Мектеп бітіргеніне 20 жыл болған келестік түлектер мақтаралдықтарға көмекке келді, деп жазады Келес ауданы әкімінің баспасөз қызметіне DIDARBEK.kz. Мектеп бітіргеніне 20 жыл болған Келес ауданындағы №1 О.Есимов мектебінің түлектері Мақтаарал халқына көмекке келді. Жалпы 650 мың теңге қаржы жинаған түлектер Келес ауданына бекітілген №44 Ә.Науаи мектебіндегі эвакуациялық пункттегі 600-ден астам тұрғынға түстік және кешкі ауыз ашарға тағам дайындап, керекті азық-түлік, ...
Толығырақ »Төтенше
ЕЛ БОЛУ ҮШІН НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?
«Біз қашан ел боламыз?» – Жуық арада! Ол үшін: 1) Зейнеткерлікке шығу жасын бұрынғы қалпына: яғни, ерлер үшін – 60 жасқа, әйелдер үшін – 55 жасқа, көпбалалы әйелдер үшін – 50 жасқа дейін түсіруді; 2) Айлық есептік көрсеткішін 100 АҚШ долларынан (42 мың 500 теңгеден) төмендетпеуді; 3) Ең төменгі жалақы деңгейін 10 АЕК (425 мың теңге) деңгейіне дейін көтеруді; 4) ...
Толығырақ »ШӨКЕЕВТІҢ ҮШ ҰСЫНЫСЫ
Мақтаарал ауданындағы жағдаймен танысуға ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Роман Скляр келіп, облыс басшысы Өмірзақ Шөкеевпен бірге су басқан Нұрлыжол, Өргебас, Фирдоуси ауылдарын аралап, елдімекен тұрғындарымен кездесті. Ақсақалдармен сөйлесіп, тұрғындардың мұң-мұқтажын тыңдаған мемлекеттік комиссия мүшелері Мырзакент елдімекенінде жиналыс өткізді. Түркістан облысы әкімінің ұсынысы бойынша Мемлекеттік комиссия шешімімен Мақтаарал ауданындағы қызыл су басқан ауылдардың әр тұрғынына 100 мың теңгеден өтемақы төленеді. Мырзакент елдімекенінің ...
Толығырақ »ӨЗБЕКСТАННАН МАҚТААРАЛҒА КӨМЕК ЖЕТТІ
Бүгін Мақтаарал ауданына техника және мамандарымен Өзбекстан Республикасынан арнайы топ келді, деп жазады Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz ақпаратық агенттігі. Олардың қатарында 40-тан астам арнайы техника мен 200-ге жуық маман келген. Техникалардың арасында өрт сөндіруші көліктер, экскаваторлар, тракторлар, сусорғыш және жүк көліктері, тұрғындарды тасымалдайтын автобустар да бар. Көрші елден келген жасақ жайылған суды сору, арналарды бұру, бөгет ...
Толығырақ »ЛЕНГІРДЕГІ СЕЛ САЛДАРЫ ЖОЙЫЛАДЫ
Бүгін Төлеби ауданының әкімі Бауыржан Омарбековтің төрағалығымен тасқын зардаптарын жою жөніндегі құрылған жедел штаб отырысы өтті. Штаб жиынында аудан басшысы «Ленгерка» өзенінің арнасынан асуынан орын алған төтенше жағдай залалдарын толықтай жоюды тапсырды, деп жазады Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz ақпараттық агенттігі. Дәл қазіргі уақытта аталмыш жұмыстарға аудан әкімдігі, төтенше жағдайлар бөлімі, аудандық полиция бөлімі,«Қазселденқорғау» мекемесі тарапынан 126 қызметкер, ...
Толығырақ »БІРЛІГІ БЕКЕМ ЕЛ — БЕРЕКЕЛІ ЕЛ
Арыс қаласы, Дермене ауылдық округ тұрғындары Мақтаарал ауданындағы тасқын судан жапа шеккен елді-мекен тұрғындарының жағдайын ести сала еріктілер, кәсіпкерлер мен ауыл халқы бірлесе отырып, көмек қолын созуға асықты. Ауыл халқы бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып, бірауыздан Мақтаарал халқына азық-түлік пен киім-кешек, гигиеналық заттар, көрпе-төсек және күнделікті тұтынатын қажетті заттар алып, тарқатты. Ауыл әкімі өз атынан 500 нан жіберді. ...
Толығырақ »ЕСКЕКТІ ҚАЙЫҚТАН АЯҚ-КИІМГЕ ДЕЙІН
Көршілес Өзбекстанда су қоймасы бөгетінің бұзылуы салдарынан Түркістан облысы Мақтаарал ауданының елдімекендерін су басып, 30 мыңнан астам тұрғын эвакуацияланғаны белгілі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтік комиссияға тез арада тұрғын үйлер мен инфрақұрылымды қалпына келтіру, тұрғындарға әлеуметтік көмек көрсету жұмыстарын жүргізуді тапсырды. Төтенше жағдай орын алған алғашқы күннен бастап Арыс қаласы тұрғындары бұдан сырт қалмады. Қала әкімдігі мен қала тұрғындары зардап ...
Толығырақ »ЛЕНГЕРКА ӨЗЕНІНІҢ ТАСУЫ БОЙЫНША ШҰҒЫЛ АҚПАРАТ
06.05.2020 жылы сағат 18.00 шамасында Төлеби ауданы, Ленгір қаласындағы «Ленгерка» өзенінің су деңгейі нөсер жаңбырдың салдарынан 3 есеге көтерілуіне байланысты жедел штаб құрылып, анықтау жұмыстары жүргізілді. Аталған өзен бойындағы Жамбыл көшесіндегі 2 үйге су кірген, сонымен қатар Жамбыл, Сейфуллин, Төлеби, Сәулембаев, Таскешу көшелеріндегі 6 сарай, 16 ауланы, 1 гараж, 1 монша, 1 жазғы асхананы су шайып өтті. Одан бөлек, аталған ...
Толығырақ »ӘР ТҰРҒЫНҒА 100 МЫҢ ТЕҢГЕДЕН ТӨЛЕНЕДІ
Мақтаарал ауданындағы жағдаймен танысуға ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Роман Скляр келіп, облыс басшысы Өмірзақ Шөкеевпен бірге су басқан Нұрлыжол, Өргебас, Фирдоуси ауылдарын аралап, елдімекен тұрғындарымен кездесті. Ақсақалдармен сөйлесіп, тұрғындардың мұң-мұқтажын тыңдаған мемлекеттік комиссия мүшелері Мырзакент елдімекенінде жиналыс өткізді. Түркістан облысы әкімінің ұсынысы бойынша Мемлекеттік комиссия шешімімен Мақтаарал ауданындағы қызыл су басқан ауылдардың әр тұрғынына 100 мың теңгеден өтемақы төленеді. Мырзакент елдімекенінің ...
Толығырақ »МАҚТААРАЛДЫҚТАРҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТТІ
«Ордабасы» футбол клубы Мақтаарал ауданының тұрғындарына қолдау көрсетті, деп жазады «Ордабасы» футбол клубының ресми парақшасына сілетеме жасаған DIDARBEK.kz ақпарттық агенттігі. «Ордабасы» футбол клубының ұжымы су тасқынынан зардап шеккен Мақтаарал тұрғындарына көмек көрсетті. Клубтың қызметкерлері апаттан зардап шеккен тұрғындарға азық — түлік және ең қажетті заттарды жеткізіп берді. «Ордабасы» ФК спорттық директоры Қайрат Әшірбеков: — Басшылық, бапкерлік штаб, футболшылар және клубымыздың әкімшілігі ...
Толығырақ »200 ТОННАҒА ЖУЫҚ АЗЫҚ-ТҮЛІК ЖЕТКІЗІЛДІ
Мақтарал ауданына 200 тоннаға жуық азық – түлік көмегі жеткізілді, деп жазады облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Тасқын судан зардап шеккен мақтааралдықтарға жан-жақты көмек көрсетілуде. Жомарт жүректі азаматтар еліміздің түкпір-түкпірінен қаржылай және гуманитарлық көмек жолдауда. Қазірдің өзінде Атакенттегі арнайы дайындалған қоймаға 200 тоннаға жуық азық-түлік қоры жиналды. Ұн, күріш, май және киім-кешек пен күнделікті қолданысқа қажетті заттар Мақтаарал ...
Толығырақ »11 НАУҚАС КОРОНАВИРУСТАН ЕМДЕЛІП ШЫҚТЫ
Шымкентте коронавирус инфекциясынан тағы 11 науқас емделіп, ауруханадан шығарылды. Қауіпті індетті жеңіп шыққандар 1998, 1975, 1978, 1990, 1977, 1990, 1976, 1981, жылы туған қала тұрғындары. Дертінен айыққандардың жетеуі ер азамат болса, төртеуі әйел. Науқастар вирусқа қарсы емдеу мен симптоматикалық терапияның толық курсын алды. Емдеу терапиясынан кейін науқастардан анализ сынамалары алынып, теріс нәтиже көрсеткеннен кейін 6 мамыр күні ауруханадан шығарылды. Айта ...
Толығырақ »ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ КӨМЕК ЖАЛҒАСУДА
2020 жылдың 1 мамырында Өзбекстанның Сырдария облысындағы Сардоба су қоймасының бөгеті жарылды. Соның салдарынан елдімекендерге, коммуникациялық желілерге, егістіктерге зақым келді. Осы су тасқыны салдарынан Түркістан облысы Мақтаарал ауданына қарасты бірнеше елдімекенге су тасқыны жайылып, зардап шекті. Бүгінгі таңда 31 606 тұрғын 14 елдімекеннен эвакуацияланды. Оның ішінде 6 127 тұрғыны бар 5 елдімекенді су толығымен басты. Бұл – Жеңіс, Жаңа Тұрмыс, Фердоуси, ...
Толығырақ »КЕЛЕСТІК 12 ДӘРІГЕР МАҚТААРАЛДА
Мақтааралдағы төтенше жағдай басталған кезден бастап Келес ауданынан 70 қызметкер жұмылдырылған болса, бүгінде олардың саны 30-ды құрайды. Ал медицина қызметкерлерінен 12 дәрігер, 4 фельдшер және 2 жедел жәрдем көлігі Мақтаарал ауданындағы Келес ауданына жауапты етіп берілген Фирдауси және Жантақсай елді мекеніндегі эвакуцияланған тұрғындардың денсаулығына қарауда. Жалпы Келес ауданына қарасты 4 эвакуациялық пунктте медицина қызметкерлері күні-түні демей, 24 сағат бойы әр ...
Толығырақ »ЭВАКУАЦИЯЛАНҒАН ТҰРҒЫНДАРҒА ТАРАТТЫ
Түркістан облысы Келес ауданы Бозай ауылдық округіндегі «Құт Береке» шаруа қожалығының иесі Сопбеков Амангелді 20 қойдың етін Мақтааралдағы төтенше жағдайдан зардап шеккен тұрғындарға үлестірді, деп жазады Келес ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz ақпараттық агенттігі. Аталаған өнім Мақтарааралдағы Келес ауданының штабына жеткізіліп, қажетті эвакуациялық пункттерге таратылуда. Мақтааралдағы Келес ауданына жауапты болып бекітілген Фирдауси және Жантақсай елді мекендерінің тұрғындары Атакент кентіндегі 4 ...
Толығырақ »ТӨЛЕБИДЕН КӨМЕК КЕРУЕНІ ЖІБЕРІЛДІ
Бүгін Төлеби ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен 10 тоннадай гуманитарлық көмек арқалаған керуен Мақтаарал ауданына жіберілді, деп жазады Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Керуенге жалпы құны 2 млн 633 мың теңгені құрайтын азық-түлік, су, 3750 кг ұн, 1500 кг макарон өнімдері, 1000 кг күріш, 1000 кг қант, 800 литр пісте маймен бірге, гигиеналық және күнделікті тұрмысқа қажетті заттар тиелген. ...
Толығырақ »БІЗДІҢ БІРЛІГІМІЗ – ҚАЗІРГІ ҚИЫНДЫҚТЫ ЕҢСЕРУДІҢ КЕПІЛІ
Дүние жүзін дүрліктірген коронавирус әлемдік экономиканың ағзасына да айтарлықтай нұқсан келтіруде. Пандемияның салдарынан өндіріс орындары, фабрикалар, ауылшаруашылығы құрылымдарының жұмысы саябырлады, миллиардтаған шығынға батуда. Бұл әсіресе азық-түлік нарығында анық байқалып отыр. БҰҰ-ның азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының бас экономисі Максимо Каллен өз мақаласында «Ұзаққа созылған пандемия фермер, ауыл шаруашылық мекемесі, өңдеуші, жеткізуші, сатушы сияқты түрлі салаларды қамтитын азық-түлік тасымалына жылдам қиындық ...
Толығырақ »РОМАН СКЛЯР МАҚТААРАЛДЫҚТАРМЕН КЕЗДЕСТІ
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Роман Скляр су басқан ауыл тұрғындарымен кездесіп, оларға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзін жеткізді. «Қазақстан Президенті Мақтаарал ауданының судан зардап шеккен бірде-бір тұрғыны көмексіз қалмайтынын айтты. Сол себепті, сіздерге тек түсініктік танытуды сұраймын. Үкімет тарапынан барлық қажетті көмек көрсетіледі. Президент Үкіметке Өзбекстандағы су қоймасы бөгетінің бұзылуы салдарынан су басқан ауылдардың тұрғындарына жан-жақты материалдық көмек көрсетуді тапсырды», — ...
Толығырақ »ТҮРКІСТАН: МАҚТААРАЛДЫҚТАР ЕЛГЕ АЛҒЫС АЙТУДА
Мақтаарал ауданындағы эвакуация орындарындағы 3 мыңнан астам адамның бүгінгі жай-күйі бірқалыпты. Олардың барлығы медициналық тексерістен өткізіліп, жатын орын менкөрпе-төсекпен тегіс қамтылған. Тұрғындарға күніне үш мезгіл тамақ үлестірілуде. Азық-түлік пен жеке бас гигиенасын сақтауға қажетті керек-жарақтың бәрі жеткізіліп берілуде. Барлық аудандарындан жеткізіліп жатқан көмек төтенше жағдайға байланысты жасақталған орталық қоймада сақталады. Эвакуация орындарда, яғни, мектептер мен колледж, мешіттерде орналасқан тұрғындар осындай ...
Толығырақ »МАҚТААРАЛ: ОҚУШЫЛАР ҚАШЫҚТАН ОҚУ ЖҮЙЕСІН ЖАЛҒАСТЫРУДА
Мақтаарал ауданындағы су басқан елдімекен оқушылары эвакуациялық пункттерде білімдерін жалғастыруда, деп жазады облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Аудандағы су басқан Жеңіс, Нұрлы жол, Жаңа тұрмыс, Өргебас, Фердауси ауылдарында жалпы саны 5 мектеп болса, ондағы оқушылар саны – 1638 құрайды. Мектепке дейінгі білім беру ұйым саны — 6 ондағы тәрбиеленушілер саны — 425. Эвакуация пункттерінде балаларға қашықтан оқу бойынша ...
Толығырақ »ЖЕҢІС КҮНІ — МӘҢГІЛІК ЕЛ ЖАДЫНДА
Төлебеков Қаратай, ҰОС ардагері ТӨЛЕБЕКОВ Қаратай 1924 жылдың 15 наурызында Алғабас (қазіргі Бәйдібек) ауданы, Жүзімдік ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары, Талғар ауылшаруашылық техникумын, Алматы жоғары партия мектебін үздік бітірген. Соғыс және еңбек ардагері. Дербес зейнеткер. 1942-1945 жылдары Калинин, Екінші Балтық майдандарында шайқасқан. Қатардағы жауынгерден взвод командирі, батальон комсоргы, әскери химик болды. 1950 жылы әскерден босап, елге оралған соң партия-совет қызметтерін ...
Толығырақ »ЖҰМЫЛА КӨТЕРГЕН – ЖҮК ЖЕҢІЛ!
Мақтаарал ауданында орын алған апат арыстықтардың ғана қайғысы емес, бүкіл халықтың қайғысы. Қиын сәтте барша халық Мақтарал тұрғындарымен бірге екендіктерін көрсетіп, қолдан келген жәрдемдерін беруде. Қазіргі уақытта барлық отандастарымыз бірлесіп қасиетті ораза айында мейірімділік танытып, қиын жағдайда қалған жерлестерімізге көмек көрсетуде. Кез-келген оқиғаға сабырмен қарап, байыппен шешетін қазақ елі осындай қиын-қыстау кезеңде де халқымыз ұйымшылдығы мен ынтымақтастығын көрсетуде. Алла елшісінің, ...
Толығырақ »БЕС МОБИЛЬДІ ХҚО КӨМЕК КӨРСЕТУДЕ
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Басқарма төрайымы Әсемгүл Балташеваның тапсырмасымен Мақтаарал ауданындағы тасқын судың зардабынан эвакуцияланған тұрғындарға құжаттарын қалпына келтіруде көмек көрсету үшін жасақталған 5 мобильді топ апат аймағына жіберілді. Мемлекеттік корпорацияның барлық қажетті құралдармен жабдықталған мобильді ХҚО-лары аудан бойынша орналасқан 24 эвакуациялау пунктерін кезекпен аралайды. Мамандар зардап шеккен жергілікті тұрғындарға мемлекеттік қызметтер бойынша құқықтық кеңес беріп, құжаттарын қалпына келтіру ...
Толығырақ »МАҚТААРАЛ: АВАРИЯЛЫҚ-ҚҰТҚАРУ ЖҰМЫСТАРЫНА ҚОСЫМША КҮШ ТАРТЫЛДЫ
Мақтаарал ауданындағы төтенше жағдаймен күреске қосымша күш тартылуда, деп жазады Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz ақпараттық агенттігі. Түркістан облысынан 55 қызметкер 21 мотопомпа, 6 техника, Жамбыл облысынан 50 маман, 8 техника, 3 қайық, 15 мотопомпа келсе, Шымкент қаласынан 40 адам, 8 техника, 10 мотопомпа, 2 қайық, Қызылорда облысынан 45 қызметкер, 6 техника, 4 қайық, 10 мотопомпа келді. ...
Толығырақ »ТАМШЫДАЙ БОЛСА ДА КӨМЕГІМ ТИСЕ ЕКЕН
Апаттың айтып келмейтіні ақиқат. Сондықтан осы қиындықта біз, барша қазақстандықтар, «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығара» отырып, бірлікті ту еткен ел екенімізді дәлелдеуге тиіспіз. Тамшыдай болса да көмегім тисе екен деген арыстық, М. Әуезов мектебінің 4 «ә» сынып оқушысы Орынбасар Кәусәр тиын жинағыш аққуға жинаған ақшасын Мақтарал ауданында зардап шеккен тұрғындарға берді. Ел басына күн туған қысылтаяң шақта бірлігі ...
Толығырақ »