЖҚБ, «Шымкент қаласы, Түркістан облысы Жайдарман» филиалдарының және Шымкент қаласы отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен «JAIDARMAN» ойындарының Шымкент қаласындағы кезекті маусымы бастау алды. Фестивальге 28 жайдарман тобы тіркеліп, іріктеуден 18 команда өтті. Ал маусымның басты ойынына 13 топ жіберілді. Жалпы «Маусымашар – 2019» фестивалі 150 жайдарманшының ...

Толығырақ »

ӘЗІРБАЙЖАН ЭТНО-МӘДЕНИ БІРЛЕСТІГІ «БАТАМЕН ЕЛ КӨГЕРЕР» ІС-ШАРАСЫН ҰЙЫМДАСТЫРДЫ

Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қайырымдылық керуені» жобасы аясында Ұлы Даланың дәстүрлеріне негізделген қайырымдылық іс-шаралар өткізуді шымкенттік этно-мәдени бірлестіктер биылғы қаңтар айында бастаған. Ай сайын «Сарқыт», «Сыбаға», «Қамқор», «Асар», «Тоқымқағар» тақырыптарында ұйымдастырылып келе жатқан игі шаралар қазан айында «Бата» атауымен жалғасуда. Осыған орай қалалық әзірбайжан этно-мәдени бірлестігі ұйымдастырған «Батамен ел көгерер» іс-шарасына қазақ және әзірбайжан ақсақалдары, ақ жаулықты аналар мен жастар қатысты. ...

Толығырақ »

Е.Айтаханов «High Vill Kazakhstan» компаниясының президентін қабылдады

Жуырда Шымкент қаласының әкімі «High Vill Kazakhstan» компаниясының президенті Ко Денг Хенді қабылдады. Басқосуда тараптар «Shymkent City» тұрғын үй кешені жайында сөз қозғады. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды. Кездесуде қала әкімі Е. Айтаханов Шымкенттің дамуы басты назарда екенін, қала орталығын ерекше үлгіде қалыптастыруды көздеп отырғанын жеткізді. «Шымкент мегаполис қала аталғалы шаһардың дамуы ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТ: КОМИССИЯ ТЕКСЕРУ НӘТИЖЕСІН ҚҰЗЫРЛЫ ОРГАНДАРҒА ТАПСЫРДЫ

Шымкент қаласы Асар шағынауданындағы қалалық балалар ауруханасының бактериологиялық зертханасында түсірілген фото-видеолар таяуда әлеуметтік желі мен бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған еді. Қоғамда қызу талқыға түскен тақырып бойынша комиссия тексеруі аяқталды. Бұл туралы «Шымкент келбеті» газетінің тілшісі А.Молдиярқызының материалына  сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.Еске салсақ, 2019 жылдың 9 қазаны күні жоғарыда аталған зертханада аурухана қызметкерлері құтылардың жарамдылық мерзімі өткен жапсырмасын алып, ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТ: ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУШЫ 6 КОМПАНИЯМЕН КЕЛІСІМ ТОҚТАТЫЛДЫ

Келісім шарттары мерзімінен бұрын тоқтатылған компаниялар — «Шымкент Тас» ЖШС, «Хаджи-К» ЖШС, Оңтүстік Құрылыс Сервис» ЖШС, «Арслан» ЖШС, Ұйымшыл Құрылыс» ЖШС және «СПК Шымкент» АҚ. «Бұл мекемелер келісім-шарт міндеттемелерін орындау бойынша есеп тапсырмаған, өңірдің әлеуметтік салаға төлемдер мен салықтар төлемеген», — деп мәлімдеді қалалық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Ахмет Татыбаев. Бұл туралы «Шымкент келбеті» газетінің тілшісі ...

Толығырақ »

ӨЗ УАҚЫТЫНДА ЖЕТПЕГЕН ДƏРІ…

Шымкент қалалық онкологиялық орталыққа қазан айында жетуі тиіс химиопрепараттар 7-10 күнге кешігуде. Бұл туралы қалалық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Ғалымжан Əбішев БАҚ өкілдерімен өткен брифингте мəлімдеді. Бұл туралы «Шымкент келбеті» газетінің тілшісі А.Молдиярқызының материалына сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды. 44 млн теңге көлеміндегі дəрілік заттарды жеткізуге «СҚ-Фармация» ЖШС-і жауапты. Ғ.Əбішевтің айтуынша, қалалық онкологиялық орталыққа қажетті дəрілік заттар мен ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТ: БАЛАЛАР ҮЙЛЕРІ ОТБАСЫ ҮЛГІСІНДЕГІ ТҰРҒЫН-ЖАЙҒА АУЫСАДЫ

Балаларды қорғау мақсатында қала аумағындағы балалар үйлерін отбасы үлгісіндегі үйлерге транформациялау мәселесі қолға алынады. Бұл туралы Шымкент қалалық отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқарманың басшысы Жандос Қалтаев салада атқарылған жұмыстар жөнінде өткен баспасөз брифингінде мәлімдеді. Бұл туралы «Шымкент келбеті» газетінің тілшісі А.Жаппардың материалына сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды. Ж.Төлембекұлының айтуынша, Австрия елінің тәжірибесі негізінде қолға алынған жоба келер ...

Толығырақ »

«Көрме орталығы» ұжымымен «Адалдық сағаты» өтті

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің тапсырмасына сәйкес бүгін «Көрме орталығы» ұжымымен «Адалдық сағаты» өтті. Кездесуде қоғам белсендісі, «Тәрбие ісі және жастар саясаты» департаментінің директоры, философия ғылымдарының кандидаты, доцент Мажинбеков Сәкен Аралбайұлы «Адалдық сағаты» туралы толық мәліметпен бөлісіп, өзінің жеке өмірлік тәжірибелерімен бөлісіп, ұжымға өскелең ұрпақ арасында адалдық мәдениетін қалыптастыру принциптері, шынайы және адал еңбектің маңыздылығы және өркендеген қоғамның ...

Толығырақ »

Адалдық жүрген жерде — адамдық жүреді

Жемқорлық — індет, оның алдын алу азаматтық міндет. Себебі ол, мемлекет пен қоғамның тұрақтылығына, ел қауіпсіздігіне қауіп төндіріп тұрған басты мәселе. Еліміздің Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің әрбір жолдауында осы індеттің алдын алудағы мемлекеттің басты бағыттарын айқындап отырды. Сыбайлас жемқорлықпен күресті жеке қарау мүмкін емес. Сыбайлас жемқорлық қылмыстары әлеуметтік тұрғыдан пайда болғандықтан, оны болдырмау мен алдын алуды барлық мемлекеттік мекемелер қамтамасыз ...

Толығырақ »

№3 қалалық емхана ұжымымен «Адалдық сағаты» өтті

Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауы негізінде, Шымкент қаласы әкіммен бекітілген жоспардың негізінде Қаратау ауданының еңбек ұжымына №3 қалалық емхана басшысының орынбасары Н.А.Баширова, Перинеталдық орталық басшысының орынбасары К.М.Назарханов, Қаратау ауданы мемлекеттік кірістер басқарма басшысының орынбасары Ш.А.Аязов, «Nur Otan» партиясы Қаратау ауданы филиалының бастауыш ұйымының мүшесі С.Ж.Абдразаковна және емхана қызметкерлерінің қатысуымен «Адалдық сағаты» өткізілді. Шара барысында «Адалдық сағатының» шарасының мақсатын, яғни өскелең ұрпаққа ...

Толығырақ »

Мемлекеттік кірістер басқармасында «Адалдық сағаты» акциясы өтті

Қаратау ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында «Адалдық сағаты» акциясы аясында басқарма қызметкерлері мен «Nur Otan» партиясының Қаратау аудандық филиалы Партиялық бақылау комиссиясының мүшесі Сихамбекова Жансұлу Әбдіразаққызы және «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының өкілі Қосалиева Жанар Шиналивна, сонымен қатар Қаратау ауданы әкім аппаратының бас маманы Самбетов Канатбек Рысбекұлы қатысуларымен кездесулер өткізілді. Кездесуде қатысушыларға адалдық, парасаттылық, әділдік, сенім, сыбайлас жемқорлықпен күресу, сыбайлас жемқорлықтың салдары ...

Толығырақ »

Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығында «Адалдық сағаты» өтті

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің тапсырмасына сәйкес бүгін Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығында «Адалдық сағаты» өтті. Кездесуде қоғам белсендісі, «Тәрбие ісі және жастар саясаты» департаментінің директоры, философ.ғ.к., доцент Мажинбеков Сәкен Аралбайұлы «Адалдық сағаты» туралы мәліметтерімен бөлісіп, ұжымға өскелең ұрпақ арасында адалдық мәдениетін қалыптастыру принциптері, шынайы және адал еңбектің маңыздылығы және өркендеген қоғамның рухани-адамгершілік құндылықтары туралы әңгіме өрбітті. Сонымен қатар ...

Толығырақ »