Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » 2021 » Февраль (страница 10)

Месячные архивы: Февраль 2021

ҮЗДІК КАРАТЭШІЛЕР АНЫҚТАЛДЫ

Бекзат Саттарханов атындағы спорт мектеп — интернат — колледжінде бұл күндері карате спортынан кезекті Түркістан облысының чемпионатына іріктеуге арналған жарыс басталды, деп жазады облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.KZ ақпараттық агенттігі. Жас ерекшеліктері бойынша 12 және 13 жас пен 14-15 жас аралығындағы жасөспірімдер татами төрінде жекпе — жек өткізуде. Сонымен бірге, 16-17 жастағы спортшылар да өзара күш сынасуда. Шара ...

Толығырақ »

ҚОСАЛҚЫ ҚҰРАМЫ ЖАТТЫҒУҒА КІРІСТІ

Жаңадан құралған Түркістан облысының «Тұран» футбол клубының қосалқы құрамы Бекзат Саттарханов атындағы дарынды балалардың спорт мектеп — интернат — колледжінің спорт кешенінде кезекті оқу- жаттығу жиындарына кірісті. Бас бапкер Мадияр Кембиловтың шәкірттері функционалдық дайындықтарын арттыруда. Жергілікті жастарды көптеп іріктеуге шақырған футбол мамандары жас команданың болашағы жарқын болатындықтарына сенімді. Қосалқы құрамаға бапкерлер Түркістан облысының ең талантты жастарын іріктеуден өткізуді жоспарлап отыр. ...

Толығырақ »

ЭЛЕКТРМЕН ЖАБДЫҚТАУ ЖҮЙЕСІНЕ ҚАЛАЙ ҚОСЫЛУҒА БОЛАДЫ?

Шынында да, электрмен жабдықтау жүйесіне қалай қосылуға болады? Қазіргі таңда бұл сұрақ аймақтағы көптеген адамдардың алаңдаушылығы артып, өте өзекті болып тұр. Электрмен жабдықтау жүйесіне қосылу бойынша «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Түркістан облысы бойынша аумақтық департаменті» мемлекеттік мекемесінің басшысы Алимкулов Бекжан Мухидинұлынан сұрап көрдік.  — Бекжан Мухидинұлы, электрмен жабдықтау жүйесіне қосылуға байланысты негізгі ережелерін ...

Толығырақ »

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ҚАЗАҚСТАН БАРЫСЫ АТАНАМЫН

«Қазақ күресінен Қазақстан Барысы атанамын» — деген түркістандық Әбдіғани Бибарыстың арманы асқақ. +100 келі салмақта белдесіп жүрген балуанның сондай-ақ самбо күресінен ересектер арасында Әлем және Азия чемпионы боламын деген жоспары бар. Бұлай деуінің өзіндік себебі де жоқ емес. Түркістанның мақтанышы 2020 жылы Атырау қаласында Самбо күресінен ересектер арасында өткен Қазақстан Республикасы чемпионатының жеңімпазы атанған. «Мен күреске 10 жасымнан бастап қатыстым. ...

Толығырақ »

МҮМКІН СІЗДІҢ ПЕРЗЕНТІҢІЗДЕН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ ШЫҒАР?!

«Мүмкін Сіздің перзентіңізден әлем чемпионы шығар?!» – деген жас бапкер ата-аналарға балаларын спортпен айналысуына жағдай жасаса, сенімдері сөзсіз шындыққа айналады деген пікірде. Он жеті жылдан бері самбо күресімен шұғылданып, айтарлықтай жетістікке жеткен түркістандық Айжан Жылқыбаева спорттағы жетістігі мен жеке өміріне қатысты айтты. Айжан самбо күресімен 2-сыныптан бастап айналысып келеді. Осы күнгі аралықта балуан самбодан Қазақстанның 11 дүркін чемпионы, 5 дүркін ...

Толығырақ »

ӨҢІРЛІК ӨНІМ АРТУДА

Созақ ауданының соңғы жылдары жеткен жетістіктері аз емес. Ауданда жаңадан мектептер мен медицина мекемелер, балабақшалар мен шағын орталықтар, мәдени ошақтар салынып, заманауи үлгіде көптеген әлеуметтік нысандар бой көтеріп, халықтың игілігіне пайдалануға берілді. Тұрғын үйлер жаңарып, ауыл, елді мекендердегі ішкі және күре жолдар жөнделді. Шағын және орта бизнес қарқынды дамып, индустриалды аймақ өркен жайды. Өңіріміздегі жер асты қазба байлықтарының мол көзі ...

Толығырақ »

МАҚТААРАЛ: 43 КӨШЕГЕ АСФАЛЬТ ТӨСЕЛДІ

Түркістан олысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің облыстың оңтүстік аудандарын қолдау жобасы аясында Атакент кентінде өткен жылы 43 көшеге асфальт, 9 көшеге тас төселген. МКент тұрғындары мемлекетке деген өз ризашылықтарын білдіруде. Кентте көшелерді жарықтандыру бойынша да ауқымды жұмыстар жасалған. Атап айтқанда, ұзындығы 12 шақырымға жуық 10 көшеге мемлекет есебінен, 7 шақырымнан асатын 5 көшеге тұрғындардың есебінен жарықтандыру жұмыстары жүргізілген. Сонымен қатар, 3,7 ...

Толығырақ »

ҚАЛА ӘКІМІ СЕНБІЛІККЕ ШАҚЫРДЫ

Түркістан қаласында келер аптадан бастап наурыз айына дейін әр сенбі жалпықалалық сенбілік өтеді. Бұл туралы Рашид Аюпов (@the_rashid_ayupov) «Instagram” желісінде тікелей эфир кезінде мәлім етіп, жастар, кәсіпкерлер және барлық ерікті жандарды қала тазалығына жұмыла атсалысуға шақырды. Сондай-ақ, келер аптадан бастап алдын ала кезекке жазылған азаматтарды жеке мәселесі бойынша әр мөлтек аудандардағы мектептерде карантин режимін сақтай отырып қабылдайтынын да жеткізді. Бұл ...

Толығырақ »

ЕСІМХАН ДАҢҒЫЛЫ ПАЙДА БОЛАДЫ

Түркістан қаласында Шәмші Қалдаяқов пен Есімхан даңғылы пайда болады, деп жазады қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.KZ ақпараттық агенттігі. Қала әкімінің орынбасары М. Базарқұлов, қалалық мәслихаттың хатшысы М. Таңғатаров және сессия төрағасы Ғ. Сәрсенбаевтың төрағалығымен Түркістан қалалық мәлихатының кезектен тыс екінші сессиясы өтті. Сессияға әкімдіктің дербес бөлім басшылары мен Түркістан қалалық мәслихатының депутаттары қатысты. Басқосуда күн тәртібінде тұрған мәселелер ...

Толығырақ »

ЕРІКТІ ТҮРДЕ ЕКПЕ ЕГІЛУДЕ

Түркістан қаласында коронавирусқа қарсы «SPUTNIK V» екпесімен ерікті түрде вакцинациялау жұмыстары бастау алды. «Отырар» ықшамауданындағы Түркістан қалалық емханасында алғаш болып медицина қызметкерлері екпе салдыруда. Жалпы, шаhар бойынша 1404 ақ халатты абзал жан болса, олардың бүгін, яғни, бір тәулік ішінде 50-ін, ал бір аптада 250 қызметкерді вакцинациялау жоспарланған. Аталған жұмыстар азаматтардың ерікті түрде рұқсатымен салынады. Қазіргі таңда 10 адамға екпе егілді. ...

Толығырақ »

ПОЛИЦИЯ БАСШЫСЫ ОНЛАЙН ЕСЕП БЕРДІ

Бүгін Түркістан қаласы Полиция басқармасының басшысы Бауыржан Селтанов 2020 жыл қорытындысы бойынша онлайн есеп берді. Есеп беру Түркістан қаласы әкімдігі ғимаратында Әкімдіктің аппарат басшысы Жәнібек Наушабайұлының қатысуымен өтті. Карантиндік сақтық шараларына байланысты есеп беру барысында қала тұрғындары басқарма басшысына көкейкесті сұрақтарын онлайн жолдады. Айта кетерлігі, есеп беру бойынша хабарлама ертеректе департамент парақшасында жарияланған болатын. Әр түрлі бағытта қойылған сұрақтардың өз ...

Толығырақ »

ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫ ҰЗАРТЫЛАДЫ

Түркістан облысы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің №2 Қаулысына сәйкес, қала аумағында карантин және шектеу шаралары ұзартылады. Атап айтқанда, адамдардың көп жиналуына байланысты кез келген жиындарды, сондай-ақ, отбасылық, естелік ic-шараларды өткізуге (еске алу, туған күндер, мерейтойлар, шығарып салу, кудалық той, беташар және басқа); Азық-түлік гипермаркеттері, супермаркеттер, шағын маркеттер, үй жанындағы дүкендер қызметі сағат 09.00-23.00-ге дейін; Алып кету және жеткізіп беру режиміндегі ...

Толығырақ »

АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗДІ

Бүгін сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша Төлеби ауданына арнайы жұмыс сапарымен келген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің жанынан құрылған ақпараттық-ағартушылық Штабының төрағасы Ерұлан Тұңғышбаев аудан әкімдігі қызметкерлері мен және орталық аурухананың мамандары, аудандық мемлекеттік кірістер және полиция басқармасының ұжымы арасында ақпараттық — түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Парасаттылық принциптері кең көлемде дәріптелген келелі жиынның негізгі мақсаты- әділдік, ...

Толығырақ »

МАҚСАТ — ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Жарқын болашаққа жол бастайтын ел жастарының қаруы – ұлттық тәрбие, парасатты сана және білім мен жоғары біліктілік. Осыған орай, Қазақстан Республикасы  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің жанынан құрылған ақпараттық — ағартушылық штаб төрағасы Е.Тұңғышбаев Жетісай ауданының жастарымен кездесу өткізді, деп жазады департаменттің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.KZ ақпараттық агенттігі. Жас буынды адал іске үндейтін шараның негізгі ...

Толығырақ »

ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС — БАСЫМ БАҒЫТТАРДЫҢ БІРІ БОЛУЫ ҚАЖЕТ

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссия отырысы өтті. Жиында сөз алған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің бірінші орынбасары Мирас Қарғабай БҰҰ-ң Даму бағдарламасының қолдауымен іске асырылған зерттеу қорытындыларын жеткізді. Бұл ретте, бір жыл ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықта делдалдардың үлесі 6% — ға өскенін және бұл карантин уақытында түсіндіру жұмыстарының ...

Толығырақ »

ЖОЛДАН ТАЙДЫРАТЫН «КӨМЕКШІЛЕРМЕН» КҮРЕСУ ҚАЖЕТ 

Ел аумағында жүргізілген сауалнаманың нәтижесіне сәйкес, мемлекеттік органдарға жүгінген азаматтардың сыбайлас жемқорлыққа тап болғандарының үлесі 11,3%-ды құраған. Бұл көрсеткіш былтырғы жылмен салыстырғанда 2,1% төмендеген. Мәселені «бейресми жолмен» шешуде қызығушылық білдіргендер — 43,9%, делдалдарға жүгіну — 24,4%-ды құраған. Мұны Transparency Kazakhstan қоғамдық қоры жүргізген сауалдаманың нәтижесі анықтап берді. Бұл зерттеу жұмысы Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) Даму бағдарламасының қолдауымен іске асырылған. Бұл ...

Толығырақ »

НЕСИЕ КӨЛЕМІ ЕДӘУІР АРТҚАН

Өз кәсібіңізді бастау үшін идея болуы ғана жеткіліксіз. Қаржылай қолдауға ие болуыңыз қажет. Бұл бағыттағы жұмыстар Түркістан өңірінде қалай жүзеге асырылуда? Түркістан облысы бойынша несиелер Халық Банкі, Банк ЦентрКредит, Сбербанк банктері арқылы ұсынылуда, небәрі соңғы бір айдың ішінде 200 ден астам несие мақұлданып, 62 кәсіпкер қаржыландырылды. Айта кету керек, мемлекеттік қолдау шараларының кәсіпкерлер үшін қолжетімділігін арттыру, өңірдегі бизнес ахуалды жақсарту ...

Толығырақ »

КЕПІЛДІКСІЗ НЕСИЕ АЛУДЫҢ ЖОЛЫ ҚАНДАЙ?

Несие алуда кепілдіктің болмауы көп кәсіпкерлерге, әсіресе шағын бизнес иелеріне қолбайлау болуда. Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев өңірдің шағын бизнес иелері мен жас кәсіпкерлермен танысып, көкейінде жүрген мәселелерді бірлесе талқылады. Ортаға салынған мәселелердің басым бөлігі қолжетімді несиелерді алу аясында болды. Қаңтарда өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «шағын және орта бизнеске қолдау көрсету ең басты назарда болуға тиіс» екендігін ...

Толығырақ »

БАЙҚАУ БАСТАЛДЫ

Биыл Қазақ елінің тәуелсіздігіне 30 жыл толып отыр. Мерейлі мерейтой қарсаңында ел жетістігін кеңінен насихаттау мақсатында Түркістан облысында жас ақын-жазушылар мен журналистер арасында байқау өтеді. Бұл туралы облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Дамир Жүнісов Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді. «ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың Тәуелсіздіктің 30 жылдығын мерекелеу жөніндегі комиссия отырысында берген тапсырмаларын орындау, Тәуелсіздіктің қадірі мен қасиетін арттыру, Тәуелсіздік жылдарында ...

Толығырақ »

АЗАМАТТАР ТҰРАҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛДЫ

Түркістан облысында 2020 жылы «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы бойынша 88 160 адам жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысып, жоспар 94,2% орындалды. Мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалар шеңберінде 66,3 мың жұмыс орындары құрылса, оның ішінде 16,2 мыңы — тұрақты, 50,1 мыңы — уақытша жұмыс орны. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Түркістан облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Әсия Темірбаева ...

Толығырақ »

КЕНТАУДА ЖОЛДАР ЖӨНДЕЛУДЕ

Кентау қаласындағы автокөлік жолдарына жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Өткен жылы ұзындығы 4,3 шақырым болатын екі көшеде жөндеу жұмыстары толығымен аяқталды, деп жазады қала әкімінің баспасөз қызметіне DIDARBEK.KZ ақпараттық агенттігі. Қаладағы Алтынсарин және Абылайхан көшелері орташа жөндеуден өтті. Лотоктары мен бордюрлері қойылып, асфальт төселді. Әл-Фараби көшесінде орташа жөндеу жұмыстары басталды. Республикалық бюджет қаржысына Кентау қаласындағы 9 көше орташа жөндеуден өтті. Атап айтқанда, ...

Толығырақ »

КЕНТАУ: ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛДЫ

Кентау қаласының экономикасына негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 57,2 млрд. теңгеге жетіп, 2019 жылмен салыстырғанда 2,3 есеге өскен. Кентау қаласындағы индустриалды аймақта 10 жобаны іске асыру жоспарланған. Оның үшеуі жүзеге асып, ашылғалы бері 3,2 млрд. теңгенің өнімі өндірілді. 100-ден астам адам жұмыспен қамтылды. Биыл тағы бес жоба іске қосылмақ. Нәтижесінде, 116 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр. Кентау қаласында қазіргі ...

Толығырақ »

ОРДАБАСЫ: ЖАҢА ҮШ БІЛІМ ОРДАСЫ САЛЫНАДЫ

Түркістан облысы, Ордабасы ауданына қарасты Бадам ауылында С. Мұқанов атындағы 300 орындық жалпы орта мектептің және Қажымұқан атындағы 200 орындық жалпы орта мектептің құрылысы басталды. Сонымен қатар, жылдар бойы «Орда» мөлтекауданының өзекті мәселесіне айналған инфрақұрылым жүйелерінің құрылысына қаржы бөлініп, құрылыс жұмыстары басталды. Қазіргі таңда «Орда» мөлтекауданынан түсетін 600 орындық мектеп құрылысының жобалау — сметалық құжаттары әзірленуде. Сондай-ақ, Қарабастау ауылына фельдшерлік ...

Толығырақ »

ТЕКТІ ТӨРІМ – ТҮЛКІБАСЫМ!

Түлкібас ауданының әкімі Нұрлан Байғұттың 2020 жылы атқарған жұмыстары бойынша қорытынды есебі өтті, деп жазады DIDARBEK.KZ ақпараттық агенттігі. Аудан әкімі Нұрлан Мархабатұлының мәлімдеуінше, ауданның жергілікті кіріс бөлігінің жоспары 2 млрд. 601 млн. 900 мың теңге болса, орындалуы 2 мрд. 777 млн. 700 мың теңге болған. Демек, жоспардан тыс 175 млн. 800 мың теңге немесе 106,8 пайызға орындалған. Тартылған инвестиция көлемі ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ «ЖАСЫЛ АЙМАҚТА»

Пандемия басталғалы Түркістан облысында 4 мыңға жуық адам короновирустан жазылды, деп жазады облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.KZ ақпараттық агенттігі. Соңғы бір тәулік ішінде Түркістан облысы бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырудың 23 жағдайы расталды. COVID-19 инфекциясының күнделікті өсу деңгейі 0,55% төңірегінде. Жалпы алғанда пандемия басталғалы бері өңірде 4 148 жағдай тіркелген. Оның ішінде 3900 емделуші айыққан, ал симптомсыз 2898 азамат ...

Толығырақ »